Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 18 шілдедегі N 606 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі N 517 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 17 маусымдағы № 607 Қаулысымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2010.06.17 № 607 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Үлескерлердің ақшасын тарту есебінен тұрғын үй ғимараттарын салуды ұйымдастыру жөніндегі қызметті лицензиялау ережесін және оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 18 шілдедегі N 606 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген үлескерлердің ақшасын тарту есебінен тұрғын үй ғимараттарын салуды ұйымдастыру жөніндегі қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарында:
      2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "1) салық органы басшысының не басшысы орынбасарының қолы қойылып, үлескерлердің ақшасын тарту есебінен тұрғын үй ғимараттарын салуды ұйымдастыру жөніндегі лицензияны алуға өтінімдер беру күнінің алдындағы бір айдан кешіктірмей алынған тиісті салық органының белгіленген нысандағы анықтамасының түпнұсқасымен расталатын үш айдан артық (төлем мерзімі Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес ұзартылған жағдайларды қоспағанда) салық берешегінің және міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқтығы;".
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов