Қазақстан Республикасының Үкіметі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының нормаларын қолдану үшін қажетті қор және тауар биржаларының, аудиторлық ұйымдардың тізбелерін, сондай-ақ олардың ұсынатын құжаттарының нысаны мен мазмұнына қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 26 желтоқсандағы N 1292
қаулысында
(Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 48, 594-құжат):
тақырыбындағы және 1-тармақтағы ", аудиторлық ұйымдардың" деген сөздер алынып тасталсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының нормаларын қолдану үшін қажетті қор және тауар биржаларының, аудиторлық ұйымдардың тізбелерінде, сондай-ақ олардың ұсынатын құжаттарының нысаны мен мазмұнына қойылатын талаптарда:
тақырыбындағы ", аудиторлық ұйымдардың" деген сөздер алынып тасталсын;
4-тармақ алынып тасталсын;
2) "Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 желтоқсандағы N 1301
қаулысында
(Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 49, 600-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережесінде:
24-тармақтың 3) тармақшасы алынып тасталсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов