Тауар шығарылған елді анықтау, тауардың шығу тегі туралы сараптама актісін жасау және беру әрі тауардың шығу тегі туралы сертификатты ресімдеу, куәландыру және беру жөніндегі ережені бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 22 қазандағы N 1647 Қаулысы

Қолданыстағы

      "Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңының 6-бабының 11) тармақшасына, "Сауда-өнеркәсіп палаталары туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 3 мамырдағы Заңының 18-1-бабының 6-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Тауар шығарылған елді анықтау, тауардың шығу тегі туралы сараптама актісін жасау және беру әрі тауардың шығу тегі туралы сертификатты ресімдеу, куәландыру және беру жөніндегі ереже бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің       
2009 жылғы 22 қазандағы 
N 1647 қаулысымен    
бекітілген      

Тауар шығарылған елді анықтау, тауардың шығу тегі туралы
сараптама актісін жасау және беру әрі тауардың шығу тегі туралы
сертификатты ресімдеу, куәландыру және беру жөніндегі
ЕРЕЖЕ

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Тауар шығарылған елді анықтау, тауардың шығу тегі туралы сараптама актісін жасау және беру әрі тауардың шығу тегі туралы сертификатты ресімдеу, куәландыру және беру жөніндегі ереже (бұдан әрі - Ереже) "Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңына және "Сауда-өнеркәсіп палаталары туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 3 мамырдағы Заңына сәйкес әзірленді және тауар шығарылған елді анықтау, тауардың шығу тегі туралы сараптама актісін жасау және беру әрі Қазақстан Республикасының аумағында тауарды жеткілікті дәрежеде қайта өңдеу өлшемдеріне сәйкес өндірілген немесе жеткілікті дәрежеде қайта өңделген тауардың шығу тегі туралы сертификатты ресімдеу, куәландыру және беру тәртібін айқындайды.
      2. Осы Ереже:
      1) техникалық реттеу және өлшемдер бірлігін қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органға;
      2) ішкі айналым үшін тауардың шығу тегі туралы сертификат беру жөніндегі уәкілетті органға;
      3) аумақтық сауда-өнеркәсіп палаталарына;
      4) тауар шығарылған елді анықтау жөніндегі сараптамалық ұйымдарға;
      5) тауар шығарылған елді анықтау жөніндегі сарапшы аудиторларға;
      6) тауардың шығу тегі туралы сертификат алуға мүдделі жеке немесе заңды тұлғаларға қолданылады.
      3. Осы Ережеде мынадай ұғымдар қолданылады:
      адвалорлық үлес - пайдаланылатын материалдар құнының пайыздық үлесі немесе жеткізілетін тауардың "франко-зауыт" бағасында тіркелген пайыздық үлеске жететін қосылған құн;
      тауардың шығу тегі туралы сертификат беру - тауардың шығу тегі туралы сертификаттарды тіркейтін журналға қол қойғызып, ресімделген және куәландырылған тауардың шығу тегі туралы сертификатты өтініш берушіге беру;
      тауардағы қазақстандық қамту үлесі - пайдаланылатын қазақстандық материалдар құны мен тауарларды өндірушінің Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асырылатын тауарды қайта өңдеуге жұмсаған шығынының тауардың түпкілікті құнындағы пайыздық құрамы;
      өтініш беруші - тауардың шығу тегі туралы сертификат алуға мүдделі жеке немесе заңды тұлға;
      экономикалық қызмет түрлері бойынша өнім жіктеуіші - экономикалық қызмет түрлері бойынша өнімдерді жіктеу мен кодтау тәртібін белгілейтін өнім жіктеуіші;
      тауарды жеткілікті дәрежеде қайта өңдеу өлшемдері - тауарлар шығарылған елді айқындау қағидаттарының бірі, оған сәйкес егер тауарды өндіруге екі немесе одан да көп ел қатысса, тауарға тән қасиеттерді беру үшін, тауар соңғы рет елеулі қайта өңдеуге қай жерде үшыраса, сол елден шығарылды деп саналады;
      кумулятивтік қағидат - тауар шығарылған елді анықтау қағидаттарының бірі, оған сәйкес тауардың шығу тегі тауарды 1994 жылғы 15 сәуірдегі Еркін сауда аймағын құру туралы келісімге (бұдан әрі - Келісім) қатысушы мемлекеттерде дәйекті түрде қайта өңдеу нәтижесінде түпкілікті тауарды шығарған ел бойынша анықталады;
      тауардың шығу тегі туралы сертификатты ресімдеу - тауардың шығу тегі туралы сертификат бланкісін толтыру;
      кері экспорт - шетелден әкелінген тауарларды қайта өңдемей елден әкету;
      тауардың шығу тегі туралы сертификат - егер әкетілетін елде сертификат тауар шығарылған елден алынған мәліметтер негізінде берілсе, тауар шығарылған елді куәландыратын және осы мемлекеттің немесе әкететін мемлекеттің заңнамасына сәйкес берілген құжат;
      тауар шығарылған ел - тауар толық шығарылған немесе жеткілікті дәрежеде қайта өңделген ел;
      аумақтық сауда-өнеркәсіп палатасы - Қазақстан Республикасынан экспортталатын немесе кері экспортталатын тауардың шығу тегі туралы сертификатты ресімдеуді, куәландыруды және беруді жүзеге асыратын коммерциялық емес ұйым;
      тауар - Қазақстан Республикасының аумағында өткізілетін немесе Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы тасымалданатын мүлік, оның ішінде электр, энергияның жылу мен өзге де түрлері, сондай-ақ жолаушылар мен тауарларды халықаралық тасымалдауды жүзеге асыру үшін пайдаланылатын көлік құралдарын қоспағанда, көлік құралдары;
      сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы - сандық белгі немесе топтық сандық белгілер (кодтар) түрінде өзіне тауарлық топтарды, позицияларды, субпозицияларды, субпозицияларға жататындарды қамтитын тауарлар жіктеуіші. Жіктеуіштің кез келген деңгейінде позицияларға берілетін түсініктер, сондай-ақ сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы түсіндірмесінің негізгі ережелері сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасының ажырамас бөлігі болып табылады;
      тауардың шығу тегі туралы сертификатты куәландыру - тауардың шығу тегі туралы сертификатты куәландыруға уәкілетті тұлғаның қолымен, тауардың шығу тегі туралы сертификатты беруге уәкілетті органның мөрімен растау;
      техникалық реттеу және өлшемдер бірлігін қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган - техникалық реттеу және өлшемдер бірлігін қамтамасыз ету саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
      ішкі айналым үшін тауардың шығу тегі туралы сертификат беру жөніндегі уәкілетті орган - ішкі айналым үшін тауардың шығу тегі туралы сертификат беруге Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген мемлекеттік орган;
      "франко-зауыт" шарттарындағы баға - шығарылған тауарды экспорттау кезінде төленген немесе төленуі мүмкін кез келген ішкі салықтарды қоспағанда, кәсіпорнында франко-зауыт шарттарында соңғы рет қайта өңдеу жүргізілген өндірушіге төленетін тауар бағасы;
      сараптама ұйымы - штатында тауар шығарылған елді анықтау жөніндегі сарапшы аудиторы бар, тауардың шығу тегіне сараптама жүргізу жөніндегі жұмысты жүзеге асыратын заңды тұлға;
      тауар шығарылған елді анықтау жөніндегі сарапшы аудитор - техникалық реттеу және өлшемдер бірлігін қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен аттестатталған маман;
      экспорт - отандық не бұрын шетелден әкелінген және оларды сыртқы нарықта өткізу үшін қайта өңдеуге ұшыраған тауарларды елден әкету.

2-тарау. Тауар шығарылған елді айқындау және Қазақстан
Республикасынан экспортталатын, кері экспортталатын тауарларға
тауардың шығу тегі туралы сертификатты ресімдеу, куәландыру
және беру

§ 1. Тауар шығарылған елді айқындау

      4. Тауар шығарылған елді айқындау үшін, тауардың:
      1) толығымен Қазақстанда шығарылғаны;
      2) тауарды жеткілікті дәрежеде қайта өңдеу өлшемін ескере отырып, Қазақстанда шығарылғандығы;
      3) шетелде шығарылғандығы белгіленуге тиіс.
      5. Толығымен Қазақстан Республикасында шығарылды деп есептелетін тауарларды айқындау Қазақстан Республикасы Кеден кодексінің 34-бабына сәйкес жүргізіледі.
      6. Егер тауарды өндіруге екі және одан да көп ел қатысса, жеткілікті дәрежеде қайта өңдеу өлшемдеріне жауап беретін, тауарды қайта өңдеу жөніндегі соңғы операцияларды жүзеге асырылған ел тауарды шығарған ел болып саналады.
      7. Тауарды жеткілікті қайта өңдеу өлшемдері Қазақстан Республикасы Кеден кодексінің 35-бабының 2-тармағында белгіленген.
      8. Тауарды жеткілікті қайта өңдеудің негізгі өлшемі үшінші елдер тауарды өндіруде пайдаланған кезде тауарға шығу тегі мәртебесін беру үшін қажетті шарттардың, өндірістік және технологиялық операциялардың тізбесіне енгізілген тауарларды қоспағанда, тауарды қайта өңдеу нәтижесінде пайда болған алғашқы төрт белгінің кез келгенінің деңгейінде тауардың сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы бойынша кодын өзгерту болып табылады.
      Аталған тізбеге шарттардың бірі ретінде адвалорлық үлес ережесі жеке де, тауарды жеткілікті дәрежеде қайта өңдеудің басқа өлшемдеріне үйлестіріліп те енгізілген.
      Тауарды жеткілікті дәрежеде қайта өңдеу өлшемін бағалау үшін кумулятивтік қағидат қолданылуы мүмкін, оған сәйкес Келісімге қатысушы мемлекеттерде тауарды дәйекті түрде қайта өңдеу нәтижесінде тауардың шығу тегі тауарды соңғы дайындаған ел бойынша айқындалады.
      Егер Келісімге қатысушы мемлекеттердің бірінде түпкілікті тауарды өндіруде Келісімге басқа қатысушы мемлекеттерден шығарылған, тауардың шығу тегі туралы сертификатпен расталған және Келісімге басқа қатысушы мемлекеттерде кезең-кезеңімен одан әрі өңдеуге ұшырайтын шикізат пен материалдар пайдаланылса, онда тауар соңғы рет өңдеуге ұшыраған ел осындай тауар шығарылған ел болып табылады.
      Шикізаттың немесе материалдардың шығу тегі туралы сертификат болмаған жағдайда, түпкілікті тауарды шығарған елді анықтау Қазақстан Республикасы Кеден кодексінің 35-бабының 2-тармағында белгіленген.
      Қазақстан Республикасынан шығарылатын және экспортталатын тауарлар шығарылған елді айқындау үшін, шарттардың, өндірістік және технологиялық операциялардың тізбесі Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Үкіметтерінің басшылары кеңесінің 2000 жылғы 30 қарашадағы шешімімен бекітілген Тауарлар шығарылған елді айқындау ережесінде және Еуропалық экономикалық қоғамдастықтың N 2454/93 нұсқаулығында берілген.
      9. Тауарды жеткілікті дәрежеде қайта өңдеу өлшемдеріне жауап бермейтін шарттар Қазақстан Республикасы Кеден кодексінің 35-бабының 5-тармағында белгіленген.
      10. Егер адвалорлық үлес ережесі қолданған жағдайда, тауарды өндірудегі адвалорлық үлес есебі Қазақстан Республикасы Кеден кодексінің 35-бабының 4-тармағына сәйкес жүргізіледі.
      Адвалорлық үлестің тауарды өндірудегі есебі осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес формула бойынша жүргізіледі.
      11. Бөлшектенген немесе құралмаған түрінде жеткізілетін тауарлардың шығарылған елін айқындау Қазақстан Республикасы Кеден кодексінің 36-бабына сәйкес жүргізіледі.
      12. Тауарлар шығарылған елді айқындау кезіндегі ерекшеліктер Қазақстан Республикасы Кеден кодексінің 37-бабында белгіленген.
      13. Тауар шығарылған елді айқындау жөніндегі сараптамаға байланысты жұмыстар өтінім мен өтініш беруші тапсырған құжаттар пакеті негізінде осы Ереженің 16-тармағында көрсетілген тізбеге сәйкес шарттық негізде жүргізіледі.
      14. Тауардың шығу тегінің сараптамасын тауар шығарылған елді айқындау жөніндегі сарапшы аудитор тауардың шығу тегін растайтын толық құжаттар пакетімен бірге өтінім ұсынылған және тіркелген сәттен бастап жиырма төрт сағат ішінде жүзеге асырады.
      15. Тауардың шығу тегінің сараптамасы мыналарды қамтиды:
      1) техникалық реттеу және өлшемдер бірлігін қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган бекітетін тізбе бойынша тауардың шығу тегін растайтын құжаттардың сараптамасы;
      2) тауарды сыртқы белгілері бойынша, таңбалауы бойынша (атауы, үлгісі, түрі, қаптамасы, сыныбы, дайындаушы кәсіпорын), қажет болған кезде тауар тұрған жерге барып сәйкестендіру;
      3) тауарды жеткілікті дәрежеде қайта өңдеу өлшемін белгілеу және тауардың қосылған құнын айқындау мақсатында тауарды өндірудің технологиялық үдерісінің сараптамасы.
      16. Тауардың шығу тегіне сараптама жүргізуге, сондай-ақ тауарды кері экспорттау кезінде осы Ереженің 2-қосымшасына сәйкес өтініммен бірге мынадай құжаттар ұсынылады:
      1) өтініш берушінің құқықтық мәртебесін растайтын құжаттар (заңды тұлға құрмай, кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғалар үшін - паспорт, жеке куәлік, дара кәсіпкердің патенті немесе куәлігі);
      2) сыртқы сауда келісім-шартының (шарттың) түпнұсқасы мен көшірмесі;
      3) тауарға берілетін шот-фактураның немесе инвойстың түпнұсқасы мен көшірмесі;
      4) техникалық реттеу және өлшемдер бірлігін қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган бекітетін тізбе бойынша тауардың шығу тегін растайтын құжаттардың түпнұсқасы мен көшірмесі;
      5) қызмет түріне берілетін лицензияның түпнұсқасы мен көшірмесі;
      6) тауарды жеткілікті дәрежеде қайта өңдеу өлшемдерін айқындауға арналған құжаттардың түпнұсқасы мен көшірмесі (тауарды өндіруде пайдаланылатын шикізат пен құрауыштардың құны, шикізатты жеткізуге арналған шарттар, шоттар, төлем тапсырмалары, көліктік және басқа жүкқұжаттар, оларға сәйкес тауар өндірілген нормативтік және технологиялық құжаттар, шетелде шығарылған пайдаланылатын шикізат немесе құрауыш бағасын ескере отырып, тауардың өзіндік құн есебі, шығын калькуляциясы, қосылған құн);
      7) егер тауар жануарлардан алынған, өзен және теңіз кәсіпшілігінен шыққан болса, ветеринариялық куәліктің түпнұсқасы мен көшірмесі;
      8) қоймадағы тауардың бар екендігі және мөлшері туралы қойманың мекен-жайы көрсетілген қоймалық анықтаманың түпнұсқасы мен көшірмесі;
      9) өтініш берушінің мүддесін білдіруге берілген сенімхаттың түпнұсқасы мен көшірмесі;
      10) жеміс-көкөніс өнімдері үшін: тауар өндірушімен жасалған шарттың түпнұсқасын немесе нотариалды куәландырылған көшірмесін міндетті түрде ұсынумен, өтініш берілген өнім легінің көрсетілген аумақта өсірілгені туралы Қазақстан Республикасының тиісті аумақтық бірлігінің жергілікті атқарушы органының растау анықтамасының түпнұсқасы мен көшірмесі және өнімді өндірушімен жасалған шарт, тауарды сатып алу шарты.
      Құжаттардың түпнұсқалары оларды көшірмелерімен сәйкестендіргеннен кейін бір жұмыс күні ішінде өтініш берушіге қайтарылады.
      17. Қосымша зерттеулер жүргізу қажет болған жағдайда, сараптама ұйымы мыналарды:
      1) шикізаттың, материалдардың, құрауыштардың шығу тегін растайтын рұқсаттардың, лицензиялардың, құжаттардың түпнұсқалары мен көшірмелерін;
      2) егер зертханалық сынақтар мен зерттеулерсіз тауарды сәйкестендіру мүмкін болмаса, аккредиттелген сынақ зертханалары (орталықтары) берген сынақтар хаттамасын сұрайды.
      Құжаттардың түпнұсқалары оларды көшірмелерімен сәйкестендіргеннен кейін бір жұмыс күні ішінде өтініш берушіге қайтарылады.
      18. Сараптама нәтижелері бойынша сараптама ұйымы осы Ереженің 3-қосымшасына сәйкес тауардың:
      1) тауарды жеткілікті дәрежеде қайта өңдеу өлшемін ескере отырып, Қазақстанда шығарылғандығы;
      2) шетелде шығарылғандығы туралы тауар шығарылған елді айқындау жөніндегі сарапшы аудитор жасаған тауардың шығу тегі туралы сараптама актісін береді.
      19. Біліктілік аттестатын алған және тауар шығарылған елді айқындау жөніндегі сарапшы аудиторлардың тізіліміне енгізілген тауар шығарылған елді айқындау жөніндегі сарапшы аудитор сараптама жүргізеді және сараптама қорытындысына қол қояды.
      20. Сараптама ұйымын таңдауды өтініш беруші өзі жүзеге асырады. Тауар шығарылған елді айқындау жөніндегі сарапшы аудиторлардың тізілімі мен сараптама ұйымдарының тізімі техникалық реттеу және өлшемдер бірлігін қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органның сайтына орналастырылады.
      21. Тауарды кері экспорттау кезінде аумақтық сауда-өнеркәсіп палатасына тауардың Қазақстан Республикасына әкелінгенін растайтын қосымша құжаттар ұсынылады (тауардың шығу тегі туралы сертификаттың, жүк кеден декларациясының және тауарға ілеспе құжаттардың көшірмелері).

§ 2. Тауардың шығу тегі туралы сертификатты ресімдеу,
куәландыру және беру

      22. Тауардың шығу тегі туралы сертификатты ресімдеу алдында аумақтық сауда-өнеркәсіп палатасының уәкілетті тұлғасы тауардың шығу тегі туралы сертификатты ресімдеу туралы қорытынды жасайды. Бұл үшін өтініш беруші ұсынған тауардың шығу тегін растайтын құжаттарға талдау және оны тиісті түрде ресімдеу мәніне тауардың шығу тегі туралы сараптама актісін талдау жүргізіледі.
      23. Тауардың шығу тегі туралы сертификатты ресімдеу, куәландыру және беру мынадай нысандар бойынша жүзеге асырылады:
      1) "СТ-1" нысанындағы сертификат - Қазақстан Республикасынан Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдеріне шығарылатын тауарларға;
      2) "А" нысанындағы сертификат - Еуропалық қоғамдастық елдеріне экспортталатын тауарларға;
      3) "Оригинал" нысанындағы сертификат - осы тармақтың 1) және  2) тармақшаларында көрсетілмеген елдерге шығарылатын тауарларға ағылшын немесе орыс тілдерінде (өтінім беруші айқындайды).
      Сауда-өнеркәсіп палатасы техникалық реттеу және өлшемдер бірлігін қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган бекіткен бланкілердің нысандарына сәйкес тауардың шығу тегі туралы сертификат бланкілерін дайындауды жүзеге асырады.
      24. Тауардың шығу тегі туралы сертификат осы Ережеге 4-қосымшаға сәйкес өтініш және "Сауда-өнеркәсіп палаталары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18-1-бабының 2-тармағында көрсетілген құжаттар негізінде бір жұмыс күні ішінде ресімделеді, куәландырылады және беріледі.
      Қазақстан Республикасы Кеден кодексінің 34-бабында көзделген толықтай Қазақстан Республикасында өндірілген тауарларға арналған тауардың шығу тегі туралы сертификат "Сауда-өнеркәсіп палаталары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18-1-бабының 2-тармағының 1) және 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттар негізінде беріледі.
      25. Тауарды Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан шығарған кезде тауардың шығу тегі туралы сертификат тауардың бір жүк жөнелтушіден екінші жүк жөнелтушіге бір немесе бірнеше көлік құралымен жүзеге асырылатын әрбір жөнелтілетін легіне ресімделеді.
      26. Тауардың шығу тегі туралы сертификат үш данада ресімделеді. Сертификаттың түпнұсқасы мен бір көшірмесі өтініш берушіге беріледі, ал екінші көшірмесі тауардың шығу тегі туралы сертификат берген аумақтық сауда-өнеркәсіп палатасында сақталады.
      27. Тауардың шығу тегі туралы сертификатты аумақтық сауда-өнеркәсіп палатасының тұлғасы ресімдейді, куәландырады және береді.
      28. Тауардың шығу тегі туралы сертификаттың қолданылу мерзімі ол берілген күнінен бастап он екі айды құрайды.
      29. Егер онда тазартып өшірулер, түзетілген жерлері, расталмаған түзетулер болса, қажетті қолдар және (немесе) мөрлер болмаса, тауардың шығу тегі туралы сертификат жарамсыз болып саналады.
      Тауардың шығу тегі туралы сертификатта қамтылған мәліметтер өзгерген жағдайда, жаңа сертификат тек өтініш беруші бұрын берілген және тауардың шығу тегі туралы сертификатты берген кезде негіздеме ретінде тігілетін сертификатты қайтарғаннан кейін ғана, сондай-ақ осы өзгерістерді растайтын қажетті құжаттар болған кезде беріледі.
      30. Ресімделген сертификаттар берілген тауардың шығу тегі туралы сертификаттарды тіркеу журналына өтініш беруші қол қойғаннан кейін беріледі.
      31. Тауардың шығу тегі туралы сертификаттардың өзге тұлғаларға беруге рұқсат етілмейді.
      32. Тауардың шығу тегі туралы сертификаттардың көшірмелері мен беруге негіз болған құжаттар аумақтық сауда-өнеркәсіп палатасында тауардың шығу тегі туралы сертификат берілген күнінен бастап кемінде үш жыл сақталады.
      33. Тауар шығарылған елде "СТ-1" нысанындағы сертификаттың көшірмесі болса, Келісімге қатысушы мемлекеттер шеңберінде тауарларды кері экспорттау кезінде алмастырушы сертификат берілуі мүмкін.
      Тауарларды Келісімге қатысушы мемлекеттер шеңберінде, олардың аумақтарында дайындалған және Келісімге қатысушы мемлекеттердің кедендік аумақтарына, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Үкімет басшылары кеңесінің 1993 жылғы 24 қыркүйектегі шешімімен бекітілген тауардың шығу тегін айқындау ережесі күшіне енгенге дейін кері экспорттау кезінде, "СТ-1" нысанындағы тауардың шығу тегі туралы сертификат берілуі мүмкін. Сертификатты тауарды шығарушы туралы (атауы, Кеңестер Социалистік Республикалар Одағының Республикасы мен почталық мекен-жайын көрсете отырып) және тауардың дайындалған жылын растаушы құжаттар ұсынылған жағдайда берілуі мүмкін.

3-тарау. Ішкі айналым үшін тауар шығарылған елді айқындау және
тауардың шығу тегі туралы сертификатты ресімдеу, куәландыру
және беру

§ 1. Ішкі айналым үшін тауар шығарылған елді айқындау

      34. Тауар шығарылған елді анықтау үшін, тауардың:
      1) толықтай Қазақстанда шығарылғандығы;
      2) жеткілікті дәрежеде қайта өңдеу өлшемдерін ескере отырып, Қазақстанда шығарылғандығы белгіленуі тиіс.
      35. Толықтай Қазақстан Республикасында шығарылды деп саналатын тауарларды айқындау Қазақстан Республикасы Кеден кодексінің 34-бабына сәйкес жүргізіледі.
      36. Тауарды жеткілікті дәрежеде қайта өңдеу өлшемдері Қазақстан Республикасы Кеден кодексінің 35-бабының 2-тармағында белгіленген.
      37. Үшінші елдердің тауарларын өндірісте пайдаланған кезде тауарға шығу тегі мәртебесін беру үшін қажетті шарттардың, өндірістік және технологиялық операциялардың тізбесіне енгізілген тауарларды қоспағанда, сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы бойынша тауар кодын қайта өңдеу нәтижесінде алғашқы төрт белгінің кез келгенінің деңгейінде өзгерту тауарды жеткілікті дәрежеде қайта өңдеудің негізгі өлшемі болып табылады.
      Осы тізбеге шарттардың бірі ретінде адвалорлық үлес ережесі дербес те, тауарды жеткілікті дәрежеде қайта өңдеудің басқа өлшемдерімен үйлестіріліп те енгізілген.
      Арнайы экономикалық аймақтар мен Қазақстанда одан әрі айналымға арналған Қазақстан Республикасының бос қоймаларының аумағында шығарылатын, тауарлар шығарылған елді анықтау үшін нақты тауарларға қатысты тауарға шығу тегі мәртебесін беру үшін қажетті өндірістік және технологиялық операциялардың тізбесі "Тауарларды жеткілікті өңдеу өлшемдерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 15 қазандағы N 1054 қаулысымен белгіленген.
      38. Тауарды жеткілікті дәрежеде қайта өңдеу өлшемдеріне сай келмейтін шарттар Қазақстан Республикасы Кеден кодексінің 35-бабының 5-тармағында белгіленген.
      39. Егер адвалорлық үлес ережесі қолданылған жағдайда, тауарды өндірудегі адвалорлық үлес есептемесі Қазақстан Республикасы Кеден кодексінің 35-бабының 4-тармағына сәйкес жүргізіледі.
      Тауарды өндірудегі адвалорлық үлес есептемесі осы Ереженің 1-қосымшасындағы формулаға сәйкес жүргізіледі.
      40. Бөлшектенген немесе құрастырылмаған түрде жеткізілетін тауарлар шығарылған елді айқындау Қазақстан Республикасы Кеден кодексінің 36-бабына сәйкес жүргізіледі.
      41. Тауар шығарылған елді айқындау кезіндегі ерекшеліктер Қазақстан Республикасы Кеден кодексінің 37-бабында белгіленген.
      42. Тауар шығарылған елді айқындау жөніндегі сараптамаға байланысты жұмыстар шарттық негізде және өтінім мен осы Ереженің 64-тармағында көрсетілген тізбеге сәйкес өтініш беруші ұсынған құжаттар негізінде жүргізіледі.
      43. Тауардың шығу тегінің сараптамасын тауар шығарылған елді айқындау жөніндегі сарапшы аудитор тауардың шығу тегін растайтын құжаттардың толық пакеті бар өтінім ұсынылған және тіркелген сәттен бастап жиырма төрт сағат ішінде жүзеге асырады.
      44. Тауардың шығу тегінің сараптамасы:
      1) осы Ереженің 45-тармағына сәйкес тауардың шығу тегін растайтын құжаттардың сараптамасын;
      2) қажет болған кезде тауар орналастырылған жерге барып тауарды сыртқы белгілері бойынша, таңбалануы бойынша сәйкестендіруді (атауы, үлгісі, қаптамасы, сыныбы, шығарушы кәсіпорны);
      3) тауарды жеткілікті дәрежеде қайта өңдеу өлшемін белгілеу және тауардың қосымша құнын айқындау мақсатында тауарды өндіру кезіндегі үрдістің сараптамасын қамтиды.
      45. Тауардың шығу тегіне сараптама жүргізуге осы Ереженің 5-қосымшасына сәйкес өтініммен бірге мынадай құжаттар тапсырылады:
      1) өтінім берушінің заңды мәртебесін растайтын құжаттар (заңды тұлға құрмай, кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғалар үшін - паспорт, жеке куәлік, дара кәсіпкердің патенті немесе куәлігі);
      2) тауардың шығу тегін растайтын құжаттардың түпнұсқасы мен көшірмесі (тауарды өндірушімен немесе тауарды алуға жасалған шарт, жүкқұжаттар, шот-фактуралар, тауарды тасымалдау туралы құжаттар);
      3) қызмет түріне берілген лицензияның түпнұсқасы және көшірмесі;
      4) тауарды жеткілікті дәрежеде қайта өңдеу өлшемін айқындауға арналған құжаттардың түпнұсқасы мен көшірмелері (тауар өндірісінде пайдаланылатын шикізат пен құрамдауыштардың құны, шикізатты жеткізуге арналған шарттар, шоттар, төлем тапсырмалары, көліктік және басқа жүкқұжаттар, тауар соларға сәйкес өндірілетін нормативтік және технологиялық құжаттар, шетелде шығарылған шикізат немесе құрамдауыш құнын ескере отырып, тауардың өзіндік құнының есептемесі, шығындар калькуляциясы, қосылған құны);
      5) егер тауар жануар тектес болса, өзен және теңіз кәсіпшілігінің тауары болып табылса, ветеринариялық куәліктің түпнұсқасы және көшірмесі;
      6) қойманың мекен-жайын көрсете отырып, қоймадағы тауардың бар екендігі және саны туралы қоймалық анықтаманың түпнұсқасы және көшірмесі;
      7) өтініш берушінің мүддесін білдіруге арналған сенімхаттың түпнұсқасы және көшірмесі;
      8) жеміс-көкөніс өнімдері үшін: Қазақстан Республикасының аумақтық бірлігінің жергілікті атқарушы органның өтінім берілген өнім легінің көрсетілген аумақта өсірілгені туралы растау-анықтамасының түпнұсқасы мен көшірмесі және өнімді өндірушімен жасалған шарт, тауарды өндірушімен жасалған шарттың түпнұсқасын немесе нотариалды расталған көшірмесін міндетті түрде ұсына отырып, тауарды сатып алуға арналған шарт.
      Құжаттардың түпнұсқалары көшірмелерімен сәйкестендірілгеннен кейін олар бір жұмыс күні ішінде өтінім берушіге қайтарылады.
      46. Қосымша зерттеу жүргізу қажет болған жағдайда, сараптама ұйымы мыналарды сұратады:
      1) шикізаттың, материалдардың, құрамдауыштардың шығу тегін растайтын рұқсаттардың, лицензиялардың, құжаттардың түпнұсқалары мен көшірмелері;
      2) егер тауарды зертханалық зерттеулерсіз сәйкестендіру мүмкін болмаса, аккредиттелген сынақ зертханалары (орталықтары) берген сынақтар хаттамасы.
      Құжаттардың түпнұсқалары көшірмелерімен сәйкестендірілгеннен кейін олар бір жұмыс күні ішінде өтінім берушіге қайтарылады.
      47. Сараптама нәтижелері бойынша сараптама ұйымы осы Ереженің 6-қосымшасына сәйкес тауар шығарылған елді анықтау жөніндегі сарапшы аудитор жасаған, тауардың:
      1) толық Қазақстанда шығарылғаны;
      2) тауарды жеткілікті дәрежеде қайта өңдеу өлшемдерін ескере отырып, Қазақстанда шығарылған болып табылатыны туралы тауардың шығу тегі туралы сараптама актісін куәландырады және береді.
      48. Сараптаманы біліктілік аттестатын алған және тауар шығарылған елді айқындау жөніндегі сарапшы аудиторлар тізіліміне енген тауар шығарылған елді айқындау жөніндегі сарапшы аудитор жүргізеді және сараптама қорытындысына қол қояды.
      49. Толықтай Қазақстанда шығарылған тауарлардан (шикізаттан, материалдардан, өнімнен) шығарылған тауардың шығу тегін белгілеу кезінде тауардың шығу тегі туралы сараптама актісінде мыналарды көрсету қажет:
      1) осы тауарды шығарудың технологиялық үдерісі (нормативтік құжат, технологиялық нұсқаулар);
      2) тауарды өндіру кезінде пайдаланылған шикізатты материалдарды және құрамдауыштарды жеткізушілер;
      3) сатып алынған шикізат пен құрамдауыштарға ақы төлеу туралы құжаттардың болуы (атауы, нөмірі).

§ 2. Ішкі айналым үшін тауардың шығу тегі туралы сертификатты
ресімдеу, куәландыру және беру

      50. "СТ-KZ" нысанындағы тауардың шығу тегі туралы сертификат осы Ереженің 7-қосымшасына сәйкес бланкіде ресімделеді, куәландырылады және беріледі.
      "СТ-KZ" нысанындағы тауардың шығу тегі туралы сертификат мынадай тауарларға:
      1) тауарды жеткілікті дәрежеде қайта өңдеу өлшемдеріне сәйкес жеткілікті дәрежеде қайта өңделген және арнайы экономикалық аймақтар аумағы мен бос қоймалардан Қазақстан Республикасының кедендік аумағының қалған бөлігіне шығарылатын;
      2) тауарды жеткілікті дәрежеде қайта өңдеу өлшемдеріне сәйкес  Қазақстан Республикасы аумағында өндірілген жеткілікті дәрежеде қайта өңделген және Қазақстан Республикасының кедендік аумағында сатылатын тауарларға ресімделеді, куәландырылады және беріледі.
      51. Тауарды арнайы экономикалық аймақтар аумағынан және бос қоймалардан Қазақстан Республикасының кедендік аумағының қалған бөлігіне шығарған және (немесе) тауарды Қазақстан Республикасының аумағында сатқан кезде "СТ-KZ" нысанындағы тауардың шығу тегі туралы сертификат тауарды жеткізуге ресімделеді және өндірушіге немесе уәкілетті тұлғаға беріледі.
      52. "СТ-KZ" нысанындағы тауардың шығу тегі туралы сертификат:
      1) осы Ережеге 8-қосымшаға сәйкес өтінім;
      2) тауардың шығу тегі туралы сараптама актісі;
      3) осы Ереженің 45-тармағына сәйкес өтініш беруші сараптамаға берген құжаттар;
      4) қоса берілген құжаттар тізімдемесі негізінде ресімделеді, куәландырылады және беріледі.
      53. "СТ-KZ" нысанындағы тауардың шығу тегі туралы сертификат осы Ереженің 60-тармағында баяндалған тәртіпке сәйкес толтырылады, ішкі айналым үшін тауардың шығу тегі туралы сертификатты беру жөніндегі уәкілетті органның уәкілетті тұлғасы куәландырады.
      54. Ішкі айналым үшін тауардың шығу тегі туралы сертификатты беру жөніндегі уәкілетті орган осы Ереженің талаптарына сәйкес "СТ-KZ" нысанындағы тауардың шығу тегі туралы сертификаттың бланкілерін жасауды, оларды пайдалануды, сақтауды және беруді есепке алуды жүргізеді.
      55. "СТ-KZ" нысанындағы тауардың шығу тегі туралы сертификат үш данада ресімделеді: біріншісі түпнұсқа, екіншісі мен үшіншісі қорғалған бланкілерде жасалған көшірмелері болып табылады. Сертификаттың түпнұсқасы мен бір көшірмесі өтініш берушіге беріледі, ал екінші көшірмесі ішкі айналым үшін тауардың шығу тегі туралы сертификатты беру жөніндегі уәкілетті органда сақталады.
      Тауардың шығу тегі туралы сертификаттың түпнұсқасын көрсеткен жағдайда, ішкі айналым үшін тауардың шығу тегі туралы сертификатты беру жөніндегі уәкілетті орган өтініш берушінің талабы бойынша қажетті мөлшерде тауардың шығу тегі туралы сертификаттың қорғалмаған бланкілердегі көшірмелерін береді. Көшірмелердің алдыңғы бетінде бланктің "Қызметтік белгілер үшін" немесе "Қосымша мәліметтер" деген бағандарында мынадай жазулар жазылады: "Көшірме дұрыс", уәкілетті тұлғаның қолы қойылған көшірменің берілген күні, ішкі айналым үшін тауардың шығу тегі туралы сертификатты беру жөніндегі уәкілетті орган мөрімен расталады.
      56. "СТ-KZ" нысанындағы сертификаттың толтырылған 6, 7, 8, 9, 10-бағандарындағы бос жерлер оны растағаннан кейін қосымша жазуларды жазбау үшін, қолмен ("Z" таңбасымен) сызылады.
      57. Егер онда тазартып өшірулер, түзетілген жерлері, расталмаған түзетулер болса, қажетті қол қолдар қойылмаса және (немесе) мөрлер басылмаса, тауардың шығу тегі туралы сертификат жарамсыз болып саналады. Тауардың шығу тегі туралы сертификатқа түзетулер және (немесе) толықтырулар қате ақпаратты сызып тастау және түзетілген мәліметтерді ішіне жазу жолымен, одан кейін тауардың шығу тегі туралы сертификатты беруге уәкілетті тұлғаның қол қоюымен жүргізіледі және ішкі айналым үшін тауардың шығу тегі туралы сертификатты беру жөніндегі уәкілетті органның мөрімен расталады.
      Сертификат бағанындағы мәліметтер өзгерген жағдайда, жаңа сертификат тек өтініш беруші бұрын алынған сертификатты қайтарған соң беріледі, алдыңғы сертификат күшін жояды, жаңа сертификатты берген кезде негіздеме ретінде, сондай-ақ осы өзгерістерді растайтын қажетті құжаттар болған кезде, іске тігіледі. "СТ-KZ" нысанындағы сертификаттың 5-бағанында күші жойылған (күші жойылған сертификаттың орнына берілген сертификатқа жаңа тіркеу нөмірі беріледі) сертификаттың нөмірі мен уақыты көрсетіле отырып, "Сертификат орнына берілді" деген белгі жазылады.
      58. "СТ-KZ" нысанындағы тауардың шығу тегі туралы сертификаттың көшірмелері мен олардың негізінде сертификаттар берілген құжаттар үш жыл бойы ішкі айналым үшін тауардың шығу тегі туралы сертификатты беру жөніндегі уәкілетті органда сақталады.
      59. "СТ-KZ" нысанындағы тауардың шығу тегі туралы сертификаттың қолданылу мерзімі берілген күнінен бастап он екі айды құрайды.
      60. "СТ-KZ" нысанындағы сертификат осы Ереженің 7-қосымшасына сәйкес мемлекеттік немесе орыс тілдерінде толтырылады, сертификат бағандарында тауар туралы мынадай мәліметтер көрсетіледі:
      1) 1-баған - "Тауарды өндіруші (атауы мен почталық мекен-жайы)" - тауар өндірушінің заңды мәртебесін растайтын құжаттарға сәйкес:
      заңды тұлға үшін - заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің нотариалды расталған көшірмесіне сәйкес;
      жеке тұлға үшін - жеке басын куәландыратын құжаттың нотариалды расталған көшірмесіне және дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелгені (қайта тіркелгені) туралы куәліктің нотариалды расталған көшірмесіне сәйкес тауар өндіруші болып табылатын заңды немесе жеке тұлғаның атауы.
      Бағанды толтырған кезде өндірушінің почталық мекен-жайы тауар өндірушінің нақты мекен-жайын растайтын құжатына сәйкес көрсетіледі;
      2) 2-баған "Тауарды алушы (атауы мен почталық мекен-жайы)" - тауарды алушы болып табылатын тауарды алушының заңды мәртебесін растайтын құжаттарға сәйкес:
      заңды тұлға үшін - заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің нотариалды расталған көшірмесіне сәйкес;
      жеке тұлға үшін - жеке басын куәландыратын құжаттың нотариалды расталған көшірмесіне және дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелгені (қайта тіркелгені) туралы куәліктің нотариалды расталған көшірмесіне сәйкес заңды немесе жеке тұлғаның атауы.
      Бағанды толтырған кезде тауарды алушының почталық мекен-жайы тауарды алушының нақты орналасқан жерін растайтын құжатқа сәйкес көрсетіледі;
      "Тауарды алушы" деген баған өтініш беруші осы тауарды өндірушінің өзі емес, ол уәкілеттік берген, сенімхат бойынша тауар өндірушінің мүддесін білдіретін тұлға немесе өндірушінің өзі осы тауарды сатқан тұлға болған жағдайда ғана толтырылады, "Қызметтік белгілер үшін" деген 5-бағанда тауар өндіруші мен тауарды алушы арасындағы тауарды алуға арналған жоғарыда аталған шарт көрсетіледі.
      Тауарды арнайы экономикалық аймақ аумағынан және Қазақстан Республикасының бос қоймаларынан Қазақстан Республикасының қалған кедендік аумағына шығарған жағдайда "Тауарды алушы" деген 2-баған тек уәкілетті тұлға (делдал) болған жағдайда ғана соған ұқсас толтырылады.
      3) 3-баған - "Тауардың шығу тегі туралы сертификатты алу мақсаты". Тауардың шығу тегі туралы сертификатты алу мақсаты көрсетіледі;
      4) 4-баған - тауардың шығу тегі туралы сертификаттың тіркеу нөмірі; сертификатты берген ел ("Қазақстан Республикасы");
      5) 5-баған - "Қызметтік белгілер үшін". Мемлекеттік бақылау органдарының қызметтік белгілері енгізіледі, сондай-ақ мынадай жазулары болады: "Көшірме", "Сертификат орнына берілді". Тауарды алушы болған жағдайда, тауарды алушымен тауарды өндіруші арасындағы тауарды алуға жасалған шарт көрсетіледі. Сертификатты қайта ресімдеген жағдайда оны қайта ресімдеуге негіз болған сертификаттардың барлық нөмірлері көрсетіледі;
      6) 6-баған - "Нөмір". Тауардың реттік нөмірі жазылады;
      7) 7-баған - "Орындар саны мен қаптама түрі". Тауардың (лектің) орындар саны мен қаптама түрі көрсетіледі;
      8) 8-баған - "Тауардың сипаттамасы" - тауардың коммерциялық атауы және тауарды бір белгімен сәйкестендіруді жүргізуге мүмкіндік беретін басқа мәліметтер.
      Бағанды толтырған кезде сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы бойынша тауардың коды және Экономикалық қызмет түрлері бойынша өнімдер жіктеуіші бойынша тауардың коды көрсетіледі;
      9) 9-баған - "Шығу тегінің өлшемдері". Тауарлардың шығу тегінің мынадай өлшемдері көрсетіледі:
      П - толығымен Қазақстан Республикасында шығарылған тауар;
      Д - соңғы өнімнің сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасындағы кодының (тауарлық позициясының) алғашқы төрт санын көрсете отырып, жеткілікті дәрежеде қайта өңделген тауар. Бағанды толтырған кезде тауардағы қазақстандық қамтудың пайызға шаққандағы үлесі көрсетіледі.
      Егер сертификатта сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасының тауарлық позицияларында жіктелетін және шығу тегінің өлшемдері әртүрлі тауарларға өтініш берілсе, онда 9-бағанда барлық өтініш берілген тауарлар үшін шығу тегінің өлшемдері сараланған түрде көрсетіледі;
      10) 10-баған - "Брутто/нетто салмағы, (кг)". Тауардың салмақтық не сандық сипаттамасы көрсетіледі; тауардың нақты саны мен сертификатта көрсетілген санының арасындағы алшақтық 5 %-дан аспауы тиіс;
      11) 11-баған - "Куәлік". Ішкі айналым үшін тауардың шығу тегі туралы сертификатты беру жөніндегі уәкілетті органның атауын, оның мекен-жайын, сертификатта көрсетілген мәліметтерді куәландыратын мөрі мен күнін, сондай-ақ сертификатты куәландыруға уәкілетті тұлғаның қолын, тегі мен аты-жөнін қамтиды;
      12) 12-баған - "Өтініш берушінің декларациясы". Тауар шығарылған елдің атауы, тауар шығарылған ел туралы мәліметтер декларацияланған орны мен күні, өтініш берушінің уәкілетті тұлғасының тегі мен аты-жөні және өтініш берушінің қолы мен мөрі көрсетіледі.

4-тарау. Тауардың шығу тегі туралы сертификатты
кейіннен (ретроспективтік) беру

      61. Сертификат экспортты жүзеге асыру, сондай-ақ қателік, кездейсоқ жіберіп алу, ерекше мән-жайлар немесе техникалық себептер бойынша Қазақстан Республикасында сату үшін бос қоймалардың және бос экономикалық аймақтардың аумақтарында өндірілген тауарларды әкету сәтінде берілмеген жағдайда, тауардың шығу тегі туралы сертификат айрықша жағдайларда Қазақстан Республикасының қалған кеден аумағына бос қоймалардан және бос экономикалық аймақтардан тауарларды шығарғаннан және сатқаннан кейін беріледі.
      62. Аумақтық сауда-өнеркәсіп палатасы тауардың шығу тегі туралы сертификатты кейіннен (ретроспективтік) тексергеннен кейін, өтініш берушінің өтінішінде қамтылған мәліметтер тиісті экспорттық құжаттардағы мәліметтерге сәйкес келген және тауардың шығу тегі туралы сертификат осы тауар экспортқа шығарылған кезде берілмеген жағдайда береді.
      Кейіннен (ретроспективтік) берілетін тауардың шығу тегі туралы сертификат тауардың шығу тегі туралы сараптама актісінің негізінде ресімделеді. Бұл ретте өтініш беруші сараптама ұйымына осы Ереженің 16-тармағында көзделген құжаттар пакетімен бірге тауардың нақты тиеп-жөнелтілгенін растайды (Қазақстан Республикасы кеден органының "Шығаруға рұқсат берілген" деген белгісі бар экспорттық жүк кеден декларациясы).
      63. Кейіннен (ретроспективтік) берілетін тауардың шығу тегі туралы сертификат "СТ-KZ" нысанындағы тауардың шығу тегі туралы сертификаттың 5-бағанында мынадай жазу болуы керек: "Кейіннен берілді" ("Issued retrospectively").

5-тарау. Тауардың шығу тегі туралы сертификат телнұсқасын беру

      64. Тауардың шығу тегі туралы сертификат күшін жойған немесе бүлінген жағдайда өтініш беруші ішкі айналымға арналған тауардың шығу тегі туралы сертификатты беру жөніндегі уәкілетті органға және тауардың шығу тегі туралы сертификатты берген аумақтық сауда-өнеркәсіп палатасын сертификат телнұсқасын беру туралы жазбаша нысандағы өтінішпен жүгінеді. Берілген телнұсқаны тіркеу немірі түпнүсқаның тіркеу нөміріне сәйкес болады. "СТ-KZ" нысанындағы нысанындағы сертификаттың 4-бағанында "Телнұсқа" ("Dublicate") деген жазу жазылады және түпнұсқаның тіркеу нөмірі мен берілген күні көрсетіледі. "СТ-KZ" нысанындағы тауардың шығу тегі туралы сертификаттың 12-бағанында телнұсқа берілген күн көрсетіледі.
      65. Сертификаттың телнұсқасы түпнұсқа берілген мерзім өткенге дейін жарамды.

6-тарау. Тауардың шығу тегі туралы сертификатты беруден бас
тарту үшін негіздеме

      66. Аумақтық сауда-өнеркәсіп палатасы мынадай:
      тауардың шығу тегі туралы тиісті түрде ресімделмеген сараптама актісі ұсынылған және (немесе) техникалық реттеу және өлшемдер бірлігін қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган бекітетін тізбе бойынша тауардың шығу тегін растайтын құжаттарды бермеген жағдайларда бас тарту себептерін негіздей отырып, өтініш берушіге тауардың шығу тегі туралы сертификатты беруден бас тартады.
      Ішкі айналым үшін тауардың шығу тегі туралы сертификатты беру жөніндегі уәкілетті орган өтініш берушіге мынадай:
      тауардың шығу тегі туралы тиісті түрде ресімделмеген сараптама актісі ұсынылған және (немесе) осы Ереженің 45-тармағында көрсетілген тізбе бойынша тауардың шығу тегін растайтын құжаттар берілмеген жағдайларда, бас тарту себептерін негіздей отырып, тауардың шығу тегі туралы сертификатты беруден бас тартады.
      67. Тауардың шығу тегі туралы сертификатты немесе оны беруден бас тарту туралы жазбаша негізделген шешімді беру мерзімі бір жұмыс күнінен, ал Қазақстан Республикасы Кеден кодексінің 34-бабында көзделген жағдайларда, өтініш аумақтық сауда-өнеркәсіп палатасында тіркелген күнінен бастап екі жұмыс күнінен аспайды.

                                  Тауар шығарылған елді анықтау,
                               тауардың шығу тегі туралы сараптама
                               актісін жасау және беру әрі тауардың
                             шығу тегі туралы сертификатты ресімдеу,
                             куәландыру және беру жөніндегі ережеге
                                              1-қосымша

             Тауар өндірісіндегі адвалорлық үлес есептемесі

                   С шет.мат
      Д.ад.үлес = ------------ х 100%,
                  С дайын өнім

      мұнда, Д.ад.үлес - тауар өндірісіндегі адвалорлық үлес, %;
      С шет.мат. - шетелде шығарылған шикізат пен материалдардың құны;
      С дайын өнім - "франко-зауыт" бағасы бойынша дайын өнімнің құны.

                                  Тауар шығарылған елді анықтау,
                               тауардың шығу тегі туралы сараптама
                               актісін жасау және беру әрі тауардың
                             шығу тегі туралы сертификатты ресімдеу,
                             куәландыру және беру жөніндегі ережеге
                                              2-қосымша             

              Қазақстан Республикасынан экспортталатын,
  Қазақстан Республикасынан кері экспортталатын тауардың шығу тегіне
         сараптама жүргізуге арналған өтінім үлгісінің нысаны

              _____________________________________
                    (сараптама ұйымының атауы)
              _____________________________________
                            (аты-жөні)

                              N өтінім
                       20__ ж."__"__________

      Мынадай деректемелер негізінде __________ тілінде тауардың шығу тегіне сараптама жүргізуді сұраймыз:
      1. Тауарды жөнелтуші, оның мекен-жайы, телефоны, факсы
_____________________________________________________
      2. Тауарды алушы, оның мекен-жайы, елі ____________________
      ___________________________________________________________
      3. Тауарды шығарушы, оның мекен-жайы, елі (тауардың шығу тегін растайтын құжаттардың көшірмесі: шарт N, жүкқұжаттар, шот-фактура және т.б.) ______________________________________________________
      4. Сыртқы сауда келісім-шарты (шарт), оның күні ___________
_________________________________________________________________
      5. Жөнелту станциясы (пункті)______________________________
_________________________________________________________________
      6. Алу станциясы (пункті)__________________________________
_________________________________________________________________
      7. Көлік түрі және саны ___________________________________
      8. Инвойс (шот-фактура), N, күні __________________________
_________________________________________________________________
      9. Экспорттауға рүқсат және/немесе лицензия _________
      10. Мәміле сипаттамасы: сату, айырбастау, консигнация _____
      11. Тауардың нақты атауы __________________________________
_________________________________________________________________
      12. Брутто/нетто салмағы, кг ______________________________
      13. Тауар орнының саны және қаптама түрі __________________
      14. Тауардағы және тауар қаптамасындағы таңба _____________
      15. Тауардың теңгедегі құны _______________________________
      16. Есептік шот, банк бөлімшесі ___________________________
      17. Өтініш берушінің СТН __________________________________
      18. Басшының аты-жөні, телефоны ___________________________

      Ақысын төлеуге кепілдік береміз.
      Осы өтінімде және ұсынылған құжаттарда қамтылған мәліметтердің дұрыстығы үшін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауапты боламыз.

      Мөрдің орны                                   Басшының қолы

                                  Тауар шығарылған елді анықтау,
                               тауардың шығу тегі туралы сараптама
                               актісін жасау және беру әрі тауардың
                             шығу тегі туралы сертификатты ресімдеу,
                             куәландыру және беру жөніндегі ережеге
                                              3-қосымша

             _______________________________________
                         (ұйымның атауы)

            Қазақстан Республикасынан экспортталатын,
      Қазақстан Республикасынан кері экспортталатын тауардың
            шығу тегі туралы N _____ сараптама актісі

      1. Сарапшы ___________________
      2. Акт жасалған күн _________
      3. Сараптама жүргізу үшін негіздеме _______________________
      4. Тауардың атауы _________________________________________
_________________________________________________________________
      5. Саны ___________________________________________________
_________________________________________________________________
      (орны, брутто және нетто салмағы, дана, жиынтық, м., көлемі)
      6. Келісім-шарт ___________________________________________
___________________________ Инвойс ______________________________
      7. Экспорттаушы ___________________________________________
_________________________________________________________________
      8. Дайындаушы _____________________________________________
_________________________________________________________________
      9. Сатып алушы, елі _______________________________________
_________________________________________________________________
      10. Көлік құралдары _______________________________________
(жүру бағыты) ___________________________________________________
      11. Қаптама түрі, таңбалау ________________________________
      12. Ұсынылған құжаттама ___________________________________
_________________________________________________________________
      13. Сараптама ____________________________________ анықтады
      14. _________ парақтағы қосымша осы актінің ажырамас бөлігі болып табылады.

Тауардың шығу тегі туралы
N ______ сараптама актісінің артқы беті

      15. Қорытынды: жоғарыдағы баяндалғанның негізінде тауар осы актінің 5-тармағында көрсетілген мөлшерде _______________________
ретінде айқындалуы мүмкін.

      Шығу тегінің өлшемдері ____________________________________
      Сарапшының қолы ______________ Өкіл танысты ______________

      Мөрдің орны                               Аты-жөні, қолы

      Сараптама жүргізудің басталған күні ____________  Сараптама жүргізудің аяқталған күні __________

      Мөрдің орны 20 ж.

      Сарапшының түпнұсқа қолымен және мөр таңбасымен куәландырылмаған тауардың шығу тегі туралы сараптама актісі және оның көшірмелері жарамсыз болып табылады.

                                  Тауар шығарылған елді анықтау,
                               тауардың шығу тегі туралы сараптама
                               актісін жасау және беру әрі тауардың
                             шығу тегі туралы сертификатты ресімдеу,
                             куәландыру және беру жөніндегі ережеге
                                              4-қосымша

             Қазақстан Республикасынан экспортталатын,
       Қазақстан Республикасынан кері экспортталатын тауардың
           шығу тегі туралы сертификатты алуға арналған
                       өтінім үлгісінің нысаны

            __________________________________________
                      (уәкілетті ұйымның атауы)

                                         _________________ облысының/
                                         республикалық маңызы бар
                                         _________________ қаласының
                                         Сауда-өнеркәсіп палатасының
                                         басшысы

                                            _______________________
                                                   (аты-жөні)

                              N өтінім
                       20__ ж."__" ___________

_________________________________________________________________
(тауардың шығу тегіне сараптама жүргізуге уәкілетті ұйымның атауы)

      20__ жылғы "__" _____________ берген тауардың шығу тегі туралы N_____ сараптама актісінің және мынадай деректемелердің негізінде      _____________ тілінде тауардың шығу тегі туралы сертификат беруді сұраймыз:

      1. Тауарды жөнелтуші, оның мекен-жайы, телефоны, факсы ____
_________________________________________________________________
      2. Тауарды алушы, оның мекен-жайы, елі ____________________
_________________________________________________________________
      3. Тауардың атауы _________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
      4. Брутто/нетто салмағы, кг _______________________________
      5. Тауар орнының саны және қаптама түрі ___________________
      6. Жөнелту станциясы (пункті) _____________________________
_________________________________________________________________
      7. Алу станциясы (пункті) _________________________________
_________________________________________________________________
      8. Көлік түрі және саны ___________________________________
      9. Экспорттауға рұқсат және/немесе лицензия _______________
_________________________________________________________________
      10. Тауардың теңгедегі құны _______________________________
      11. Есептік шот, банк бөлімшесі ___________________________
_________________________________________________________________
      12. Өтініш берушінің СТН __________________________________
      13. Басшының аты-жөні, телефоны ___________________________

      Осы өтінімде және ұсынылған құжаттарда қамтылған мәліметтердің дұрыстығы үшін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауапты боламыз.

      Мөрдің орны                                Басшының қолы

                                  Тауар шығарылған елді анықтау,
                               тауардың шығу тегі туралы сараптама
                               актісін жасау және беру әрі тауардың
                             шығу тегі туралы сертификатты ресімдеу,
                             куәландыру және беру жөніндегі ережеге
                                              5-қосымша

                 Ішкі айналым үшін тауардың шығу тегіне
          сараптама жүргізуге арналған өтінім үлгісінің нысаны

                  __________________________________
                         (сараптама ұйымы)

                  __________________________________
                              (аты-жөні)

                              N өтінім
                       20__ ж."__" _________

      Мынадай деректемелер негізінде _________ тілінде тауардың шығу тегіне сараптама жүргізуді сұраймыз:

      1. Тауарды өндіруші, оның мекен-жайы, телефоны, факсы _____
_________________________________________________________________
      2. Тауарды алушы, оның мекен-жайы, елі ____________________
_________________________________________________________________
      3. Тауардың нақты атауы ___________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
      4. Брутто/нетто салмағы, кг _______________________________
      5. Тауар орнының саны және қаптама түрі ___________________
      6. Тауардағы және тауар қаптамасындағы таңба ______________
_________________________________________________________________
      7. Тауардың теңгедегі құны  _______________________________
      8. Есептік шот, банк бөлімшесі ____________________________
_________________________________________________________________
      9. Өтініш берушінің СТН ___________________________________
      10. Басшының аты-жөні, телефоны ___________________________

      Ақысын төлеуге кепілдік береміз.

      Осы өтінімде және ұсынылған құжаттарда қамтылған мәліметтердің дұрыстығы үшін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауапты боламыз.

      Мөрдің орны                                  Басшының қолы

                                  Тауар шығарылған елді анықтау,
                               тауардың шығу тегі туралы сараптама
                               актісін жасау және беру әрі тауардың
                             шығу тегі туралы сертификатты ресімдеу,
                             куәландыру және беру жөніндегі ережеге
                                              6-қосымша

                  _________________________________
                          (ұйымның атауы)

                  Ішкі айналым үшін тауардың шығу
               тегі туралы N _______ сараптама актісі

      1. Тауарды өндіруші _______________________________________
      2. Акт жасалған күн _______________________________________
      3. Сараптама жүргізу үшін негіздеме _______________________
      4. Тауардың атауы _________________________________________
_________________________________________________________________
      5. Саны ___________________________________________________
_________________________________________________________________
      (орны, брутто/нетто салмағы, дана, жиынтық, м., көлемі)
      6. Келісім-шарт ___________________________________________
_________________________________________________________________
      7. Тауарды алушы __________________________________________
_________________________________________________________________
      8. Қаптама түрі, таңбалау _________________________________
_________________________________________________________________
      9. Ұсынылған құжаттама ____________________________________
_________________________________________________________________
      10. Сараптама бойынша ___________________________ анықталды
      11. _________ парақтағы қосымша осы актінің ажырамас бөлігі болып табылады.
      12. Қорытынды: жоғарыдағы баяндалғанның негізінде тауар осы актінің 5-тармағында көрсетілген мөлшерде _______________________ ретінде айқындалуы мүмкін.

      Шығу тегінің өлшемдері ____________________________________
      Сарапшының қолы ________ Өкіл танысты _____________

      Мөрдің орны                                Аты-жөні, қолы

Сараптама жүргізудің басталған күні ___________ Сараптама жүргізудің аяқталған күні __________

                                           20__ ж. _________________

      Сарапшының түпнұсқа қолымен және мөр таңбасымен куәландырылмаған тауардың шығу тегі туралы сараптаманың актісі және оның көшірмелері жарамсыз болып табылады.

                                  Тауар шығарылған елді анықтау,
                               тауардың шығу тегі туралы сараптама
                               актісін жасау және беру әрі тауардың
                             шығу тегі туралы сертификатты ресімдеу,
                             куәландыру және беру жөніндегі ережеге
                                              7-қосымша

1. Тауарды өндіруші
(атауы және почталық мекен-жайы)

4. N ___________________________

     Тауардың шығу тегі туралы
             сертификат

             СТ-KZ нысаны

Қазақстан Республикасында берілді

2. Тауарды алушы
(атауы және почталық мекен-жайы)

5. Қызметтік ескертулер үшін

3. Тауардың шығу тегі туралы сертификатты алу мақсаты

6. Нөмірі

7. Орындар саны және қаптама түрі

8. Тауардың сипаттамасы

9. Шығу тегінің өлшемдері

10. Брутто/нетто салмағы (кг)

11. Куәлік:
Осы арқылы өтініш берушінің декларациясы шындыққа сәйкес келетіні куәландырылады

  _______           ____________
   Атауы             Мекен-жайы

  _________         ____________
   Аты-жөні             Қолы

  _________         ___________
     Күні               Мөрі

12. Өтініш берушінің декларациясы:
Төменде қол қоюшы жоғарыда көрсетілген мәліметтер шындыққа сәйкес келетінін, барлық тауарлар толығымен Қазақстан Республикасында өндірілгенін және жеткілікті өңдеуден/қайта өңдеуден өткенін және олардың барлығы да осындай тауарларға қатысты белгіленген шығу тегінің талаптарына сәйкес екендігін мәлімдейді.

  _________            _________
   Аты-жөні               Қолы

  _________            _________
     Күні                 Мөрі

      "СТ-KZ" нысанындағы тауардың шығу тегі туралы N __ сертификатқа қосымша парақ

6.  Р/с
N

7. Орындар саны және қамтама түрі

8. Тауардың сипаттамасы

9. Шығу тегінің өлшемдері

10. Салмағы (кг) Брутто
Нетто

11. Куәлік:
Осы арқылы өтініш берушінің декларациясы шындыққа сәйкес келетіні куәландырылады.

  _________         ___________
    Атауы            Мекен-жайы

  ________          ___________
  Аты-жөні             Қолы

  ________          ___________
    Күні                Мөрі

12. Өтініш берушінің декларациясы:
Төменде қол қоюшы жоғарыда көрсетілген мәліметтер шындыққа сәйкес келетінін, барлық тауарлар толығымен Қазақстан Республикасында өндірілгенін және жеткілікті дәрежеде өңдеуден/қайта өңдеуден өткенін және олардың барлығы да осындай тауарларға қатысты белгіленген шығу тегінің талаптарына сәйкес екендігін мәлімдейді.

  __________         __________
   Аты-жөні             Қолы

  __________         __________
     Күні                Мөрі

                                  Тауар шығарылған елді анықтау,
                               тауардың шығу тегі туралы сараптама
                               актісін жасау және беру әрі тауардың
                             шығу тегі туралы сертификатты ресімдеу,
                             куәландыру және беру жөніндегі ережеге
                                              8-қосымша

              Ішкі айналым үшін тауардың шығу тегі туралы
          сертификатты алуға арналған өтінім үлгісінің нысаны

                   ___________________________________
                   (министрліктің, ведомствоның атауы)

                                             Техникалық реттеу және
                                             метрология комитетінің
                                             ______________ облысы/
                                             республикалық маңызы бар
                                             _______________ қаласы
                                             бойынша департаментінің
                                             директоры
                                             ______________________
                                                   (аты-жөні)

                               N өтінім
                        20__ ж."__" ___________

      Тауардың шығу тегі туралы сертификат алу үшін _____________
_________________________________________________________________
(тауардың шығу тегіне сараптама жүргізуге уәкілетті ұйымның атауы)

      20__ жылғы "__" _____________ берген тауардың шығу тегі туралы N ______ сараптама актісінің және мынадай деректемелердің негізінде _________________ тілінде тауардың шығу тегі туралы сертификат беруді сұраймыз:

      1. Тауарды өндіруші, оның мекен-жайы, телефоны, факсы _____
_________________________________________________________________
      2. Тауарды алушы, оның мекен-жайы, елі ____________________
_________________________________________________________________
      3. Тауардың нақты атауы ___________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
      4. Брутто/нетто салмағы, кг ________    ___________________
      5. Тауар орнының саны және қаптама түрі ___________________
      6. Тауардың теңгедегі құны ________________________________
      7. Өтініш берушінің СТН ___________________________________
      8. Басшының аты-жөні, телефоны ____________________________

      Осы өтінімде және ұсынылған құжаттарда қамтылған мәліметтердің дұрыстығы үшін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауапты боламыз.

      Мөрдің орны                                Басшының қолы