Есеп жүргізу және кеден органына есептілікті ұсынудың кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 3 қарашадағы № 1150 Қаулысы

Қолданыстағы

      «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 30 маусымдағы Кодексінің 374451,  262-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған:
      1) Кедендік тасымалдаушының кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес тасымалданатын тауарлар туралы, оның ішінде ақпараттық технологияларды пайдалана отырып есеп жүргізу және кеден органына есептілікті ұсыну қағидасы;
      2) Уақытша сақтау қоймалары, кеден қоймалары иелерінің сақтауда тұрған (сақталатын) тауарлар туралы, соның ішінде ақпараттық технологияларды пайдалана отырып есеп жүргізу және кеден органына есептілікті ұсыну қағидасы;
      3) Жеке тауарларын сақтау қоймалары иелерінің келіп түсетін, сақтауда тұрған, әкетілетін тауарлар және (немесе) көлік құралдары туралы, оның ішінде бақылаудың және есепке алудың автоматтандырылған нысанын пайдалана отырып есеп жүргізу және кеден органына есептілікті ұсыну қағидасы, бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министр                            К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2010 жылғы 3 қарашадағы
№ 1150 қаулысымен 
бекітілген     

Кедендік тасымалдаушының кедендік транзит кедендік рәсіміне
сәйкес тасымалданатын тауарлар туралы, оның ішінде
ақпараттық технологияларды пайдалана отырып есеп жүргізу
және кеден органына есептілікті ұсыну қағидасы

      1. Кедендік тасымалдаушылар кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес тасымалданатын тауарлардың есебін қағаз тасығышта және Excel форматында электрондық түрде осы Қағиданың қосымшасына сәйкес нысан бойынша кедендік тасымалдаушының кедендік бақылаумен тауарларды тасымалдауды есепке алу және есептілік кітабын (бұдан әрі - Есепке алу кітабы) жүргізу жолымен жүзеге асырады.
      Әрбір келесі жылдың бірінші қаңтарынан бастап Есепке алу кітабының нөмірлеуі бірден басталады. Есепке алу кітабы тігілген, нөмірленген, мөрленген және қызмет аймағында кедендік тасымалдаушы орналасқан кеден органы бастығының не оны алмастырушы адамның қолымен бекітілген болуға тиіс.
      Ағымдағы күнтізбелік жылда соңғы жазу енгізілгеннен кейін Есепке алу кітабы салыстырып тексеру үшін кеден органына беріледі. Салыстырып тексеруді жүргізу мерзімі күнтізбелік 30 күннен аспауы тиіс.
      Есепке алу кітабы соңғы жазу енгізілген күннен бастап бес жыл бойы сақталады. Салыстырып тексеру жүргізілгеннен кейін Есепке алу кітабына қосымша жазулар немесе түзетулер енгізуге жол берілмейді.
      Есепке алу кітабы не оның электрондық түрдегі көшірмесі кеден органының лауазымды адамдарына олардың талап етуі бойынша ұсынылады.
      2. Кедендік тасымалдаушылар тоқсан сайын, келесі тоқсанның бірінші айының бесінші күнінен кешіктірмей қызмет аймағында кедендік тасымалдаушылар тіркелген кеден органына есепті кезеңде кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес жүзеге асырылған барлық тауарларды тасымалдаулар туралы есепті ұсынады.
      Есеп осы Қағиданың қосымшасына сәйкес нысан бойынша жасалады. Қағаз тасығыштағы есепке бірінші басшы не оны алмастырушы адам, бас бухгалтер қол қояды, кедендік тасымалдаушының мөрімен куәландырылады. Қағаз тасығыштағы есеппен бір уақытта кеден органына Excel форматындағы электрондық түрдегі есеп ұсынылады.

Кедендік тасымалдаушының кедендік транзит
кедендік рәсіміне сәйкес тасымалданатын
тауарлар туралы, оның ішінде ақпараттық
технологияларды пайдалана отырып есеп
жүргізу және кеден органына есептілікті
ұсыну қағидасына қосымша      

Нысан               

Кедендік тасымалдаушының кедендік бақылаудағы тауарларды
тасымалдауын есепке алу және олар
бойынша есептілік кітабы

Р/с

Транзиттік декларация нөмірі

Тасымалдауды бастау күні

Жөнелтушінің кеден органы белгіленген жеткізу мерзімі

Тасымалдаудың іс жүзінде аяқталған күні, тауарларды уақытша сақтауға орналастыруды растайтын құжаттың немесе тауарлар декларациясының нөмірі

Жөнелтушінің кеден органы

Межелі кеден органы

Нақты жеткізілетін кеден органы

Көлік құралының (тіркеменің) мемлекеттік тіркеу нөмірі

Тауардың атауы

Тауарлардың таза салмағы (кг), көлік тік (тасымалдау) құжаттар бойынша қосымша өлшем бірлігіндегі көлемі

Ескертпе

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің    
2010 жылғы 3 қарашадағы
№ 1150 қаулысымен
бекітілген    

Уақытша сақтау қоймалары, кеден қоймалары иелерінің сақтауда
тұрған (сақталатын) тауарлар туралы, оның ішінде
ақпараттық технологияларды пайдалана отырып есеп жүргізу
және кеден органына есептілікті ұсыну қағидасы

      1. Уақытша сақтау қоймаларында, кеден қоймаларында сақтауда тұрған (сақталатын) тауарлардың есебі осы Қағиданың қосымшасына сәйкес нысан бойынша қағаз тасығышта және Excel форматында электрондық түрде Сақтаудағы тауарларды есепке алу кітабын (бұдан әрі - Есепке алу кітабы) жүргізу жолымен жүзеге асырылады.
      2. Есепке алу кітабы тауарды шығару туралы соңғы жазба енгізілген күннен бастап бес жыл бойы сақталады.
      Әрбір келесі жылдың бірінші қаңтарынан бастап Есепке алу кітабының нөмірленуі бірден басталады. Есепке алу кітабы тігілген, нөмірленген, мөрленген және қызмет аймағында уақытша сақтау қоймасының иесі орналасқан кеден органы бастығының немесе оны алмастырушы адамның қолымен бекітілген болуға тиіс.
      3. Кеден органы жазбаша нысанда кеден органы айқындайтын уақыт кезеңінде сақтауда тұрған (сақталатын) тауарлар туралы есеп ұсынуды талап етуі мүмкін.
      4. Уақытша сақтау қоймаларының, кеден қоймаларының иелері тоқсан сайын, келесі тоқсанның бірінші айының бесінші күнінен кешіктірмей қызмет аймағында осындай қоймалар орналасқан кеден органына есепті кезеңде, сақтауда тұрған (сақталатын) тауарлар туралы қорытылған есепті ұсынады.
      Есеп осы Қағиданың қосымшасына сәйкес нысан бойынша жасалады. Қағаз тасығыштағы есепке бірінші басшы не оны алмастырушы адам, бас бухгалтер қол қояды, кедендік тасымалдаушының мөрімен куәландырылады. Қағаз тасығыштағы есеппен бір уақытта кеден органына Excel форматындағы электрондық түрдегі есеп ұсынылады.

Уақытша сақтау қоймалары, кеден қоймалары 
иелерінің сақтауда тұрған (сақталатын) тауарлар
туралы, оның ішінде ақпараттық технологияларды
пайдалана отырып есеп жүргізу және кеден 
органына есептілікті ұсыну қағидасына   
қосымша                 

Нысан                   

Сақтаудағы тауарларды есепке алу кітабы


Кіріс

Орналастыру күні мен уақыты

Қойманың тіркеу нөмірі

Транзиттік декларацияның немесе ХЖТ кітапшасының нөмірі

Тауарлар мен көлік құралдарын уақытша сақтауға орналастырушы адам

Көлік құралының (тіркеменің) мемлекеттік тіркеу нөмірі

Тауардың атауы

Орындар саны

Тауарлардың таза салмағы (кг), көліктік (тасымалдау) құжаттар бойынша қосымша өлшем бірлігіндегі көлемі

Қоймада орналасқан орны (бокс № және т.б.) адамның қолы

Тауарларды қабылдаған адамның қолы

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

кестенің жалғасы:

Шығыс

Қалдық (бар болса)

Ескертпе

Тауарлар декларациясы немесе транзиттік декларацияның нөмірі

Орындар саны

Тауарлардың таза салмағы (кг), көліктік (тасымалдау) құжаттар бойынша қосымша өлшем бірлігіндегі көлемі

Тауарлар және (немесе) көлік құралдарын берген адамның қолы

Қоймадан іс жүзінде шығарылған күш

Орындар саны

Тауарлардың таза салмағы (кг), көліктік (тасымалдау) құжаттар бойынша қосымша өлшем бірлігіндегі көлемі


11

12

13

14

15

16

17

18

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2010 жылғы 3 қарашадағы
№ 1150 қаулысымен 
бекітілген     

Жеке тауарларын сақтау қоймалары иелерінің келіп түсетін,
сақтауда тұрған, әкетілетін тауарлар және (немесе) көлік
құралдары туралы, оның ішінде бақылаудың және есепке
алудың автоматтандырылған нысанын пайдалана отырып есеп
жүргізу және кеден органына есептілікті ұсыну қағидасы

      1. Жеке тауарларын сақтау қоймаларына келіп түсетін, сақтауда тұрған және әкетілетін тауарлардың және (немесе) көлік құралдарының есебі осы Қағиданың қосымшасына сәйкес нысан бойынша Сақтауда тұрған тауарларды және (немесе) көлік құралдарын есепке алу кітабын (бұдан әрі - Есепке алу кітабы) жүргізу, оның ішінде бақылаудың және есепке алудың автоматтандырылған нысанын пайдалана отырып жүзеге асырылады.
      Автоматтандырылған бақылау және есепке алуды жеке тауарларын сақтау қоймалары иелері келіп түсетін, сақтауда тұрған және әкетілетін тауарлардың және (немесе) көлік құралдарының есебін жүргізуге және кеден органына ұсыну үшін есеп қалыптастыруға мүмкіндік беретін бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдалану жолымен жүзеге асырады.
      2. Есепке алу кітабы тауарды шығару туралы соңғы жазба енгізілген күннен бастап бес жыл ішінде сақталады.
      Әрбір келесі жылдың бірінші қаңтарынан бастап Есепке алу кітабының нөмірлеуі бірден басталады. Есепке алу кітабы тігілген, нөмірленген, мөрленген және қызмет аймағында жеке тауарларын сақтау қоймасының иесі орналасқан кеден органы бастығының немесе оны алмастырушы адамның қолымен бекітілген болуға тиіс.
      3. Кеден органы жазбаша нысанда кеден органы айқындайтын уақыт кезеңінде келіп түскен, сақтауда тұрған, әкетілетін тауарлар және (немесе) көлік құралдары туралы есепті ұсынуды талап етуі мүмкін.
      4. Жеке тауарларын сақтау қоймаларының иелері тоқсан сайын, келесі тоқсанның бірінші айының бесінші күнінен кешіктірмей қызмет аймағында осындай қоймалар орналасқан кеден органына есепті кезеңде келіп түскен, сақтауда тұрған, әкетілетін тауарлар және (немесе) көлік құралдары туралы қорытылған есепті ұсынады.
      Есеп осы Қағиданың қосымшасына сәйкес нысан бойынша жасалады. Қағаз тасығыштағы есепке бірінші басшы не оны алмастырушы адам, бас бухгалтер қол қояды, кедендік тасымалдаушының мөрімен куәландырылады. Қағаз тасығыштағы есеппен бір уақытта кеден органына Excel форматындағы электрондық түрдегі есеп ұсынылады.

Жеке тауарларын сақтау қоймалары иелерінің
келіп түсетін, сақтауда тұрған, әкетілетін
тауарлар және (немесе) көлік құралдары туралы,
оның ішінде бақылаудың және есепке алудың
автоматтандырылған нысанын пайдалана отырып
есеп жүргізу және кеден органына есептілікті
ұсыну қағидасына қосымша      

Нысан               

Сақтаудағы тауарлар және (немесе)
көлік құралдарын есепке алу кітабы


Кіріс

Орналастыру күні мен уақыты

Қойманың тіркеу нөмірі

Транзиттік декларацияның немесе ХЖТ кітапшасының нөмірі

Тауарлар мен көлік құралдарын уақытша сақтауға орналастырушы адам

Көлік құралының (тіркеменің) мемлекеттік тіркеу нөмірі

Тауардың атауы

Орындар саны

Тауарлардың таза салмағы (кг), көліктік (тасымалдау) құжаттар бойынша қосымша өлшем бірлігіндегі көлемі

Қоймада орналасқан орны (бокс № және т.б.)

Тауарларды қабылдаған адамның қолы

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

кестенің жалғасы:

Шығыс

Қалдық (бар болса)

Ескертпе

Тауарлар декларациясы немесе транзиттік декларацияның нөмірі

Орындар саны

Тауарлардың таза салмағы (кг), көліктік (тасымалдау) құжаттар бойынша қосымша өлшем бірлігіндегі көлемі

Тауарлар және (немесе) көлік құралдарын берген адамның қолы

Қоймадан іс жүзінде шығарылған күні

Орындар саны

Тауарлардың таза салмағы (кг), көліктік (тасымалдау) құжаттар бойынша қосымша өлшем бірлігіндегі көлемі


11

12

13

14

15

16

17

18