Америка Құрама Штаттары немесе оның атынан басқалар Қазақстан Республикасында сатып алатын материалдық-техникалық құралдар мен қызметтерді салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерден босату ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 9 қыркүйектегі N 1336 Қаулысы.

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 2 маусымдағы Заңымен ратификацияланған Қазақстан Республикасы мен Америка Құрама Штаттарының арасындағы континентаралық баллистикалық ракеталардың шахталық ұшыру қондырғыларын, апатты жағдайлардың салдарын жоюға және ядролық қарудың таралуына жол бермеуге қатысты келісімге Түзетулердің 5-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы мен Америка Құрама Штаттарының арасындағы континентаралық баллистикалық ракеталардың шахталық ұшыру қондырғыларын, апатты жағдайлардың салдарын жоюға және жаппай қырып-жоятын қарудың таралуына жол бермеуге қатысты келісімнің XII бабының 1-тармағына сәйкес Америка Құрама Штаттары немесе оның атынан басқалар Қазақстан Республикасында сатып алатын материалдық-техникалық құралдар мен қызметтерді салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерден босату ережесі бекітілсін.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К. Мәсімов


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 9 қыркүйектегі
N 1336 қаулысымен
бекітілген

Америка Құрама Штаттары немесе оның атынан басқалар Қазақстан
Республикасында сатып алатын материалдық-техникалық құралдар
мен қызметтерді салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті
төлемдерден босату ережесі

      1. Осы Америка Құрама Штаттары немесе оның атынан басқалар Қазақстан Республикасында сатып алатын материалдық-техникалық құралдар мен қызметтерді салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерден босату ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасы мен Америка Құрама Штаттарының арасындағы континентаралық баллистикалық ракеталардың шахталық ұшыру қондырғыларын, апатты жағдайлардың салдарын жоюға және жаппай қырып-жоятын қарудың таралуына жол бермеуге қатысты келісімнің (бұдан әрі - Негіздемелік келісім) XII бабының 1-тармағына сәйкес Америка Құрама Штаттары немесе оның атынан басқалар Қазақстан Республикасында сатып алатын материалдық-техникалық құралдар мен қызметтерді салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерден босату тәртібін айқындайды.

      2. Осы Ережеде қолданылатын негізгі ұғымдар:

      1) Жүзеге асыру жөніндегі келісім - Негіздемелік келісімнің III бабының 1-тармағына сәйкес жасалған Негіздемелік келісімді орындау туралы келісім;

      2) Қазақстан Республикасының атқарушы органы - Негіздемелік келісімнің II бабында айқындалған Қазақстан Республикасының атқарушы органы немесе Жүзеге асыру жөніндегі келісімнің тарабы болып табылатын Қазақстан Республикасының атқарушы органы;

      3) Қазақстан Республикасының салық салу мәселелері жөніндегі уәкілетті органы 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (бұдан әрі – Салық кодексі) сәйкес айқындалатын уәкілетті органды білдіреді;

      4) тұлға - Негіздемелік келісімді және Жүзеге асыру жөніндегі келісімді Жүзеге асыру үшін Негіздемелік келісімнің XII бабының 1-тармағына сәйкес Америка Құрама Штаттарының атынан Қазақстан Республикасында материалдық-техникалық құралдар мен қызметтерді сатып алатын тұлға:

      бас мердігер - Негіздемелік келісімнің II бабына сәйкес Америка Құрама Штаттары атқарушы органының мердігері, сондай-ақ Жүзеге асыру жөніндегі келісімдерді іске асыру жөніндегі міндеттер жүктелген Америка Құрама Штаттары министрлігінің немесе агенттігінің мердігері;

      қосалқы мердігер - бас мердігермен шарттар немесе келісім-шарттар жасасқан тұлға;

      қосалқы мердігердің мердігері - қосалқы мердігерлермен шарттар немесе келісім-шарттар жасасқан тұлға;

      5) салық агенті - Салық кодексіне сәйкес төлем көзінен ұсталатын салықтарды есептеу, ұстау және аудару жөніндегі міндет жүктелген тұлға.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Үкіметінің 20.05.2020 № 305 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      3. Тұлға немесе салық агенті Негіздемелік келісімнің XII бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасында материалдық-техникалық құралдарды, қызметтерді сатып алуына қарай Қазақстан Республикасының салық органына осындай сатып алу туралы мынадай ақпарат береді:

      1) Қазақстан Республикасының салық салу мәселелері жөніндегі уәкілетті органы белгілеген нысан бойынша Негіздемелік келісімнің XII бабының 1-тармағына сәйкес Америка Құрама Штаттары немесе оның атынан басқалар Қазақстан Республикасында сатып алатын материалдық-техникалық құралдар мен қызметтердің құнын мынадай мәліметтер көрсетіле отырып, салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерден босатуға өтініш:

      заңды тұлғаның атауы, заңды мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН) (БСН болмаған жағдайда – резиденттік еліндегі салықтық тіркеу нөмірі);

      тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың деректері, жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) (ЖСН болмаған жағдайда резиденттік еліндегі салықтық тіркеу нөмірі), тұлғаның тұрғылықты жерінің мекенжайы;

      осы Ереженің 2-тармағының 4) тармақшасында көзделген тұлғалардың бірін көрсету;

      тұлға қызметінің түрі;

      Негіздемелік келісім немесе Жүзеге асыру жөніндегі келісім шеңберінде тұлғаның қызметін жүзеге асыру мерзімі;

      Негіздемелік келісімді немесе Жүзеге асыру жөніндегі келісімді жүзеге асыру үшін тұлғаның Қазақстан Республикасында сатып алатын материалдық-техникалық құралдар мен қызметтердің құны;

      2) мемлекеттік тілге не орыс тіліне аударылған тиісті шарттардың немесе келісім-шарттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері;

      3) белгіленген тәртіппен ресімделген орындалған және қабылданған жұмыстардың (қызметтердің) актілері.

      Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Үкіметінің 20.05.2020 № 305 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      4. Тұлғаның тіркеу орны бойынша салық органы осы Ереженің 3-тармағында көрсетілген құжаттарды алған күнінен бастап Негіздемелік келісімнің XII бабының 1-тармағына сәйкес тұлға табыс еткен құжаттарды 45 күнтізбелік күн ішінде қарауға міндетті.

      Бұл ретте, көрсетілген құжаттарды алған күнінен бастап 3 күнтізбелік күн ішінде салық органы тиісті шартты немесе келісім-шартты көрсете отырып, Негіздемелік келісімнің немесе Жүзеге асыру жөніндегі келісімнің шеңберінде тұлғаның қызметін жүзеге асыруы туралы растама алу үшін Қазақстан Республикасының атқарушы органына сұрау жібереді.

      5. Тұлғаның тіркеу орны бойынша салық органы осы Ереженің 3-тармағында көрсетілген құжаттарды қарағаннан және тұлғаның өз қызметін Негіздемелік келісімнің немесе Жүзеге асыру жөніндегі келісімнің шеңберінде жүзеге асыруы туралы растау алғаннан кейін тиісті шарт пен келісім-шартты көрсете отырып, салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерден босату туралы шешім шығарады.

      Тұлға осы Ереженің 3-тармағында көрсетілген құжаттардың біреуін бермеген немесе Негіздемелік келісімнің немесе Жүзеге асыру жөніндегі келісімнің шеңберінде тұлғаның қызметін жүзеге асыруын Қазақстан Республикасының атқарушы органы растамаған жағдайда, тұлғаның тіркеу орны бойынша салық органы салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерден босатудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.