Қазақстанды индустрияландырудың 2010 - 2014 жылдарға арналған картасы туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14 сәуірдегі № 303 Қаулысы

Жаңартылған

      «Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 958 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған:
      1) Қазақстанды индустрияландырудың 2010 - 2014 жылдарға арналған картасы (бұдан әрі - Индустрияландыру картасы);
      2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
      2. Инвестициялық жобалардың іске асырылу барысын бақылау жөніндегі республикалық жобалық топтар ай сайынғы негізде «Қазақстан Республикасында инвестициялық үрдістерді басқару» ақпараттық жүйесін (бұдан әрі - Ақпараттық жүйе) толтыруды қамтамасыз етсін және жобалардың іске асырылу барысы туралы есептерді есептіден кейінгі айдың 5-күніне дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар және Экономикалық даму және сауда министрліктеріне ұсынсын.
      3. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері екі апта мерзімде өңірлік Индустрияландыру карталарын бекітсін және жобалардың іске асырылу барысына мониорингті жүзеге асырсын.
      4. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі және Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесі тоқсан сайын есептіден кейінгі айдың 15-күніне дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасының Үкіметіне жобалардың іске асырылу барысының мониторингі бойынша ақпарат және Индустрияландыру картасын өзекті ету жөнінде ұсыныстар берсін.
      5. Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі Мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік жүйесі базасында Ақпараттық жүйенің техникалық жұмыс істеуін қамтамасыз етсін.
      6. Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі, «Экономикалық зерттеулер институты» акционерлік қоғамы (келісім бойынша) Ақпараттық жүйені одан әрі дамытуды және ақпараттық, әдіснамалық, талдамалық және бағдарламалық толтырылуын техникалық сүйемелдеуді қамтамасыз етсін.
      7. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
      8. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                   К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің        
2010 жылғы 14 сәуірдегі 
№ 303 қаулысымен    
бекітілген        

Қазақстанды индустрияландырудың 2010-2014 жылдарға
арналған картасы

      Ескерту. Қазақстанды индустрияландырудың картасына өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.02.07 № 80, 2011.06.30 N 743 Қаулыларымен.

Р/с

Жобаның атауы

Жауапты мемлекеттік орган немесе ұлттық холдинг

Өңір

Жобаға өтініш беруші

Іске асыру мерзімі*

1

2

3

4

5

6

1.

Бозшакөл КБК салу

ИЖТМ

Павлодар облысы

«Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС

2010-2014 жылдар

2.

Ақтоғай КБК салу

ИЖТМ

ШҚО

«Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС

2011-2014 жылдар

3.

Металданған өнім өндіру зауытын салу

ИЖТМ

Қостанай облысы

«Соколов-Сарыбай кен байыту өндірістік бірлестігі» АҚ

2011-2014 жылдар

4.

Инновациялық технологияларды пайдалана отырып, жоғары көміртекті феррохром өндірісін ұлғайту

ИЖТМ

Ақтөбе облысы

«Қазхром» трансұлттық компаниясы» АҚ

2009-2013 жылдар

5.

Өздігінен жүретін ESSIL KЗC-740 астық жинау комбайндарын және басқа ауыл шаруашылығы техникасын шығару

ИЖТМ

Қостанай облысы

«АгромашХолдинг» АҚ

2003-2011 жылдар

6.

«Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығының инфрақұрылымын салу

ИЖТМ

Алматы облысы

«Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы» АҚ

2005-2018 жылдар

6-1.

Ақбақай алтын шығару фабрикасын қайта жаңарту және жаңғырту

ИЖТМ

Жамбыл облысы

«АК Алтыналмас» АҚ

2010 - 2011 жылдар

6-2.

Ферроқорытпалар өндірісін және оның шикізаттық базасын, қуаттылығын жылына 300 мың тонна ферроқорытпаға жеткізе отырып, әртараптандыру және кеңейту

ИЖТМ

Жамбыл облысы

«Тараз металлургия зауыты» ЖШС

2011 - 2014 жылдар

6-3.

Алтын өндіру қуатын 1 тоннаға дейін ұлғайту

ИЖТМ

Павлодар облысы

«Төрт Құдық» КБК» АҚ

2007 - 2010 жылдар

6-4.

Болат өндірісін жылына 6 млн. тоннаға дейін өсіре отырып, «Арселор Миттал Теміртау» АҚ-ны дамыту және жаңғырту

ИЖТМ

Қарағанды облысы

«Арселор Миттал Теміртау» АҚ

2010 - 2015 жылдар

6-5.

Электрмен болат балқытатын кешен салу

ИЖТМ

Маңғыстау облысы

«Ақтау құйма зауыты» ЖШС

2011 - 2013 жылдар

6-6.

Бақыршық кенорнында металлургиялық кешен салу және өнімділігі жылына 1,5 млн. тонна кен болатын жерасты кенішін игеру

ИЖТМ

ШҚО

«Бақыршық тау-кен өндіру кәсіпорны» ЖШС

2011 - 2013 жылдар

7.

Ықпалдастырылған газ-химия кешенін салу

МГМ

Атырау облысы

«Kazakhstan Petrochemical Industries Inc» ЖШС

2010-2016 жылдар

8.

«Бейнеу - Шымкент» газ құбырын салу

МГМ

Өңіраралық жоба

«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ

2010-2019 жылдар

9.

Ақмола облысындағы Нұра - Есіл арнасын қайта жаңарту

АШМ

Астана қаласы

АШМ Су ресурстары комитеті

2010-2012 жылдар

10.

«Батыс Еуропа - Батыс Қытай» халықаралық транзит дәлізін қайта жаңарту

ККМ

Өңіраралық жоба

ККМ

2007-2012 жылдар

11.

Ақмола облысының Бурабай ауданындағы «Бурабай» арнайы экономикалық аймағының шекараларында туристік ойын-сауық кешенін салу

ТСМ

Ақмола облысы

«Tourism Borovoe City» ЖШС

2009-2021 жылдар

11-1.

«Кендірлі» курорттық демалыс аймағын дамыту

ТСМ

Маңғыстау облысы

Маңғыстау облысының әкімдігі

2010 - 2015 жылдар

12.

Сырдария өзенінде тасқынға қарсы Көксарай қарсы реттеуішін салу

ТЖМ

ОҚО

ТЖМ

2008-2011 жылдар

13.

«KazSat» спутниктік байланыс және хабар тарату жүйесін жасау

ҰҒА

Астана қаласы

ҰҒА

2006-2013 жылдар

14.

«Байқоңыр» ғарыш айлағында «Бәйтерек» ҒЗК құру

ҰҒА

Қызылорда облысы

ҰҒА

2005-2017 жылдар

15.

Ғарыш аппараттарын құрастыру-сынау кешенін құру

ҰҒА

Астана қаласы

ҰҒА

2008-2013 жылдар

16.

Қазақстан Республикасының Жерді қашықтан зондтау ғарыш жүйесін құру

ҰҒА

Астана қаласы

ҰҒА

2006-2014 жылдар

17.

«Химфарм» АҚ-ның өндірісін кеңейту

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

Өңіраралық жоба

«Химфарм» АҚ

2009 - 2013 жылдар

18.

Өндірістік қуаты жылына 180 мың тонна күкірт қышқылы зауытын қайта жаңарту

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

Ақмола облысы

«Қазатомөнөркәсіп-КҚЗ» БК» ЖШС

2010-2012 жылдар

19.

Мойнақ СЭС-ін салу

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

Алматы облысы

«Самұрық-Энерго» АҚ

2006-2011 жылдар

20.

Балқаш ЖЭС-ін салу

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

Алматы облысы

«Самұрық-Энерго» АҚ

2010-2015 жылдар

21.

Алматы қаласында және Алматы облысында 12 трансформаторлы кіші станция салу («Кеңсай», «Медеу», «Шымбулақ», «Жаңа», «Отрар», «Алатау», «ҚазМУ», «Отын», «Ерменсай», «Алтай», «Мамыр», «Жаңа-3А»)

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

Алматы қаласы

«Самұрық-Энерго» АҚ

2009-2012 жылдар

22.

Қазақстанның ұлттық электр желісін жаңғырту, II кезең

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

Өңіраралық жоба

«KEGOC» АҚ

2009-2016 жылдар

23.

Екібастұз МАЭС-1 кеңейту және қайта жаңарту

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

Павлодар облысы

«Екібастұз МАЭС-1» ЖШС

2010-2014 жылдар

24.

№ 3 ст. энергия блогын орнатып, Екібастұз МАЭС-2 кеңейту және қайта жаңарту

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

Павлодар облысы

«Самұрық-Энерго» АҚ

2009-2013 жылдар

25.

«Жетіген - Қорғас» темір жол желілерін салу (1-ші іске қосу кешені - 2011 жыл; 2-ші іске қосу кешені - 2012 жыл)

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

Алматы облысы

«Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ

2009-2012 жылдар

26.

«Өзен - Түрікменстанмен мемлекеттік шекара» жаңа темір жол желісін салу (1-ші іске қосу кешені - 2011 жыл; 2-ші іске қосу кешені - 2012 жыл)

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

Маңғыстау облысы

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ

2009 - 2012 жылдар

27.

Атырау МӨЗ қайта жаңарту және жаңғырту

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

Атырау облысы

«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ

2009-2014 жылдар

28.

Ақтау пластикалық массалар зауытында жол битумдарын шығару

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

Маңғыстау облысы

«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ

2010-2012 жылдар

29.

Электровоздар жасауды ұйымдастыру

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

Ақмола облысы

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ

2011-2012 жылдар

30.

Фосфоритті концентрат шығару үшін суспензиялық-флотациялық фабрика салу

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

Жамбыл облысы

«Қазфосфат» ЖШС

2010-2013 жылдар

31.

«Үшбас» және «Герес» кен орындары базасында моноаммоний және диаммонийфосфат шығару

ОҚО әкімдігі

ОҚО

«Қазақстандық минералдық ресурстар» тау-кен компаниясы» ЖШС

2009-2013 жылдар

32.

«Таман» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі базасында Қазақстан Республикасында жүк вагондарын жасайтын қуаттар құру

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

Павлодар облысы

«Қамқор Менеджмент» ЖШС

2009-2011 жылдар

33.

Шардара ГЭС-ін жаңғырту

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

ОҚО

«Самұрық-Энерго» АҚ

2011-2015 жылдар

34.

Қазақстанның ҰЭЖ-не 500 кВ, 220 кВ кернеулі желілермен қоса отырып, Алма 500 кВ КС салу

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

Алматы облысы

«KEGOC» АҚ

2010-2014 жылдар

35.

Мойнақ ГЭС-інің қуат беру схемасы

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

Алматы облысы

«KEGOC» АҚ

2011-2012 жылдар

35-1.

Астана қаласында «Talgo» жолаушылар вагоны өндірісін ұйымдастыру

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

Астана қаласы

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ

2010 - 2011 жылдар

36.

Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2011.06.30 N 743 Қаулысымен.

37.

Инфрақұрылымы дамыған қазіргі заманғы бордақылау алаңын құру

«ҚазАгро» ҰБХ» АҚ

БҚО

«Crown Батыс» ЖШС

2008-2010 жылдар

38.

Мақтаның сортты тұқымдық материалын шығару зауытын салу

«ҚазАгро» ҰБХ» АҚ

ОҚО

«Қазақстан мақтасы» АҚ

2008-2010 жылдар

39.

Құс фабрикасын қайта жаңарту

Қостанай облысының әкімдігі

Қостанай облысы

«АгроИнтерҚұс» ЖШС

2009-2011 жылдар

40.

«Құнарлы өнімдер» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің құс фабрикасын салу

«ҚазАгро» ҰБХ» АҚ

Қарағанды облысы

«Құнарлы өнімдер» ЖШС

2009-2012 жылдар

41.

Ет өндіруге бағытталған өндірісті жаңғырту

Қостанай облысының әкімдігі

Қостанай облысы

«Комсомол құс фабрикасы» АҚ

2009-2011 жылдар

42.

Қысқа кесілген макарон өнімдерін шығару цехын салу

Қостанай облысының әкімдігі

Қостанай облысы

«Қостанай диірмен комбинаты» АҚ

2009-2010 жылдар

43.

Жеміс-көкөніс өнімдерін өндіру және қайта өңдеу

«ҚазАгро» ҰБХ» АҚ

Астана қаласы

«АстанаЭкоСтандарт» ЖШС

2010-2011 жылдар

43-1.

Әрқайсысында 1010 басқа дейін ірі қара мал репродукторлары болатын екі асыл тұқымды шаруашылығы бар 5000 басқа дейін ірі қара малды бордақылау алаңын салу

«ҚазАгро» ҰБХ» АҚ

Ақмола облысы

«KazBeef Ltd» ЖШС

2010 - 2011 жылдар

44.

Васильков алтын кен орнын одан әрі игеру және алтын шығару фабрикасын салу

Ақмола облысының әкімдігі

Ақмола облысы

«Васильков КБК» АҚ

2007-2010 жылдар

45.

Ет өңдеу кешені

Ақмола облысының әкімдігі

Ақмола облысы

«Астана агроөнім» ЖШС

2008-2010 жылдар

46.

Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2011.02.07 № 80 Қаулысымен.

47.

Бордақылау алаңын құру

Ақмола облысының әкімдігі

Ақмола облысы

«Острогорское» ЖШС

2009-2011 жылдар

48.

Цемент зауытын салу

Ақмола облысының әкімдігі

Ақмола облысы

«BI-Cement» ЖШС

2007-2012 жылдар

49.

3,56 га жылыжайлар

Ақмола облысының әкімдігі

Ақмола облысы

«Қазақстанның жылыжай технологиялары» ЖШС

2009-2010 жылдар

49-1.

Бордақылау алаңы және ет комбинаты

Ақмола облысының әкімдігі

Ақмола облысы

«SC Food» ЖШС

2009 - 2011 жылдар

49-2.

Бордақылау алаңы

Ақмола облысының әкімдігі

Ақмола облысы

«Щучинский қалалық сүт зауыты» ЖШС

2010 - 2011 жылдар

49-3.

Сүт зауытын салу

Ақмола облысының әкімдігі

Ақмола облысы

«Родина» агрофирмасы ЖШС

2010 - 2011 жылдар

50.

Қазақстан Республикасында медициналық техникалар өндірісін оқшауландыру. 16 кесіндіге арналған компьютерлік томографтар

Ақтөбе облысының әкімдігі

Ақтөбе облысы

«Ақтөберентген» АҚ

2009-2010 жылдар

51.

Бестамақ ауылындағы мал шаруашылығы кешені

Ақтөбе облысының әкімдігі

Ақтөбе облысы

«Париж коммунасы XXI» ЖШС

2008-2010 жылдар

52.

Үшінші Жаңажол газ өңдеу зауыты

Ақтөбе облысының әкімдігі

Ақтөбе облысы

«СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ

2006-2012 жылдар

53.

1100 мал басына арналған сүт-тауар фермасы

Ақтөбе облысының әкімдігі

Ақтөбе облысы

«Айс» ЖШС

2009-2010 жылдар

54.

№ 2 мыс-мыс-мырыш рудасын өңдеу жөніндегі байыту фабрикасы

Ақтөбе облысының әкімдігі

Ақтөбе облысы

«Актөбе мыс компаниясы» ЖШС

2008-2010 жылдар

55.

«Юбилейное» кен орнында құрамында алтын бар руданы өңдеу жөніндегі байыту фабрикасы және кеніш салу

Ақтөбе облысының әкімдігі

Ақтөбе облысы

«Юбилейное» ЖШС

2009-2013 жылдар

56.

Шилісай кен орнының базасында фосфоритті ұн өндірісі

Ақтөбе облысының әкімдігі

Ақтөбе облысы

«Темір Сервис» ЖШС

2007-2011 жылдар

56-1.

Фосфорит кенінен күрделі минералдық тыңайтқыштар шығаратын химия комбинатын салу

Ақтөбе облысының әкімдігі

Ақтөбе облысы

«Chilisai Chemicals» ЖШС

2011 - 2014 жылдар

56-2.

Катодты мыс шағаратын және кен өңдеу кешенін салу

Ақтөбе облысының әкімдігі

Ақтөбе облысы

«KazCopper» ЖШС

2010 - 2011 жылдар

56-3.

Дәрілік заттар шығару зауыты

Ақтөбе облысының әкімдігі

Ақтөбе облысы

«Велес Ақтөбе ЛТД» ЖШС

2010 - 2011 жылдар

56-4.

Жылыжай кешені

Ақтөбе облысының әкімдігі

Ақтөбе облысы

«Izet Greenhouse» ЖШС

2009 - 2010 жылдар

57.

Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2011.06.30 N 743 Қаулысымен.

58.

3,65 га жылыжай салу

Алматы облысының әкімдігі

Алматы облысы

«Green House - жасыл үй» ЖШС

2009-2010 жылдар

58-1.

Инфузиялық ерітінділер үшін бір реттік системаларды өндіру зауытын салу, Енбекшіқазақ ауданы Қырбалтабай ауылы

Алматы облысының әкімдігі

Алматы облысы

«Алтомед» ЖШС

2008 - 2010 жылдар

58-2.

Инфузиялық ерітінділер және басқа дәрілік заттар шығаратын фармацевтикалық зауыт салу

Алматы облысының әкімдігі

Алматы облысы

«Парентерал Драгз Қазақстан»

2010 - 2013 жылдар

58-3.

Қапшағай қаласының «Арна» өндірістік аймағында жылыжай салу

Алматы облысының әкімдігі

Алматы облысы

«Green Land Alatau» ЖШС

2009 - 2012 жылдар

58-4.

«ЭЛЕАС» фармацевтика зауытын салу

Алматы облысының әкімдігі

Алматы облысы

«ЭЛЕАС» ПФК» ЖШС

2010 - 2013 жылдар

58-5.

Медициналық мақсаттағы бұйымдар мен дәрілік заттар шығаратын фармацевтика зауытын салу

Алматы облысының әкімдігі

Алматы облысы

«Dolce» ЖШС

2010 - 2013 жылдар

59.

Қуаты 75 МВт болатын Атырау ЖЭО кеңейтудің IV кезегін салу

Атырау облысының әкімдігі

Атырау облысы

«Атырау ЖЭО» АҚ

2006-2010 жылдар

59-1.

Бір рет қолданылатын шприцтер шығару зауыты

Атырау облысының әкімдігі

Атырау облысы

«Брандо» ЖШС

2009 - 2010 жылдар

59-2.

Бір рет қолданылатын шприцтер шығару зауытын кеңейту

Атырау облысының әкімдігі

Атырау облысы

«Брандо» ЖШС

2011 жыл

59-3.

Иинфузиялық ерітінділерді құю үшін системалар және бір рет қолданылатын қолғаптар шығаратын зауыт

Атырау облысының әкімдігі

Атырау облысы

«Брандо» ЖШС

2011 жыл

60.

«Ромат» фармацевтикалық компаниясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің медициналық препараттар зауытын қайта жаңарту

ШҚО әкімдігі

ШҚО

«Ромат» фармацевтикалық компаниясы» ЖШС

2010-2012 жылдар

61.

«Құрғақ тәсіл» бойынша цемент зауытын салу

ШҚО әкімдігі

ШҚО

«Қазақцемент» ЖШС

2006-2011 жылдар

62.

Өскемен металлургия кешенінің мыс қорыту және электролиз зауыттарын салу, жылына 70 000 тонна мыс қорытпасы

ШҚО әкімдігі

ШҚО

«Қазмырыш» АҚ

2006-2010 жылдар

63.

«ӨТМК» акционерлік қоғамы базасында титан кесектерін және қорытпаларын өндіру зауыты

ШҚО әкімдігі

ШҚО

«Өскемен титан-магний комбинаты» АҚ

2007-2010 жылдар

64.

Өскемен қаласында толық циклді автозауыт және автоқұрамдауыштар шығаратын технопарк салу

ШҚО әкімдігі

ШҚО

«Азия Авто» АҚ»

2010-2015 жылдар

65.

Былғары өндірісін қайта жаңарту және жаңғырту

ШҚО әкімдігі

ШҚО

«Семей былғары-үлбір комбинаты» ЖШС

2007-2011 жылдар

66.

«Өскемен құс фабрикасы» акционерлік қоғамын жылына 20 мың тонна етке дейін кеңейту

ШҚО әкімдігі

ШҚО

«Өскемен құс фабрикасы» АҚ

2009-2012 жылдар

67.

Цемент зауытын салу

Жамбыл облысының әкімдігі

Жамбыл облысы

«Мыңарал Тас компаниясы» ЖШС

2009-2010 жылдар

68.

Тараз металлургия зауытының ферроқорытпалар өндірісін кеңейту және жаңғырту

Жамбыл облысының әкімдігі

Жамбыл облысы

«Тараз металлургия зауыты» ЖШС

2009-2010 жылдар

68-1.

Бір рет пайдаланылатын медициналық мақсаттағы бұйымдар шығару

Жамбыл облысының әкімдігі

Жамбыл облысы

«Super Pharm» ЖШС

2010 - 2011 жылдар

69.

Орал газ-турбиналы электр станциясы

БҚО әкімдігі

БҚО

«Орал қаласында салынып жатқан газ-турбиналы электр станциясының дирекциясы» ЖШС

2009-2010 жылдар

70.

«Құрғақ тәсілмен» цемент өндіретін № 5 технологиялық желіні іске қосу

Қарағанды облысының әкімдігі

Қарағанды облысы

«Қарцемент» АҚ

2008-2014 жылдар

71.

Қарағанды облысындағы Индустриялық парктің инфрақұрылымын салу

Қарағанды облысының әкімдігі

Қарағанды облысы

«Сарыарқа» ӘКК

2007-2012 жылдар

72.

3 га жылыжай кешенін салу

Қарағанды облысының әкімдігі

Қарағанды облысы

«Green Technology» ЖШС

2009-2011 жылдар

73.

Темір рудасын өндіру және өңдеу

Қарағанды облысының әкімдігі

Қарағанды облысы

«Bapy Mining» ЖШС

2007-2010 жылдар

74.

«Қазақмыс корпорациясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің филиалы - Қарағанды құю-машина жасау зауытында қосалқы бөлшектер өндірісі және «ҚазБелАЗ» техникасын құрастыру

Қарағанды облысының әкімдігі

Қарағанды облысы

«ҚазБелАЗ» БК» ЖШС

2009-2010 жылдар

74-1.

Қарағанды фармацевтикалық кешенінің үшінші кезегін салу

Қарағанды облысының әкімдігі

Қарағанды облысы

«Қарағанды фармацевтикалық кешені» ЖШС

2010 - 2012 жылдар

74-2.

«Көктасжал» кен орны базасындағы тау-кен кешенін кеңейту

Қарағанды облысының әкімдігі

Қарағанды облысы

«Алтай полиметалдар» ЖШС

2011 - 2014 жылдар

74-3.

Тазартылған мыс өндіретін зауыт салу

Қарағанды облысының әкімдігі

Қарағанды облысы

«Сары Қазына» ЖШС

2010 - 2011 жылдар

74-4.

Репродуктор және бордақылау алаңын құру

Қарағанды облысының әкімдігі

Қарағанды облысы

«Астро-АГРО» ЖШС

2010 - 2012 жылдар

74-5.

Астықты терең қайта өңдеу өндірісін ұйымдастыру

Қарағанды облысының әкімдігі

Қарағанды облысы

«Номад» ЖШС

2010 - 2012 жылдар

75.

Металл илектеу зауытын салу

Қостанай облысының әкімдігі

Қостанай облысы

«Соколов-Сарыбай кен байыту өндірістік бірлестігі» АҚ

2008-2010 жылдар

76.

Бордақылау алаңын салу (Әулиекел ауданының Тимофеевка ауылы)

Қостанай облысының әкімдігі

Қостанай облысы

«Тимофеевка-Агро» ЖШС

2009-2011 жылдар

77.

Ет өңдеу кешені

Қостанай облысының әкімдігі

Қостанай облысы

«Қарасу-Ет» ЖШС

2009-2010 жылдар

78.

Бордақылау алаңын салу

Қостанай облысының әкімдігі

Қостанай облысы

«Қараман-К» ЖШС

2009-2010 жылдар

79.

Қостанай қаласында ұсақ сұрыпты илектеу станын салу

Қостанай облысының әкімдігі

Қостанай облысы

«ЕвразКаспианСталь» ЖШС

2010-2013 жылдар

80.

200 мал басына сүт-тауар фермасы

Қостанай облысының әкімдігі

Қостанай облысы

«Садчиковское» ЖШС

2009-2010 жылдар

81.

Ақшабұлақ кен орнында газ турбиналық электр станциясын салу

Қызылорда облысының әкімдігі

Қызылорда облысы

«Кристалл Менеджмент» ЖШС

2010-2011 жылдар

82.

600 мал басына арналған сүт тауар фермасы

Қызылорда облысының әкімдігі

Қызылорда облысы

«Рза» АҚ

2009-2010 жылдар

83.

Құмкөл газ турбинасы станциясында 25 мВт бойынша қосымша 2 газ турбиналық құрылғылар салу

Қызылорда облысының әкімдігі

Қызылорда облысы

«ПетроҚазақстанҚұмкөлРесорсиз» АҚ

2009-2010 жылдар

84.

Диірмен кешенін, құрамажем зауытын қамтитын элеватор кешенін салу

Маңғыстау облысының әкімдігі

Маңғыстау облысы

«Корпорация АПК-Инвест» ЖШС

2009-2010 жылдар

85.

Теңіз операцияларын демеу базасын салу

Маңғыстау облысының әкімдігі

Маңғыстау облысы

«Балықшы» ЖШС

2008-2010 жылдар

86.

Ақтау қаласының әуежайында халықаралық жолаушылар терминалын салу және ұшу-қону жолағын қайта жаңарту»

Маңғыстау облысының әкімдігі

Маңғыстау облысы

Маңғыстау облысының әкімдігі

2008-2010 жылдар

86-1.


Сұйық дәрілік нысандарды және медициналық мақсаттағы бұйымдарды шығаратын фармацевтикалық кешен


Маңғыстау облысының әкімдігі


Маңғыстау облысы


«Медикал фарм Ча-Кур» ЖШС


2008 - 2011 жылдар

87.

Қуаты жылына 30 000 тонна болатын хлор және каустикалық соданы мембраналық әдіспен шығару өндірісін салу және ұйымдастыру (NaHO 100%)

Павлодар облысының әкімдігі

Павлодар облысы

«Каустик» АҚ

2009-2010 жылдар

88.

Фармацевтика зауытын қайта жаңарту және салу

Павлодар облысының әкімдігі

Павлодар облысы

«Ромат» фармацевтикалық компаниясы» ЖШС

2010-2012 жылдар

89.

Медициналық зауытты қайта жаңарту және салу

Павлодар облысының әкімдігі

Павлодар облысы

«Ромат» фармацевтикалық компаниясы» ЖШС

2010-2013 жылдар

90.

Бастапқы алюминий өндіретін электролиз зауытының екінші кезегін салу

Павлодар облысының әкімдігі

Павлодар облысы

«Қазақстан электролиз зауыты» АҚ

2009-2010 жылдар

91.

Нан-тоқаш өнімдерін шығару

Павлодар облысының әкімдігі

Павлодар облысы

«ЭнергияКапитал-1» ЖШС

2008-2010 жылдар

92.

Ақсу МАЭС № 2 блогын қалпына келтіру

Павлодар облысының әкімдігі

Павлодар облысы

«Еуразия энергетика корпорациясы» АҚ

2007-2010 жылдар

93.

Екібастұз қаласында бағыт ауыстырғыштар өндірісін және темір жол доңғалақтарын өңдеуді ұйымдастыру

Павлодар облысының әкімдігі

Павлодар облысы

«Проммашкомплект» ЖШС

2009-2012 жылдар

93-1.

Күйдірілген анод өндірісі

Павлодар облысының әкімдігі

Павлодар облысы

«Қазақстан электролиз зауыты» АҚ

2008 - 2012 жылдар

94.

Мақта-мата жібін тоқуды ұйымдастыру

ОҚО әкімдігі

ОҚО

«Oxy-Textile» ЖШС

2008-2010 жылдар

95.

«Оңтүстік» арнайы экономикалық аумағында тоқыма өнеркәсібін ұйымдастыру

ОҚО әкімдігі

ОҚО

«ЮТЕКС KZ» АҚ

2007-2012 жылдар

96.

Гигроскопиялық мақта, мақта целлюлозасы мен құрамында шикізат бар мақтадан техникалық карбоксиметилцеллюлоза өндірісін ұйымдастыру

ОҚО әкімдігі

ОҚО

«Мақтаөнеркәсібі Целлюлоза» ЖШС

2008-2010 жылдар

97.

Күрке тауық өсіру, сою және етін өңдеу бойынша құс кешені

ОҚО әкімдігі

ОҚО

«Ордабасы Құс» ЖШС

2009-2010 жылдар

98.

«Медеу-Шымбұлақ» тау-шаңғысы курортын кешенді дамыту

Алматы қаласының әкімдігі

Алматы қаласы

«Chimbulak Development» ЖШС

2008-2010 жылдар

99.

Қатты дәрілік заттарды шығару өндірісін жаңғырту және жаңа өндірістерді құру жолымен қолданыстағы өндірісті кеңейту және жаңғырту

Алматы қаласының әкімдігі

Алматы қаласы

«Нобел Алматы Фармацевтік Фабрикасы» АҚ

2009-2010 жылдар

100.

«GEGA» өндіріс-логистикалық орталығы

Алматы қаласының әкімдігі

Алматы қаласы

«Global Ecological Group Almaty» ЖШС

2007-2011 жылдар

100-1.

Гемодиализ үшін қоюлатылған ерітінді шығару

Алматы қаласының әкімдігі

Алматы қаласы

«BIRUNIFARM» ЖШС

2009 - 2010 жылдар

100-2.

«DOSFARM» ЖШС-нің жұмыс істеп тұрған дәрілік заттар өндірісін жаңғырту

Алматы қаласының әкімдігі

Алматы қаласы

«DOSFARM» ЖШС

2010 - 2012 жылдар

100-3.

Тактикалық буынның (УҚТ және ҚТ белдеулерінің) радиобайланыс құралдарының өндірісін құру

Алматы қаласының әкімдігі

Алматы қаласы

«Талес Қазақстан Инжиниринг» БК» ЖШС

2010 жыл

100-4.

Полимерлерден бір реттік медициналық бұйымдар шығаратын медициналық зауыт салу

Алматы қаласының әкімдігі

Алматы қаласы

«Жұлдыз Кенан» ЖШС

2010 - 2012 жылдар

100-5.

Медициналық мақсаттағы бұйымдар шығару

Алматы қаласының әкімдігі

Алматы қаласы

«Алмерек» ЖШС

2011 жыл

101.

«Абу Даби Плаза» көпфункцианалдық кешенін салу

Астана қаласының әкімдігі

Астана қаласы

«Aldar Properties  PJSC» ЖШС

2010-2014 жылдар

102

Бетон, темір-бетон бұйымдары мен құрастырмаларын шығаратын зауыт

Астана қаласының әкімдігі

Астана қаласы

«АБК Мақсат» ЖШС

2005 - 2010 жылдар

* жобаларды іске асыру мерзімі, оның ішінде іске асырылуы республикалық бюджеттен бөлінетін қаражатқа тәуелді жобалар бойынша, тиісті кезеңдерге арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат көлеміне байланысты нақтыланатын болады

Ескерту: аббревиатураларды толық ашу:

АШМ                           - Қазақстан Республикасы Ауыл
                                шаруашылығы министрлігі
ИЖТМ                          - Қазақстан Республикасы Индустрия және
                                жаңа технологиялар министрлігі
ККМ                           - Қазақстан Республикасы Көлік және
                                коммуникация министрлігі
МГМ                           - Қазақстан Республикасы Мұнай және газ
                                министрлігі
ТЖМ                           - Қазақстан Республикасы Төтенше
                                жағдайлар министрлігі
ТСМ                           - Қазақстан Республикасы Туризм және
                                спорт министрлігі
ҰҒА                           - Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш
                                агенттігі
«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ          - "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы"
                                акционерлік қоғамы
«ҚазАгро» ҰБХ» АҚ             - "ҚазАгро» ұлттық басқару холдингі"
                                акционерлік қоғамы
«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ      - "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат
                                қоры" акционерлік қоғамы
ШҚО                           - Шығыс Қазақстан облысы
БҚО                           - Батыс Қазақстан облысы
ОҚО                           - Оңтүстік Қазақстан облысы
ӨТМК                          - Өскемен титан-магний комбинаты
ӘКК                           - әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация
МӨЗ                           - мұнай өңдеу зауыты
КҚЗ                           - күкірт қышқылы зауыты
ЖЭС                           - жылу электр станциясы
КБК                           - кен байыту комбинаты
ҒЗК                           - ғарыш зымыран кешені
ГЭС                           - су электр станциясы
ҚС                            - қосалқы станция
МАЭС                          - мемлекеттік аумақтық электр станциясы
ЖЭО                           - жылу электр орталығы
ҰЭЖ                           - ұлттық электр жүйесі
АШК                           - агрошаруашылық кешені
АҚ                            - акционерлік қоғам
БК                            - бірлескен кәсіпорын
ЖШС                           - жауапкершілігі шектеулі серіктестік
АЗ                            - автомобиль зауыты
"Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ - "Қазақстан темір жолы" ұлттық
                                компаниясы" акционерлік қоғамы

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
2010 жылғы 14 сәуірдегі 
№ 303 қаулысымен    
бекітілген        

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

      1. «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 23, 288-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға квота белгілеу ережесі, жұмыс берушілерге рұқсат берудің шарттары мен тәртібінде:
      «Рұқсат берудің шарттары мен тәртіптері және оны беруден бас тарту, өтінімді тоқтату және ұзарту» деген 3-бөлімде:
      12-тармақтың 4) тармақшасы алып тасталсын;
      31-тармақ алып тасталсын;
      Ереженің 8-қосымшасының соңғы абзацындағы «Қазақстанның 30 корпоративтік көшбасшысы» бағдарламасы шеңберіндегі жобаларды іске асыруға қатысатын ұйымдарға» деген сөздер алып тасталсын;
      Ереженің 9-қосымшасының соңғы абзацтың алдындағы және соңғы абзацтары алып тасталсын.
      2. «Қазақстан Республикасы экономикасының бәсекеге қабілеттілігі мен экспорттық мүмкіндіктерін сапалы жаңа деңгейге жеткізудің 2008 - 2015 жылдарға арналған тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы № 1332 қаулысында:
      көрсетілген қаулымен мақұлданған Қазақстан Республикасы экономикасының бәсекеге қабілеттілігі мен экспорттық мүмкіндіктерін сапалы жаңа деңгейге жеткізудің 2008 - 2015 жылдарға арналған тұжырымдамасында:
      1-бөлімнің 3-кіші бөлімінің алтыншы абзацындағы екінші сөйлемі алып тасталсын;
      «Төртінші басымдық. Бәсекеге қабілеттіліктің тік және көлденең аспектілерінде»:
      «Негіздеме және іс-қимылдар стратегиясы» деген кіші бөлімнің бесінші және отыз екінші абзацтары алып тасталсын;
      «Басымдықты іске асыру картасы» деген кіші бөлімнің сегізінші абзацы алып тасталсын;
      «Бесінші басымдық. Тиімді бизнесте»:
      «Негіздеме және іс-қимылдар стратегиясы» деген кіші бөлімнің бесінші абзацындағы «, «Қазақстандағы 30 корпоративтік көшбасшы» бағдарламасын іске асыру» деген сөздер алып тасталсын;
      «Басымдықты іске асыру картасы» деген кіші бөлімнің алтыншы абзацы алып тасталсын.
      3. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің Экономикасы және қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі 2009 - 2010 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қарашадағы № 1085 қаулысында:
      көрсетілген қаулымен мақұлданған Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің Экономиканы және қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі 2009 - 2010 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспарында:
      «Инновациялық, индустриялық және инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру» деген бөлімнің бірінші абзацындағы екінші сөйлем алып тасталсын.
      4. «Қазақстан Республикасында рұқсат беру жүйесін жетілдірудің 2009 - 2011 жылдарға арналған тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 27 қарашадағы № 1100 қаулысында:
      көрсетілген қаулымен мақұлданған Қазақстан Республикасында рұқсат беру жүйесін жетілдірудің 2009 - 2011 жылдарға арналған тұжырымдамасында:
      «Кіріспе» деген бөлімнің екінші абзацындағы «, «Қазакстанның 30 корпоративтік көшбасшысы» бағдарламасы» деген сөздер алып тасталсын.
      5. «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы қызметінің негізгі қағидаттары туралы меморандумды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 5 желтоқсандағы № 1164 қаулысында:
      көрсетілген қаулымен бекітілген «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы қызметінің негізгі қағидаттары туралы меморандумда:
      «Қор қызметінің негізгі бағыттары, міндеттері мен қызметтері» деген 3-бөлімнің «Ұлттық экономиканы жаңғыртудағы және әртараптандыруға жәрдемдесу» деген бөлімінде бірінші абзацтағы «, «Қазақстанның 30 корпоративтік көшбасшысы» бағдарламасын» деген сөздер алып тасталсын.
      6. «Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің 2009 - 2011 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 желтоқсандағы № 1222 қаулысында:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің 2009 - 2011 жылдарға арналған стратегиялық жоспарында:
      «Ағымдағы ахуалды талдау» деген 2-бөлімнің оныншы абзацындағы «, «30 корпоративтік көшбасшы» бағдарламасын іске асыру» деген сөздер алып тасталсын.
      7. «Мемлекет басшысының 2009 жылғы 6 наурыздағы «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 6 наурыздағы № 264 қаулысында:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекет басшысының 2009 жылғы 6 наурыздағы «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылға арналған іс-қимыл жоспарында (Жол картасы):
      «Агроөнеркәсіптік кешенді жедел дамыту және «Қазақстанның 30 корпоративтік көшбасшысы» Бағдарламасының екінші бағытын іске асыру» деген 2-бөлім алып тасталсын.
      8. «Мемлекет басшысының 2009 жылғы 6 наурыздағы «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына жолдауын іске асыру жөніндегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылға арналған іс-қимыл жоспарын (Жол картасын) орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 10 наурыздағы № 274 қаулысында:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекет басшысының 2009 жылғы 6 наурыздағы «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылға арналған іс-қимыл жоспарын (Жол картасын) орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарында:
      реттік нөмірі 40-жол алып тасталсын;
      «Агроөнеркәсіп кешенін жеделдетіп дамыту және «Қазақстанның 30 корпоративтік көшбасшысы» бағдарламасының екінші бағытын іске асыру» деген 2-бөлім алып тасталсын.

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің       
2010 жылғы 14 сәуірдегі 
№ 303 қаулысына    
қосымша         

Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған
кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. «Қазақстанның 30 корпоративтік көшбасшысы» бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 19 қарашадағы № 1097 қаулысы.
      2. «Мемлекет басшысының 2008 жылғы 6 ақпандағы «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру - мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 88-ө өкімі.
      3. «Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту мәселелері жөніндегі сараптама кеңесін құру туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2008 жылғы 6 мамырдағы № 121-ө өкімі.
      4. «Қазақстанның 30 корпоративтік көшбасшысы» бағдарламасының екінші бағытын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2008 жылғы 26 тамыздағы № 224-ө өкімі.
      5. «Шикізат емес сектордың отандық орта кәсіпкерлік субъектілерінің өсуін жүйелік қолдау жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу үшін жұмыс тобын құру туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2008 жылғы 20 қыркүйектегі № 244-ө өкімі.