Техникалық регламенттерді әзірлеу жөніндегі жоспарды бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 29 желтоқсандағы № 2243 Қаулысы

Жаңартылған

      «Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Техникалық регламенттерді әзірлеу жөніндегі жоспар (бұдан әрі - Жоспар) бекітілсін.
      2. Техникалық регламенттерді әзірлеу жөніндегі жұмыстарды үйлестіру және осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігіне жүктелсін.
      3. Жоспарда көзделген техникалық регламенттерді әзірлеуші мемлекеттік органдар Жоспарда айқындалған айдың 25-күнінен кешіктірмей техникалық регламенттерді Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігіне және Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсынсын.
      4. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
      1) «2007 - 2009 жылдарға арналған техникалық регламенттерді әзірлеу жөніндегі жоспарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 4 мамырдағы № 361 қаулысы;
      2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 4 мамырдағы № 361 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 22 желтоқсандағы № 1194 қаулысы;
      3) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 4 мамырдағы № 361 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 22 маусымдағы № 960 қаулысы.
      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                               К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2009 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 2243 қаулысымен    
бекітілген     

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Жоспарға өзгерту енгізу көзделген - ҚР Үкіметінің 2010.09.13 № 932 (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2010.11.17 N 1202 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулыларымен.

Техникалық регламенттерді әзірлеу жөніндегі жоспар

Р/с

Техникалық регламент атауы

Мемлекеттік әзірлеуші орган

Ұсыну мерзімі

Техникалық реттеу саласындағы уәкілетті орган

Қазақстан Республика сының Үкіметі

1

2

3

4

5

1.

Бензин, дизель отыны және мазут қауіпсіздігіне қойылатын талаптар

ЭМРМ

2009 жылғы желтоқсан

2010 жылғы қаңтар

2.

Жанғыш, уытты, сұйылтылған газ құбыржолдарының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар

ТЖМ (жинақтау), ЭМРМ

2009 жылғы желтоқсан

2010 жылғы қаңтар

3.

Лифттердің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар

ТЖМ (жинақтау), ИСМ

2009 жылғы желтоқсан

2010 жылғы қаңтар

4.

Тыңайтқыштардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар

АШМ (жинақтау), ДСМ, Қоршаған- ортамині, ИСМ

2010 жылғы қаңтар

2010 жылғы наурыз

5.

Ауыл шаруашылығы шикізатын өңдеуге арналған жабдықтар қауіпсіздігіне қойылатын талаптар. Өсімдік шаруашылығы өнімі

АШМ (жинақтау), ИСМ, ТЖМ

2010 жылғы қаңтар

2010 жылғы наурыз

6.

Ауыл шаруашылығы шикізатын өңдеуге арналған жабдықтар қауіпсіздігіне қойылатын талаптар. Мал шаруашылығы өнімі

АШМ (жинақтау), ИСМ

2010 жылғы қаңтар

2010 жылғы наурыз

7.

Жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу кезіндегі қауіпсіздіктің жалпы талаптары, телекоммуникациялық жабдыққа қойылатын функционалдық және техникалық талаптар

ҰҚК (келісім бойынша)

2010 жылғы қаңтар

2010 жылғы наурыз

8.

Ядролық және радиациялық қауіпсіздік

ЭМРМ

2010 жылғы ақпан

2010 жылғы сәуір

9.

Атом станцияларының ядролық және радиациялық қауіпсіздігі

ЭМРМ

2010 жылғы ақпан

2010 жылғы сәуір

10.

Ядролық зерттеу қондырғыларының ядролық және радиациялық қауіпсіздігі

ЭМРМ

2010 жылғы ақпан

2010 жылғы сәуір

11.

Мұнай-газ кәсіпшілігі, бұрғылау, геологиялық барлау және геофизикалық жабдықтар қауіпсіздігіне қойылатын талаптар

ЭМРМ (жинақтау), ТЖМ

2010 жылғы ақпан

2010 жылғы сәуір

12.

Автомобиль көлік құралдарына арналған майлар мен арнайы сұйықтықтардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар

ЭМРМ (жинақтау), ККМ

2010 жылғы ақпан

2010 жылғы сәуір

13.

Бензиндерге арналған телімдер қауіпсіздігіне қойылатын талаптар

ЭМРМ

2010 жылғы ақпан

2010 жылғы сәуір

14.

Көмір және оны өндірудің, қайта өңдеудің, сақтаудың және тасымалдаудың өндірістік үдерістерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар

ЭМРМ (жинақтау), ТЖМ, Қоршағанортамині, ДСМ, ККМ

2010 жылғы ақпан

2010 жылғы сәуір

15.

Электромагниттік сыйымдылық

АБА

2010 жылғы наурыз

2010 жылғы мамыр

16.

Қозғалыс дабылының, бөгеуінің, байланысының және оны ақпараттандырудың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар

ККМ

2010 жылғы наурыз

2010 жылғы мамыр

17.

Темір жол көлігімен жолаушыларды, қол жүгін, жүктерді, жүк-багажды және почта жөнелтілімдерін тасымалдау қауіпсіздігіне қойылатын талаптар

ККМ (жинақтау), АБА

2010 жылғы наурыз

2010 жылғы мамыр

18.

Темір жол көлігінің және оған байланысты инфрақұрылымның қауіпсіздігіне қойылатын талаптар

ККМ

2010 жылғы наурыз

2010 жылғы мамыр

19.

Дәрілік құралдар қауіпсіздігіне қойылатын талаптар

ДСМ

2010 жылғы сәуір

2010 жылғы маусым

20.

Қанның және гемотрансфузиондық терапияда пайдаланылатын оның өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар

ДСМ

2010 жылғы сәуір

2010 жылғы маусым

21.

Мүгедектерді сауықтырудың техникалық құралдарына қойылатын талаптар

ДСМ

2010 жылғы сәуір

2010 жылғы маусым

22.

Медициналық техниканың және медициналық мақсаттағы бұйымдардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар

ДСМ

2010 жылғы сәуір

2010 жылғы маусым

23.

Имплантанттардың биологиялық қауіпсіздігіне қойылатын талаптар

ДСМ

2010 жылғы сәуір

2010 жылғы шілде

24.

Балалар мен жасөспірімдерге арналған тамақ өнімінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар

ДСМ (жинақтау), АШМ

2010 жылғы мамыр

2010 жылғы шілде

25.

Гендік түрлендірілген (трансгендік) өсімдіктер мен жануарлардан алынған тамақ өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар

ДСМ (жинақтау), АШМ

2010 жылғы мамыр

2010 жылғы шілде

26.

Темекінің және темекі бұйымдарының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар

ДСМ

2010 жылғы мамыр

2010 жылғы шілде

27.

Консервілер, пресервілер қауіпсіздігіне қойылатын талаптар

АШМ (жинақтау), ДСМ

2010 жылғы мамыр

2010 жылғы шілде

28.

Алкоголь өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар

ДСМ (жинақтау), АШМ

2010 жылғы мамыр

2010 жылғы тамыз

29.

Электролиз әдісімен алюминий өндіру кезінде қоршаған ортаға шығарылатын эмиссияларға қойылатын талаптар

Қоршағанортамині (жинақтау), ИСМ

2010 жылғы мамыр

2010 жылғы тамыз

30.

Уытты және уыттылығы жоғары заттардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар

ИСМ (жинақтау), Қоршағанортамині

2010 жылғы маусым

2010 жылғы қыркүйек

31.

Жұмыртқа және жұмыртқа өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар

АШМ (жинақтау), ДСМ

2010 жылғы маусым

2010 жылғы қыркүйек

32.

Бал және омарта шаруашылығы өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар

АШМ (жинақтау), ДСМ

2010 жылғы маусым

2010 жылғы қыркүйек

33.

Биоэтанолдың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар

АШМ

2010 жылғы тамыз

2010 жылғы желтоқсан

34.

Биодизельдің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар

АШМ

2010 жылғы тамыз

2010 жылғы желтоқсан

35.

Сәйкестікті растау саласындағы модульдік тәсіл

ИСМ

2010 жылғы тамыз

2010 жылғы желтоқсан

36.

Темір жол станцияларын, вокзалдарды және басқа да инженерлік құрылыстардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар

ККМ

2011 жылғы наурыз

2011 жылғы маусым

37.

Теңіз қалқыма бұрғылау қондырғылары мен оларға орнатылған қондырғылардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар

ККМ

2011 жылғы наурыз

2011 жылғы маусым

38.

Теңіз және өзен порттары мен оларға байланысты инфрақұрылымның қауіпсіздігіне қойылатын талаптар

ККМ

2011 жылғы сәуір

2011 жылғы шілде

39.

Ішкі су жолы кемелерінің және өзен-теңіз жолы кемелерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар

ККМ

2011 жылғы сәуір

2011 жылғы шілде

40.

Теңіз кемелері мен оларға орнатылған жабдықтардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар

ККМ

2011 жылғы мамыр

2011 жылғы тамыз

41.

Авиациялық техника қауіпсіздігіне қойылатын талаптар

ККМ

2011 жылғы мамыр

2011 жылғы тамыз

42.

Магистралды мұнай құбырлары қауіпсіздігіне қойылатын талаптар

ЭМРМ

2011 жылғы маусым

2011 жылғы қыркүйек

43.

Су астындағы құбырлар мен кәбілдер қауіпсіздігіне қойылатын талаптар

ЭМРМ

2011 жылғы маусым

2011 жылғы қыркүйек

      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
      ККМ                - Қазақстан Республикасы Көлік және
                           коммуникация министрлігі
      Қоршағанортамині   - Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны
                           қорғау министрлігі
      ІІМ                - Қазақстан Республикасы Ішкі істер
                           министрлігі
      ИСМ                - Қазақстан Республикасы Индустрия және
                           сауда министрлігі
      ТЖМ                - Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар
                           министрлігі
      ЭМРМ               - Қазақстан Республикасы Энергетика және
                           минералдық ресурстар министрлігі
      АШМ                - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы
                           министрлігі
      ДСМ                - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау
                           министрлігі
      АБА                - Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және
                           байланыс агенттігі
      ҰҚК                - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік
                           комитеті