Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 17 тамыздағы N 778 қаулысына толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 қыркүйектегі N 1370 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 17 тамыздағы N 778 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 30, 330-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу ережесінде:
      15-тармақтың бірінші абзацы "келісілмесе;" деген сөзден кейін "жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғаса және жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктері ұсынған сараптамалық қорытындылар түрінде қосымшалары болмаса;" деген сөздермен толықтырылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                               К. Мәсімов