Концессиялық жобаларды ұсыну, қарау және іріктеу, концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізу, концессия шарттарына мониторинг жүргізу, бюджеттен қоса қаржыландыру шартымен концессиялық жобалардың мониторингі және олардың іске асырылуын бағалау, мемлекет кепілгерліктерін беру немесе лимит көлемін ұлғайту үшін концессиялық жобаларды іріктеу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 10 желтоқсандағы № 1343 қаулысы

Жаңартылған

      Ескерту. Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 04.12.2013 N 1305 қаулыcымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 155-4158 және 230-баптарына және «Концессиялар туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңының 8-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған:
      1) Концессиялық жобаларды ұсыну, қарау және іріктеу қағидасы;
      2) Концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізу қағидасы;
      3) Концессия шарттарына мониторинг жүргізу, бюджеттен қоса қаржыландыру шартымен концессиялық жобалардың мониторингі және олардың іске асырылуын бағалау қағидасы;
      4) Мемлекет кепілгерліктерін беру немесе лимит көлемін ұлғайту үшін концессиялық жобаларды іріктеу қағидасы бекітілсін.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 04.12.2013 N 1305 қаулыcымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      2. «Концессияға берілуі мүмкін объектілер бойынша ұсыныстарды беру, қарау және іріктеу мен концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізу ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 6 қазандағы № 921 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 40, 436-құжат) күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін қолданысқа енгізіледі.   Концессиялық жобаларды ұсыну, қарау және іріктеу, концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізу, концессия шарттарына мониторинг жүргізу, бюджеттен қоса қаржыландыру шартымен концессиялық жобалардың мониторингі және олардың іске асырылуын бағалау, мемлекет кепілгерліктерін беру немесе лимит көлемін ұлғайту үшін концессиялық жобаларды іріктеу қағидаларын бекіту туралы

      Қазақстан Республикасының
           Премьер-Министрі                               К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы   
Үкіметінің         
2010 жылғы 10 желтоқсандағы
№ 1343 қаулысымен    
бекітілген        

Концессиялық жобаларды ұсыну, қарау және іріктеу қағидасы

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 04.12.2013 N 1305 қаулыcымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Концессиялық жобаларды ұсыну, қарау және іріктеу қағидасы (бұдан әрі – Қағида) 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 155-4-бабының 5-тармағына, «Концессиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 8-бабының 4) тармақшасына және «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 1-тармағының 4-5) тармақшасына сәйкес әзірленді.
      2. Қағида концессиялық жобаларды ұсынуды, қарауды және іріктеуді ұйымдастыру тәртібін айқындайды.
      3. Осы Қағидада мынадай ұғымдар қолданылады:
      1) концессиялық ұсыныс – мемлекеттік орган әзірлейтін тиісті іс-шаралардың жиынтығын қоса алғанда, концессиялық жобаның мақсатын, оған қол жеткізу жолдарын көрсететін тұжырымдама;
      2) концессиялық ұсыныстың салалық сараптамасы - орталық мемлекеттік немесе облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органы әзірлеген концессиялық ұсынысты тиісті саланың орталық мемлекеттік органының саланы дамыту басымдықтарына сәйкестігі тұрғысынан бағалауы;
      3) техникалық-экономикалық негіздеме (бұдан әрі – ТЭН) әзірлеуге немесе түзетуге арналған техникалық тапсырма – мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті органмен және байланыс және ақпараттандыру саласындағы орталық уәкілетті органмен бірлесіп белгілеген талаптарына сәйкес концессиялық жобаның ТЭН-іне қойылатын талаптарды, оны әлеуетті әзірлеушіге қойылатын біліктілік талаптарын айқындайтын, сондай-ақ ТЭН әзірлеу жөніндегі жұмыстардың көлемі мен осы жұмыстардың орындалу мерзімін регламенттейтін құжат;
      4) республикалық жоба – республикалық меншікке жататын объектілер бойынша (жұмыс істеп тұрған немесе салынуы болжанып отырған) және Заңның 12-бабына сәйкес іске асырылатын концессиялық жоба;
      5) жергілікті жоба – коммуналдық меншікке жататын объектілер бойынша (жұмыс істеп тұрған немесе салынуы болжанып отырған) және Заңның 13-бабына сәйкес іске асырылатын концессиялық жоба;
      6) алдын ала есептеулер – жорамалдарды көрсете отырып, концессиялық жобаның операциялық, инвестициялық және қаржылық қызметінің кіріс және шығыс бөлігі бойынша есептеулер. Алдын ала есептеулер ашып көрсететін формулалары бар MS Excel форматында қағаз және электрондық жеткізгіштерде ұсынылады.
      4. Орта мерзімді кезеңге арналған концессияға беруге ұсынылатын объектілердің тізбесін (бұдан әрі – тізбе) Заңның 16-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.

2. Концессиялық ұсыныстарды ұсыну, қарау және іріктеу тәртібі

      5. Концессиялық ұсыныстарды ұсыну, қарау және іріктеу процесі өзара байланысты мынадай кезеңдерден тұрады:
      1) концессиялық ұсынысты әзірлеуші мемлекеттік органның бірінші басшысының немесе оны алмастыратын тұлғаның концессиялық ұсынысты әзірлеуге жауапты мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесін айқындауы және бекітуі.
      Мемлекеттік орган сапалы концессиялық ұсыныс әзірлеу үшін ведомстволық бағынысты ұйымдарды, тәуелсіз сарапшыларды, жобалау, инжинирингтік, консалтингтік және басқа да компанияларды, сондай-ақ мүдделі мемлекеттік органдарды тарту жолымен жобалау тобын құра алады.
      Жобалау тобы қызметінің мақсаты осы немесе өзге салада/аяда/өңірде концессиялық жобаны іске асырудың дәлелденген қажеттілігімен бірге концессиялық ұсыныс әзірлеу болып табылады.
      Жобалау тобы мынадай функцияларды жүзеге асырады:
      концессиялық жобаны іске асыру бойынша келіп түскен ұсыныстар мен бастамаларды зерделейді, олардың басымдылығын іріктейді, бағалайды, айқындайды, шарттың, конкурстың түрін және концессиялық жобаның өзге де негізгі параметрлерін айқындайды;
      жоспарланған концессиялық жоба бойынша маркетингтік және өзге де қажетті зерттеулерді жүргізеді;
      барлық қажетті есептеулерді, оның ішінде концессиялық жобаның алдын ала есептеулерін әзірлеуді жүргізеді.
      2) стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың ережелерін, ел басшылығының тиісті тапсырмаларын, мемлекеттік органдардың бастамаларын, сондай-ақ дербес бастама тәртібінде жеке және заңды тұлғалар енгізген ұсыныстарды ескере отырып, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларының жобаларын әзірлеу кезеңінде мемлекеттік органның концессиялық ұсынысты қалыптастыруы.
      Концессиялық ұсынысты әзірлеуші мемлекеттік орган жоспарланып отырған концессиялық жоба туралы қысқаша ақпаратты республикалық маңызы бар бұқаралық ақпарат құралдарында және өзінің интернет-ресурсында жариялайды, сондай-ақ мүдделі тараптарды (әлеуетті концессионерлер мен халықты) кездесулер, дөңгелек үстелдер және басқа қажетті іс-шаралар шеңберінде концессиялық ұсынысты қалыптастыру процесіне тарта алады;
      3) республикалық меншікке жататын және Заңның 16-бабы 2-тармағының 1) тармақшасында көзделген концессия объектілері жөніндегі концессиялық ұсыныстарды республикалық меншiкке билiк ету құқығын жүзеге асыру жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органмен, сондай-ақ «Табиғи монополиялар мен реттелетін нарықтар туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 1-тармағының 4-5) тармақшасына сәйкес табиғи монополиялар саласына жататын көрсетілген қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) қалыптастыру және бекіту тәртібі бөлігіндегі табиғи монополиялар саласында және реттелетін нарықтарда басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органмен келісу;
      4) концессиялық ұсынысқа концессиялық ұсынысты әзірлеуші мемлекеттік органның бірінші басшысының немесе оны алмастыратын тұлғаның, жергілікті деңгейде – облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкімінің немесе оны алмастыратын тұлғаның қол қоюы;
      5) Заңның 15-1-бабының 2-тармағына сәйкес концессиялық ұсынысқа салалық сараптама жүргізу.
      Концессиялық ұсыныстың салалық сараптамасы:
      егер жоба республикалық болса, концессиялық ұсыныстың қол қойылған сәтінен бастап;
      облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органның тиісті саланың уәкілетті мемлекеттік органына қол қойылған концессиялық ұсынысты енгізу сәтінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде жүргізіледі.
      Концессиялық ұсыныстың салалық сараптамасына тиісті саладағы мемлекеттік органның бірінші басшысы немесе оны алмастыратын тұлға қол қояды;
      6) әзірлеуші мемлекеттік органның бекітілген концессиялық ұсынысты, осы Қағиданың 15-тармағында көрсетілген құжаттарды қоса отырып, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға жолдауы;
      7) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйымды тарта отырып, концессиялық ұсыныстарға сараптама жүргізуі.
      Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган концессиялық ұсынысты сараптама жүргізу үшін концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйымға концессиялық жобаны әзірлеуші мемлекеттік орган оны енгізген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде жолдайды.
      Сараптама концессиялық ұсыныстардың концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйымға келіп түскен күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады;
      Әзірлеуші мемлекеттік орган ақпаратты толық ұсынбаған, сондай-ақ концессиялық ұсыныстарда көрсетілген қосымша ақпаратты ұсыну қажет болған жағдайда концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйым көрсетілген ақпараттарды ұсынуды талап етеді.
      Концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйым, осы тармақшаның 4-бөлігінде көрсетілген жағдайда, тиісті саланың уәкілетті мемлекеттік органына және облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органына сұрау салуды, сұрау салудың көшірмесін – құжаттар пакеті концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйымға келіп түскен күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға жолдайды.
      Тиісті саланың уәкілетті мемлекеттік органдары және облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары сұрау салу келіп түскен сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде жетіспейтін және/немесе қосымша ақпаратты мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға және концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйымға бір мезгілде ұсынады немесе ақпаратты ұсыну үшін қосымша, бірақ күнтізбелік 15 (он бес) күннен аспайтын мерзімнің қажеттігі туралы хабарлайды.
      Сұрау салуды жолдаған күннен бастап және концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйымға қажетті ақпаратты ұсынғанға дейін сараптама жүргізу мерзімдері тоқтатыла тұрады.
      Әзірлеуші мемлекеттік органның өтінімі бойынша концессиялық ұсынысты пысықтаған жағдайда сараптама мерзімдері тек 1 (бір) рет қана жаңартылады;
      8) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның 5 (бес) жұмыс күні ішінде сараптама қорытындысын:
      егер жоба республикалық болса, тиісті саладағы уәкілетті мемлекеттік органға;
      егер жоба жергілікті болса, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарына жолдауы;
      9) республикалық меншік объектілері бойынша сараптаманың оң қорытындысы қоса берілген концессиялық ұсынысты әзірлеуші мемлекеттік органның өтінімі негізінде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның концессиялық жобалардың ТЭН-ін әзірлеуге, түзетуге және қажетті сараптамаларын жүргізуге арналған концессиялық ұсыныстары жөніндегі қорытындысын қалыптастыруы және Республикалық бюджет комиссиясының қарауына шығаруы;
      коммуналдық меншікке жататын объектілер бойынша сараптаманың оң қорытындысын қоса берілген концессиялық ұсынысты әзірлеуші мемлекеттік органның өтінімі негізінде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органның концессиялық жобалардың ТЭН-ін әзірлеуге, түзетуге және қажетті сараптамаларын жүргізуге арналған концессиялық жобалардың жөніндегі қорытындысын қалыптастыруы және тиісті бюджет комиссиясының қарауына шығаруы.
      Аталған кезеңде Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган Заңның 7-бабына сәйкес концессионердің шығындарды өтеуін және кірістерді алуын көздейтін концессиялық жобаларды тиісті бюджет комиссиясының отырысына енгізеді;
      10) бюджет комиссиясының тиісті шешімдерін шығару;
      11) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның Заңның 16-бабына сәйкес тізбені қалыптастыруы.
      Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органды осы тармақтың 10) тармақшасында көрсетілген рәсімді өту туралы бюджет комиссиясының тиісті шешімдері шыққан сәттен бастап 30 (отыз) жұмыс күні ішінде хабардар етеді.
      6. Концессиялық ұсыныс мынадай құрылымға сәйкес болуы тиіс:
      1) жоба паспорты;
      2) кіріспе;
      3) институционалдық бөлім;
      4) маркетингтік бөлім;
      5) қаржылық бөлім;
      6) техникалық-технологиялық бөлім;
      7) тәуекелдерді бөлу;
      8) жоба бойынша тұжырымдар;
      9) қосымшалар.
      7. Паспортта жоба туралы жалпы ақпарат кесте нысанында көрсетіледі:
      1) концессиялық жобаның атауы;
      2) концессиялық ұсынысты әзірлеуші мемлекеттік органның атауы;
      3) концессиялық жобаның мақсаты;
      4) концессия шарты бойынша құрылуы (реконструкциялануы) және пайдаланылуы көзделетін әлеуметтік инфрақұрылымның және тіршілікті қамтамасыз ету объектісінің атауы;
      5) концессия объектісін құру (реконструкциялау) кезеңі (мерзімі), пайдалану кезеңі (мерзімі);
      6) концессиялық жобаның болжамды түпкілікті нәтижесі (тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің түрі мен көлемі);
      7) концессионердің болжамды келтірілген таза пайдасының құны мен концессионердің ішкі кірістілік нормасы;
      8) Заңның 7-бабына сәйкес концессонердің шығындарын өтеу және кірістерін алу көздері;
      9) мемлекеттік қолдаудың болжамды шаралары;
      10) концессионердің таңдауы бойынша конкурс өткізу тәсілі (екі кезеңдік рәсімдерді пайдалана отырып немесе екі кезеңдік рәсімдерді пайдаланбай);
      11) Заңның 21-1-бабына сәйкес концессия шартының түрі.
      8. «Кіріспе» деген бөлімде:
      1) концессиялық жобаны іске асыру арқылы шешу жоспарланған саладағы (өңірдегі) проблеманың сипаттамасы;
      2) концессиялық жобаның елдің стратегиялық және бағдарламалық құжаттарына сәйкестігі туралы ақпарат;
      3) олардың шеңберінде концессиялық жобаны іске асыру жоспарланған экономика саласы (аясы), өңір мен елді мекен;
      4) концессия шарты бойынша құрылуы (реконструкциялануы) және пайдаланылуы болжанатын әлеуметтік инфрақұрылымның және тіршілікті қамтамасыз ету объектісінің атауы, сондай-ақ оның құқықтық мәртебесі (меншігі, баланс ұстаушысы, шектеулері мен ауыртпалықтары);
      5) Концессионердің концессиялық жоба шеңберіндегі болжанатын қызмет түрлері;
      6) концессияға беруге жоспарланбаған қызмет түрлері туралы ақпарат;
      7) концессияға берілетін жұмыс істеп тұрған объектіге қатысты ауыртпалық және шектеу туралы ақпарат (кепілдік, мүлікке тыйым салу, бөтен жылжымайтын мүлікке (сервитут) шектеулі нысаналы пайдалану құқығы);
      8) концессиялық жобаның іске асырылуына әлеуетті концессионерлер тарапынан мүдделіліктің болуы туралы ақпарат;
      9) концессия объектілері тараптарының бір-біріне жоспарланған беру алгоритмі, сондай-ақ оның негізінде аталған мүлік берілетін құқықты көрсете отырып, концессия объектісінің құрамына кірмейтін өзге мүлікті беру тәртібі мен шарттары;
      10) экономиканың осы саласындағы (аясындағы) ұқсас концессиялық жобаларды іске асырудың халықаралық және/немесе қазақстандық оң тәжірибесі;
      11) концессионердің таңдауы бойынша (екі кезеңдік рәсімдерді пайдаланумен немесе екі кезеңдік рәсімдерді пайдаланбай) конкурс өткізу тәсілін таңдаудың негіздемесі;
      12) Заңның 21-1-бабына сәйкес концессия шартының түрін таңдаудың негіздемесі;
      13) егер жаңа концессия объектісін салу жоспарланған жағдайда, концессиялық жобаның табиғи монополиялар салаларына тиесілілігі туралы ақпарат және егер жұмыс істеп тұрған объектілерді жаңғырту немесе реконструкциялау жоспарланған жағдайда, жұмыс істеп тұрған табиғи монополиялар субъектісі туралы ақпарат, оның ішінде соңғы күнтізбелік үш жылдағы негізгі құралдарды қайта бағалау, іске асырылған инвестициялық бағдарламалар, табиғи монополиялар субъектісі қызметінің техникалық сараптамасы, объектілердің техникалық жай-күйін куәландыру және басқа да мәліметтер туралы ақпаратты қоса алғанда концессияға берілетін табиғи монополиялар субъектісінің мүліктік кешені туралы ақпарат;
      14) концессионердің концессия объектілеріне құқықтары туралы, оның ішінде концессия шарты тоқтатылған жағдайда құрылысы аяқталмаған концессия объектісіне құқықтары және (немесе) қызметтің белгілі бір түрін жүзеге асыру құқығы туралы жоспарланған шарттар, концессия шартының талаптарын орындау кезінде туындаған зияткерлік шығармашылық қызмет нәтижелеріне мүліктік құқықтары туралы шарттар;
      15) объектіні реконструкциялау кезінде оның ретроспективасы (объектіні пайдалануға енгізу күні, реконструкциялау бойынша жүргізілген жұмыстар және аталған объектіге байланысты басқа да мәліметтер) қоса беріледі.
      9. Институционалдық бөлім тараптардың өзара іс-қимыл тетіктері, концессиялық жобаның әрбір тарапының, оның ішінде үшінші тұлғалардың, атап айтқанда, мемлекеттік кәсіпорындар мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің (тараптардың өзара іс-қимыл схемасын қоса бере отырып) инвестициялық және постинвестициялық кезеңдегі жауапкершілігі туралы ақпаратты қамтиды.
      10. Маркетингтік бөлім маркетингтік зерттеулердің нәтижелерін, оның ішінде концессиялық жобаны іске асыру нәтижесінде пайда болатын өнімге (тауарларға/көрсетілетін қызметтерге) қазіргі және болжалды (концессиялық жобаны іске асыру кезеңіндегі) сұраныс конъюктурасын талдауды, бәсекелестікті (ағымдағы бәсекелестер, жаңа бәсекелестердің, алмастырушы тауарлардың пайда болу ықтималдығын) талдауды, әлеуетті тұтынушылар, оның ішінде төлеуге қабілетті сұраныстың болуы туралы мәліметтерді, сондай-ақ SWOT-талдауды (концессиялық жобаны іске асыру шеңберінде болжанатын тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің, жұмыстардың, әлеуетті күшті және осал жақтарын, мүмкіндіктерін және қауіптерін айқындау және бағалау) бар болуы туралы мәліметтерді қамтиды.
      Заңның 14-бабына сәйкес өнімнің негізгі тұтынушысы мемлекет болып табылған жағдайда, онда жоспарланған тұтыну көлемдері бойынша растайтын құжаттар мен тиісті есептеулерді ұсыну қажет.
      11. Қаржылық бөлімде:
      1) жыл сайын концессиялық жобаны іске асырудың бүкіл кезеңі ішінде ұсынылатын концессиялық міндеттемелердің белгіленген лимиті шеңберінде концессиялық жобаны іске асыру мүмкіндігі туралы ақпарат;
      2) концессия объектісі құрылысының болжамды құны;
      3) концессиялық жоба шеңберінде салымы жоспарланған инвестициялар көлемі;
      4) тарифтердің (бағалардың, алым мөлшерлемелерінің) елдегі, өңірдегі әлеуметтік-экономикалық жағдайға әсер етуі туралы есептеулер мен мәліметтер негіздемелерін қоса бере отырып, көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) арналған, оның ішінде табиғи монополиялар саласына жататын тарифтерді (бағаларды, алым мөлшерлемелерін) алдын ала есептеу;
      5) егер:
      ұсынылатын реттеліп көрсетілген қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) жоспарланған және нақты көлемі туралы ақпаратты;
      көрсетілген қызметтер (тауарлар, жұмыстар) түрлері бөлінісінде қолданыстағы тарифтер мен тарифтік сметалар туралы ақпаратты;
      мұндайлар болған жағдайда, реттелмей көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) көрсетілетін түрлері мен көлемі туралы ақпаратты;
      бухгалтерлік балансты, пайда мен шығындар туралы есепті, ақшалай қаражат қозғалысы туралы есепті;
      тарифте ескерілетін қолданылатын амортизациялау әдістері туралы ақпаратты;
      инвестициялық бағдарламаны (жобаны) қаржыландырудың нақты шарттары мен өлшемдері туралы ақпаратты;
      бұрын іске асырылған инвестициялық бағдарламаларда нақты орындалу көрсеткіштерін инвестициялық бағдарламаларда бекітілген көрсеткіштермен салыстырылуы туралы ақпаратты;
      мұндайлар болған кезде, қол жеткізілген нақты көрсеткіштердің бекітілген инвестициялық бағдарламалардағы көрсеткіштерден ауытқу себептерін түсіндіруді;
      субъектінің реттеліп көрсетілген қызметтерін (тауарларын, жұмыстарын) тұтынушылардың дебиторлық берешектерінің деңгейін төмендету бойынша кешенді іс-шаралар және мұндайлар болған кезде, кредиторлық берешекті төлеуді;
      мұндайлар болған жағдайда, нормативтік және (немесе) нормативтен тыс шығындарды жою бойынша іс-шаралар жоспарын қамтитын жұмыс істеп тұрған объектілерді жаңғырту немесе реконструкциялау жоспарланған жағдайда соңғы үш жылда жұмыс істеп тұрған табиғи монополиялар субъектісі туралы ақпарат;
      6) мемлекеттік қолдау көрсету мүмкіндігі мен қажеттілігі және тарифтердің күрт өсуін болдырмау мақсатында инвестициялық, пайдалану шығындарын өтеу және басқарғаны үшін сыйақы көздерін талдау нәтижелері;
      7) Заңның 14-бабына сәйкес мемлекеттік қолдау көрсетудің болжамды түрлері, көлемдері, мерзімдері мен шарттары;
      8) алдын ала есептеулер түрінде негіздей отырып, жылдар бойынша бөлінген мемлекеттік концессиялық міндеттемелердің болжамды жиынтық құны;
      9) Заңның 7-бабына сәйкес концессионердің шығындарын өтеудің және кіріс алуының болжамды көздері;
      10) егер концессиялық жоба әлеуметтік маңызы барлар санатына жататын болса, концессия объектісінің қол жетімділігіне төлемақыны қолдану мүмкіндігі туралы ақпарат;
      11) концессиялық жобаның болжамды түпкілікті нәтижесі (тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер түрі мен көлемі), сондай-ақ алдын ала есептеулер түрінде негізделген концессионер пайдасының болжамды таза келтірілген құны мен ішкі кірістілік нормасы көрсетіледі;
      12. Техникалық-технологиялық бөлім:
      1) екі кезеңдік рәсімдерді пайдаланумен концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізген кезде енгізілуі жоспарланған технологиялық инновациялар туралы мәліметтерді;
      2) концессиялық жобаны іске асыру нәтижесінде құрылатын объектінің жоспарланған физикалық параметрлері мен техникалық сипаттамаларын;
      3) концессиялық жобаның ТЭН-ін әзірлеудің болжамды құны туралы жалпы ақпаратты және концессиялық ұсыныстың жобасына егжей-тегжейлі ақпарат қоса берілген екі кезеңдік рәсімдерді пайдаланбайтын конкурс таңдалған жағдайда, концессиялық жобаның ТЭН-ін әзірлеудің көрсетілген құнын негіздейтін есептеулерді қамтиды.
      13. «Тәуекелдерді бөлу» деген бөлімде жобаны іске асыру кезінде түсуі мүмкін тәуекелдер, концессионер мен концедент арасында тәуекелдерді бөлу, сондай-ақ тәуекелдерді басқару жөніндегі жоспарланған іс-шаралар сипатталады.
      14. «Жоба жөніндегі тұжырымдар» деген бөлімде негізгі тәуекелдерді ескере отырып, маркетингтік, қаржылық және техникалық-технологиялық бөлімдер бойынша негізгі нәтижелер көрсетіледі.
      Сондай-ақ, аталған бөлімде мемлекет ерекше қорғайтын археологиялық немесе өзге де объектілердің жоспарланған концессиялық жобасының мәселелері қозғалған жағдайда осы объектілердің жай-күйі туралы, сондай-ақ оларға концессиялық жобаның ықпал етуі туралы мәліметтер келтіріледі.
      15. Концессиялық ұсыныс мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға:
      1) концессиялық ұсыныстар бойынша салалық сараптаманың оң қорытындысын;
      2) екі кезеңдік рәсімдерді пайдаланбайтын конкурс таңдалған жағдайда:
      мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті органмен және байланыс және ақпараттандыру саласындағы орталық уәкілетті органмен бірлесіп белгілеген талаптарға сәйкес концессиялық жобаның ТЭН-ін әзірлеуге немесе түзетуге арналған техникалық тапсырманың жобасын;
      тиісті негіздемені қоса бере отырып, концессиялық жобаның ТЭН-ін әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізу құнының есептеулерін;
      3) концессиялық ұсынысты республикалық меншікке жататын және Заңның 16-бабы 2-тармағының 1) тармақшасында көзделген концессия объектілері бойынша республикалық меншiкке билiк ету құқығын жүзеге асыру жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органмен, сондай-ақ «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 1-тармағының 4-5) тармақшасына сәйкес табиғи монополиялар саласына жататын көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) қалыптастыру және бекіту тәртібі бөлігінде табиғи монополиялар саласында және реттелетін нарықтарда басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органмен келісу нәтижелерін;
      4) орындау үшін жауаптыларды, іске асыру мерзімдерін және аяқталу нысандарын көрсете отырып, концессиялық жоба бойынша іс-шаралар жоспарының жобасын;
      5) концессиялық жобаны әзірлеуші мемлекеттік органның пікірі бойынша ұсынылатын концессиялық ұсынысты жан-жақты және толық бағалау үшін қажетті өзге де материалдар мен мәліметтер қоса бере отырып, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға жіберіледі.
      Концессиялық ұсыныстардың, сондай-ақ оған қоса берілетін материалдардың әрбір парағына тиісті саладағы уәкілетті мемлекеттік органның және облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органының құрылымдық бөлімшесінің басшысы немесе оны алмастыратын тұлға қол қояды.
      Сараптама жүргізу үшін қажетті материалдарды қоса бере отырып концессиялық ұсыныстарды тиісті саладағы уәкілетті мемлекеттік органдар мен облыстың (республикалық маңызды қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары концессиялық ұсынысқа қосымшалардың электрондық көшірмесін ұсыну арқылы бірінші басшының немесе оны алмастыратын тұлғаның қолы қойылған титулдық бланктегі жеке ілеспе хатпен ұсынады.
      16. Концессиялық ұсыныстарды табиғи монополиялар салаларында және реттелетін нарықтарда басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органмен келісу табиғи монополиялар саласына жататын мемлекеттік меншік объектілерін жақсарту және тиімді пайдалану үшін уақытша иеленуге және пайдалануға немесе концессионердің қаражаты есебінен жаңа объектілерді құру (салу) құқығын концессияға беру мүмкіндігін айқындау мақсатында жүргізіледі.
      17. Концессиялық ұсынысты келісу концессиялық ұсыныстың табиғи монополиялар салаларында және реттелетін нарықтарда басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органға келіп түскен күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде, мынадай мәселелерді қарай отырып жүзеге асырылады:
      1) концессиялық жобаның табиғи монополиялар салаларына тиесілігін және табиғи монополиялар салаларына жататын концессиялық жобаның реттеліп көрсетілетін қызметтерінің (тауарларының, жұмыстарының) тізбесін келісу;
      2) тауарлар (көрсетілетін қызметтер, жұмыстар) өндірісінің өндірістік циклы, жылу және электр желілерін, газ бөлу жүйесін, сондай-ақ сумен жабдықтау және кәріз желілерін дамыту;
      3) концессиялық жобаның өңірдегі әлеуметтік-экономикалық ахуалға ықпалы және концессиялық жобаны іске асыру қажеттілігі, оның ішінде жобаның өңірдегі басқа монополистердің қызметіне ықпалы;
      4) концессиялық жобаның реттеліп көрсетілген қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) арналған тарифті (алым мөлшерлемесін бағасын) қалыптастыру тәртібі және көлемі.
      Жұмыс істеп тұрған табиғи монополиялар субъектілерінің объектілерін реконструкциялау немесе жаңғырту кезінде концессиялық жобаны іске асыру көрсеткіштерінің тарифтердің өсуіне және көрсетілген қызметтер сапасының жоғарылауына, оның ішінде табиғи монополиялар субъектісі әзірлеген және іске асыратын іс-шаралар жоспарына негізделген нормативтік шығындарды төмендету және (немесе) олар болған жағдайда нормативтен тыс шығындарды жою мәселесі қосымша қарастырылады.
      18. Концессиялық ұсынысты табиғи монополиялар салаларында және реттелетін нарықтарда басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органмен келісу мынадай:
      концессиялық ұсынысты келісу туралы;
      әрбір қарастырылған мәселе бойынша келіспеу себептерін немесе концессиялық ұсынысты пысықтау жөніндегі талаптарды немесе концессиялық жобаны жақсарту жөніндегі ұсынымдарды көрсете отырып келіспеу туралы нәтижелері бар концессиялық ұсынысты әзірлеуші мемлекеттік органға жіберілетін хат түрінде ресімделеді.
      19. Республикалық меншiкке билiк ету құқығын жүзеге асыру жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган республикалық меншікке жататын және Заңның 16-бабы 2-тармағының 1) тармақшасында көзделген объектілер бойынша тиісті саладағы уәкілетті мемлекеттік органдар ұсынатын концессиялық ұсыныстарды олар ұсынылған сәттен бастап 30 (отыз) жұмыс күні ішінде тізбеге енгізу үшін келіседі.

Қазақстан Республикасы   
Үкіметінің         
2010 жылғы 10 желтоқсандағы
№ 1343 қаулысымен    
бекітілген        

Концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізу қағидасы

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 04.12.2013 N 1305 қаулыcымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізу қағидасы (бұдан әрі – Қағида) «Концессиялар туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 3-тармақшасына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленген және концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізу тәртібін айқындайды.
      2. Концессионерді таңдау жөніндегі конкурс (бұдан әрі – конкурс) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен орта мерзімді кезеңге концессияға беруге ұсынылатын объектілердің тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) негізінде өткізіледі.
      3. Концессиялық өтінімдерді қарауды және іріктеуді Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары құратын комиссия (бұдан әрі – Комиссия) жүзеге асырады.
      Комиссияның міндеттері, функциялары мен құқықтары, сондай-ақ оның қызметін ұйымдастыру Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары бекітетін Комиссия туралы ережеге сәйкес айқындалады.
      Комиссияның жұмыс органы конкурстың тиісті ұйымдастырушысы болып табылады.
      Республикалық меншікке жататын және Заңның 16-бабының 2-тармағында көзделген концессия объектілеріне қатысты конкурсты ұйымдастырушы тиісті саладағы уәкілетті мемлекеттік орган болып табылады.
      Коммуналдық меншікке жататын және тізбеде көзделген концессиялық объектілерге қатысты конкурсты ұйымдастырушы облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) тиісті жергілікті атқарушы орган болып табылады, оның атынан әкімнің шешімі бойынша осы Қағидада көзделген конкурсты ұйымдастырушының функцияларын жүзеге асыратын жауапты мемлекеттік орган айқындалады.
      4. Тізбеге енгізілген объектілер бойынша концессионерді таңдау, Заңға және осы Қағидаға сәйкес екі кезеңдік рәсімдерді пайдалана отырып концессионерді таңдау жөніндегі конкурс өткізу жолымен жүзеге асырылады.
      5. Конкурстың ұйымдастырушысы қажет болған жағдайда конкурстық құжаттаманы, концессия шартының жобасын әзірлеу, тиісті конкурстық өтінімде қамтылған ұсынылған концессиялық өтінімдерді тәуелсіз бағалау, сондай-ақ әлеуетті концессионерлермен келіссөздерге қатысу үшін тәуелсіз сарапшыларды тарта алады.
      Тәуелсіз сарапшыларды тарту үшін конкурстың ұйымдастырушысы мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға концессиялық жобаны консультациялық сүйемелдеу бойынша көрсетілетін қызметтерді қаржыландыруға арналған өтінімді жолдайды.
      Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу бойынша қызметтер көрсетуге арналған қорытындыны тиісті бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.
      Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган бюджет комиссиялары мақұлдаған әрбір концессиялық жобаны консультациялық сүйемелдеу бойынша көрсетілетін қызметтерді қаржыландыру көлемі бойынша мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның тиісті бөлінетін бюджеттік бағдарламасына сәйкес келетін қаражат есебінен жүзеге асырылатын концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу бойынша көрсетілетін қызметтердің тізбесін қалыптастырады.
      6. Концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.
      7. Егер конкурс үшiншi рет және одан да көп өткiзiлген және конкурсқа қатысуға тек бір конкурстық өтiнiм ұсынылған жағдайда, Комиссия аталған конкурстық өтiнiмді оны iске асырудың мүмкiндігі тұрғысынан осы Қағидада белгіленген тәртіпке сәйкес қарайды.

2. Концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты ұйымдастыру және
өткiзу (екі кезеңдік рәсімдерді пайдаланбай өткізілетін
конкурс)

      8. Концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты ұйымдастыру және өткiзу мынадай дәйекті іс-шараларды орындауды көздейді:
      1) конкурсты ұйымдастырушының конкурстық құжаттаманы әзірлеуі, сондай-ақ концессиялық жобаның ТЭН-ін әзірлеуі немесе түзетуі және сараптамасын жүргізуі;
      2) республикалық меншікке жататын объектілерге қатысты бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның, сондай-ақ концессиялық жоба табиғи монополиялар салаларына жататын жағдайда табиғи монополия салаларында және реттелетін нарықтарда басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органның келісімін растайтын құжаттарды қоса бере отырып, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес алдын ала қажетті сараптамадан өткен конкурс құжаттамасын, концессиялық жобаның ТЭН-ін, тиісті сараптамалар жүргізу және келісу үшін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға ұсыну;
      3) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органдар Заңның 15-2-бабының 5-тармағында көрсетілген аталған жобаны бюджеттен қоса қаржыландыру мүмкіндігі туралы ұсынымды қамтитын экономикалық сараптаманың оң қорытындысы негізінде концессиялық жобалар бойынша қорытындылар қалыптастырады және тиісті бюджет комиссияларына қарастыруға енгізеді;
      4) конкурстық құжаттама сараптамасының оң қорытындысы бойынша конкурстық құжаттаманы конкурсты ұйымдастырушының бірінші басшысының немесе оны алмастыратын тұлғаның бекітуі;
      5) осы Қағиданың 2122-тармақтарына сәйкес конкурсты ұйымдастырушының әлеуетті концессионерлерді конкурстың өткізілуі туралы хабарландыруы;
      6) осы Қағиданың 2324-тармақтарына сәйкес конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғаларға конкурс ұйымдастырушысының конкурстық құжаттаманың көшірмесін ұсынуы, сондай-ақ мұндай тұлғалар туралы мәліметтерді конкурстық құжаттаманы алған тұлғаларды тіркеу журналына енгізу;
      7) осы Қағиданың 25-27-тармақтарында көзделген жағдайларда конкурсты ұйымдастырушының конкурстық құжаттаманың көшірмесін алған тұлғаларға оның ережелерін түсіндіруі;
      8) әлеуетті концессионерлердің қойылған біліктілік талаптарына олардың сәйкестігін растайтын құжаттарды ұсынуы (конкурстық өтінімдер ұсынғанға дейін әлеуетті концессионерлердің біліктілік талаптарына сәйкестігіне бағалауды жүргізу жағдайында).
      Конкурсты ұйымдастырушы құжаттарды дайындауға және концессиялық жобаның өту мерзімін қысқартуға арналған шығыстарды оңтайландыру мақсатында конкурстық құжаттамада әлеуетті концессионерлердің конкурстық өтінімдерді ұсынғанға дейін қойылған біліктілік талаптарына олардың сәйкестігін растайтын құжаттарды ұсыну мерзімін (конкурс жарияланғаннан кейін күнтізбелік 20 (жиырма) күннен аз емес) қарастыра алады.
      Әлеуетті концессионерлердің қойылған біліктілік талаптарына олардың сәйкестігін растайтын құжаттарды ұсыну мерзімі аяқталғаннан кейін 15 (он бес) жұмыс күні ішінде Комиссия әлеуетті концессионерлердің біліктілік талаптарына сәйкестігіне бағалауды өткізеді.
      Бағалау қорытындысы бойынша біліктілік талаптарына сәйкес келетін әлеуетті концессионерлердің тізбесі қалыптастырылады және тиісті хаттаманы ресімдеу жүргізіледі.
      Аталған хаттаманың көшірмесін конкурсты ұйымдастырушы хаттамаға қол қойылған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде әлеуетті концессионерлерге не олардың уәкілетті өкілдеріне жібереді;
      9) әлеуетті концессионердің конкурстық өтінімді әзірлеуі және конкурсты ұйымдастырушыға ұсынуы, сондай-ақ әлеуетті концессионердің Заңның 18-1-бабына сәйкес конкурстық өтінімді қамтамасыз етуді енгізуі.
      Осы тармақтың 8) тармақшасына сәйкес әлеуетті концессионерлердің біліктілік талаптарына сәйкестігін бағалауды өткізу кезінде конкурстық өтінімді әзірлеу және конкурсты ұйымдастырушыға ұсынуды тиісті біліктілік талаптарына сәйкес келетін әлеуетті концессионерлер оларды жүргізілген бағалау қорытындылары туралы конкурсты ұйымдастырушы хабардар еткеннен кейін кемінде күнтізбелік 60 (алпыс) күн бұрын мерзімде жүзеге асырады;
      10) конкурсты ұйымдастырушының конкурстық өтінімдерді тіркеу журналында тіркеуі;
      11) конкурстық өтінімдері бар конверттерді ашу, сондай-ақ Комиссия отырысының тиісті хаттамасын ресімдеу;
      12) конкурсты ұйымдастырушының конкурстық өтінімдерді ұсынған әлеуетті концессионерлерге немесе олардың уәкілетті өкілдеріне конкурстық өтінімдері бар конверттерді ашу хаттамасының көшірмесін жіберуі;
      13) әлеуетті концессионерлердің Заңмен қойылған біліктілік талаптарына сәйкестігін айқындау үшін конкурстық өтінімдерді қарау.
      Осы тармақтың 8) тармақшасына сәйкес әлеуетті концессионерлердің біліктілік талаптарына сәйкестігіне бағалау жүргізген кезде қайта бағалау жүзеге асырылмайды;
      14) конкурсқа қатысуға рұқсат берілген әлеуетті концессионерлердің тізбесін қалыптастыру және рұқсат беру туралы тиісті хаттаманы ресімдеу;
      15) конкурсты ұйымдастырушының конкурстық өтінімдерді ұсынған әлеуетті концессионерлерге немесе олардың уәкілетті өкілдеріне рұқсат беру туралы хаттаманың көшірмесін жіберуі;
      16) конкурсты ұйымдастырушының конкурстық өтінімдері бар конверттерді ашу хаттамасының расталған көшірмесін қоса бере отырып, оларға сараптама жасау үшін біліктілік талаптарына сай келетін конкурсқа қатысушылардың концессиялық өтінімдерін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға жіберуі;
      17) Комиссияның конкурстық құжаттама талаптарына, концессиялық өтінім және әлеуетті концессионерлердің біліктілік талаптарына сәйкес бағалау жөніндегі қорытындысын ескере отырып, конкурс қатысушылары ұсынған конкурстық өтінімдерді қарауы;
      18) Комиссияның концессиялық өтінімі концессиялық жобаны нақтылау және концессия шартының талаптары мен концессия шарты жобасының соңғы нұсқасын қалыптастыру бойынша үздік деп танылған конкурсқа қатысушымен келіссөздер жүргізуі;
      19) конкурсты ұйымдастырушының концессия шартының жобасын келісу үшін осы Қағиданың 676869-тармақтарына сәйкес мемлекеттік жоспарлау жөніндегі, бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органдарға, сондай-ақ табиғи монополиялар салаларында және реттелетін нарықтарда басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органға жіберуі;
      20) концессионерді таңдау жөніндегі конкурстың қорытындылары бойынша Комиссия шешімімен хаттама түрінде концессиялық өтінім бекітіледі, ал өтінім беруші конкурс жеңімпазы деп танылады;
      21) Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік концессиялық міндеттемелерді қабылдауын Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес әрбір жеке концессиялық жоба бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган жүзеге асырады.
      Атқарушы органдардың мемлекеттік концессиялық міндеттемелерді қабылдауын Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес әрбір жеке концессиялық жоба бойынша облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының шешімі негізінде бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар жүзеге асырады;
      22) әрбір жеке жоба бойынша мемлекеттік концессиялық міндеттемелерді қабылдау туралы Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасын немесе мәслихат шешімінің жобасын концедент әзірлейді және конкурс жеңімпазын айқындағаннан кейін 15 (он бес) жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының Үкіметіне немесе мәслихатқа енгізіледі.
      Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасында немесе мәслихат шешімінің жобасында әрбір қабылданған концессиялық міндеттеменің көлемі туралы ақпарат қамтылуы тиіс;
      23) осы тармақтың 20) тармақшасында көрсетілген Комиссия шешімі негізінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы немесе мәслихат шешімін қабылдау қорытындысы бойынша концессия шартын келісу нәтижелерін ескере отырып, конкурс жеңімпазымен концессия шарты жасалады;
      24) мемлекеттік кепілгерлігін ұсынуды көздейтін концессиялық жоба бойынша концессия шартын жасағаннан кейін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 10 желтоқсандағы № 1343 қаулысымен бекітілген Мемлекет кепілгерлігін ұсыну немесе лимит көлемін ұлғайту үшін концессиялық жобаларды іріктеу қағидасына сәйкес кепілгерлік шарты жасалады;
      25) конкурс қорытындылары туралы мәліметтерді Заңның 20-бабының 9-тармағына сәйкес жариялау.

3. Концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты екі кезеңдік
рәсімдерді пайдалана отырып өткізу

      9. Екі кезеңдік рәсімдерді пайдалана отырып концессионерді таңдау жөніндегі конкурс өткiзу Заңның 20-1-бабының 1-тармағында көзделген жағдайларда өткізіледі.
      10. Екі кезеңдік рәсімдерді пайдалана отырып концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткiзудің бірінші кезеңі:
      1) концессиялық ұсыныстардың сараптамасы негізінде конкурсты ұйымдастырушының техникалық тапсырманы қалыптастыруы;
      2) конкурсты ұйымдастырушының конкурстық құжаттаманы әзірлеуі;
      3) республикалық меншікке жататын объектілерге қатысты бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның, сондай-ақ концессиялық жоба табиғи монополиялар салаларына жатқан жағдайда табиғи монополиялар саласында және реттелетін нарықтарда басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органның келісімін растайтын құжаттарды қоса бере отырып конкурстық құжаттаманы, тиісті сараптамаларды жүргізуге және келісуге мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға ұсыну;
      4) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органдар осы жобаны бюджеттен қоса қаржыландыру мүмкіндігі туралы ұсынымды қамтитын конкурстық құжаттама сараптамасының оң қорытындысы негізінде концессиялық жобалар бойынша қорытынды қалыптастырады және тиісті бюджет комиссиясының қарауына енгізеді;
      5) конкурстық құжаттама сараптамасының мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық органның оң қорытындысының нәтижесі бойынша конкурсты ұйымдастырушының бірінші басшысының немесе оны алмастыратын тұлғаның конкурстық құжаттаманы бекітуі;
      6) конкурсты ұйымдастырушының әлеуетті концессионерлерді осы Қағиданың 2122-тармақтарына сәйкес екі кезеңдік рәсімдерді пайдалана отырып концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізу туралы хабарландыруы;
      7) конкурсты ұйымдастырушының екі кезеңдік рәсімдерді пайдалана отырып концессионерді таңдау жөніндегі конкурстың бірінші кезеңінде қатысуға мүдделі тұлғаларға техникалық тапсырмалар мен конкурстық құжаттаманы беруі, сондай-ақ мұндай тұлғалар туралы мәліметтерді конкурстық құжаттаманы алған тұлғаларды тіркеу журналына енгізу;
      8) конкурсты ұйымдастырушының осы Қағиданың 252627-тармақтарында көзделген жағдайларда конкурстық құжаттаманың көшірмесін алған тұлғаларға оның ережелерін түсіндіруі;
      9) әлеуетті концессионерлердің Заңның 18-бабында белгіленген біліктілік талаптарына сәйкестігін растауға конкурстық құжаттамада көзделген құжаттарды ұсынуы;
      10) Комиссияның әлеуетті концессионерлерді біліктілік іріктеуді жүргізуі.
      Біліктіліктік іріктеуді Комиссия әлеуетті концессионерлердің біліктілік талаптарына сәйкестігін бағалауды жүргізу арқылы жүзеге асырады;
      11) конкурсты ұйымдастырушының әлеуетті концессионерлермен техникалық тапсырманың техникалық, сапалық және (немесе) өзге де сипаттамаларына қатысты мәселелерді талқылауы, оның ішінде концессиялық жобалар бойынша техникалық ұсыныстарды (техникалық және (немесе) технологиялық жобалау алды құжаттаманы), сондай-ақ мемлекеттік сараптаманы өткізу мерзімін қамтитын ТЭН-ді әзірлеудің және ұсынудың оңтайлы мерзімін айқындауы.
      Әзірленген ТЭН болған кезде конкурсты ұйымдастырушы оны концессиялық жобаны іске асыру мерзімдерін қысқарту мақсатында әлеуетті концессионерлерге ұсына алады;
      12) біліктіліктік іріктеуден өткен конкурсқа қатысушылардың техникалық тапсырмаға сәйкес әзірленген концессиялық жобалар бойынша (техникалық және (немесе) технологиялық жобалау алды құжаттамасы) техникалық ұсыныстары бар конкурстық өтінімдерді әзірлеуі және ұсынуы.
      Конкурсқа қатысушыға конкурс ұйымдастырушының және/немесе өзге де мемлекеттік органдармен және ұйымдардың концессиялық жоба бойынша техникалық ұсынысты (техникалық және (немесе) технологиялық жобалау алды құжаттамасын) әзірлеуі үшін сол немесе өзге мәліметтер ұсынуы қажет болған жағдайда, конкурсты ұйымдастырушы мәліметтердің, оларды ұсынуы мен мерзіміне жауаптылардың тізбесін, сондай-ақ басқа да іс-шараларды көрсете отырып, көрсетілген мемлекеттік органдармен және ұйымдармен келісу жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлейді;
      13) конкурс ұйымдастырушының конкурстық өтінімдерді тіркеу журналында тіркеуі;
      14) конкурстық өтінімдері бар конверттерді ашу, сондай-ақ Комиссияның тиісті отырысының хаттамасын ресімдеу;
      15) конкурс ұйымдастырушысының олар туралы мәліметтер конкурстық өтінімдерді тіркеу журналына енгізілген әлеуетті концессионерлерге немесе олардың уәкілетті өкілдеріне конкурстық өтінімдері бар конверттерді ашу хаттамасының көшірмесін жіберуі;
      16) тиісті саладағы уәкілетті мемлекеттік органның және Қазақстан Республикасының Үкіметі жобаларға мемлекеттік сараптаманы жүзеге асыруға уәкілеттік берген заңды тұлғаның мемлекеттік, қоғамдық және жеке мүдделерді, адамның тыныс-тіршілігінің қолайлы және қауіпсіз жағдайларын, жобаланатын объектілердің орнықты жұмыс істеуін қамтамасыз етуге бағытталған қала құрылысы және техникалық регламенттерге, мемлекеттік нормативтердің шарттары мен талаптарына сәйкес келетінін не сәйкес келмейтінін, сондай-ақ техникалық ұсыныстың құнын айқындау мақсатында концессиялық жобалар (техникалық және (немесе) технологиялық жобалау алды құжаттама) бойынша техникалық ұсыныстардың сараптамасы.
      Осы тармақшада көрсетілген заңды тұлға жүргізетін концессиялық жобалар бойынша (техникалық және (немесе) технологиялық жобалау алды құжаттама) техникалық ұсыныстар сараптамасы концессионер қаражаты есебінен жүзеге асырылады;
      17) концессиялық жобалар (техникалық және (немесе) технологиялық жобалау алды құжаттама) бойынша техникалық ұсыныстары конкурсты ұйымдастырушының техникалық тапсырмасына сәйкес келетін кемінде екі конкурсқа қатысушыны мемлекеттік сараптаманың нәтижесін ескере отырып Комиссияның таңдауы;
      18) концессиялық жобалар (техникалық және (немесе) технологиялық жобалау алды құжаттама) бойынша техникалық ұсыныстары бірінші кезеңде техникалық тапсырмаға сай деп танылған конкурсқа қатысушыларға екі кезеңдік рәсімдерді пайдалана отырып концессионерді таңдау жөніндегі конкурстың екінші кезеңіне қатысу үшін конкурсты ұйымдастырушының шақыру жіберуі.
      11. Екі кезеңдік рәсімдерді пайдалана отырып концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткiзудің екінші кезеңі:
      1) концессиялық жобалар (техникалық және (немесе) технологиялық жобалау алды құжаттама) бойынша техникалық ұсыныстары бірінші кезеңде техникалық тапсырмаға сәйкес келеді деп танылған конкурсқа қатысушылардың концессиялық жобаның ТЭН-і бар конкурстық өтінімдерді ұсынуын, сондай-ақ әлеуетті концессионердің Заңның 18-1-бабына сәйкес конкурстық өтінімдерді қамтамасыз етуді енгізуін.
      Болжамды концессия объектісі табиғи монополиялар саласына жататын болса, табиғи монополиялар салаларындағы заңнама талаптарына сәйкес әзірленетін инвестициялық бағдарламаны қоса беру қажет;
      2) конкурсты ұйымдастырушының мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға концессиялық жобаның ТЭН-ін, оларға сараптама жүргізу үшін тиісті сараптамалар қорытындыларын, соның ішінде Заңның 20-1-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес өткізілген концессиялық жобалар (техникалық және (немесе) технологиялық жобалау алды құжаттама) бойынша техникалық ұсыныстарға мемлекеттік сараптаманың қорытындысын қоса бере отырып жолдауын;
      3) Комиссияның конкурсқа қатысушылар ұсынған барлық конкурстық өтінімдерді конкурстық құжаттама талаптарына сәйкестігін, концессиялық өтінім бойынша қорытындыларды және әлеуетті концессионерлердің біліктілік талаптарына сәйкестігін бағалауды ескере отырып қарауын;
      4) Комиссияның концессиялық жобаны және концессия шартының талаптарын нақтылау мен концессия шарты жобасының соңғы нұсқасын қалыптастыру бойынша концессиялық өтінімі үздік деп танылған конкурсқа қатысушымен келіссөздер жүргізуін;
      5) конкурсты ұйымдастырушының концессия шартының жобасын осы Қағиданың 67-69-тармақтарына сәйкес мемлекеттік жоспарлау жөніндегі, бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органдарға, сондай-ақ табиғи монополиялар салаларында және реттелетін нарықтарда басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органға келісуге жолдауын қарастырады;
      6) концессионерді таңдау жөніндегі конкурстың қорытындылары бойынша Комиссия шешімімен хаттама түріндегі концессиялық өтінім бекітіледі, ал өтінім беруші конкурс жеңімпазы деп танылады;
      7) Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік концессиялық міндеттемелерді қабылдауын Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес әрбір жеке концессиялық жоба бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы негізінде бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган жүзеге асырады.
      Атқарушы органдардың мемлекеттік концессиялық міндеттемелерді қабылдауын Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес әрбір жеке концессиялық жоба бойынша облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының шешімі негізінде бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар жүзеге асырады;
      8) әрбір жеке жоба бойынша мемлекеттік концессиялық міндеттемелерді қабылдау туралы Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасын немесе мәслихат шешімінің жобасын концедент әзірлейді және конкурстың жеңімпазы айқындалғаннан кейін 15 (он бес) жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының Үкіметіне немесе мәслихатқа енгізіледі.
      Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасы немесе мәслихат шешімінің жобасы әрбір қабылданған концессиялық міндеттеменің көлемі туралы ақпаратты қамтуы тиіс;
      9) Комиссияның осы тармақтың 6) тармақшасында көрсетілген шешімі негізінде Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасын немесе мәслихат шешімінің жобасын қабылдау қорытындысы бойынша концессия шартының келісу нәтижелері ескеріле отырып, конкурс жеңімпазымен концессия шарты жасалады;
      10) мемлекет кепілгерлігін ұсынуды көздейтін концессиялық жоба бойынша концессия шартын жасасқаннан кейін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы
10 желтоқсандағы № 1343 қаулысымен бекітілген Мемлекет кепілгерліктерін беру немесе лимит көлемін ұлғайту үшін концессиялық жобаларды іріктеу қағидасына сәйкес кепілгерлік шарты жасалады;
      11) конкурс қорытындылары туралы мәліметтерді Заңның 20-бабының 9-тармағына сәйкес жариялау.

4. Конкурстық құжаттаманы әзірлеу, келісу және бекіту

      12. Конкурсты ұйымдастырушы конкурсты өткізу шарттары мен тәртібін айқындау үшін конкурстық құжаттаманы Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасының талаптарын ескере отырып, мемлекеттік және орыс тілдерінде әзірлейді және оны мемлекеттік жоспарлау жөніндегі, бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдармен, концессиялық жоба табиғи монополиялар саласына тиесілі болған жағдайда табиғи монополия салаларында және реттелетін нарықтарда реттеу және бақылау жөніндегі уәкілетті органмен келіседі.
      Конкурстық құжаттаманың мазмұны мен шарттары Заңның 17-бабына сәйкес айқындалады.
      Концессиялық жобаның ТЭН-ін әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізу бюджеттік заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады. Табиғи монополиялар салаларында іске асырылатын концессиялық жобаның ТЭН құрамында тариф құру тәртібі табиғи монополиялар мен реттелетін нарықтар саласындағы заңнаманың талаптарын ескере отырып әзірленеді.
      13. Конкурстық құжаттаманы және концессиялық жобаның ТЭН-ін, табиғи монополиялар салаларына жататын көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) қалыптастыру және бекіту тәртібі бөлігінде, оның ішінде оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізілген кезде табиғи монополиялар салаларында және реттелетін нарықтарда басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органның келісуі, конкурстық құжаттама ережелерінің құрамы мен мазмұнының және ТЭН-нің табиғи монополиялар саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына, сондай-ақ концессиялық жобаның концессиялық ұсынысында бекітілген концессиялық жобаның тарифін белгілеумен байланысты экономикалық, қаржылық, техникалық және басқа да параметрлеріне конкурстық құжаттама мен концессиялық жоба ТЭН-нің сәйкестігі тұрғысынан бағалау жүргізу мақсатында жүзеге асырылады.
      Конкурстық құжаттаманы және концессиялық жобаның ТЭН-ін табиғи монополиялар салаларында және реттелетін нарықтарда басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органның келісуі олар келіп түскен күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
      14. Концессиялық жобаның ТЭН-ін келісу кезінде табиғи монополиялар салаларында және реттелетін нарықтарда басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган мынадай мәселелерді қарастырады:
      1) концессияның жұмыс істеп тұрған объектілерін жаңғырту немесе реконструкциялау кезінде іске қосылған негізгі құралдардың өтімділік құнының капитал құрушы шығындар есебінен өсуіне немесе жұмыс істеп тұрған деңгейін сақтауына және концессиялық жобаны іске асыру шеңберінде әзірленген және іске асырылатын іс-шаралар жоспарына негізделген нормативтік шығындарды төмендету және (немесе) бар болған жағдайда нормативтен тыс шығындарды жою қосымша қарастырылады;
      2) реттеліп көрсетілген қызметтер (тауарлар, жұмыстар) бойынша шығыстар, өндірістік шығындарды азайту;
      3) реттелетін және реттелмей көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) ұсынылған реттеліп көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) көлемі, көлемін ұлғайту және/немесе сапасын арттыру;
      4) тарифті (бағаларды, алымдар мөлшерлемесін) қалыптастыру тәртібі және ұсынылған реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) арналған тарифтің шекті лимиті;
      5) қарыз алудың және қарыз ресурстарын өтеудің схемасы мен шарттары;
      6) жобаның негізгі қаржылық-экономикалық көрсеткіштері – пайданың (кірістіліктің), Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму болжамының және мемлекеттік концессиялық міндеттемелерді төлеу болжамының көрсеткіштерін ескере отырып, реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) арналған тарифтердің (бағалардың, алымдар мөлшерлемесінің) өсу болжамы шеңберінде субъектілердің көрсетілетін қызметтеріне арналған тарифтер (бағалар, алымдар мөлшерлемесінің) деңгейіндегі қолма қол ақшаның дисконтталған ағымдарының тартылған активтеріне арналған пайдалардың ішкі нормалары.
      15. Концессиялық жобаның конкурстық құжаттамасын келісу кезінде табиғи монополиялар салаларында және реттелетін нарықтарда басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган мынадай мәселелерді қарастырады:
      1) табиғи монополиялар саласына жататын көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тарифтерді (бағалар, алымдар мөлшерлемесін) қалыптастыру және бекіту бөлігінде конкурстық құжаттама ережелерінің табиғи монополиялар саласындағы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарына сәйкес келуі;
      2) конкурстық құжаттаманың концессиялық ұсыныста және концессиялық жобаның ТЭН-інде бекітілген экономикалық, қаржылық, техникалық және басқа да тариф белгілеу параметрлеріне сәйкес келуі;
      3) конкурстық өтінім құрамында конкурсқа қатысушылар ұсынатын концессиялық жобаның тариф белгілеуіне байланысты құжаттар тізбесін келісу;
      4) тариф белгілеуге байланысты конкурстық құжаттаманың елеулі шарттарын келісу;
      5) концессиялық жобаның тариф белгілеуіне байланысты концессия шартына енгізілетін ережелер мен қосымшалар бөлігінде концессия шартының жобасын келісу. Концессия шартының жобасы және концессиялық жобаның ТЭН-і конкурстық құжаттамаға қосымша болып табылады.
      Конкурстық құжаттаманы келісу және концессиялық жобаның ТЭН-ін келісу келісім туралы немесе әрбір қарастырылатын мәселе бойынша келіспеу себептерін көрсете отырып, келіспеу туралы немесе конкурстық құжаттаманы немесе ТЭН-ді пысықтау туралы талаптары бар мемлекеттік органның бірінші басшысы не оны алмастыратын адам не оның орынбасары қол қоятын хат түрінде ресімделеді және конкурстық құжаттаманы және ТЭН әзірлеуші мемлекеттік органға жолданады.
      16. Табиғи монополиялар салаларында және реттелетін нарықтарда басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органнан конкурстық құжаттама мен ТЭН-ге оң келісім алғаннан кейін конкурсты ұйымдастырушы концессиялық жобаның ТЭН-ін қоса бере отырып, конкурстық құжаттаманы мемлекеттік жоспарлау жөніндегі және бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органдарға келісуге жібереді.
      17. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган келіп түскен күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде конкурстық құжаттаманы келісуді жүргізеді.
      Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган мемлекеттің кепілгерлігін ұсынуды көздейтін конкурстық құжаттаманы келісу кезінде концессиялық жоба бойынша концессионерді таңдау жөніндегі конкурс шеңберінде беру үшін конкурсты ұйымдастырушы ұсынатын мемлекет кепілгерлігінің көлемін және мемлекет кепілгерлігін беруге байланысты конкурстық құжаттаманың елеулі шарттарын келіседі.
      Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның конкурстық құжаттаманы келісуі мемлекеттік органның бірінші басшысының немесе оны алмастыратын тұлғаның, не оның орынбасарының қол қоюымен келісу туралы немесе келіспеу себептерін көрсете отырып келіспеу туралы немесе конкурстық құжаттаманы пысықтау жөніндегі талаптары бар хат түрінде ресімделеді және конкурстық құжаттама мен ТЭН-ді әзірлеуші мемлекеттік органға жіберіледі.
      18. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган конкурстық құжаттама мен ТЭН келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде конкурстық құжаттаманың сараптамасын жүргізу үшін, оның ішінде оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу кезінде, сондай-ақ концессиялық жобаның ТЭН-іне экономикалық сараптама жүргізу үшін концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйымға жолдайды, ол оны аталған ұйымға құжаттар ұсынылған күннен бастап 30 (отыз) жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.
      Аталған құжаттарды мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның қарауының жалпы мерзімі 40 (қырық) жұмыс күнін құрайды.
      Тиісті саладағы уәкілетті мемлекеттік орган немесе облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органы ақпаратты толық ұсынбаған, сондай-ақ конкурстық құжаттамада көрсетілген қосымша ақпаратты ұсыну, оның ішінде оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу кезінде қажет болған жағдайда концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйым көрсетілген ақпараттарды ұсынуды талап етеді.
      Концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйым қажет болған жағдайда тиісті саладағы уәкілетті мемлекеттік органға немесе облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органына жетіспейтін және/немесе қосымша ақпаратты ұсыну жөнінде сұрау салуды, сұрау салудың көшірмесін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйымға құжаттар пакетінің келіп түскен күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде жолдайды.
      Тиісті саладағы уәкілетті мемлекеттік органдар және облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органы сұрау салу келіп түскен сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде жетіспейтін және (немесе) қосымша ақпаратты бір мезгілде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға және концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйымға ұсынады немесе ақпаратты ұсыну үшін қосымша мерзімнің қажеттілігі туралы хабардар етеді, бірақ ол күнтізбелік 15 (он бес) күннен аспауы тиіс.
      Сұрау салуды жіберген күннен бастап және концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйымға қажетті ақпаратты ұсынғанға дейін сараптама жүргізу мерзімдері тоқтатыла тұрады.
      Конкурстық құжаттаманы пысықтаған жағдайда, оның ішінде оған өзгерістер мен толықтырулар енгізген кезде әзірлеуші мемлекеттік органның өтінімі бойынша сараптамалар жаңартылады.
      19. Конкурстық құжаттама сондай-ақ әлеуетті концессионердің өзінің біліктілік талаптарына сай екенін қосымша растауы ретінде мынадай құжаттардың бірін ұсыну мүмкіндігін қарастыруы қажет:
      1) халықаралық рейтингтік ұйымның рейтингін алуын растайтын құжат;
      2) биржаның ресми листингіне енгізгені туралы қор биржасынан үзінді.
      Осы тармақта көрсетілген құжаттарға байланысты шынайы мәліметтерді ресми интернет-ресурстарына орналастырған жағдайда әлеуетті концессионер бұл туралы құжаттардың өзін ұсынбай-ақ конкурсты ұйымдастырушыны хабардар ете алады.
      Егер әлеуетті концессионер Қазақстан Республикасының резиденті болмаған жағдайда, оның біліктілік талаптарына сәйкестігін растау үшін Қазақстан Республикасының резиденті үшін талап етілетін дәл осы құжаттар ұсынылады немесе Қазақстан Республикасының резиденті емес – әлеуетті концессионердің біліктілігі туралы ұқсас мәліметтерді конкурстық құжаттама тілдеріне аударылған, нотариуспен куәландырылған құжат ұсынылады, сондай-ақ резиденттіктің апостиль қойылған сертификаты ұсынылады (егер халықаралық шартпен өзгеше қарастырылмаса).
      20. Конкурсты ұйымдастырушы әзірлеген конкурстық құжаттаманы конкурсты ұйымдастырушының бірінші басшысы немесе оны алмастыратын тұлға бекітеді.

5. Әлеуетті концессионерлерді конкурсты өткізу туралы хабардар
ету

      21. Конкурсты ұйымдастырушы конкурсты өткізу туралы ақпаратты конкурсты өткізу күніне дейін кемінде күнтізбелік 60 (алпыс) күн бұрын, ал қайта конкурс өткізу кезінде – кемінде күнтізбелік 30 (отыз) күн бұрын Қазақстан Республикасының барлық аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында мемлекеттік және орыс тілдерінде, сондай-ақ қажет болған жағдайда басқа тілдерде міндетті түрде жариялайды.
      22. Конкурсты өткізу туралы ақпарат концессия объектілері туралы, конкурсты ұйымдастырушыға ұсыну үшін қажетті құжаттардың тізбесі туралы мәліметтерді, конкурс жарияланған объектінің сипатына қарай әлеуетті қатысушыларға қойылатын талаптарды, конкурсты өткізу орны, уақыты мен күні туралы мәліметті қамтуы тиіс.
      Конкурсты өткізу туралы ақпаратта қамтылған мәліметтер конкурстық құжаттамада көрсетілген мәліметтерге сәйкес келуі тиіс.

6. Конкурстық құжаттаманың көшірмесін ұсыну

      23. Конкурсты өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап конкурсты ұйымдастырушы әлеуетті концессионерге (оның уәкілетті өкіліне) конкурстық құжаттаманың көшірмесін қағаз жеткізгіште ұсынады.
      Конкурсты ұйымдастырушы табыс етілген конкурстық құжаттама үшін конкурстық құжаттаманың көшірмесін жасауға жұмсалған нақты шығындардан аспайтындай ақы ала алады.
      24. Конкурсты ұйымдастырушы:
      1) конкурстық құжаттаманың көшірмесін алу арналған, тиісінше ресімделген әлеуетті концессионер өкілінің өкілеттіктерін құжаттық расталудың болуын тексереді;
      2) егер конкурс өткізу туралы хабарландыруда мұндай ақыны алу туралы нұсқау қамтылған болса, әлеуетті концессионердің немесе оның уәкілетті өкілінің конкурстық құжаттаманың көшірмесін алу үшін ақы төленгені туралы құжаттық расталудың болуын тексереді;
      3) қажетті мәліметтерді (алған уақыты мен күні, әлеуетті концессионердің атауы, мекенжайы және өзге де мәліметтер) конкурстық құжаттаманың көшірмесін алған тұлғаларды тіркеу журналына енгізеді;
      4) әлеуетті концессионердің уәкілетті өкіліне конкурстық құжаттаманың көшірмесін қол қою арқылы береді.

7. Конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру

      25. Олар туралы мәліметтер конкурстық құжаттаманың көшірмесін алған тұлғаларды тіркеу журналына енгізілген тұлғалар конкурсты ұйымдастырушыға конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру туралы өтінішпен жүгіне алады, бірақ ол конкурстық өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі аяқталғанға дейін кемінде күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірілмеуі тиіс. Қайта конкурс өткізу кезінде олар туралы мәліметтер конкурстық құжаттаманың көшірмесін алған тұлғаларды тіркеу журналына енгізілген тұлғалар конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру туралы өтінішпен жүгіне алады, бірақ ол конкурстық өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі аяқталғанға дейін күнтізбелік 15 (он бес) күннен кешіктірілмеуге тиіс.
      Конкурсты ұйымдастырушы сұрау салу тіркелген сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде оған жауап жолдайды және сұрау салудың кімнен түскенін көрсетпей, конкурсты ұйымдастырушы конкурстық құжаттама ұсынған барлық әлеуеттік концессионерлерге осындай түсіндірмені хабарлайды.
      Конкурсты ұйымдастырушы конкурстық өтiнiмдердi ұсынудың соңғы мерзiмi өткенге дейiн күнтiзбелiк 20 (жиырма) күннен кешiктiрілмейтін мерзімде, ал конкурсты қайта өткізу кезінде – күнтізбелік 10 (он) күннен кешіктірілмейтін мерзімде өз бастамасымен немесе әлеуетті концессионердiң сұрау салуына жауап ретiнде хаттама ресiмдеу арқылы конкурстық құжаттамаға өзгерiстер мен (немесе) толықтырулар енгiзе алады. Енгiзiлген өзгерiстердiң және (немесе) толықтырулардың мiндеттi күшi болады.
      Конкурсты ұйымдастырушы конкурстық құжаттамаға өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгiзу туралы шешім қабылданған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күнінен кешіктірмей, енгізілген өзгерістердің және (немесе) толықтырулардың мәтінін конкурстық құжаттама ұсынылған барлық әлеуетті концессионерлерге өтеусіз түрде береді. Бұл ретте конкурсты ұйымдастырушы әлеуетті концессионерлердiң осы өзгерiстердi және (немесе) толықтыруларды конкурстық өтiнiмдерде ескеруі үшiн конкурстық өтiнiмдердi ұсынудың соңғы мерзiмiн кемiнде күнтiзбелiк 30 (отыз) күн мерзімге, ал конкурсты қайта өткізу кезінде кемінде күнтізбелік 15 (он бес) күн мерзімге ұзартады.
      26. Конкурсты ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманың ережелерiн түсiндiру үшiн конкурстық құжаттамада көрсетiлген белгiлi бiр орында және тиiстi уақытта әлеуетті концессионерлермен кездесу өткiзе алады. Бұл ретте, конкурсты ұйымдастырушы осы кездесу барысында ұсынылған, дереккөздерi көрсетiлмеген конкурстық құжаттаманы түсiндiру туралы сұрау салуларды, сондай-ақ осы сұрау салуларға жауаптар қамтылатын хаттама жасайды.
      Конкурсты ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманың ережелерін түсiндiру туралы хаттама ресімделген және қол қойылған күнінен бастап 1 (бір) жұмыс күнінен кешіктірмей Комиссияға және конкурсты ұйымдастырушы конкурстық құжаттама ұсынған барлық әлеуетті концессионерлерге көрсетілген хаттаманың көшірмесін жолдауға міндетті.
      27. Егер конкурстық құжаттама ережелерін түсіндіру жөніндегі әлеуетті концессионерлермен кездесу әлеуетті концессионерлердің немесе олардың уәкілетті өкілдерінің конкурстық құжаттамада кездесуді өткізу күні белгіленген мерзімі мен уақытында келмеуі себебінен өткізілмеген жағдайда, конкурсты ұйымдастырушы көрсетілген күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде мұндай факт туралы Комиссияны жазбаша хабардар етеді.

8. Конкурстық өтінімдердің мазмұны және оларды ұсыну

      28. Конкурстық өтінім конкурсқа қатысуға үміткер әлеуетті концессионердің конкурстық құжаттамада көзделген талаптар мен шарттарға сәйкес концессиялық жобаны іске асыруды жүзеге асыруға келісімін білдіру нысаны болып табылады.
      29. Конкурсты ұйымдастырушыға конкурсқа қатысуға ниет білдірген әлеуетті концессионер ұсынатын конкурстық өтінімі мыналарды қамтуы тиіс:
      1) конкурстық құжаттамада белгіленген нысан бойынша әлеуетті концессионер толтырған және қол қойған конкурсқа қатысуға арналған өтінім;
      2) әлеуетті концессионердің біліктілік талаптарына сәйкестігін растау үшін ұсынылатын құжаттарының тізбесі:
      есепшоттарында ақшаның болуын, әлеуетті концессионердің меншік құқығы мен жылжитын және жылжымайтын мүліктің құнын растайтын құжаттардың түпнұсқалары немесе нотариалды расталған көшірмелері;
      бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жасалған толық алдыңғы екі қаржылық жылдың қаржылық есептілігінің түпнұсқасы. Еншілес ұйымдары бар ұйымдар негізгі ұйым қызметі жөніндегі қаржылық есептілікке қосымша бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасайды және ұсынады;
      әлеуетті концессионердің бірінші басшысының немесе уәкілетті өкілінің қолы қойылған және әлеуетті концессионердің мөрімен расталған соңғы есеп беру күніне (соңғы қаржылық жылы үшін) «Негізгі құралдар» бухгалтерлік балансының баптарын таратып жазу;
      әлеуетті концессионердің бірінші басшысының немесе уәкілетті өкілінің қолы қойылған және әлеуетті концессионердің мөрімен расталған, олардың пайда болған күні мен болжамды өтеу мерзімі, сондай-ақ берешектің (не үшін берешек пайда болды) оның құнсыздануы бойынша есептелген резерв сомасы мақсаты, оларды құнсыздандыру бойынша есептелген резервтердің сомалары көрсетілген соңғы есеп беру күніне (соңғы қаржылық жылы үшін) дебиторлық және кредиторлық берешекті таратып жазу. Банктік қарыздар болған жағдайда банктік қарыздар шарттарының көшірмесін негізгі борышты және пайыздарды өтеу кестесін қоса беру қажет;
      әлеуетті концессионердің төлем қабілеттілігінің, оның таратылуға жатпайтынының, мүлкіне тыйым салынбағанының, оның қаржылық-шаруашылық қызметі тоқтатылмағанының кепіл хаты;
      әлеуетті концессионердің жасалған концессия шарттары бойынша оның міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін соңғы үш жыл ішінде заңды күшіне енген сот шешімі негізінде жауапкершілікке тартылмағанының кепіл хаты;
      салық берешегінің және үш айдан астам (Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төлеу мерзімі кейінге қалдырылған жағдайлардан басқа) міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешектердің жоқтығы туралы немесе конкурстық өтінімдері бар конверттерді ашу күнінің алдындағы бір айдан ерте емес берілген бір теңгеден кем салық берешегінің және міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешектердің болуы туралы тиісті салық органының белгіленген нысандағы анықтамасының түпнұсқасы;
      өткен екі толық қаржы жылындағы аудиторлық есеппен расталған қаржылық есептілігі.
      Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен міндетті түрде аудит өткізу белгіленген заңды тұлғалар, сондай-ақ соңғы қаржы жылы үшін аудиторлық есеп ұсынады;
      заңды тұлға қызметін үлгілік жарғы негізінде жүзеге асыратын жағдайларды қоспағанда, заңды тұлға заңнамамен белгіленген тәртіппен бекітілген нотариалды расталған жарғысының көшірмесін ұсынады. Қазақстан Республикасының резиденті еместер мемлекеттік және (немесе) орыс тілдеріне аударылған сауда тізілімінен заңдастырылған нотариалды куәландырылған үзіндіні ұсынады;
      заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің не мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың көшірмесі.
      Егер заңды тұлға қызметін заңнамамен белгіленген тәртіппен бекітілген үлгілік жарғы негізіне жүзеге асыратын жағдайда, мемлекеттік тіркеу туралы өтініштің нотариалды куәландырылған көшірмесін ұсынады;
      құрылтайшы немесе құрылтайшылар құрамы туралы мәліметтері бар құрылтайшылық құжаттардан нотариалды куәландырылған үзіндіні (егер жарғыда құрылтайшы немесе құрылтайшылар құрамы туралы мәліметтер болмаса) немесе конверттерді ашқан күннен бір ай ерте емес мерзімде берілген белгіленген тәртіппен қол қойылған және мөрмен расталған акция ұстаушылар тізілімінен үзіндінің түпнұсқасы;
      кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға тиісті мемлекеттік орган берген заңды тұлға құрмай жеке кәсіпкерлікпен айналысуға құқық беретін құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесін, ЖСН көрсете отырып нотариалды куәландырылған жеке бас куәлігінің (төлқұжат) көшірмесін ұсынады;
      әлеуетті концессионерге қызмет көрсетілетін банктің немесе банк филиалының мөрі мен қол қойылған анықтама берілген күннің алдында үш ай бойы әлеуетті концессионер міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысымен бекітілген екінші деңгейдегі банктердегі және ипотекалық компаниялардағы бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспарына сәйкес банк немесе банк филиалы алдында мерзімі өткізілген берешегі жоқ екендігі туралы анықтамасының түпнұсқасы.
      Егер әлеуетті өнім беруші бірнеше екінші деңгейдегі банктердің немесе филиалдарының, сондай-ақ шетел банкінің клиенті болып табылса, аталған анықтама осындай банктердің әрқайсысынан ұсынылады. Анықтама конкурстық өтінімдері бар конверттерді ашу күнінен екі ай ерте берілмеуі тиіс.
      Концессионерді таңдау жөніндегі конкурсқа жеке және (немесе) заңды тұлғалардың бірлестіктері қарапайым серіктестік нысанында қатысқан жағдайда оның қатысушылары өздерінің біліктілік талаптарына сәйкестігін растау үшін осы Қағидада белгіленген құжаттардан басқа мынадай құжаттарды ұсынулары қажет:
      бірлескен қызмет шартының нотариалды расталған көшірмесі;
      қарапайым серіктестік мүшелері арасындағы жасалған ортақ жауапкершілік шартының нотариалды расталған көшірмесі;
      конкурс шеңберінде оның атынан келіссөздерді және басқа да іс-шараларды жүзеге асыруға шығатын қарапайым серіктестік өкіліне арналған сенімхаттың нотариалды расталған көшірмесі.
      Концессионерде концессия объектісін іске асыруға ұсынылған құнға қатысты 10 (он) пайыздан кем емес мөлшерде конкурсқа қатысу үшін жеткілікті меншік капиталының болуы:
      заңды тұлғалар бойынша бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жасалған қаржылық есептілікті талдау жолымен;
      жаңадан құрылған заңды тұлғалардың құрылтайшылары бойынша, қарапайым серіктестік нысанындағы жеке және (немесе) заңды тұлғалардың бірлестіктері немесе жеке тұлғалар бойынша оларда қаржылық есептілік болмаған жағдайда олардағы активтер мен міндеттемелердің болуын растайтын құжаттарды талдау жолымен айқындалады.
      Егер әлеуетті концессионер концессиялық жобаны iске асыру мақсатында жеке және (немесе) заңды тұлғалар құрған жаңа заңды тұлға болып табылса, онда:
      әлеуетті концессионер Заңның 18-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген біліктілік талаптарына сәйкес болуы тиіс;
      жаңа заңды тұлғаның құрылтайшылары ретінде шығатын заңды тұлғалар Заңның 18-бабы 1-тармағының 2)3) және 5) тармақшаларының талаптарына сәйкес болуы тиіс;
      жаңа заңды тұлға құрған жеке және (немесе) заңды тұлғалардың жиынтық дербес капиталы Заңның 18-бабы 1-тармағының 4) тармақшасының талаптарына сәйкес болуы тиіс.
      Конкурсқа қатысушылар өз қалауы бойынша Заңмен және осы Қағидамен бекітілген бiлiктiлiк талаптарына сәйкестігін растайтын өзге де құжаттарды ұсына алады.
      Әлеуетті концессионер бiлiктiлiк талаптары жөнінде дұрыс емес ақпарат ұсынған жағдайда, осындай факт белгіленген сәттен бастап оған үш жыл ішінде концессионердi таңдау жөніндегі конкурсқа қатысуға рұқсат берілмейді.
      Әлеуетті концессионер ұсынатын біліктілік талаптары жөніндегі ақпараттың дұрыстығын Комиссия, конкурсты ұйымдастырушы, уәкілетті мемлекеттік органдар концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізудің кез келген сатысында белгілей алады;
      3) Заңның 20-1-бабына сәйкес техникалық ұсыныс;
      4) мыналарды қамтуы тиіс әлеуетті концессионер толтырған және қол қойған концессиялық өтінім:
      Концессия шартының жобасы;
      мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган белгілеген талаптарға сәйкес құрылған, оның ішінде қосымша ретінде мыналарды қамтитын концессиялық жобаның ТЭН-і (концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты екі кезеңдік рәсімдерді пайдалану арқылы өткiзген жағдайда):
      мыналарды қамтитын табиғи монополиялар салаларындағы заңнама талаптарына сәйкес әзірленетін инвестициялық бағдарламаны (болжанатын концессия объектісі табиғи монополиялар саласына жатқан жағдайда):
      тарифке (баға, алымдар мөлшерлемесі) қосылатын шығындарды қалыптастыру тәртібі;
      шикізат, материалдар, отын, энергия шығыстарының техникалық және технологиялық нормалары, сондай-ақ нормативтік техникалық ысыраптар шегіндегі шығыстардың баптарын қалыптастыру:
      тарифті (бағаны, алымдар мөлшерлемесін) қалыптастыру кезінде ескерілмейтін шығыстар тізбесі;
      инвестициялар көлемі мен инвестицияланған капиталды қайтару тәртібі;
      пайданы қалыптастыру;
      негізгі құралдардың әрбір түрі бойынша тозуын есептеу әдістерінің сипаттамасы;
      негізгі қаражатты және тарифтік сметада көзделетін амортизациялық есептеу құралдарын пайдалану бағыттарын қайда бағалауды жүргізу;
      объектілерді күрделі жөндеуді немесе жаңғыртуды жүргізуді қаржыландыру мерзімдері (кезеңдері) мен көздері;
      5) мемлекеттің кепілгерлігін ұсынуды көздейтін концессиялық жобалар бойынша:
      «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес әзірленген инфрақұрылымдық облигацияларды шығару проспектісінің жобасы;
      мемлекеттің кепілгерлігін ұсыну бойынша бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның қаржылық сараптамасының теріс қорытындысын алған жағдайда концессиялық жобаны қаржыландырудың баламалы көздері туралы ақпарат;
      6) әлеуетті концессионерлердің контрагенттермен жасасқан концессиялық жобаға инвестициялардың тартылуын растайтын конкурс ұйымдастырушының алдындағы кепілдігі ретінде қаржыландыруға келісімнің алдын ала шарттары және банктік қарыз шарттарының түпнұсқасы немесе нотариалды расталған көшірмелері. Конкурс ұйымдастырушының алдындағы қаржыландыруға, кепілдік беруге келісімнің алдын ала шартына контрагентте тізбесі конкурстық құжаттамада белгіленетін қажетті қаржы құралдарының болуын растайтын құжаттар қоса беріледі;
      7) Заңның 18-1-бабына сәйкес конкурстық өтінімді қамтамасыз ету;
      8) әлеуетті концессионер жарғысына сәйкес конкурстық өтінімге қол қоюға және Комиссия отырыстарына қатысуға құқығы бар сенімхатсыз қол қоюға құқығы бар әлеуетті концессионердің бірінші басшысынан басқа әлеуетті концессионердің мүдделерін ұсынатын тұлғаға (тұлғаларға) сенімхат.
      30. Конкурстық өтінімді әлеуетті концессионер конкурсты ұйымдастырушыға тігілген, парақтары нөмірленген және әлеуетті концессионердің қолы әрбір бетіне қойылған және соңғы бетіне оның қолы мен мөрі қойылған (егер мұндай болса жеке тұлғаға) түрінде табыс етіледі.
      31. Конкурстық өтінімде, әлеуетті концессионерге грамматикалық қателерді түзету қажет болатын жағдайларды қоспағанда, жолдар арасында ешқандай өшірулер мен қосып жазулар болмауы тиіс.
      32. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген әлеуетті концессионер конкурстық өтінімді ұсынудың түпкілікті мерзіміне дейін әлеуетті концессионердің толық атауы мен пошталық мекенжайы (егер ол «кешіккен» болып жарияланса, конкурстық өтінімді ашпай қайтару мақсатында), конкурсты ұйымдастырушының толық атауы мен пошталық мекенжайы конкурстың атауы жазылып жабылған «конвертке» салынған, сондай-ақ, «(конкурс атауын көрсету) ЖӨНІНДЕГІ КОНКУРС» және «(конкурстық өтінімдері ашу күні мен уақытын көрсету) ДЕЙІН АШЫЛМАСЫН» деген мазмұндағы мәтін жазылған конкурстық өтінімді жолдайды.
      33. Белгіленген мерзім аяқталғаннан кейін ұсынылған конкурстық өтінімі бар конверт конкурстық өтінімдерді тіркеу журналында тіркелмейді, ашылмайды және әлеуетті концессионерге қайтарылады.
      34. Конкурстық құжаттамада белгіленген мерзім ішінде конкурсты ұйымдастырушы конкурстық өтінімдері бар конверттерді қабылдайды.
      35. Конкурсты ұйымдастырушы:
      1) әлеуетті концессионер атынан өтінімі бар конвертті ұсынған әлеуетті концессионер өкілінің өкілеттігін құжаттамалық растаудың болуын тексереді;
      2) конкурстық өтінімдері бар конверттерде осы Қағиданың 32-тармағында көзделген мәліметтердің болуын тексереді. Осы Қағиданың 32-тармағының талаптары бұзылып ресімделген конкурстық өтінімдері бар конверттер тіркелуге жатпайды және:
      әлеуетті концессионерлерге конкурстық өтінімдері бар конвертті пошта байланысы арқылы алған күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей;
      конкурстық өтінімдері бар конвертті ұсынған әлеуетті концессионердің уәкілетті өкіліне дереу қайтарылады;
      3) тиісінше ресімделген конкурстық өтінімдері бар конверттерді қабылдайды және осы тармақта көзделген мәліметтерді конкурстық өтінімдерді тіркеу журналына енгізеді;
      4) конкурстық өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі өткенге дейін конкурстық өтінімдерге енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды қабылдайды;
      5) конкурстық өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі аяқталғанға дейін оны кері қайтарған жағдайда конкурстық өтінімді қайтаруды қамтамасыз етеді.
      36. Конкурсты ұйымдастырушы конкурстық өтінімдерді тіркеу журналында мынадай мәліметтерді:
      1) конкурстың атауы мен өткізу мерзімін;
      2) концедент пен конкурсты ұйымдастырушының толық атауын, олардың пошталық мекенжайын;
      3) әлеуетті концессионердің уәкілетті өкілінің тегін, атын, әкесінің атын;
      4) әлеуетті концессионердің толық атауы мен пошталық мекенжайын, оның ЖСН-ін немесе БСН-ін;
      5) конкурстық өтінімі бар «конвертті» тіркеу күні мен уақытын;
      6) әлеуетті концессионердің конкурстық өтінімге енгізген өзгерістері мен (немесе) толықтырулары туралы ақпаратты көрсетеді.
      Конкурстық өтінімдерді тіркеу журналында конкурсты ұйымдастырушы конкурстық өтінімді тіркеуден бас тартылған әлеуетті концессионерлерді, мұндай бас тартудың себебін баяндай отырып көрсетеді.
      Конкурстық өтінімдерді тіркеу журналы тігілген, парақтары нөмірленген және әрбір бетіне Комиссия хатшысының қолы қойылған болуы, конкурстық өтінімдерді тіркеу журналының соңғы беті конкурсты ұйымдастырушының мөрімен бекітілуі қажет. Конкурстық өтінімдерді тіркеудің бірыңғай журналын барлық конкурстар бойынша бір қаржылық жыл ішінде жүргізуге жол беріледі.
      37. Әлеуетті концессионер конкурстық өтінім берудің соңғы мерзімі аяқталғанға дейін өзінің конкурстық өтініміне енгізу құқығын жоғалтпай, өзінің конкурстық өтінімін өзгерте немесе кері қайтарып ала алады. Өзгерістер енгізу конкурстық өтінімнің өзі сияқты дайындалған және мөр басылған түрде ұсынылуы тиіс.
      38. Конкурстық өтінімді қайтарып алу туралы хабарлама әлеуетті концессионердің қолы қойылған және мөр қойылған (егер болған жағдайда жеке тұлғаға) конкурсты ұйымдастырушының атына еркін түрдегі өтініш ретінде ресімделеді.
      39. Егер конкурсты ұйымдастырушы оны конкурстық өтінімді ұсынудың соңғы мерзіміне дейін қабылдаса, конкурстық өтінімге өзгерістер енгізу немесе конкурстық өтінімді қайтарып алу жарамды болып табылады.
      Өзгерістер конкурстық өтінімге оларды ұсынудың соңғы мерзімі өткеннен кейін енгізілмеуі тиіс.

9. Конкурсты өткізу

Конкурстық өтінімдері бар конверттерді ашу

      40. Конкурстық өтінімдерді қарау мен іріктеуді Комиссия жүзеге асырады.
      41. Комиссия хатшысы конкурсты ұйымдастырушыны Комиссия отырысын өткізу мерзімі, уақыты және орны туралы отырысқа дейін күнтізбелік бес күннен кешіктірмей жазбаша нысанда хабардар етеді.
      Комиссия хатшысы Комиссия отырысының күн тәртібі бойынша қажетті құжаттар мен материалдарды дайындайды және отырыс хаттамасын ресімдейді.
      42. Конкурстық өтінімдері бар конверттерді ашуды Комиссия конкурстық құжаттамада көрсетілген мерзімде, уақытта және орында Комиссияның қарапайым көпшілігінің, конкурсты ұйымдастырушының уәкілетті өкілінің, сондай-ақ әлеуетті концессионерлердің немесе олардың уәкілетті өкілдерінің қатысуымен жүргізеді.
      Конкурсты ұйымдастырушыға, Комиссия кворумы болмаған жағдайда немесе Комиссия төрағасының немесе оны алмастыратын тұлғаның шешімімен конкурстық өтінімдерді ашу орны, өткізілетін уақыты мен күні туралы конкурстық құжаттамаға өзгерістер енгізуге рұқсат етіледі.
      Енгізілген өзгерістер міндетті күшке ие болады және олар туралы конкурсты ұйымдастырушы конкурстық құжаттама ұсынған барлық әлеуетті концессионерлерге, сондай-ақ Комиссия мүшелеріне, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органды қоса алғанда, мүдделі мемлекеттік органдарға дереу хабардар етеді.
      43. Комиссия отырысында:
      1) Комиссия хатшысы қатысушыларды:
      Комиссия құрамы;
      конкурстық құжаттаманың көшірмесін алған әлеуетті концессионерлер саны;
      әлеуетті концессионерлер сұрау салуларының болғандығы не болмағандығы, сондай-ақ конкурсты ұйымдастырушының әлеуетті концессионерлермен конкурстық құжаттама ережелерін түсіндіру бойынша кездесулер өткізуі;
      конкурстық құжаттамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу фактісінің болғандығы немесе болмағандығы, сондай-ақ олардың себептерін;
      конкурстық өтінімдерді тіркеу журналына тіркелген, белгіленген мерзімде конкурстық өтінімдерді ұсынған әлеуетті концессионерлер жөнінде хабардар етеді;
      осы конкурс бойынша өзге де ақпаратты жариялайды;
      2) төраға немесе Комиссия мүшелері арасынан төраға болып айқындалған тұлға:
      конкурстық өтінімдері бар конверттерді ашады және өтінімде қамтылған құжаттар тізбесі мен олардың қысқаша мазмұнын жариялайды;
      3) Комиссия хатшысы:
      өтінімдері бар конверттерді ашуды тиісті хаттамамен ресімдейді;
      әлеуетті концессионерлерді немесе олардың уәкілетті өкілдерін Комиссия отырысының көрсетілген хаттамасының көшірмесін алатын мерзімі туралы хабардар етеді.
      44. Конкурстық өтінімдері бар конверттерді ашу хаттамасына Комиссияның төрағасы және отырысқа қатысқан барлық мүшелері, сондай-ақ Комиссия хатшысы қол қояды және әрбір парағына қол қояды.
      45. Көрсетілген хаттаманың көшірмесі конкурстық өтінімдері бар конверттерді ашу жөніндегі Комиссияның отырысына қатысқан әлеуетті концессионерлерге немесе олардың уәкілетті өкілдеріне Комиссияның көрсетілген отырысынан кейінгі 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей, ал қатыспағандарға олардың жазбаша сұрау салуы бойынша сұрау салуды алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жіберіледі.

Конкурстық өтінімдерді қарау, конкурсқа қатысуға рұқсат беру

      46. Комиссия конкурстық өтінімдері бар конверттерді ашқан күннен бастап күнтізбелік 10 (он) күн ішінде конкурстық өтінімдерді қарайды және әлеуетті концессионерлерге конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы (конкурсқа қатысушылар деп таниды) шешім қабылдайды.
      Әлеуетті концессионерлерге конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы (конкурсқа қатысушылар деп тану) шешім қабылданған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірілмей, конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамаға қол қойылады, Комиссия отырысына қатысып отырған барлық мүшелері, сондай-ақ Комиссия хатшысы шешімнің әрбір парағына қол қояды. Конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамаға, болған жағдайда, сараптамалық қорытынды немесе Комиссия мүшесінің ерекше пікірі, сарапшының (сараптама комиссиясының мүшесі) ерекше пікірі қоса берілуі мүмкін.
      47. Конкурстық өтінімдері бар конверттерді ашқан күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірілмей Комиссия хатшысы:
      1) Комиссия төрағасымен, ол болмаған жағдайда, төрағаның орынбасарымен конкурстық өтінімдерді қарау жөніндегі Комиссия отырысының өткізілу күні мен уақытын келіседі;
      2) Комиссия мүшелеріне конкурстық өтінімдерді қарау жөніндегі Комиссия отырысының өткізілу күні мен уақыты туралы хабарландырады;
      3) Комиссияның қарауына әлеуетті концессионердің конкурстық құжаттамада көзделген біліктілік талаптарына сәйкес келуін растайтын құжаттарды, сондай-ақ әлеуетті концессионердің конкурстық өтінімді қамтамасыз етуді енгізгенін растайтын құжаттарды ұсынады.
      48. Комиссия отырысын өткізбей, конкурстық өтінімдерді қарауға жол берілмейді.
      49. Комиссия:
      1) әлеуетті концессионерлердің конкурстық өтінімдерін құрайтын құжаттар пакеттерін олардың толықтығы мен тиісті түрде ресімделуі тұрғысынан қарайды;
      2) құжаттар тізбесін толық ұсынбаған және (немесе) тиісті үлгіде ресімделмеген құжаттар ұсынған әлеуетті концессионерлерді айқындайды;
      3) конкурстық өтінім ұсынған әлеуетті концессионерлерден конкурстық өтінімдерді қарау, бағалау мен салыстыруды жеңілдету үшін жазбаша нысанда материалдар мен олардың өтінімдеріне байланысты түсіндірулерді сұратады;
      4) конкурсқа қатысу жөніндегі өтінімдерде қамтылған мәліметтерді нақтылау мақсатында Комиссия жазбаша нысанда тиісті мемлекеттік органдардан, жеке және заңды тұлғалардан қажетті ақпаратты сұратады. Конкурстық өтінімді конкурстық құжаттама талаптарына сәйкестендіруге байланысты Комиссияның сұрау салуларды мен өзге де іс-қимылдарына жол берілмейді. Конкурстық өтінімді жетіспейтін құжаттармен толықтыруға, конкурстық өтінімде ұсынылған құжаттарды алмастыруға, тиісті түрде ресімделмеген құжаттарды түзету арқылы сәйкестендіруге бағытталған Комиссияның іс-қимылдары конкурстық өтінімді конкурстық құжаттама талаптарына сәйкестендіру деп түсініледі;
      5) біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттаманың өзге де талаптарына сәйкес келетін әлеуетті концессионерлерді айқындайды және оларды конкурс қатысушылары деп таниды.
      Әлеуетті концессионерлердің банкротқа ұшырау рәсіміне қатысы болмау бөлігіндегі біліктілік талаптарына сәйкестігін нақтылау мақсатында Комиссия банкротқа ұшырау рәсімдерін жүргізуге бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті органның интернет-ресурсында орналасқан ақпаратты қарайды.
      50. Комиссия конкурстық өтінімнің енгізілген қамтамасыз етуін:
      1) банктік кепілдеме түрінде ұсынылған конкурстық өтінімді қамтамасыз етудің қолданылу мерзімі жеткіліксіз болған;
      2) Комиссияға:
      конкурстық өтінімді қамтамасыз етуді берген тұлғаны;
      оған қатысу үшін банктік кепілдеме түрінде ұсынылған конкурстық өтінімді қамтамасыз ету енгізілетін конкурстың атауын;
      банктік кепілдеме және (немесе) өтінімді қамтамасыз ету сомасы түрінде ұсынылған, конкурстық өтінімді қамтамасыз етудің қолданылу мерзімін, сондай-ақ оны ұсыну шарттарын;
      конкурстық өтінімді қамтамасыз ету берілген тұлғаны;
      оның пайдасына конкурстық өтінімді қамтамасыз ету енгізілетін тұлғаны анықтауға мүмкіндік бермейтін мәліметтердің болмауын білдіретін конкурстық өтінімді қамтамасыз ету тиісті түрде ресімделмеген;
      3) белгіленген сомадан аз мөлшерде конкурстық өтінімді қамтамасыз ету енгізілген жағдайларда конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келмейді деп таниды.
      51. Әлеуетті концессионер, егер:
      1) мынадай негіздемелер бойынша Заңның 18-бабында белгіленген біліктілік талаптарына сай емес деп айқындалса:
      конкурстық өтінімде әлеуетті концессионердің біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттардың болмауы;
      әлеуетті өнім беруші міндеттемелердің барлық түрлері бойынша осы анықтама берілген күннің алдында үш айдан артық мерзімге созылған мерзімінен кешіктірілген берешегінің болуы туралы банктің немесе банк филиалының қолы мен мөрі бар анықтамасы түпнұсқасының болуы;
      тиісті салық органының анықтамасында салық берешегінің және міндетті зейнетақы жарналары мен үш айдан артық уақытқа (төлеу мерзімі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кейінге қалдырылған жағдайларды қоспағанда) бір теңге және одан астам мөлшерде әлеуметтік аударымдар бойынша берешегі туралы мәліметтердің болуы;
      біліктілік талаптары бойынша дұрыс емес ақпарат ұсыну фактісі анықталуы;
      оның концессия шарты бойынша міндеттемелерді орындау үшін қажетті қаржылық және материалдық ресурстары жоқ, оның ішінде концессия объектісін іске асыруға ұсынылған құнға қатысты кемінде 10 (он) пайызды құрайтын меншікті капиталы немесе концессия объектісін іске асыруға ұсынылған құнға қатысты кемінде 10 (он) пайызды құрайтын сомаға банктік кепілдігінің болмауы;
      оның банкротқа ұшырау немесе таратылу рәсіміне жатуы, төлем қабілеттілігінің болмауы, мүлкіне тыйым салынуы, қаржы-шаруашылық қызметінің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тоқтатылуы;
      2) егер конкурстық өтінім, мынадай негіздемелер бойынша конкурстың талаптарға сай емес деп айқындалса:
      конкурстық өтінімді толық ұсынбау;
      конкурстық құжаттамада белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін конкурстық өтінімді ұсыну;
      3) Заңның 18-2-бабының талаптарын бұзса, конкурсқа қатысуға (конкурсқа қатысушы деп танылмайды) жіберілмейді.
      52. Комиссия хатшысы:
      1) Комиссия төрағасымен, ол болмаған жағдайда, төрағаның орынбасарымен Комиссия отырысының өткізілу күні мен уақытын келіседі;
      2) Комиссия мүшелеріне Комиссия отырысының тағайындалған күні мен уақыты туралы хабарландырады.
      53. Комиссияның көрсетілген отырысында:
      1) Комиссия конкурстық өтінімді әлеуетті концессионерлер ұсынған құжаттардың толықтығы мен тиісті түрде ресімделуі, сондай-ақ олардың біліктілік талаптарына сәйкестігі тұрғысынан қарайды және зерделейді;
      2) Комиссия конкурстық өтінімдерді қарау қорытындысын шығарады;
      3) конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттаманы ресімдейді.
      54. Конкурстық өтінім, егер онда ұсынылған өтінімнің мәнін жоғалтпайтын, түзетуге болатын грамматикалық қателері болса, конкурстық құжаттама талаптарына жауап береді деп танылады.
      55. Комиссия хатшысы конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде:
      1) көрсетілген хаттаманың көшірмелерін ұсыну немесе жолдау арқылы конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттама көшірмелерін конкурстық құжаттамада белгіленген мерзімде конкурстық өтінімдер ұсынған, олар туралы мәліметтер конкурстық өтінімдер журналына енгізілген барлық әлеуетті концессионерлерге жолдауды қамтамасыз етеді;
      2) тәуелсіз сарапшыларды тартқан жағдайда оларға қарау үшін (тәуелсіз сараптама комиссиясы), оларды немесе екі кезеңнен тұратын конкурс өткізу кезінде осы Қағиданың 58-тармағында көрсетілген тұлғаларға техникалық ұсынысты ұсынады.
      56. Тәуелсіз сарапшы немесе тәуелсіз сараптама комиссиясы төраға белгілеген мерзімде:
      1) әлеуетті концессионер ұсынған техникалық ұсыныстарды өз құзыреті шегінде қарайды және зерделейді;
      2) әлеуетті концессионер ұсынатын техникалық шешімдердің конкурстық құжаттама талаптарына сәйкестігі немесе сәйкессіздігі туралы сараптама қорытындысын ресімдейді және қол қояды;
      3) тиісінше ресімделген сараптама қорытындысын ұсынады, сондай-ақ әлеуетті концессионерлердің құжаттарын Комиссия хатшысына береді.
      57. Тәуелсіз сарапшының (тәуелсіз сараптама комиссиясы) қорытындысына, сарапшы ерекше пікір білдіретін жағдайларды қоспағанда, барлық сарапшылар қол қояды және әрбір парағына қол қойылады.
      58. Екі кезеңдік рәсімдерді пайдаланумен концессионер таңдау жөніндегі конкурсқа қатысушылардың техникалық ұсыныстарының сараптамасын олардың мемлекеттік, қоғамдық және жеке мүдделерді, адамның тыныс-тіршілігінің қолайлы және қауіпсіз жағдайларын, жобаланатын объектілердің орнықты жұмыс істеуін, сондай-ақ техникалық ұсыныстың құнын қамтамасыз етуге бағытталған қала құрылысы және техникалық регламенттерге, мемлекеттік нормативтер талаптары мен шарттарына сәйкестігі немесе сәйкессіздігін айқындау мақсатында, тиісті саладағы мемлекеттік уәкілетті орган және мемлекеттік құрылыс сараптамасын жүзеге асыруға Қазақстан Республикасы Үкіметі уәкілеттік берген заңды тұлға жүзеге асырады.
      59. Егер:
      1) бірде-бір әлеуетті концессионер конкурсқа қатысуға жіберілмесе;
      2) конкурсқа қатысуға бір әлеуетті концессионер жіберілсе;
      3) бас тартылмаған бір ғана конкурстық өтінім қалған жағдайларда, үздік конкурстық өтінімді айқындау жүргізілмейді.

Концессиялық өтінімдерді қарау және іріктеу

      60. Конкурстық құжаттамада белгіленген күні, уақытта және орында Комиссия конкурсқа қатысушылардың концессиялық өтінімдерін қарау жөніндегі отырыс өткізеді.
      61. Конкурсты ұйымдастырушы мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға оларға сараптама жүргізу үшін концессиялық өтінімдер жібереді.
      Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган концессиялық өтінімдер түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде оған сараптама жүргізу үшін концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйымға жібереді.
      Концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйым концессиялық өтінімдерге сараптаманы олар тапсырылған күннен бастап 30 (отыз) жұмыс күні ішінде жүргізеді.
      Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган концессиялық өтінімдерді қараудың жалпы мерзімі қырық жұмыс күнін құрайды.
      62. Комиссия концессиялық өтінім және әлеуетті концессионерлердің біліктілік талаптарына сәйкестігін бағалау жөніндегі мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның қорытындыларын ескере отырып, конкурс қатысушылары ұсынған барлық конкурстық өтінімдерді қарайды және үздік концессиялық өтінімді айқындайды, ол туралы хаттама жасайды, оған Комиссия төрағасы, мүшелері және хатшысы қол қояды.
      63. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 18 тамыздағы № 783 қаулысымен белгіленген концессиялық жобаларға қойылатын критерийлердің негізінде концессиялық өтінімі үздік деп танылған конкурсқа қатысушымен Комиссия концессиялық жоба және концессия шартының талаптарын нақтылау жөнінде келіссөздер жүргізеді.

Конкурсқа қатысушылармен келіссөздер жүргізу тәртібі

      64. Келіссөздерді дайындау шеңберінде концессиялық жоба мен концессия шарты бойынша ескертулер мен ұсыныстарды Комиссия өтінім берушіге жазбаша нысанда олар туындаған кезден 3 (үш) жұмыс күні ішінде жіберуі тиіс.
      65. Конкурсқа қатысушы конкурсты ұйымдастырушымен келісім бойынша келіссөздерге банктерді, қаржы ұйымдарын, тәуелсіз сарапшыларды және өзге де мүдделі үшінші тұлғаларды тарта алады.
      Келіссөздер қорытындылары конкурс ұйымдастырушының уәкілетті тұлғалары мен конкурсқа қатысушы қол қоятын хаттама түрінде ресімделеді.
      Келіссөздер жүргізу қорытындылары бойынша олардың нәтижелері туралы комиссияның тиісті шешімі қабылданады.
      Келіссөздер барысында конкурстың шарттарына, сондай-ақ концессиялық өтінімнің бастапқы параметрлері мен сипаттамаларына өзгерістер енгізуге жол берілмейді.
      66. Егер концессиялық өтінімі үздік деп танылған конкурсқа қатысушы Комиссияның ескертулері мен ұсыныстарына сәйкес концессиялық өтінім мен концессия шартының талаптарын талқылаудан және нақтылаудан бас тартқан, немесе оның ұсынысы конкурстың шарттары тұрғысынан қолайсыз болып табылған жағдайда, Комиссия бұл концессиялық өтінімді қарамайды және концессионер таңдау жөнінде ашық конкурс өткізу арқылы үздік концессиялық өтінімді қайтадан таңдайды.

Концессия шартын жасасу тәртібі

      67. Келіссөздер жүргізу қорытындылары бойынша конкурсты ұйымдастырушы концессия шарттарының жобаларын, оның ішінде оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізген кезде үздік концессиялық жобаны айқындау туралы хаттама көшірмелерін қоса бере отырып, сондай-ақ мемлекет кепілгерлігі мен мемлекеттік кепілдік ұсынуды көздейтін концессиялық жобалар бойынша бюджет комиссиясы шешімінің көшірмесін мемлекеттік жоспарлау және бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органдарға және табиғи монополиялар салаларында іске асырылатын концессиялық жоба бойынша табиғи монополиялар салаларында және реттелетін нарықтарда басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органға келісуге жолдайды.
      Концессия шартының мазмұны Заңның 21-бабына сәйкес айқындалады.
      Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган концессия шартының жобасын сараптама жүргізу үшін концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйымға түскен сәттен 3 (үш) жұмыс күні ішінде жібереді.
      Сараптама концессия шартының жобасы концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйымға түскен күнінен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
      Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйымнан сараптама нәтижелері алынған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде концессия шартының жобасын келіседі немесе конкурсты ұйымдастырушыға дәлелді ескертулер жібереді.
      Концессия шарттарының жобаларын, оның ішінде оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізген кезде, сондай-ақ қосымша материалдарды:
      1) тиісті саладағы уәкілетті мемлекеттік органдар мен облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары, концессиялық ұсынысқа қосымшалардың электрондық көшірмелерін ұсына отырып, бірінші басшының немесе оны алмастыратын тұлғаның қолы қойылған титулдық бланкте жеке ілеспе хатпен ұсынады;
      2) оларға тиісті саладағы уәкілетті мемлекеттік орган мен облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органының бірінші басшысы немесе оны алмастыратын тұлға қол қояды;
      3) тиісті саладағы уәкілетті мемлекеттік орган мен облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органының құрылымдық бөлімшесінің басшысы әрбір параққа қол қояды.
      Тиісті саладағы уәкілетті мемлекеттік орган мен облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органы ақпаратты толық көлемде ұсынбаған, сондай-ақ концессия шартының жобасында көзделген қосымша ақпаратты, оның ішінде концессия шарттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізген кезде ұсыну қажет болған жағдайда, концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйым қажетті қосымша ақпарат ұсынуды талап ете алады.
      Концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйым, қажет болған жағдайда, сұрау салудың көшірмесін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға жібере отырып, концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйымға түскен күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде тиісті саладағы уәкілетті мемлекеттік орган мен облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органына жетіспейтін және/немесе қосымша ақпарат ұсыну жөнінде сұрау салулар жібереді.
      Тиісті саладағы уәкілетті мемлекеттік органдар мен облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органы сұрау салу түскен сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде жетіспейтін және/немесе қосымша ақпаратты бір мезгілде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға және концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйымға ұсынады немесе ақпарат ұсыну үшін қосымша, бірақ күнтізбелік 15 (он бес) күннен аспайтын мерзімнің қажет екендігі туралы хабардар етеді.
      Бұл ретте сұрау салу жіберілген күннен бастап және қосымша ақпарат ұсынғанға дейін концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйымның сараптама жүргізу мерзімдері тоқтатылады.
      Концессия шарттары жобаларын пысықтаған жағдайда, оның ішінде оған өзгерістер мен толықтырулар енгізген кезде, әзірлеуші мемлекеттік органның өтінімі бойынша концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйымның сараптама жүргізу уақытында концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйымның сараптама жүргізу мерзімдері жаңартылады.
      68. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган концессия шартының жобасын, оның ішінде оған өзгерістер мен толықтырулар енгізген кезде түскен күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде келіседі.
      69. Табиғи монополиялар салаларында және реттелетін нарықтарда басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган концессия шартының жобасын көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) қалыптастыру мен бекіту тәртібі бөлігінде, ол ұсынылған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде келіседі немесе конкурсты ұйымдастырушыға дәлелді ескертулер жолдайды.
      Концессия шартының жобасын реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) арналған тарифтерін (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) қалыптастыру мен бекіту тәртібі бөлігінде келісу кезінде табиғи монополиялар салаларында және реттелетін нарықтарда басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган инвестициялық бағдарламаны және:
      1) тарифке (бағаға, алым мөлшерлемесіне) енгізілетін шығындарды қалыптастыруды;
      2) шикізат, материалдар, отын, энергия шығысының, сондай-ақ нормативтік техникалық ысыраптардың техникалық және технологиялық нормалары шегінде шығыстар баптарын қалыптастыруды;
      3) тарифті (баға, алым мөлшерлемесін) қалыптастырған кезде есепке алынбайтын шығыстар тізбесін белгілеуді;
      4) инвестициялар көлемі және инвестицияланған капиталды қайтару тәртібін;
      5) тарифке (бағаға, алым мөлшерлемесіне) енгізілетін пайданы қалыптастыру мен шектеуді;
      6) негізгі құралдардың тозуын есептеу әдістерін қолдануды;
      7) концессия объектісін пайдалану сапасының критерийлерін;
      8) объектіні пайдалану сапасын айқындау тәртібін;
      9) үшінші тұлғаларға концессия объектісін шектеулі нысаналы пайдалануды ұсынуды;
      10) объектілерге күрделі жөндеу жүргізуді немесе оларды жаңғыртуды қаржыландыру мерзімдері (кезеңдері) мен көздерін;
      11) тарифтерді қалыптастырумен және бекітумен байланысты концессионердің құқықтары мен міндеттерін;
      12) негізгі құралдарға және табиғи монополия субъектісінің тарифтік сметасында көзделген амортизациялық аударымдар қаражатын пайдалану бағыттарына қайта бағалау жүргізуді;
      13) концессиялық жоба бойынша өндірілетін өнімдердің, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің көлемі мен сапасын бақылауды жүзеге асыруды қоса алғанда, табиғи монополиялар салаларындағы қызметін бақылауды, сондай-ақ реттелетін нарықтарда баға белгілеуді мемлекеттік реттеу мен бақылауды жүзеге асыруды айқындайтын концессия шартының ережелерін келіседі.
      70. Концессионерді таңдау жөніндегі конкурстың қорытындылары бойынша концессия шартының жобасы сараптамасының қорытындысын ескере отырып, Комиссия шешімімен концессиялық өтінім бекітіледі, ал өтінім беруші конкурстың жеңімпазы болып танылады.
      Егер концессиялық жобаны қаржыландыру мемлекеттік кепілдікпен және (немесе) мемлекет кепілгерлігімен тартылатын мемлекеттік емес қарыздар есебінен болжанатын болса, Комиссияның конкурстың қорытындылары туралы шешімі бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның концессиялық жобасының қаржылық сараптамасының қорытындысы ескеріле отырып, бюджет заңнамасына сәйкес қабылданады.
      71. Комиссия шешімі хаттама түрінде ресімделеді.
      72. Конкурсты ұйымдастырушы конкурс жеңімпазымен концессия шартын жасасады.
      Егер:
      1) конкурс жеңімпазы концессия шартын жасасудан жалтарса;
      2) конкурстық өтінімдері үздік деп танылған конкурсқа қатысушылар, Комиссия ұсыныстары мен ескертулеріне сәйкес концессиялық өтінімдер мен концессия шарттарының талаптарын талқылаудан және нақтылаудан бас тартса немесе олардың ұсыныстары конкурс шарттары тарапынан тиімсіз болса, шарт жасасу жүзеге асырылмайды.
      73. Концессия шартын жасасу мерзімі конкурс қорытындылары шығарылған күннен бастап күнтізбелік тоқсан күннен астам бола алмайды.

10. Конкурсты өткізілмеген деп тану негіздемелері

      74. Конкурс мынадай жағдайларда:
      1) осы концессия объектісі бойынша үшінші және кейінгі конкурстарды қоспағанда, ұсынылған конкурстық өтінімдер болмаған;
      2) осы концессия объектісі бойынша үшінші және кейінгі конкурстарды қоспағанда, екіден кем конкурстық өтінім ұсынылған жағдайларда өткізілмеді деп танылады.

Қазақстан Республикасы   
Үкіметінің         
2010 жылғы 10 желтоқсандағы
№ 1343 қаулысымен    
бекітілген        

Концессия шарттарына мониторинг жүргізу, бюджеттен қоса
қаржыландыру шартымен концессиялық жобалардың мониторингі және
олардың іске асырылуын бағалау қағидасы

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 04.12.2013 N 1305 қаулыcымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

1. Жалпы ережелер

      1. Концессия шарттарына мониторинг жүргізу, бюджеттен қоса қаржыландыру шартымен концессиялық жобалардың мониторингі және олардың іске асырылуын бағалау қағидасы (бұдан әрі - Қағида) 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 158-бабының 4-тармағына, сондай-ақ «Концессиялар туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 8-бабының 7-1-тармағына сәйкес әзірленді.
      2. Осы Қағида концессия шарттарының мониторингі, соның ішінде бюджеттен қоса қаржыландыру шартымен концессиялық жобалардың мониторингі және олардың іске асырылуына бағалау жүргізу тәртібін айқындайды.

2. Концессия шарттарының мониторингін жүргізу тәртібі

      3. Республикалық және коммуналдық меншіктегі концессия объектілері бойынша концессия шарттарының мониторингі ақпарат жинау, концессия объектісін нысаналы мақсаты бойынша пайдалану және қолдану және тиісінше жай-күйде сақтау бөлігінде жай-күйді талдау, бағалау және болжамдау жүйесін білдіреді.
      4. Концессия шарттарының мониторингін:
      республикалық меншікке жататын концессия объектілері бойынша – республикалық меншікке билік ету құқығын жүзеге асыру жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган;
      коммуналдық меншікке жататын концессия объектілері бойынша – жергілікті атқарушы органдар жүзеге асырады.
      5. Концессия шарттары мониторингінің міндеттері:
      1) концессия объектілерін басқару тиімділігін талдау, сондай-ақ мемлекеттік мүліктің жай-күйін бағалау;
      2) концессияға берілген мемлекеттік мүлікке залал келтіретін нысаналы емес пайдалану жағдайларының алдын алу, қажет болған жағдайда мемлекеттік мүлікті тиімді басқару бойынша ұсынымдар әзірлеу;
      3) мониторинг объектісінің техникасы мен технологиясының жай-күйін және олардың даму перспективаларын сараптамалық бағалау;
      4) мемлекеттің экономикалық өсуін, экономиканың ықтимал теріс факторларға осалдығы дәрежесін барынша азайтуды қамтамасыз ету үшін қолайлы жағдай жасау болып табылады.
      6. Мониторинг объектілерін тексеру, ақпаратты жинау және талдау, ұсынымдарды пысықтау жөніндегі жұмыстарды жүргізу үшін республикалық меншікке билік ету құқығын жүзеге асыру жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган және жергілікті атқарушы орган Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген мемлекеттік мүлікті, оның ішінде мемлекеттік кәсіпорындардың және мемлекет қатысатын заңды тұлғалардың басқару тиімділігінің мониторингін жүзеге асыру қағидасына сәйкес тәуелсіз сарапшыларды тартады.
      7. Концессия шарттарына мониторинг жүргізуге уәкілетті республикалық меншікке билік ету құқығын жүзеге асыру жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган немесе жергілікті атқарушы орган республикалық және коммуналдық меншіктегі концессия объектілері бойынша концессия шарттарына мониторингті жүзеге асыру мақсатында:
      1) республикалық және коммуналдық меншікке жататын концессия объектілері бойынша дұрыс және объективті талдау жүргізу үшін қажетті мониторинг объектісінің өндірістік-техникалық, технологиялық және құқықтық параметрлері туралы ақпаратты сұратады және алады;
      2) Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарынан, сондай-ақ өзге де мүдделі мемлекеттік органдардан және ведомстволық тиесілігіне қарамастан заңды тұлғалардан мониторинг объектілерін басқару тиімділігін талдау үшін қажетті құжаттар мен мәліметтерді сұратады және алады;
      3) елдің және өңірлер экономикасының ресурстық-энергетикалық негізін, бірыңғай және дербес коммуникациялық және энергетикалық жүйелерді сақтауға және нығайтуға қолайсыз әсер ететін факторларды уақтылы анықтау және бейтараптандыру, орнықты экономикалық өсуді қамтамасыз ету мақсатында мониторинг объектілері бойынша ақпаратты жинауды және талдауды жүзеге асыра отырып, мониторинг объектісі дамуының жай-күйі мен үрдістерін жүйелі түрде байқауды жүргізеді;
      4) жыл сайын 30 қаңтарға дейінгі мерзімде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға есепті кезеңге арналған мониторинг нәтижелері бойынша қорытынды және қажет болған жағдайда ұсынымдар береді.
      8. Республикалық және коммуналдық меншіктегі концессия объектілері бойынша концессионер республикалық меншікке билік ету құқығын жүзеге асыру жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның, жергілікті атқарушы органның және/немесе олардың тиісті растаушы өкілеттіктері бар сенімді тұлғаларының сұрау салуы бойынша басқару тиімділігін дұрыс және объективті талдау үшін қажетті барлық ақпаратты қағаз және электрондық жеткізгіштерде береді.
      9. Республикалық және коммуналдық меншіктегі концессия объектілері бойынша концессия шарттары мониторингінің мазмұнын:
      1) мемлекеттік меншікке жататын мониторинг объектілерін базалық тексерулерді үш жылда бір реттен жиі емес, ал мемлекет қауіпсіздігіне қауіп төндіретін жағдайларда, қажет болған жағдайда, бірақ жылына бір реттен жиі емес;
      2) мониторинг объектілерін базалық кешенді тексерулер арасындағы кезеңдерде объектілердің қызметі бойынша мониторингтің негізгі деректерін ағымдағы жаңартуға арналған, концессиядағы мемлекеттік мүліктің жай-күйі жөніндегі ақпаратты кезең-кезеңімен жедел жинау құрайды.
      10. Республикалық және коммуналдық меншіктегі концессия объектілері бойынша концессия шарттарының мониторингі мыналарды талдауды қамтиды:
      1) негізгі және қосалқы өндірістердің ресурстарының жай-күйін, технологиясын;
      2) мониторинг объектісін тексеру және оның қызметіне жүргізілген талдау негізінде тексеру жүргізген сарапшылар есепті және бастапқы материалдарды ресімдейді, олар:
      қағаз нұсқада республикалық меншікке билік ету құқығын жүзеге асыру жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға немесе жергілікті атқарушы органға;
      сараптама компаниясының қолы қойылған және мөрімен расталған есептің қағаз нұсқасының сканерленген көшірмесі бекітіле отырып, тізілімге электрондық есеп түрінде ұсынылады.

3. Концессиялық жобаларға, оның ішінде бюджеттен қоса
қаржыландыру шартымен мониторинг жүргізу және олардың іске
асырылуына бағалау жүргізу тәртібі

      11. Концессиялық жобаларға, оның ішінде бюджеттен қоса қаржыландыру шартымен мониторинг жүргізу және олардың іске асырылуын бағалау (бұдан әрі – концессиялық жобалардың мониторингі және олардың іске асырылуын бағалау) концессиялық жобалардың орындалу барысын үздіксіз бақылау және талдау процесі, концессия шартына сәйкес жоспарланған көрсеткіштерге қол жеткізу және мынадай бағыттар бойынша концессиялық жобаның қаржы-экономикалық моделі болып табылады:
      1) ресурстарды нысаналы пайдалану;
      2) құрылыс жұмыстарының барысы;
      3) жоба бойынша шарттық құжаттаманың сақталуын және өзгеруін бақылау: жабдықтарды жеткізушілер, бас мердігерлер, бөгде құрылыс ұйымдары, өңірлік және муниципалдық билік органдары (жобаға жерді жалға алған немесе сатып алған жағдайда), тартылған мамандар және т.б.;
      4) жабдықтарды сатып алуды, жеткізуді, сақтандыруды және кеден бажының төленуін бақылау;
      5) рұқсат беру құжаттамасының алынуын бақылау (жер, коммуникациялар жүргізу, құрылыс салуға рұқсат, жобаны бекіту және т.б.);
      6) жобаның қаржылық көрсеткіштерін бақылау;
      7) жоба шеңберінде нақты деректерді және өзгерістерді ескере отырып, жоба дамуының қаржылық-экономикалық моделін түзету;
      8) есепке алу саясатын бақылау.
      12. Концессиялық жобалардың мониторингі және олардың іске асырылуын бағалаудың мақсаты концессиялық жобаларды іске асыру кезіндегі ағымдағы проблемалар мен туындауы мүмкін әлеуетті тәуекелдерді анықтау және оларды жою және азайту бойынша ұсынымдар әзірлеу болып табылады.
      13. Концессиялық жобалардың, соның ішінде бюджеттен қоса қаржыландыру шартымен іске асырылу мониторингін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган концессия объектілерін құру (реконструкциялау) кезеңінде жүзеге асырады.
      Концессиялық жобалардың іске асырылу мониторингі тоқсан сайын жүзеге асырылады.
      Концессиялық жобалардың іске асырылуына мониторинг жүргізу үшін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға ақпарат ұсыну мерзімі жыл сайын концессия шартын жасасқан сәттен бастап концессия объектісі мемлекеттік меншікке берілгенге дейін 20 сәуірден, 20 шілдеден, 20 қазаннан және 20 қаңтардан кешіктірмей.
      14. Концессиялық жобалардың, соның ішінде бюджеттен қоса қаржыландыру шартымен іске асырылуын бағалауды мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган концессия объектілерін құру (реконструкциялау) және оларды кейіннен пайдалану кезеңінде жүзеге асырады.
      Концессиялық жобалардың іске асырылуына бағалау жүргізу үшін ақпаратты тиісті саладағы уәкілетті орган, облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары және концессионер жыл сайын 10 шілдеге дейін концедентке, ал концедент жыл сайын 31 шілдеге дейін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға ұсынады.
      15. Концессиялық жобаларға мониторинг жүргізу және олардың іске асырылуын бағалау үшін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Үкіметі айқындаған концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйымды тартады.
      16. Концессиялық жобаларға мониторинг жүргізу және олардың іске асырылуын бағалау мақсатында тиісті саладағы уәкілетті орган, облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары, концессионер мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға, ал мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Үкіметі айқындаған концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйымға:
      1) 1-қосымшаға сәйкес құжаттарды;
      2) 2-қосымшаға сәйкес концессиялық жоба жөніндегі концеденттің түйіндеме есебін;
      3) осы Қағидаға 3-қосымшаға сәйкес концессионер көрсететін қызметтерді концеденттің бағалауын ұсынады.
      17. Концессиялық жобаларға мониторинг жүргізу және олардың іске асырылуын бағалау мақсатында концессия объектілері бойынша концессия шарттарының орындалуын бақылауды жүзеге асыратын тиісті саладағы уәкілетті орган, облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары, сондай-ақ концедент, концессионер және облигациялар ұстаушылардың өкілдері мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға концессиялық жобаның іске асырылуы туралы ақпарат ұсынады.
      18. Облигациялар ұстаушылардың өкілі мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға мемлекеттің кепілгерлігімен қарыз алған концессионердің қаржылық жай-күйіне жүргізілген мониторинг нәтижелері жөніндегі ақпарат (инфрақұрылымдық облигацияларды шығару жолымен қаражат тартқан жағдайда) ұсынады.
      19. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган концессиялық жобалардың іске асырылуын бағалауды жүзеге асыру үшін алынған ақпаратты жыл сайын 30 тамыздан кешіктірмей концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйымға жібереді.
      20. Концессиялық жобаларға тоқсан сайын мониторинг жүргізудің аяқталу нысаны концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйым жыл сайын 1 желтоқсанға дейін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға, бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға, сондай-ақ концессиялық жобалардың іске асырылуына мониторингті жүзеге асыруға уәкілетті мемлекеттік органдарға жіберетін мониторинг қорытындылары бойынша есеп болып табылады.
      21. Концессиялық жобалардың іске асырылуының мониторингі қорытындысы осы Қағидаға 4-қосымшаға сәйкес ақпаратты қамтиды.
      22. Концессиялық жобалардың іске асырылуын бағалау нәтижелері концессиялық жобалардың іске асырылуын бағалау қорытындылары бойынша ұсынымдар болып табылады.
      23. Концессиялық жобалардың іске асырылуын бағалау қорытындылары бойынша ұсынымдар 5-қосымшаға сәйкес ақпаратты қамтиды және жыл сайын 1 желтоқсанға дейінгі мерзімде концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйымның уәкілетті өкілі бекіткен есеп нысанында мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға ұсынылады.
      24. Концессиялық жобалардың іске асырылуын бағалау қорытындылары бойынша ұсынымдарды мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган жыл сайын есепті кезеңнен кейінгі 1 наурызға дейінгі мерзімде республикалық меншікке жататын концессия объектілері бойынша концессия шарттарының тізіліміне деректерді енгізу үшін республикалық меншiкке билiк ету құқығын жүзеге асыру жөнiндегi уәкілетті мемлекеттiк органға және концедентке жібереді.

Концессия шарттарына мониторинг
жүргізу, бюджеттен қоса  
қаржыландыру шартымен   
концессиялық жобалардың  
мониторингі және олардың іске
асырылуын бағалау қағидасына
1-қосымша         

Концессиялық жобаларға, соның ішінде бюджеттен қоса
қаржыландыру шартымен мониторинг жүргізу және олардың іске
асырылуын бағалау үшін осы Қағиданың 16-тармағына сәйкес
ұсынылатын құжаттар

Р/с

Ұсынылатын ақпарат

Ақпарат ұсыну

Мониторинг жүргізу кезеңінде

Бағалау жүргізу кезеңінде

1

2

3

4

1

Ағымдағы есепті күнге қолданыстағы концессионер компаниясы жарғысының көшірмесі

бір рет және өзгеруіне қарай

бір рет және өзгеруіне қарай

2

Концессионер компаниясының құрылтай шартының көшірмесі және акция ұстаушылар тізілімінен есепті күнге акционерлер құрамы туралы үзінді

бір рет және өзгеруіне қарай

бір рет және өзгеруіне қарай

3

Уәкілетті органда тіркелгені туралы белгісі бар концессия шартының және барлық қосымша келісімдердің (болған кезде) көшірмесі

бір рет және өзгеруіне қарай

бір рет және өзгеруіне қарай

4

Заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген концессионердің алдыңғы және ағымдағы есепті күнге қаржылық есептілігі (бас компаниямен шоғырландырылған және филиалды Қазақстан Республикасында тіркеу жолымен концессиялық жобаны іске асыру кезінде филиал бойынша жеке) (түпнұсқалар):
1) бухгалтерлік баланс (№ 1 нысан);
2) кірістер мен шығыстар туралы есеп (№ 2 нысан);
3) ақша қозғалысы туралы есеп (тікелей әдіс, № 3 нысан);
4) меншікті капиталдағы өзгерістер туралы есеп (№ 4 нысан);
5) қаржы есептілігіне түсіндірме жазба;
6) дебиторлық және кредиторлық берешектің толық жазылуы (дебитордың/кредитордың атауын, төлемдер сомасын, мақсатын, мерзімін көрсете отырып);
7) негізгі құралдар мен материалдық емес активтердің толық жазылуы (атауы, шығарылған, пайдалануға берілген жылы, бастапқы және қалдық құны, есептелген амортизация, ағымдағы жай-күйі);
8) тауарлық-материалдық қордың толық жазылуы (баптарға бөле отырып: дайын өнім, шикізат пен материалдар, аяқталмаған құрылыс: атауын, құнын, ағымдағы жай-күйін көрсете отырып)

тоқсан сайын, есептіден кейінгі айдың 20-күнінен кешіктірмей (20 сәуір,  20 шілде,  20 қазан,  20 қаңтар)

жыл сайын 31 шілдеден кешіктірмей

5

Концессионердің алдыңғы есепті кезеңдегі аудиторлық есебі мен аудиторлық қаржылық есептілігі

заңнамада белгіленген тәртіппен

заңнамада белгіленген тәртіппен

6

Есептік саясат

бір рет және өзгерістер енгізілген жағдайда қайтадан

бір рет және өзгерістер енгізілген жағдайда қайтадан

7

Концессиялық жоба бойынша тәуекелдер матрицасы (олардың әсері мен туындау ықтималдығын айқындай отырып, әлеуетті тәуекелдер тізімі, тәуекелдерді сандық талдау)

тоқсан сайын, есептіден кейінгі айдың 20-күнінен кешіктірмей (20 сәуір, 20 шілде, 20 қазан, 20 қаңтар)

жыл сайын 31 шілдеден кешіктірмей

8

Жоба бойынша ұсынылатын мемлекеттік қолдау шаралары туралы мәліметтер (төлемдердің құны мен мерзімін, жүргізілген төлемдер туралы ақпаратты қоса алғанда)

тоқсан сайын, есептіден кейінгі айдың 20-күнінен кешіктірмей (20 сәуір, 20 шілде, 20 қазан, 20 қаңтар)

жыл сайын 31 шілдеден кешіктірмей

9

Жобаны іске асырудың күнтізбелік жоспарының көшірмесі

бір рет және өзгеруіне қарай

бір рет және өзгеруіне қарай

10

Құрылыс кестесінің көшірмесі (айлар бөлінісінде)

бір рет және өзгеруіне қарай

бір рет және өзгеруіне қарай

11

Инвестицияларды игеру кестесінің көшірмесі (айлар бөлінісінде)

бір рет және өзгеруіне қарай

бір рет және өзгеруіне қарай

12

Ақша қаражатын игеруді және олардың нысаналы пайдаланылуын растайтын құжаттардың көшірмелері

игеру кезеңінде: тоқсан сайын, есептіден кейінгі айдың 20-күнінен кешіктірмей (20 сәуір, 20 шілде, 20 қазан, 20 қаңтар)

игеру кезеңінде: жыл сайын 31 шілдеден кешіктірмей

13

Сақтандыру шарттарының көшірмелері (қолданыстағы заңнамада және концессия шартында көзделген)


жыл сайын 31 шілдеден кешіктірмей

14

Кепілгерлік шарты және тіркеу куәлігі (болған кезде)

бір рет және өзгеруіне қарай

бір рет және өзгеруіне қарай

15

Өтеу кестесі бар, кредиттік шарттардың немесе ақша қаражатын қайтару көзделетін концессиялық жобаларды қаржыландыруды қамтамасыз ететін өзге шарттардың көшірмелері

бір рет және өзгеруіне қарай

бір рет және өзгеруіне қарай

16

Инфрақұрылымдық облигацияларды шығару проспектісі, облигацияларды орналастыру кестесі, облигация ұстаушылар туралы ақпарат, инфрақұрылымдық облигацияларды шығару шарттарының орындалу барысы туралы ақпарат және есептер (концессиялық жобаларды қаржыландыру кезінде инфрақұрылымдық облигацияларды шығару жолымен)

бір рет және өзгеруіне қарай

бір рет және өзгеруіне қарай

17

Құрылыс бойынша растаушы құжаттардың көшірмелері қоса берілген құрылыс бойынша есептер

құрылыс кезеңінде: тоқсан сайын, есептіден кейінгі айдың 20-күнінен кешіктірмей (20 сәуір, 20 шілде, 20 қазан, 20 қаңтар)

құрылыс кезеңінде: жыл сайын 31 шілдеден кешіктірмей

18

Ақпаратты ұсыну күніндегі жағдай бойынша күрделі құрылыс объектілерінің құрылысы (реконструкциясы) бойынша орындалған жұмыстардың нәтижелері туралы концеденттің фотоесебі (электрондық түрде)

құрылыс кезеңінде: тоқсан сайын, есептіден кейінгі айдың 20-күнінен кешіктірмей (20 сәуір, 20 шілде, 20 қазан, 20 қаңтар)

құрылыс кезеңінде: жыл сайын 31 шілдеден кешіктірмей

19

Көшпелі мониторинг нәтижелері бойынша есеп

жыл сайын 20 шілдеге дейін

жыл сайын 31 шілдеден кешіктірмей

20

Тарифтерді бекітетін құжаттардың көшірмелері және концессионер табыстарының өзгеруіне әкеп соғатын өзге де құжаттар

бір рет және өзгерістер енгізілген жағдайда, жыл сайын 20 шілдеге дейін

бір рет және өзгерістер енгізілген жағдайда, жыл сайын 31 шілдеге дейін

Концессия шарттарына мониторинг
жүргізу, бюджеттен қоса   
қаржыландыру шартымен    
концессиялық жобалардың   
мониторингі және олардың іске
асырылуын бағалау қағидасына
2-қосымша          

Концессиялық жоба бойынша концеденттің түйіндеме есебі

Жоба:

Кезеңі

Шаралар қабылдау талап етілетін мәселелер:

Концессионер қабылдаған іс-қимылдар

Концедент қабылдаған іс-қимылдар

1

2

3

1. Концессионердің мерзімдерді сақтамауы
1)
2)



2. Концеденттің мерзімдерді сақтамауы
1)
2)



3. Концессионердің пайдалану көрсеткіштерін сақтамауы
1)
2)



4. Концессионердің/концеденттің ақы төлеу кезіндегі бұзушылығы
1)
2)



5. Жобаны іске асыру кезінде концедент жол берген бұзушылықтар (құрылыс (құру) немесе реконструкция кезеңінде – нормалардан ауытқу және т.б., пайдалану кезеңінде – қызметтерді сапалы және уақтылы көрсетпеу, жобаның техникалық сипаттамасын сақтау және т.б.)
1)
2)



6. Анықталған проблемалар жойылмаған жағдайда, оларды жою жөніндегі ұсыныстар
1)
2)



7. Концессионер тарапынан бұзушылықтарға әкеп соғуы мүмкін басқа мәселелер
1)
2)



6. Концедент тарапынан бұзушылықтарға әкеп соғуы мүмкін басқа мәселелер
1)
2)



7. Оның ішінде орындалған жұмыстар туралы ақпаратты, жобаны іске асыруға әсер ететін немесе әсер етуге қабілетті және концессиялық жоба шарттарының орындалуына қауіп төндіретін мән-жайлар туралы мәліметтерді қамтитын концеденттің түсіндірме жазбасының осы есебіне қосымша түрінде жобаны ілгерілету және іске асыру жөніндегі түсініктемелер



8. Егер мұндайлар бар болса, қосымша ұсыныстар



      *Осы түйіндеме есепке қосымша тараптардың концессия шарты бойынша өз міндеттемелерін орындауын растайтын құжаттар болып табылады (оның ішінде жер учаскелерін бөлу туралы, концессионердің қаржылық жабу бойынша міндеттемелерін орындауын қамтамасыз етуді, уақтылы және сапалы құрылыс бойынша қамтамасыз етуді ұсыну туралы және концессия шартында көзделген т.б.)

Концессия шарттарына мониторинг
жүргізу, бюджеттен қоса   
қаржыландыру шартымен    
концессиялық жобалардың   
мониторингі және олардың іске
асырылуын бағалау қағидасына
3-қосымша         

Концессионер ұсынатын қызметтерге концеденттің бағасы

Р/с

Тақырыбы

Концессионердің шарт талаптарын бұзуы немесе орындамауы

Бұзушылықтың туындау мерзімі

Бұзушылықтың жою мерзімі

Материалдық көріністе келтірілген залал

Берілетін балл (бағалау шәкілі 1-ден 10-ға дейін)

1

2

3

4

5

6

7

1

Концессионердің концессия объектісін салу (құру) немесе реконструкциялау кезеңінде міндеттемелерін орындауы

1)
2)





2

Клиенттердің мүдделерін бірінші орынға қоятын сапалы және икемді қызметтер көрсету






3

Өндірісте және процесте үздіксіз жақсаруды қамтамасыз етуге ықпал ететін концессияның барлық объектісін кешенді пайдалану

1)
2)





4

Концессия объектісін уақтылы және тиімді басқару

1)
2)





5

Концессия объектісін қауіпсіз басқару

1)
2)





6

Концессионердің клиенттердің ұсыныстары мен шағымдарына ден қоюы

1)
2)





7

Техникалық қызмет көрсету және объектіні пайдалану сипаттамаларын сақтау

1)
2)





8

Экологиялық талаптарды сақтау

1)
2)





9

Концессиялық жобаның ТЭН-інде бекітілген барлық көрсеткіштерге қол жеткізу

1)
2)





10

Есептілік беру мерзімдерін сақтау

1)
2)





Концессия шарттарына мониторинг
жүргізу, бюджеттен қоса   
қаржыландыру шартымен    
концессиялық жобалардың   
мониторингі және олардың іске
асырылуын бағалау қағидасына
4-қосымша          

      Концессиялық жобалардың, соның ішінде бюджеттен қоса қаржыландыру шартымен іске асырылуы мониторингісінің қорытындысы мынадай ақпаратты қамтуы тиіс:
      1) концессиялық жоба туралы жалпы мәліметтер;
      2) концессионер компания туралы жалпы мәліметтер;
      3) олардың негізінде концессиялық жобаның мониторингі жүргізілген құжаттар;
      4) концессионер компанияның қаржылық жай-күйін талдау;
      5) концессиялық жобаның іске асырылуының ағымдағы жай-күйі туралы ақпарат;
      6) концессиялық келісімнің (концессия шартының) орындалуын талдау;
      7) жоба бойынша қазіргі бар және әлеуетті проблемалар мен тәуекелдер;
      8) тұжырымдар мен ұсынымдар.
      Бөлімдердің мазмұны:
      1. «Концессиялық жоба туралы жалпы мәліметтер» деген бөлімде:
      1) жобаның атауы;
      2) жобаның мақсаты мен міндеттері;
      3) концеденттің атауы;
      4) концессионер-компанияның атауы;
      5) концессиялық келісімді (концессия шартын) жасасу күні;
      6) жобаны іске асыру кезеңі (концессия объектісін салу және пайдалану кезеңі);
      7) құрылыс (концессия объектісін реконструкциялау) құны;
      8) жобаның физикалық параметрлері мен қуаттылығы;
      9) концессионер қызметін мемлекеттік қолдау шаралары;
      10) жобаны қаржыландыру көздері қамтылуы тиіс.
      2. «Концессионер компания туралы жалпы мәліметтер» деген бөлімде:
      1) концессионер компанияның атауы;
      2) концессионер компанияның тіркелуі туралы куәліктің нөмірі мен күні;
      3) жарғылық (акционерлік) капиталдағы қатысу үлесін көрсете отырып, концессионер компанияның құрылтайшылары туралы ақпарат;
      4) концессионер компанияның бірінші басшысының тегі, аты, әкесінің аты;
      5) концессионер компанияның (іс жүзіндегі және заңды) мекенжайы;
      6) концессионер компания қызметінің сипаттамасы қамтылуы тиіс.
      3. «Олардың негізінде концессиялық жобаның мониторингі жүргізілген құжаттар» негізінде концессиялық жобаның мониторингі жүргізілген құжаттардың (нормативтік құқықтық актілер, бағдарламалық, құрылтай және басқа да құжаттар) тізбесі, сондай-ақ, болған жағдайда олар бойынша тиісті ескертулер мен ұсынымдар қамтылуы тиіс.
      4. «Концессионер компанияның қаржылық жай-күйін талдау» деген тармақта концессионер компанияның қаржылық есептілігіне (бухгалтерлік балансына, кірістер мен шығыстар туралы есебіне, ақша қаражатының қозғалысы туралы есебіне және жеке капиталдың қозғалысы туралы есебіне) деңгейлес және сатылай талдау жүргізу және концессионер компанияның қаржылық-шаруашылық қызметінің жай-күйі туралы тұжырым жасау қажет.
      5. «Концессиялық жобаның іске асырылуының ағымдағы жай-күйі» деген тармақ концессия шартына, концессиялық жобаның нақты көрсеткіштеріне сәйкес жоспарланған көрсеткіштерге (концессия объектісін қаржыландыру және салу/жаңғырту бойынша) қол жеткізу дәрежесін айқындауға бағытталған.
      Осы бөлімде мынадай ақпараттар келтіріледі және талдаулар жүргізіледі:
      1) жобаны қаржыландыру көздері мен құрылымы;
      2) қаржыландыру жоспарын орындау;
      3) жобаны қаржыландыру уақтылығы (жоспар, факт);
      4) концессиялық жобаның мемлекеттік бюджеттен, сол сияқты өз қаражаты есебінен бөлінген ақша қаражатының нысаналы жұмсалуы;
      5) оның ішінде жұмыс түрлері мен орындау мерзімдері бойынша бөле отырып, концессия объектісін салу/реконструкциялау кестесінің орындалуы.
      Егер концессия объектісі мемлекеттік меншікке беру кезеңінде болған жағдайда:
      6) объектіні салу/реконструкциялаудың нақты құнына концессия шартында жоспарланғанмен салыстырғанда концессия объектісінің құнына;
      7) тұрғызылған объектінің сапасына және оның концессия шартында көзделген техникалық сипаттамаларына сәйкестігіне;
      8) концессия объектісінің пайдалануға дайындығы туралы талдау жүргізіледі.
      6. «Концессиялық келісімнің (концессия шартының) орындалуын талдау» деген тармақта тараптардың концессиялық келісімді (концессиялық шартты), оның ішінде ерекше шарттарын орындау жай-күйі сипатталады.
      6. «Жоба бойынша қазіргі бар және әлеуетті проблемалар мен тәуекелдер» деген тармақта концессиялық жобаны іске асырудың барлық әлеуетті проблемаларының сипаттамасы келтіріледі және жобаның тәуекелдері анықталады және тәуекелдерді барынша азайту бойынша шешімдердің жолдары ұсынылады.
      7. «Тұжырымдар мен ұсынымдар» деген тармақта әлеуетті проблемаларды жою және концессиялық жобаларды одан әрі іске асыру кезінде туындауы мүмкін тәуекелдердің пайда болу ықтималын төмендету бойынша ұсынымдар көрсетілуі тиіс.

Концессия шарттарына мониторинг
жүргізу, бюджеттен қоса   
қаржыландыру шартымен    
концессиялық жобалардың   
мониторингі және олардың іске
асырылуын бағалау қағидасына
5-қосымша         

      Концессиялық жобалардың, оның ішінде бюджеттен қоса қаржыландыру шартымен іске асырылуын бағалау қорытындысы мынадай ақпаратты қамтуы тиіс:
      1) концессиялық жоба туралы жалпы мәліметтер;
      2) концессионер компания туралы жалпы мәліметтер;
      3) олардың негізінде концессиялық жобаның мониторингі жүргізілген құжаттар;
      4) концессионер компанияның қаржылық жай-күйін талдау;
      5) концессиялық жобаның іске асырылуының ағымдағы жай-күйі туралы ақпарат;
      6) концессиялық келісімнің (концессия шартының) орындалуын талдау;
      7) жоба бойынша қазіргі бар және әлеуетті проблемалар мен тәуекелдер;
      8) тұжырымдар мен ұсынымдар.
      Бөлімдердің мазмұны:
      1. «Концессиялық жоба бойынша жалпы мәліметтер» деген тармақта:
      1) жобаның атауы;
      2) жобаның мақсаты мен міндеттері;
      3) концеденттің атауы;
      4) концессионер компанияның атауы;
      5) концессиялық келісімді (концессия шартын) жасасу күні;
      6) жобаны іске асыру кезеңі (концессия объектісін салу және пайдалану кезеңі);
      7) құрылыс (концессия объектісін реконструкциялау) құны;
      8) жобаның физикалық параметрлері мен қуаты;
      9) концессионер қызметін мемлекеттік қолдау шаралары;
      10) жобаны қаржыландыру көздері қамтылуы тиіс.
      2. «Концессионер компания туралы жалпы мәліметтер» деген тармақта:
      1) концессионер компанияның атауы;
      2) концессионер компанияның тіркелуі туралы куәліктің нөмірі мен күні;
      3) жарғылық (акционерлік) капиталдағы қатысу үлесін көрсете отырып, концессионер компанияның құрылтайшылары туралы ақпарат;
      4) концессионер компанияның бірінші басшысының тегі, аты, әкесінің аты;
      5) концессионер компанияның (іс жүзіндегі және заңды) мекенжайы;
      6) концессионер компанияның қызметінің сипаттамасы қамтылуы тиіс.
      3. «Олардың негізінде концессиялық жобаның мониторингі жүргізілген құжаттар» деген тармақта негізінде концессиялық жобаның мониторингі жүргізілген құжаттардың (нормативтік құқықтық актілер, бағдарламалық, құрылтай және басқа да құжаттар) тізбесі, сондай-ақ, болған жағдайда олар бойынша тиісті ескертулер мен ұсынымдар қамтылуы тиіс.
      4. «Концессионер компанияның қаржылық жай-күйін талдау» деген тармақта концессионер компанияның қаржылық есептілігіне (бухгалтерік балансына, кірістер мен шығыстар туралы есебіне, ақша қаражатының қозғалысы туралы есебіне және жеке капиталдың қозғалысы туралы есебіне) деңгейлес және сатылай талдау, өтімділік және тиімділік, табыстылық, қаржылық орнықтылық талдауын жүргізу және концессионер компанияның қаржылық-шаруашылық қызметінің жай-күйі туралы тұжырым жасау қажет.
      5. «Концессиялық жобаның іске асырылуының ағымдағы жай-күйі» деген тармақта концессиялық жобаның нақты көрсеткіштерімен салыстыра отырып, концессия шарты мен концессиялық жобаның қаржылық-экономикалық үлгісіне сәйкес жоспарланған көрсеткіштерге (өндірістік және қаржылық) қол жеткізу дәрежесін айқындауға бағытталған.
      Егер концессиялық жоба концессия объектісін салу/реконструкциялау кезеңінде болған жағдайда:
      1) жобаны қаржыландыру құрылымы мен уақтылығына (жоспар, факт);
      2) концессия объектісін салу/реконструкциялау кестесінің орындалуына, оның ішінде жұмыс түрлері мен орындау мерзімдері бойынша бөле отырып;
      3) қаржыландыру жоспарының орындалуына талдау жүргізіледі.
      Егер концессиялық жоба концессия объектісін пайдалану кезеңінде болған жағдайда:
      4) объектіні салу/реконструкциялаудың жоспарлы және нақты құнына, концессия шартында жоспарланғанмен салыстырғанда концессия объектісінің құнына;
      5) жоба бойынша жоспарлы өндірістік көрсеткіштердің орындалуына;
      6) өнімдер түрлерінің бөлінісінде жоба бойынша қаржылық көрсеткіштердің орындалуын (өндірілетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағасын (тарифін) талдау), тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің түсімін, өзіндік құнын талдау;
      7) бюджетпен есеп айырысуларды (қоршаған ортаны қорғау, салық төлемдері және т.б. бойынша бюджетке төленетін төлемдердің уақтылығы мен толықтығы) талдау жүргізіледі.
      Егер концессиялық жоба бойынша инвестициялық шығындардың өтемақысы, пайдалану шығындарының өтемақысы, концессия объектісін басқаруды жүзеге асыруға сыйақылар төлемі, қолжетімділік үшін ақы төлеу көзделген болса, онда концессиялық жобаның іске асырылуын бағалау туралы қорытындыда міндетті түрде концессионердің пайдалану міндеттемелерін орындау сапасы, уақтылығы, оның ішінде көрсетілетін қызметтер (тауарлар, жұмыстар) көлемінің концессия шартында көзделген көлемдерге сәйкестігі туралы ақпарат келтіріледі.
      6. «Концессиялық келісімнің (концессия шартының) орындалуын талдау» деген тармақта тараптардың концессиялық келісімді (концессиялық шартты), оның ішінде ерекше шарттарын орындау жай-күйінің сипаттамасы беріледі.
      7. «Жоба бойынша қазіргі бар және әлеуетті проблемалар мен тәуекелдер» деген тармақта концессиялық жобаны іске асырудың барлық әлеуетті проблемаларының сипаттамасы келтіріледі және жобаны іске асыру тәуекелдері анықталады.
      8. «Тұжырымдар мен ұсынымдар» деген тармақта әлеуетті проблемаларды жою және концессиялық жобаларды одан әрі іске асыру кезінде туындауы мүмкін тәуекелдердің пайда болу ықтималын төмендету бойынша ұсынымдар келтіріледі.

Қазақстан Республикасы   
Үкіметінің         
2010 жылғы 10 желтоқсандағы
№ 1343 қаулысымен    
бекітілген        

Мемлекет кепілгерліктерін беру немесе лимит көлемін ұлғайту
үшін концессиялық жобаларды іріктеу қағидасы

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 04.12.2013 N 1305 қаулыcымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Мемлекет кепілгерліктерін беру немесе лимит көлемін ұлғайту үшін концессиялық жобаларды іріктеу қағидасы (бұдан әрі – Қағида) 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 230-бабына сәйкес әзірленген және концессиялық жобалар бойынша мемлекет кепілгерліктерін беру және мемлекет кепілгерліктерінің лимиті көлемін ұлғайту рәсімдерін атқару тәртібін айқындайды.
      2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кепілгерлік шартына сәйкес концессия шартының шеңберінде тартылған қарыз бойынша қарыз алушының қарыз беруші алдындағы борышын толық немесе ішінара өтеу міндеттемесі мемлекет кепілгерлігі болып табылады.
      Кепілгерлік бойынша міндеттемелер қарыздың негізгі сомасы мен ол бойынша сыйақыны қамтиды.
      3. Мемлекет кепілгерлігі мемлекеттік емес қарыздар есебінен қаржыландыруға ұсынылатын концессиялық жобалар тізбесіне енгізілген концессиялық жобалар бойынша мемлекет кепілгерлігімен Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін тиісті кезеңге тартылатын республикалық бюджет туралы заңда белгіленген лимит шегінде беріледі.
      Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган мемлекет кепілгерлігін беруді көздейтін конкурстық құжаттаманы келісу кезінде концессиялық жоба бойынша концессионерді таңдау жөніндегі конкурс шеңберінде конкурс ұйымдастырушысы ұсынатын мемлекет кепілгерлігінің көлемін және мемлекет кепілгерлігін берумен байланысты конкурстық құжаттаманың елеулі шарттарын келіседі.
      Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган конкурстық құжаттаманы келісу нәтижелері бойынша мемлекеттің кепілгерлік көлемін көрсете отырып, кезекті қаржы жылының лимиті шегінде мемлекет кепілгерлігін беру мүмкін болатын концессиялық жобалар тізбесінің жобасын Республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.
      Концессионердің қызметіне мемлекеттік қолдауды, концессия шарттары шеңберінде инфрақұрылымдық облигациялар бойынша мемлекет кепілгерлігін ұсына отырып, концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізу мемлекет кепілгерлігімен тартылатын мемлекеттік емес қарыздар есебінен қаржыландыру ұсынылатын концессиялық жобалардың тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткеннен кейін жүзеге асырылады.
      4. Мемлекет кепілгерлігімен тартылатын қарыз қаражаты концессия объектілерін мемлекеттік меншікке міндетті түрде бере отырып, концессия объектілерін құруға ғана пайдаланылуы тиіс.
      Мемлекет кепілгерлігімен тартылатын қарыз қаражатын кепілгерлік шартында көзделмеген мақсаттарға, сондай-ақ мемлекеттік органдарға кредит беру үшін пайдалануға тыйым салынады.
      5. Мемлекет кепілгерліктері бұрын тартылған қарыздарды қайта қаржыландыру ретінде немесе қарыздарға қызмет көрсету үшін, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың қарыздарын қайтаруды қамтамасыз ету ретінде тартылатын қарыздар бойынша берілмейді.
      6. Мемлекеттік емес қарыз бойынша мемлекет кепілгерлігін бергені үшін қарыз алушыдан мемлекет кепілгерлігі сомасының екі пайызы мөлшерінде алдын ала біржолғы төлем (алым) алынады.
      7. Әлеуетті концессионер (қарыз алушы) концессиялық жобаларды іріктеу жөніндегі конкурс шеңберінде мемлекет кепілгерліктерін алу үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 10 желтоқсандағы № 1343 қаулысымен бекітілген Концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізу қағидасына сәйкес концессия шарттарының шеңберінде инфрақұрылымдық облигациялар бойынша мемлекет кепілгерлігін ұсынуды көздейтін конкурстық өтінімді әзірлейді және конкурсты ұйымдастырушыға ұсынады.
      8. Қарыздар бойынша мемлекет кепілгерлігін алуға қарыз алушы ретіндегі үміткер тұлғаларға бюджет заңнамасына сәйкес мынадай талаптар қойылады:
      1) кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының резиденті болуы;
      2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен бекітілген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің келісімі бойынша бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган белгілейтін мемлекет кепілгерлігімен тартылған қарыздың қайтарылуын қамтамасыз ету талаптарын қанағаттандыратын сақтандыру шартының болуы;
      3) тиісті саладағы уәкілетті органның оң қорытындысының болуы;
      4) концессиялық жобаның қаржылық сараптамасы бойынша бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның оң қорытындысының болуы;
      5) экономикалық сараптаманың оң қорытындысының болуы;
      6) кредиторлар алдында төлеу мерзімі жеткен бұдан бұрын мемлекет кепілгерлігімен немесе мемлекеттік кепілдікпен алынған қарыздарды өтеу немесе қызмет көрсету бойынша берешегінің, сондай-ақ басқа да мерзімі өткен берешегінің болмауы;
      7) концессия объектісі құнына қатысты кемінде жиырма пайызын құрайтын меншікті капиталының болуы;
      8) төлемақы төлеуге қабілетті болып табылуы, таратуға жатпауы, оның мүлкіне тыйым салынбауы, оның қаржы-шаруашылық қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тоқтатылмауы тиіс;
      9) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін тиісті кезеңге арналған мемлекет кепілгерлігімен тартылатын мемлекеттік емес қарыздар есебінен қаржыландыруға ұсынылатын концессиялық жобалар тізбесіне енгізілген жобалардың іске асырылуын жүзеге асыру.

2. Мемлекет кепілгерліктерін беру үшін концессиялық жобаларды
іріктеу тәртібі

      9. Қонцессионерді таңдау жөніндегі конкурсты ұйымдастырушы концессиялық жобаны және концессия шартының талаптарын нақтылау бойынша келіссөздерді жүргізудің қорытындылары бойынша «Концессиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабы 4-тармағында көрсетілген шешім қабылданғаннан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде бюджет заңнамасына және мемлекет кепілгерлігін беру процесіне қатысушылардың талаптарына сәйкес концессиялық жобаларды қарастыру үшін талап етілетін мемлекет кепілгерлігін алуға үміткер заңды тұлғаның (конкурстық өтінімі үздік деп танылған концессионерді таңдау жөніндегі конкурсқа қатысушының) құжаттамасын бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға жібереді.
      10. Қонцессионерді таңдау жөніндегі конкурсты ұйымдастырушы мемлекет кепілгерлігін алуға үміткер әлеуетті концессионер конкурсқа ұсынған концессиялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін, инфрақұрылымдық облигацияларды шығару проспектісінің жобасын, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның концессиялық өтінімге сараптамасының оң қорытындысын және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қажет басқа да сараптамалардың қорытындыларын ұсынғаннан кейін бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган концессиялық жобаның қаржылық сараптамасын жүргізуді ұйымдастырады және екі ай ішінде тиісті қорытындыны әзірлеп, концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты ұйымдастырушыға жолдайды.
      11. Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның мемлекет кепілгерлігімен тартылатын мемлекеттік емес қарыз есебінен қаржыландыруға ұсынылатын концессиялық жобаның қаржылық сараптамасы бойынша қорытындысына қойылатын талаптар бюджеттік заңнамасында айқындалады.
      12. Қонцессионерді таңдау жөніндегі конкурсты ұйымдастырушы бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның концессиялық жобаның қаржылық сараптамасының оң қорытындысы негізінде Республикалық бюджет комиссиясына мемлекет кепілгерлігін беру туралы мәселені шығаратын мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға концессиялық жоба бойынша ақпарат дайындайды және жібереді.
      13. Мемлекет кепілгерлігін беру бойынша бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның қаржылық сараптамасының теріс қорытындысын алған кезде конкурсты ұйымдастырушы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 10 желтоқсандағы № 1343 қаулысымен бекітілген Концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізу қағидасына сәйкес концессиялық жобаны қаржыландырудың балама көздерін қарастыру мақсатында келіссөз процесін қайта бастайды.
      14. Республикалық бюджет комиссиясы жоспарланған кезеңге арналған мемлекет кепілгерлігінің лимиті көлемін беру немесе ұлғайту лимиті шегінде әрбір концессиялық жоба бойынша мемлекет кепілгерлігінің көлемін айқындайды.
      15. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган конкурс ұйымдастырушысына Республикалық бюджет комиссиясы шешімінің хаттамасынан үзіндіні қолына алған сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде жібереді.
      16. Республикалық бюджет комиссиясы шешімінің негізінде концессия шартының жобасын мемлекеттік жоспарлау және бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органдармен келіскеннен кейін салалық уәкілетті орган (конкурсты ұйымдастырушы) қаулы жобасын әзірлейді, мүдделі мемлекеттік органдармен келіседі және тиісті шешімдер қабылдау үшін Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізеді.
      17. Мемлекет кепілгерлігі Қазақстан Республикасы бюджет заңнамасында көзделген барлық қажетті талаптарды қанағаттандырған жағдайда кепілгерлік шартын жасасу жолымен, мыналардан кейін, Қазақстан Республикасының Үкіметі шешімдерінің негізінде беріледі:
      1) концессия шартын жасасу;
      2) Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында белгіленген жағдайларды қоспағанда, мемлекет кепілгерлігі бойынша міндеттемелерді орындауға тартылған республикалық бюджет қаражатының қайтарымдылығын қамтамасыз ету талаптарын қанағаттандыратын сақтандыру шартын ресімдеу және ұсыну;
      3) мемлекет кепілгерлігін бергені үшін қарыз алушының алдын ала біржолғы төлем (алым) төлеуі.
      Кепілгерлік шартының мерзімі концессия шартының қолданылу мерзімінен аспауы тиіс.
      Қарыз алушы концессия шартын жасасқан күннен бастап күнтізбелік 60 (алпыс) күн ішінде сақтандыру шартын жасасуы тиіс.

3. Мемлекет кепілгерліктерінің лимит көлемін ұлғайту тәртібі

      18. Мемлекет кепілгерліктерінің лимитін тиісті жылға ұлғайту Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 маусымдағы № 906 қаулысымен бекітілген Үкіметтік борыштың және жергілікті атқарушы орган борышының лимитін, мемлекеттік кепілдіктер мен мемлекет кепілгерліктерін беру лимиттерін айқындау ережесіне сәйкес жоспарланатын үш жылдық кезеңге арналған республикалық бюджет кірісінің, үкіметтік борышқа қызмет көрсетуге және оны өтеуге арналған шығындардың, мемлекет кепілгерліктері бойынша міндеттемелерді орындауға байланысты шығындардың көлемдерін негізге ала отырып, мемлекет кепілгерліктерінің лимитін айқындау кезінде жүзеге асырылады.
      19. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган тиісті қаржы жылына арналған мемлекет кепілгерліктерін беру лимитін айқындайды және тиісті қаржы жылына арналған мемлекет кепілгерліктерінің лимитін ұлғайту бойынша тиісті ұсыныстарды Республикалық бюджет комиссиясына қарауға енгізеді.
      20. Мемлекет кепілгерліктерінің лимитін айқындау Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 203-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес жүзеге асырылады.
      21. Мемлекет кепілгерліктерінің көлемін ұлғайту Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.