Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне толықтырулар мен өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 9 наурыздағы № 184 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар мен өзгеріс енгізілсін:
      1) «Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1118 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 41, 530-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі туралы ережеде:
      11-тармақта:
      мынадай мазмұндағы 9-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «9-1) босқын деп танылған адамның шыққан елінде тұратын туыстары туралы ақпарат алуына өз құзыреті шегінде жәрдемдесу;»;
      37) тармақшадағы «тапсыру» деген сөзден кейін «;» белгісі қойылып, мынадай мазмұндағы 38) тармақшамен толықтырылсын:
      «38) Қазақстан Республикасының заңдарында, Президентінің және Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.»;
      2) «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы № 1132 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 43, 540-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі туралы ережеде:
      9-тармақтың 1), 2) тармақшалары «көші-қон саласындағы» деген сөздерден кейін «, сондай-ақ босқындар мәселелері бойынша» деген сөздермен толықтырылсын;
      10-тармақта:
      1) тармақшадағы «халықтың көші-қоны саласындағы» деген сөздерден кейін «, сондай-ақ босқындар мәселелері бойынша» деген сөздермен толықтырылсын;
      37) тармақша «көші-қоны» деген сөздерден кейін «және босқындар» деген сөздермен толықтырылсын;
      39) тармақшадағы «оралман және босқын мәртебелерін» деген сөздер «оралман мәртебесін» деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 39-1), 39-2), 39-3), 39-4), 39-5), 39-6), 39-7) және 39-8) тармақшалармен толықтырылсын:
      «39-1) босқын мәртебесін беру туралы қолдаухатты, пана іздеген адамның куәлігі мен пана іздеген адамды және босқынды тіркеу үшін ішкі істер органдарына жолдаманың үлгілерін тіркеу мен қарау тәртібін бекітеді;
      39-2) босқын деп танылған адамның шыққан елінде тұратын туыстары туралы ақпарат алуына өз құзыреті шегінде жәрдемдеседі;
      39-3) пана іздеген адамның куәлігін береді;
      39-4) босқын мәртебесін беру, ұзарту, одан айыру және оны тоқтату рәсімдерін жүзеге асырады;
      39-5) босқын куәлігінің және жол жүру құжатының үлгілерін бекітеді және оларды беруді жүзеге асырады;
      39-6) пана іздеген адамдардың және босқындардың тізімін қалыптастырады және ай сайын ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер органдарына жібереді;
      39-7) босқын мәртебесін беру, ұзарту, одан айыру және оны тоқтату рәсімдерін жүзеге асыру жөніндегі комиссия туралы ережені әзірлейді және бекітеді, сондай-ақ аталған комиссияны құрады;
      39-8) Қазақстан Республикасының заңдарында, Президентінің және Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады;»;
      11-тармақтың 3) тармақшасы «әлеуметтік қызметтер туралы» деген сөздерден кейін «, босқындар мәселелері жөніндегі» деген сөздермен толықтырылсын;
      3) «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 25, 311-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі туралы ережеде:
      12-тармақтың 2) тармақшасында:
      мынадай мазмұндағы бесінші, алтыншы абзацтармен толықтырылсын:
      «пана іздеген адамдардың және босқындардың құқықтарының сақталуын қамтамасыз етуді;
      пана іздеген адамдарды және босқындарды тіркеуді жүзеге асыруды;
      отыз төртінші абзац «азаматтығы жоқ адамдарға» деген сөздерден кейін «, оның ішінде босқындарға» деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы отыз жетінші және отыз сегізінші абзацтармен толықтырылсын:
      «пана іздеген адамдарды және босқындарды уәкілетті органның қабылданған шешімдерін не соттың заңды күшіне енген шешімдерін орындау үшін мәжбүрлеп шығарып жіберуді жүзеге асыруды;
      Қазақстан Республикасының заңдарында, Президентінің және Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыруды;».
      2. Осы қаулы 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                             К. Мәсімов