«Бензин, дизель отыны және мазут қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламентін бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1372 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 1 наурыздағы № 153 Қаулысы

Жаңартылған

      «Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған «Бензин, дизель отыны және мазут қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламенті (бұдан әрі - Техникалық регламент) бекітілсін.
      2. «Қазақстан Республикасының аумағында айналымға шығарылатын автокөлік құралдарының зиянды (ластаушы) заттар шығарындыларына қойылатын талаптар туралы техникалық регламентті бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1372 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 50, 633-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында айналымға шығарылатын автокөлік құралдарының зиянды (ластаушы) заттар шығарындыларына қойылатын талаптар туралы техникалық регламентте:
      9 және 15-тармақтарда «Техникалық регламентке 3-қосымшаға сәйкес» деген сөздер «Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес» деген сөздермен ауыстырылсын;
      Техникалық регламентке 3-қосымша алып тасталсын.
      3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.09.24 № 977 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2010 жылғы 1 наурыздағы
№ 153 қаулысымен     
бекітілген    

«Бензин, дизель отыны және мазут қауіпсіздігіне қойылатын
талаптар» техникалық регламенті

1. Қолданылу саласы

      1. Осы «Бензин, дизель отыны және мазут қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламенті (бұдан әрі - Техникалық регламент) техникалық реттеу объектілері болып табылатын бензиннің (КО СЭК ТН коды 2710 11 410 0 - 2710 11 490 0), дизель отынының (КО СЭК ТН коды 2710 19 410 0 - 2710 19 490 0) және мазуттың (КО СЭК ТН коды 2710 19 6101 - 2710 19 6909) қауіпсіздігіне қойылатын талаптарды белгілейді.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.09.24 № 977 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      2. Сипаттамасы Техникалық регламентте белгіленген сипаттамалардан өзгеше, мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс бойынша мемлекеттік мұқтаждықтар үшін жеткізілетін бензинді, дизель отынын және мазутты (бұдан әрі - отын) айналымға шығаруға және оның айналымына рұқсат беріледі.
      3. Отынның тіршілік циклі үдерісінде мұқият болуға тиіс негізгі қауіпті факторлар (тәуекелдер) мыналар:
      1) отынды өндіру, қолдану, тасымалдау, орау және сақтау кезінде отты ұқыпсыз қолдану;
      2) көзге тиюі, ас қорыту жүйесіне түскенде, адамның шырышты қабықшасына және терісіне тиіп кету;
      3) орамының дұрыс жабылмауы және отынның төгіліп кетуі;
      4) қоршаған ортаның, жабдықтар бетінің температурасының жоғарылауы немесе төмендеуі;
      5) жылудың артық мөлшері бөлінетін қауіпті пайдалану үдерістері;
      6) отынды басқа сұйықтықтармен араластыру болып табылады.

2. Терминдер мен анықтамалар

      4. Техникалық регламентте Қазақстан Республикасының «Техникалық реттеу туралы» 2004 жылғы 9 қарашадағы, «Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы» 2003 жылғы 7 сәуірдегі заңдарына сәйкес терминдер мен анықтамалар сондай-ақ тиісті анықтамалары бар мынадай терминдер қолданылады:
      бензин - ұшқын арқылы оталатын іштен жану қозғалтқыштарына арналған, оның ішінде қосымдары бар сұйық отын;
      дизель отыны - сығылудан болатын отын-ауа қоспасының тұтануымен қозғалтқыштарда пайдалануға арналған, оның ішінде қосымдары бар сұйық отын;
      мазут - құрамында осы өнімді қара түске бояйтын асфальтендер бар, қалдық құрамдастарды қамтитын мұнай өнімі;
      мұнай өнімі - құрамында көмірсутектері бар шикізатты өңдеу кезінде алынған өнім;
      октандық сан - ұшқын арқылы оталатын қозғалтқыштарға арналған отынның детонациялық тұрақтылығын сипаттайтын шартты шкала бойынша көрсеткіш;
      отынның маркасы - құрамы мен қасиеті, әріптік және циферлық белгіленуі нормативтік құжатпен реттелген бензин, дизель отыны немесе мазут,
      отын партиясы - сапасы туралы бір құжатпен бірге жүретін, отын сапасының өз көрсеткіштері бойынша біртекті отынның кез келген мөлшері;
      сұйық отын - көмірсутектердің химиялық энергиясын жылу энергиясына айналдыру жолымен энергетикалық қажеттілікті қанағаттандыру үшін пайдаланылатын мұнайдан немесе синтетикалық жолмен алынған сұйықтықтар;
      цетандық сан - стандарттық жағдайларда дизель отынының тұтанғыштығын сипаттайтын шартты шкала бойынша көрсеткіш;
      экологиялық сынып - 2, 3, 4 - шығарындыларын деңгейіне байланысты автомобиль техникасын сипаттайтын сыныптау коды.

3. Нарықта орналастыру шарттары

      5. Отынның Қазақстан Республикасының нарығындағы айналымына қажетті шарт Техникалық регламентте белгіленген талаптарға сәйкестік болып табылады.
      6. Техникалық регламенттің талаптарына сәйкестігі расталмаған отын отынға сәйкестік белгілерімен таңбаланбауы тиіс және нарықта орналастыруға рұқсат етілмейді.
      7. Дайындаушы (сатушы) отынның ілеспе құжаттарында, оған арналған паспортта және оның жарнамасында отынның таңбасын және оған арналған автомобиль техникасының экологиялық сыныбын көрсетуі тиіс.
      8. Отынды сату кезінде сатушы сатып алушының талап етуі бойынша оған кәсіпорынның басшысы немесе ол уәкілеттік берген адам қол қойған, мөрмен куәландырылған отынның сапасы туралы паспортты және төменде келтірілген мәліметтері бар басқа құжаттарды беруі, сондай-ақ отынның сапасын белгіленген тәртіппен аккредиттелген зертханада (орталықта) сынақ жүргізу арқылы расталуға тиіс:
      1) отынның атауы мен маркасы, оның нысаналы мақсаты;
      2) шығарушының және оның уәкілетті өкілінің атауы, орналасқан жері, отынның шығарылған елі, сатушының атауы және орналасқан жері (мекен-жайы, телефоны);
      3) сатуға жеткізілген отын партиясының нөмірі;
      4) ыдыстағы отынның таза салмағы;
      5) сәйкестік сертификаты туралы мәліметтер немесе сәйкестік туралы декларациялар;
      6) отынға қосылған қосымдардың (атауы, құрамы және қасиеттері) бар екендігі туралы немесе қосымдардың жоқтығы туралы мәліметтер;
      7) отынды қауіпсіз сақтау, тасымалдау, сату, қолдану және кәдеге жарату жөніндегі мәліметтер;
      8) манипуляциялық белгілер туралы мәліметтер.
      9. Айналымдағы отынның әрбір партиясының паспорты болуы тиіс. Дайындаушы немесе сатушы беретін (сатуға дайын өнімді сақтауды жүзеге асыратын кәсіпорындарда) отын паспорты отынның атауы мен маркасын, отынды дайындаушының (сатушының) мекен жайын қоса алғанда, ол туралы мәліметтерді отынның осы түрі үшін осы Техникалық регламенттің талаптарына сәйкес келетін нормаларды, қоса алғанда, сынақтардың нәтижелері бойынша белгіленген сол сипаттамалардың нақты мәндерін, сол сынама алынған резервуар нөмірін (партия нөмірін), отынның дайындалу мерзімі туралы мәліметтерді қамтиды.
      Паспортқа кәсіпорынның басшысы немесе ол уәкілеттік берген адам қол қояды және мөрмен куәландырылады.

4. Отынның қауіпсіздігіне қойылатын талаптар

      10. Бензин Техникалық регламенттің 1-қосымшасында көрсетілген талаптарға сәйкес болуы тиіс.
      11. Техникалық регламент қолданысқа енгізілген сәттен бастап 3 жыл ішінде Техникалық регламенттің 1-қосымшасында көзделген талаптарға сәйкес келетін бензиннің айналымымен қатар қалған сипаттамалары Техникалық регламенттің 1-қосымшасында көзделген талаптарға сәйкес келген жағдайда, зерттеу әдісімен 80-нен кем емес және моторлық әдіспен 76-дан кем емес октан санымен бензинді өндіруге және айналымға шығаруға рұқсат етіледі.
      12. Бензин және дизель отыны құрамында бояғыштардың (жасыл және көгілдір түстен басқа) және белгілегіш заттардың болуына рұқсат етіледі.
      13. Дизель отыны Техникалық регламенттің 2-қосымшасында көрсетілген талаптарға сәйкес болуы тиіс.
      14. Техникалық регламент қолданысқа енгізілген сәттен бастап 3 жыл ішінде Техникалық регламенттің 2-қосымшасында көзделген талаптарға сәйкес келетін дизель отынының айналымымен қатар, қалған сипаттамалары Техникалық регламенттің 2-қосымшасында көзделген талаптарға сәйкес келген жағдайда «цетандық саны, кем емес» көрсеткіші бойынша 45 нормасымен, «күкірттің массалық үлесі, артық емес» көрсеткіші бойынша 1 килограмға 2000 миллиграмм нормасымен (массалық пайызы 0,2), «майлау қабілеті, артық емес» көрсеткіштерін нормалаусыз және «жартылай циклдік ароматты көмірсутектерінің массалық үлесі, артық емес» көрсеткіштерін нормалаусыз ауыл шаруашылығы және жол талғамайтын техника үшін пайдаланылатын дизель отынының айналымға шығарылуына рұқсат беріледі.
      15. Мазут Техникалық регламенттің 3-қосымшасында көрсетілген талаптарға сәйкес болуы тиіс.
      16. Түтінді газдарды тазартатын қондырғылармен жабдықталмаған қазандық қондырғыларында қолданылатын мазутта күкірттің массалық үлесі 3,5 %-дан артық болмауы тиіс.
      17. Отын қауіпті затттар разрядына жатады. Әлеуетті қауіптілігі бойынша бұл қауіпті заттар: өртті тудыруы, өрттің қауіпті факторларын күшейтуі, тіршілік ету ортасын (ауа, су, топырақ, өсімдіктер, жануарлар әлемі және тағы басқа) уландыруы, қалыпты жағдайларда да, өрт кезінде де тікелей қатынас жолымен немесе қашықтықта тері, тыныс жолдарының шырышты қабығы арқылы адамға әсер етуі мүмкін.

5. Отынмен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздікке
қойылатын талаптар

      18. Отынның буы жұмыс істейтін үй-жайдың ауасына таралуын болдырмау мақсатында жабдықтар, төгу және құю аппараттары саңылаусыздандырылуы тиіс.
      Отынмен жұмыс істеу жүргізілетін үй-жайлар сенімді желдеткішпен жабдықталуы тиіс.
      19. Отынды сақтауға және пайдалануға арналған үй-жайларда ашық отпен жұмыс істеуге тыйым салынады, жасанды жарықтандыру жарылысқа қауіпсіз болуы тиіс.
      Отынмен жұмыс істеу кезінде өртті болдырмаумен жүйелерімен, өртке қарсы қорғаныс және ұйымдастыру-техникалық іс-шараларымен қамтамасыз етілетін өрт қауіпсіздігі Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламентін бекіту туралы» 2009 жылғы 16 қаңтарындағы № 14 қаулысына сәйкес болуы тиіс.
      Отынның өрт қауіптілігі көрсеткіштерін анықтау нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес болуы тиіс.
      20. Отынмен жұмыс істеуге арналған үй-жайларды, ғимараттар мен құрылыстарды дұрыс жұмыс істейтін алғашқы өрт сөндіру құралдарымен, сондай-ақ автоматты өрт дабылымен және автоматты өрт сөндіру қондырғыларымен қамтамасыз ету керек.
      21. Отынмен жұмыс істеуде соққы кезінде ұшқын беретін құралдарды қолдануға жол берілмейді. Отын жанған кезде отынның өрт қауіптілік сыныбына сәйкес өрт сөндіру құралдарын қолдану қажет.
      22. Отынды құю кезінде оны бөлек ыдысқа жинау, төгілген жерді құрғақ шүберекпен сүрту, ал ашық алаңда құю кезінде төгілген жерді құммен сеуіп, кейін оны жою қажет.
      23. Отын сақталатын және тасымалданатын сыйымдылықтар, сондай-ақ құбыржолдар статикалық электрден қорғалуы тиіс.
      24. Сигналдық ескерту түстері және қауіпсіздік белгілері «Өндірістік объектілердегі сигналдық түстерге, белгілеулерге және қауіпсіздік белгілеріне қойылатын талаптар» техникалық регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 29 тамыздағы № 803 қаулысына сәйкес болуы тиіс.

6. Таңбалау, орау, тасымалдау және сақтау

      25. Отынды таңбалау, орау, сақтау және тасымалдау нормативтік құжаттарға сәйкес жүргізіледі.
      26. Тұтынушы ыдысына мынадай мәліметтері бар қағаз затбелгі жапсырылуы тиіс не жазу түсірілуі тиіс:
      отынның атауы, оның маркасы;
      осы Техникалық регламенттің атауы;
      дайындаушы кәсіпорынның тауарлық белгісі;
      таза салмағы немесе көлемі;
      отынды дайындау күні - айы және жылы;
      партия нөмірі;
      «Өртке қауіпті» деген жазу.
      27. Отыны бар тасымалдайтын ыдыстың әр бірлігінде трафарет немесе мөрмен басылған, сумен және мұнай өнімдерімен шайылмайтын мыналар қамтылған жазу түсірілуі тиіс:
      отынның, марканың атауы;
      дайындаушы кәсіпорынның тауарлық белгісі;
      брутто және таза салмағы;
      отынды дайындау күні - айы және жылы;
      партия нөмірі;
      Техникалық регламенттің атауы.
      Егер тасымалдау ыдысында көрсетілген жазуды түсіру мүмкін болмаса, онда ыдысқа осы жазумен заттаңба бекітіледі және затбелгі жапсырылады, ал ыдыстың өзінде мөрмен немесе трафаретпен отын атауы және оны дайындау күні бар шайылмайтын жазу түсіріледі.
      28. Отынмен толтыру алдында ыдыстың іші қаралуы тиіс. Ыдыстың іші лас болған жағдайда, оны ерітінді қосылған ыстық сумен жуу немесе отын қалдығы мен механикалық қоспалар толық кетірілгенге дейін булау және құрғату қажет.
      29. Ыдыстың отынмен толтырылу дәрежесі көлемінің 95 %-ынан аспауы тиіс.
      30. Отын арнайы тасымалдау ыдысында тасымалданады:
      бензин және дизель отыны - металл бөшкелерде және канистрлерде;
      мазут - металл бөшкелерде, металл және полимер барабандарда, металл және полимер канистрлерде.
      31. Жаңадан дайындалатын металл ыдыс электростатикалық ұшқын қауіпсіздігі талаптарын қанағаттандыратын май-бензинге шыдамды және буға шыдамды қорғаныс қабаты болуы тиіс.
      Дайындаушының тұтынушымен келісімі бойынша отынды ішкі қорғаныс қабығы жоқ бір реттік ыдысқа орауға рұқсат етіледі.
      32. Толтырылғаннан кейін ыдыс сүртілуі тиіс.
      33. Отыны бар тасымалдау ыдысы пломбалануы тиіс.
      34. Отын темір жол, автомобиль, теңіз және өзен тасымалдау құралдарымен тасымалданады.
      35. Отын май-бензинге шыдамды және буға шыдамды электростатикалық ұшқын қауіпсіздігін қамтамасыз ететін қорғаныс қабаты бар үстінен құйылатын кемелермен, темір жол және автомобиль цистерналарымен тасымалданады.
      36. Отын құюға және төгуге арналған қондырғысы бар теміржол және автомобиль цистерналарымен тасымалданады.
      37. Темір жол және автомобиль цистерналарынан отын цистерналар түбіндегі тұнбалары жойылып толық ағызылуы тиіс. Бұл ретте төменнен ағызу құрылғылары жоқ темір жол цистерналарында (қазан астынан өлшегенде) 1 сантиметрден аспайтын қалдық қалуына рұқсат етіледі. Мазутты тек астынан ағызу құрылғысы бар темір жол цистерналарымен тасымалдау қажет.
      38. Құйылуға дайындалған темір жол цистерналары төгілген отыннын атауы бар құжаттармен бірге жіберілуі тиіс. Көрсетілген құжат болмаған кезде төгілген отынның атауын цистерналардан алынған қалдыққа сараптама жасау арқылы анықтайды.
      Егер цистерналарда ілеспе құжаттар болмаса, авиациялық техникада қолданылатын отынды құюға арналған цистерналарды пайдалануға жол берілмейді.
      39. «Бензин» деген трафареті бар теміржол цистерналарын мұнайды, майларды, мазутты, дизель отынын, битумды және соларға физикалық-химиялық қасиеттері жағынан барабар мұнай өнімдерін тасымалдауға рұқсат берілмейді.
      40. Құйылатын бензиннің температурасы 30оС-тан аспауы, дизель отыны 50оС-тан жоғары болмауы, мазут 90оС-тан жоғары болмауы тиіс.
      Темір жол цистерналарын отынмен толтыру жол жүру және межелі жерге бару кезінде температураның көтерілу себебінен отын көлемінің ұлғаюын, сондай-ақ сиымдылықтың толық пайдаланылуын және цистерналардың жүк көтергіштігін шектеуді ескере отырып жүргізген жөн.
      Отынды еркін құлайтын ағынмен құюға рұқсат етілмейді.
      41. Отын құйылған теміржол цистерналарын, вагондарды және автоцистерналары пломбылау кезінде тауар-көлік жүкқұжатында пломбының барлығы көрсетілген белгі жасалады.
      42. Отынды сақтау үшін мынадай қойма түрлері қолданылады:
      бензин:
      жерасты қоймалары: тастұздардың, гипстің, ангидриттің, доломиттің, мергельдің, әктастардың және сазбалшықтың шөгінділері;
      металдан жасалған тұрақты және жылжымалы резервуар: төменгі қысымды көлденең, шар тәрізді жоғары қысымды көлденең, понтонды, қалқыма қақпақты, газды белдеуі бар тік резервуар;
      резеңке-маталы тұрақты және жылжымалы резервуар;
      дизель отыны:
      жерасты қоймалары: тастұздардың, гипстің, ангидриттің, доломиттің, мергельдің, әктастардың және сазбалшықтың шөгінділері;
      металдан жасалған тұрақты немесе жылжымалы резервуар: төменгі қысымды көлденең, шар тәрізді жоғары қысымды көлденең, понтонсыз, қалқыма қақпақсыз, газды белдеусіз тік резервуар;
      резеңке-маталы тұрақты және жылжымалы резервуар;
      мазут:
      жерасты қоймалары: тастұздардың, гипстің, ангидриттің, доломиттің, мергельдің, эктастардың және сазбалшықтың шөгінділері;
      металдан жасалған тұрақты және жылжымалы резервуар: төменгі қысымды көлденең, шар тәрізді жоғарғы қысымды көлденең, понтонды, қалқыма қақпақты, газды белдеуі бар тік резервуар;
      газды белдеусіз тұрақты және жылжымалы темір-бетон резервуар;
      резеңке-маталы тұрақты және жылжымалы резервуар.
      43. Тасымалданатын ыдысқа құйылған отынды, әуе, темір жол, су, автомобиль көлігінде қолданылатын жүк тасымалдау ережелеріне сәйкес контейнерлерде немесе жабық көлік құралдарындағы тасымалдау пакеттерінде тасымалдау керек.
      44. Пакеттеу нормативтік құжаттарға сәйкес жүргізіледі.
      Ұсақ жөнелтулермен тасымалдаған кезде отынды тығыз ағаш жәшіктерге немесе металдан жасалған ыдысқа салады.
      45. Отынды басқа заттармен және материалдармен бірге тасымалдау және сақтау шарттары «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламентіне сәйкес болуға тиіс.
      46. Мазут жылыту құралдарымен жабдықталған кемелерде, автоцистерналарда, тұрақты құбырларда тасымалданады.
      47. Бензин және дизель отыны металдан жасалған резервуарларда сақталуға тиіс.
      Тотығуға қарсы жабын отынның әсеріне төзімді болуға тиіс.
      48. Ұзақ сақтайтын кәсіпорындарды қоспағанда, металдан жасалған резервуарлар қолданыстағы нормативтік құжаттамаға сәйкес мерзімді түрде тазартылып тұруға тиіс.
      49. Ыдыстағы отынды сөрелерде, тұғырықтарда немесе жабық қойма үй-жайлардағы қатарларда штабельдерде қалқаның астында немесе тікелей күн сәулесінің әсерінен қорғалып жоспарланған алаңда сақтау керек.

7. Кәдеге жарату кезіндегі қауіпсіздік талаптары

      50. Шаруашылық қызметінің үдерісінде қалдықтар түзілетін жеке және заңды тұлғалар олармен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік шараларын көздеуге, экологиялық санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтауға және оларды кәдеге жарату, зарарсыздандыру және қауіпсіз жою жөніндегі іс-шараларды орындауға тиіс.
      51. Қалдықтарды орналастыру және жою қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның және мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органының және өзге де арнайы уәкілеттендірілген мемлекеттік органдардың келісімі бойынша жергілікті атқарушы органдардың шешімімен белгіленген орындарда жүргізіледі.
      52. Қалдықтарды орналастыратын орындар қалдықтарды қалпына келтіруге немесе өңдеуге дейін үш жылдан аспайтын мерзімге немесе оларды көмуге дейін бір жылдан аспайтын мерзімде қауіпсіз сақтауға арналған.
      53. Қазақстан Республикасында қалдықтарды қайта өңдеу, көму немесе сақтау үшін әкелу олармен жұмыс істеуге техникалық (технологиялық) мүмкіндіктер болған жағдайда ғана Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша жүзеге асырылады.P070000594
      54. Қалдықтардың иелері өндірістік циклдің барлық кезеңдерінде олардың жиналу көлемін біртіндеп азайтуды, оның ішінде өндірістік процестерді жетілдіру, қалдықтарды қайталама пайдалану (рециклинг), қалдықтарды пайдалануға қызығушылық білдірген жеке және заңды тұлғаларға оларды беру жолымен қамтамасыз етуге тиісті.
      55. Қалдықтарды зарарсыздандыратын немесе орналастыратын тәсіл мен жерді таңдау кезінде, сондай-ақ қалдықтарды қайта өңдеуді, жоюды немесе орналастыруды жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғаларды анықтау кезінде қалдықтардың иелері қалдықтардың шығу көзінен кем дегенде - 500 метр қашықтықта орналастыруды қамтамасыз етеді.
      56. Егер кәдеге жарату жоғары экологиялық қатерге соқтыратын немесе экономикалық жағынан тиімсіз болса, отынды әкелуге шектеу қойылады немесе толық тыйым салынады.
      57. Пайдалану нәтижесінде қауіпті қалдықтар түзілетін, Қазақстан Республикасында оларды зарарсыздандыру немесе кәдеге жарату технологиясы жоқ отын импортына тыйым салынады.

8. Сәйкестікті растау

      58. Қазақстан Республикасының аумағында отынның сәйкестігін растау «Сәйкестікті растау рәсімдері» техникалық регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 4 ақпандағы № 90  қаулысына сәйкес жүзеге асырылады.
      59. Отынның сәйкестігін растау схемалары Техникалық регламентке  4-қосымшада келтірілген.

9. Өтпелі кезең

      60. Техникалық регламентке 1 және 2-қосымшаға сәйкес автомобильге және басқа да техникаға арналған отынның сипаттамаларына қойылатын негізгі техникалық талаптар мынадай мерзімдерде қолданысқа енгізіледі:
      2-экологиялық сынып 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап;
      3-экологиялық сынып 2014 жылғы 1 қаңтарынан бастап;
      4-экологиялық сынып 2016 жылғы 1 қаңтарынан бастап.
      Ескерту. 60-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.09.24 № 977 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.11.03 N 1288 Қаулыларымен.
      61. Техникалық регламент қолданысқа енгізілген сәттен бастап 3 жыл ішінде Техникалық регламент қолданысқа енгізілген күнге дейін айналымға шығарылған өнімнің айналыста болуына рұқсат етіледі.
      62. Техникалық регламенттің қолданысқа енгізілу сәтінен бастап Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері мен нормативтік құжаттары Техникалық регламентке қайшы келмейтін бөлігінде қолданылады. Сәйкестігін растау саласында Техникалық регламент қолданысқа енгізілгенге дейін берілген құжаттар, олардың қолданылу мерзімі біткенге дейін жарамды.
      63. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2010.09.24 № 977 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

«Бензин, дизель отыны
және мазут қауіпсіздігіне
қойылатын талаптар»
техникалық регламентіне
1-қосымша      

Бензинінің сипаттамаларына қойылатын талаптар

      Ескерту. 1-қосымшаға өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.09.24 № 977 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.11.03 N 1288 Қаулыларымен.

Бензинінің сипаттамасы

Өлшем бірлігі

Қатысты нормалар

2-сынып

3-сынып

4-сынып

Күкірттің массалық үлесі, артық емес

мг/кг

500

150

30

Бензолдың көлемдік үлесі, артық емес

%

5

1

1

Оттегінің массалық үлесі, артық емес

%

Анықталмайды

2,7

2,7

Көмірсутектердің көлемдік үлесі, артық емес:

%




ароматты


Анықталмайды

42

35

олефиндік


Анықталмайды

18

18

Октандық сан:

-




зерттеу әдісі бойынша, кем емес


92

92

92

моторлық әдіс бойынша, кем емес


83

83

83

Булардың қысымы, артық емес:

кПа




жазғы кезеңде


35-80

35-80

35-80

қысқы кезеңде


35-100

35-100

35-100

Оксигенаттардың көлемдік үлесі:

%




метанол


Анықталмайды

1

1

этанол


Анықталмайды

5

5

изопропанол


Анықталмайды

10

10

третбутанол


Анықталмайды

7

7

изобутанол


Анықталмайды

10

10

молекулада 5 немесе одан да көп көміртек атомын құрайтын эфир


Анықталмайды

15

15

басқа да оксигенаттар (қайнаудың соңы 210оС жоғары емес температурамен)


Анықталмайды

10

10

бензиңдегі қорғасынның құрамы, артық емес

мг/дм3
 

5

5

5

«Бензин, дизель отыны
және мазут қауіпсіздігіне
қойылатын талаптар» 
техникалық регламентіне
2-қосымша      

Дизель отыны сипаттамаларына қойылатын талаптар

      Ескерту. 2-қосымшаға өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.09.24 № 977 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.11.03 N 1288 Қаулыларымен.

Дизель отынының сипаттамасы

Өлшем бірлігі

Қатысты нормалар

2-сынып

3-сынып

4-сынып

Күкірттік массалық үлесі, артық емес

мг/кг

500

350

50

Жабық тиглдағы тұтану температурасы, кем емес:

оС







арктикалық климат үшін дизель отынын қоспағанда, дизель отыны



40

40

40

Фракциялық құрам 360оС дейін ажыратылады, кем емес



Нормаланбайды

Фракциялық құрам - 95 көлемдік пайызы жоғары емес температурада ажыратылады

оС

360

360

360

Полициклдік хош иісті көмірсутектердің массалық үлесі, артық емес

%

-

11

11

Цетандық сан, кем емес

-

45

51

51

Температураның күңгірттенуі немесе өткізгіштен өткізудің шекті температурасы, жоғары емес:

оС

Нормаланбайды

қоңырсалқын климатқа арналған дизель отыны









жазғы кезеңде



5

5

5

қысқы кезең



минус 5

минус 5

минус 5

Суық климатқа арналған дизель отыны









жазғы кезеңде



минус 5

минус 5

минус 5

қысқы кезеңде



минус 25

минус 25

минус 25

Майлау қабілеті, артық емес

мкм

нормаланбайды

460

460

«Бензин, дизель отыны
және мазут қауіпсіздігіне
қойылатын талаптар»
техникалық регламентіне
3-қосымша    

Мазут сипаттамаларына қойылатын талаптар

Мазут сипаттамасы

Өлшем бірлігі

Нормалар

Күкірттің массалық үлесі, артық емес

%

3,5

Ашық тигельдегі тұтану температурасы, төмен емес

оС

90

Бензин, дизель отыны
және мазут қауіпсіздігіне
қойылатын талаптар»
техникалық регламентіне
4-қосымша    

Өнімді сертификаттау схемасы

Схеманың нөмірі

Сәйкестікті растау тәсілдері

Өндірісті тексеру

Инспекциялық бақылау

Сертификаттаудың қолданылу мерзімі

Ескертпе

1

2

3

4

5

6

1

Типті сынау



6 ай

Таңбалау жүргізілмейді

2

Типті сынау

Өндірістің жай-күйін талдау

Сатушыдан алынған үлгілерді сынау. Өндірістің жай-күйін талдау.

12 ай

Осы типтің барлық шығарылатын өнімі таңбаланады

3

Типті сынау

Өндірістің жай-күйін талдау

Сатушыдан алынған үлгілерді сынау. Өндірістің жай-күйін талдау.

12 ай

Осы типтің барлық шығарылатын өнімі таңбаланады

4

Типті сынау

Өндірістің жай-күйін талдау

Сатушыдан алынған үлгілерді сынау. Дайындаушыдан алынған үлгілерді сынау. Өндірістің жай-күйін талдау.

18 ай

Осы типтің барлық шығарылатын өнімі таңбаланады

5

Типті сынау

Өндірісті немесе сапа менеджменті жүйесін сертификаттау

Сатушыдан алынған үлгілерді сынау. Дайындаушыдан алынған үлгілерді сынау. Өндірісті бақылау (сапа менеджменті жүйелері)

36-ай

Осы типтің барлық шығарылатын өнімі танбаланады

6

Партияны сынау


Белгіленбейді, бірақ өнімнің жарамдылық мерзімінен аспайды


Таңбалау жүргізілмейді

      Ескертпе:
      * - сынақтардың қажеттілігі мен көлемін сапа менеджментінің сертификатталған жүйесін (өндірісті) бақылау нәтижелері бойынша өнімнің сәйкестігін растау жөніндегі орган анықтайды
      ** - өндіріске немесе сапа менеджменті жүйесіне сертификат берген орган жүзеге асырады.