Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 8 мамырдағы № 674 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 29 желтоқсандағы № 2217 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Нұрлы көш» бағдарламасының пилоттық жобаларына қатысушыларға тұрғын үй сату ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 8 мамырдағы № 674 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 24-25, 213-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      кіріспедегі «Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының 2008 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 20 тамыздағы № 383 Жарлығына» деген сөздер «2009 - 2011 жылдарға арналған «Нұрлы көш» бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 2 желтоқсандағы № 1126 қаулысына» деген сөздермен ауыстырылсын;
      көрсетілген қаулымен бекітілген «Нұрлы көш» бағдарламасының пилоттық жобаларына қатысушыларға тұрғын үй сату ережесінде:
      2-тармақта:
      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «5) Ақмола облысы Көкшетау қаласының Красный Яр ауылындағы, Ақмола облысы Степногор қаласының Қарабұлақ ауылындағы, Ақтөбе облысы Хромтау ауданының Көктау ауылындағы, Шығыс Қазақстан облысының Курчатов және Өскемен қалаларындағы, Қостанай облысы Қостанай ауданының Заречный кентіндегі, Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының Бәйтерек ауылындағы «Нұрлы көш» бағдарламасының пилоттық жобаларына қатысушылар (бұдан әрі - Бағдарламаға қатысушылар) - оралмандар не Қазақстан Республикасының азаматтығын алған және соңғы үш жылда республика аумағында тұратын көшіп келушілер, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтығын алған немесе ресімдеп жүрген, Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласының «Асар» шағын ауданында меншік немесе жер пайдалану құқығындағы жер учаскелері бар көшіп келушілер;»;
      6) тармақшадағы «пилоттық жобалар» деген сөздердің алдынан «2009 жылғы» деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «6-1) 2010 жылғы пилоттық жобалар - жергілікті атқарушы орган қайтарымды негізде республикалық бюджеттен бөлген қаражат Ақмола облысы Степногор қаласының Қарабұлақ ауылында, Ақтөбе облысы, Хромтау ауданының Көктау ауылында, Шығыс Қазақстан облысының Өскемен қаласында, Қостанай облысы Қостанай ауданының Заречный кентінде, Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының Бәйтерек ауылында, Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласының «Асар» шағын тұрғын үй салу;»;
      мынадай мазмұндағы 7-1) және 7-2) тармақшалармен толықтырылсын:
      «7-1) бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі - Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі;
      7-2) бюджеттік бағдарламаларды іске асыру операторы - Бағдарламаны осы әкімшілік-аумақтық бірліктерде іске асыруды жүзеге асыратын облыстың жергілікті атқарушы органдары.»;
      4-тармақта:
      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Ақмола облысы Көкшетау қаласының Красный Яр ауылындағы, Степногор қаласының Қарабұлақ ауылындағы, Ақтөбе облысы Хромтау ауданының Көктау ауылындағы, Шығыс Қазақстан облысының Курчатов және Өскемен қалаларындағы, Қостанай облысы Қостанай ауданының Заречный кентіндегі, Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының Бәйтерек ауылындағы Бағдарламаға қатысушылар көші-қон жөніндегі уәкілетті органға осы Ережеге қосымшаға сәйкес нысан бойынша жазбаша өтініштерді және мынадай құжаттарды:»;
      1) тармақшада:
      «паспорттың немесе» деген сөздер алынып тасталсын;
      «азаматтығы жоқ тұлға куәлігінің» деген сөздерден кейін «не жеке басын куәландыратын құжаттарының,» деген сөздермен толықтырылсын;
      2) тармақшадағы «куәлігінің» деген сөз «куәлігі болған жағдайда, оның» деген сөздермен ауыстырылсын;
      3) тармақшадағы «тиісті елді мекенде» деген сөздер «Қазақстан Республикасындағы тұрғылықты орны бойынша» деген сөздермен ауыстырылсын;
      5-тармақта:
      бірінші абзацтағы «қаланың, ауданның уәкілетті органына» деген сөздер «көші-қон жөніндегі уәкілетті органға» деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) тармақшада «тиісті елді мекенде» деген сөздер «Қазақстан Республикасындағы тұрғылықты орны бойынша» деген сөздермен ауыстырылсын;
      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «6. Облыстың уәкілетті органдары көші-қон жөніндегі уәкілетті органдар ұсынған Бағдарламаға қатысуға үміткерлердің тізімдері мен құжаттары, сондай-ақ қаланың, ауданның уәкілетті органдары жасаған әрбір елді мекен бойынша қажет мамандықтардың тізімдері негізінде тұрғын үйге үміткерлер тізімін қалыптастырады және тұрғын үй комиссиясына қарауға ұсынады.»;
      7-тармақта:
      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «7. Тұрғын үй комиссиясы облыстың уәкілетті органы ұсынған Бағдарламаға қатысуға үміткерлердің ішінен, олардың жұмыспен қамтылуы және отбасының табысын, сондай-ақ заңды және жеке тұлғалардың кепілгерлік ету мүмкіндіктерін ескере отырып:»;
      екінші абзацта:
      «үміткерлердің» деген сөз «Бағдарламаға қатысушылардың» деген сөздермен ауыстырылсын;
      «(бұдан әрі - тізім)» деген сөздер алынып тасталсын;
      8-тармақтағы «Бағдарламаға» деген сөз «2009 жылғы пилоттық жобалар бағдарламасына» деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 8-1 және 8-2-тармақтармен толықтырылсын:
      «8-1. 2010 жылғы пилоттық жобалар бағдарламасына қатысушыларға тұрғын үй сату үшін бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бюджеттік бағдарламаларды іске асыру операторларына:
      Бағдарламаға қатысушыларға кредиттік шартқа сәйкес тұрғын үй салуға және сатып алуға Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген сыйақы ставкасы бойынша кредит;
      ішкі инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды салуға бюджет қаражатын береді.
      Бюджеттік бағдарламаларды іске асыру операторы (Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласының «Асар» шағын ауданын қоспағанда):
      Банкпен Ынтымақтастық туралы екі жақты келісім жасасады, онда тараптардың пилоттық жобаны іске асыру шеңберіндегі құқықтары мен міндеттері регламенттеледі;
      құрылыс салушы компаниялар арасында тұрғын үй салуға конкурс өткізеді, құрылыс салушы компанияны айқындайды және Тұрғын үй салуға екі жақты келісім жасасады.
      2010 жылы бюджеттік бағдарламаларды іске асыру операторы Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласының «Асар» шағын ауданындағы Бағдарламаға қатысушымен және Бағдарламаға қатысушы таңдап алған салушымен үш жақты шарт жасасады.
      8-2. Сыртқы инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жергілікті атқарушы орган жүзеге асырады.»;
      «Ақмола облысы Көкшетау қаласының Красный Яр ауылындағы және Шығыс Қазақстан облысының Курчатов қаласындағы Бағдарламаға қатысушыларға тұрғын үй сату тәртібі» деген кіші бөлімнің атауы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Ақмола облысы Көкшетау қаласының Красный Яр ауылындағы, Ақмола облысы Степногор қаласының Қарабұлақ ауылындағы, Ақтөбе облысы Хромтау ауданының Көктау ауылындағы, Шығыс Қазақстан облысының Курчатов және Өскемен қалаларындағы, Қостанай облысы Қостанай ауданының Заречный кентіндегі, Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының Бәйтерек ауылындағы Бағдарламаға қатысушыларға тұрғын үй сату тәртібі»;
      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «10. Тұрғын үй комиссиясы ай сайын, келесі айдың 5-күнінен кешіктірмей Бағдарламаға қатысушылардың тізімін:
      2009 жылы - Банк пен ӘКК-ге;
      2010 жылы - Банк пен бюджеттік бағдарламаларды іске асыру операторына бір мезгілде жібереді.»;
      11-тармақтың бірінші абзацындағы «ӘКК Келісімге сәйкес» деген сөздер «2009 жылы ӘКК, ал 2010 жылы бюджеттік бағдарламаларды іске асыру операторы» деген сөздермен ауыстырылсын;
      12-тармақтағы «ӘКК» деген аббревиатурадан кейін «немесе бюджеттік бағдарламаларды іске асыру операторы» деген сөздермен толықтырылсын;
      13-тармақтағы «ӘКК» деген аббревиатурадан кейін «немесе бюджеттік бағдарламаларды іске асыру операторы» деген сөздермен толықтырылсын;
      14-тармақта:
      «ӘКК-ге» деген аббревиатурадан кейін «немесе бюджеттік бағдарламаларды іске асыру операторына» деген сөздермен толықтырылсын;
      «Келісімге сәйкес» деген сөздер алынып тасталсын;
      15-тармақтағы «Банк пен ӘКК-ге» деген сөздер «Банк пен бюджеттік бағдарламаларды іске асыру операторына бір мезгілде» деген сөздермен ауыстырылсын;
      16-тармақтағы «ӘКК» деген аббревиатурадан кейін «немесе бюджеттік бағдарламаларды іске асыру операторы» деген сөздермен толықтырылсын;
      18-тармақтағы «ӘКК» деген аббревиатурадан кейін «немесе бюджеттік бағдарламаларды іске асыру операторы» деген сөздермен толықтырылсын;
      19-тармақтағы «ӘКК» деген аббревиатурадан кейін «немесе бюджеттік бағдарламаларды іске асыру операторы» деген сөздермен толықтырылсын;
      21-тармақта:
      «қарыз сомасын» деген сөздердің алдынан «жылдық 4,5 %-бен» деген сөздермен толықтырылсын;
      «ӘКК» деген аббревиатурадан кейін «немесе бюджеттік бағдарламаларды іске асыру операторы» деген сөздермен толықтырылсын;
      22-тармақта:
      бірінші абзацтағы «ӘКК» деген аббревиатурадан кейін «немесе бюджеттік бағдарламаларды іске асыру операторы» деген сөздермен толықтырылсын;
      екінші абзацтағы «ӘКК» деген аббревиатурадан кейін «немесе бюджеттік бағдарламалардың операторы» деген сөздермен ауыстырылсын;
      «Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласының «Асар» шағын ауданындағы Бағдарламаға қатысушыларға тұрғын үй сату тәртібі» деген кіші бөлімнің тақырыбы «2009 жылы» деген сөздермен басталсын;
      37-тармақтың екінші абзацындағы «қарыз сомасын» деген сөздердің алдынан «жылдық 4,5 %-бен» деген сездермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы кіші бөліммен толықтырылсын:
      «2010 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласының «Асар» шағын ауданындағы Бағдарламаға қатысушыларға тұрғын үй сату тәртібі
      38. Бюджеттік бағдарламаларды іске асыру операторы тұрғын үй комиссиясынан алынған тізім негізінде он жұмыс күні ішінде әрбір Бағдарламаға қатысушымен және Бағдарламаға қатысушы таңдап алған құрылыс салушымен үш жақты шарт жасасады, онда мынадай:
      1) Бағдарламаға қатысушының:
      а) Банкпен тұрғын үй құрылыс жинақтары туралы шарт жасасу:
      тұрғын үй құрылысы аяқталғаннан кейін тұрғын үй құрылыс жинақтары туралы шарттың талаптарына сәйкес тұрғын үй құнының 5 %-ы сомасында Банкке бастапқы жарна енгізу туралы;
      тұрғын үй қарызын алу және тұрғын үйді кепіл ретінде беру мақсатында тұрғын үй құрылысы аяқталғаннан кейін тұрғын үй құрылыс жинақтары туралы шарттың талаптарына сәйкес 5,5 жылдан аспайтын мерзімде Банктегі шотта жинақтауды жүзеге асыру туралы;
      б) жер учаскесін кепіл ретінде беру;
      2) Бағдарламаға қатысушы таңдап алған салушының:
      тұрғын үйді уақтылы және сапалы салуды қамтамасыз ету;
      бюджеттік бағдарламаларды іске асыру операторына орындалған жұмыстар актілерін уақтылы ұсыну;
      3) бюджеттік бағдарламаларды іске асыру операторының:
      құрылыс салушы орындалған жұмыстар актісін ұсынғаннан кейін тұрғын үй құрылысын қаржыландыру;
      құрылыс салушы орындаған жұмыстардың сапасын бақылауды жүзеге асыру;
      құрылыс салушының құрылысқа бөлінген қаражатты мақсатты пайдалануын бақылауды жүзеге асыру міндеттері көзделеді.
      39. Бюджеттік бағдарламаларды іске асыру операторы осы Ереженің 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18, 19, 20, 21 және 22-тармақтарына сәйкес тұрғын үйді сатуды жүзеге асырады.
      40. Бюджеттік бағдарламаларды іске асыру операторы қаражат Банктен оның шотына түскеннен кейін жер учаскесі түрінде берілген кепілдік мүлікті Бағдарламаға қатысушыға қайтарады.».
      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                К. Мәсімов