"Қазақстан Республикасында нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2006 - 2014 жылдарға арналған стратегиясын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 29 қарашадағы
N 1678
Жарлығын
іске асыру мақсатында, Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасында нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2009 - 2011 жылдарға арналған бағдарламасы туралы" 2009 жылғы 27 мамырдағы
N 784
және "Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы" 2009 жылғы 26 ақпандағы
N 220
қаулыларына
сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2009 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінен 6250205172 (алты миллиард екі жүз елу миллион екі жүз бес мың бір жүз жетпіс екі) теңге сомасында қаражат, оның ішінде:
1) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне - 1197474900 (бір миллиард бір жүз тоқсан жеті миллион төрт жүз жетпіс төрт мың тоғыз жүз) теңге, оның ішінде: техникалық құралдар сатып алуға - 732941200 (жеті жүз отыз екі миллион тоғыз жүз қырық бір мың екі жүз) теңге, "Көкнәр" жедел алдын алу іс-шараларын өткізуге - 54109700 (елу төрт миллион бір жүз тоғыз мың жеті жүз) теңге, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес жөніндегі Орталық Азия өңірлік ақпараттық үйлестіру орталығын орналастыруға арналған Алматы қаласындағы Абай көшесі, 52 үй ғимаратына жөндеу жүргізуге - 410424000 (төрт жүз он миллион төрт жүз жиырма төрт мың) теңге;
2) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетіне - 3737025000 (үш миллиард жеті жүз отыз жеті миллион жиырма бес мың) теңге, оның ішінде: техникалық құралдар сатып алуға - 3108007000 (үш миллиард бір жүз сегіз миллион жеті мың) теңге, "Қордай" шекаралық жасағы әскери қалашығын салуға арналған жобалау сметалық құжаттамаға - 120000000 (бір жүз жиырма миллион) теңге, азық-түлік өнімдері мен жанар-жағармай материалдарын сатып алуға - 456390000 (төрт жүз елу алты миллион үш жүз тоқсан мың) теңге, құқық белгілейтін және құқық растайтын құжаттарға - 52628000 (елу екі миллион алты жүз жиырма сегіз мың) теңге;
3) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитетіне - техникалық құралдар сатып алуға 1158995500 (бір миллиард бір жүз елу сегіз миллион тоғыз жүз тоқсан бес мың бес жүз) теңге;
4) Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігіне - есірткіге қарсы ақпараттық-насихат қызметіне - 123158950 (бір жүз жиырма үш миллион бір жүз елу сегіз мың тоғыз жүз елу) теңге;
5) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне - 30643322 (отыз миллион алты жүз қырық үш мың үш жүз жиырма екі) теңге, оның ішінде: оқу-әдістемелік материалдарын әзірлеуге және таратуға - 14374160 (он төрт миллион үш жүз жетпіс төрт мың бір жүз алпыс) теңге, нашақорлықтың алдын алу, есірткіге тәуелді адамдарды емдеу және оңалту саласында жұмыс істейтін үкіметтік емес ұйымдарды қолдауға - 12330162 (он екі миллион үш жүз отыз мың бір жүз алпыс екі) теңге, "Оқу орындарында есірткі тұтыну ахуалын зерттеу" мониторингін жүргізуге - 3939000 (үш миллион тоғыз жүз отыз тоғыз мың) теңге;
6) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне - оқу орындарына психикалық белсенді заттарға тәуелділікке тартылу қауіптерін психологиялық тестілеудің диагностикалық компьютерлік бағдарламаларын енгізуге - 2907500 (екі миллион тоғыз жүз жеті мың бес жүз) теңге қаражат бөлінсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен бөлінген қаражаттың пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов