Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қарашадағы N 1085 және 2009 жылғы 17 ақпандағы N 179 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі N 516 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің Экономиканы және қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі 2009 - 2010 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қарашадағы N 1085 қаулысында :
      көрсетілген қаулымен мақұлданған Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің Экономиканы және қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі 2009 - 2010 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспарында:
      "Жылжымайтын мүлік нарығындағы проблемаларды шешу" деген бөлімде:
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Екінші деңгейдегі банктер қаражатының бір бөлігі қарыз алушының басқа тұрғын үйі болмаған жағдайда өткен кезеңдерде тұрғын ауданы 120 шаршы метрден аспайтын үй-жайды сатып алуға және салуға ипотекалық қарыз алған және осы ипотекалық қарыздарға қызмет көрсету жөніндегі өз міндеттемелерін адал орындаған қарыз алушылар үшін ипотекалық қарыздар бойынша пайыздық ставкаларды 9 % (мемлекеттік  қызметшілерге, мемлекеттік қызметшілер болып табылмайтын мемлекеттік мекемелердің қызметкерлеріне, мемлекеттік кәсіпорындардың қызметкерлеріне, Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және оларға теңестірілген адамдарға, зейнеткерлер мен мүгедектерге) - 11 %-ға дейін (қалған барлық қарыз алушыларға) төмендетуге жібереді.";
      2) "Екінші деңгейдегі банктердің ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыруының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 17 ақпандағы N 179 қаулысында :
      мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
      "2-1. "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамы Талаптарды іске асыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды әзірлесін.";
      көрсетілген қаулымен мақұлданған Екінші деңгейдегі банктердің ипотекалық қарыздарды кейіннен қайта қаржыландыруы үшін "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамы салатын ақшалай қаражаттың банктік салым талаптарында:
      "Пайдаланылатын анықтамалар" деген 1-бөлімде:
      "Ипотекалық қарыз" деген жолда:
      "банктерінен" деген сөзден кейін "және ипотекалық ұйымдарынан" деген сөздермен толықтырылсын;
      "сатып алу үшін" деген сөздерден кейін "және салуға" деген сөздермен толықтырылсын;
      "Тұрғын жай" деген жолда:
      екінші абзацтағы "қарыз алушыға меншік құқығында тиесілі және Ипотекалық қарызды қамтамасыз ететін" деген сөздер алынып тасталсын;
      үшінші абзацтағы "және Ипотекалық қарызды қамтамасыз ететін" деген сөздер алынып тасталсын;
      бесінші абзацта "жалпы" деген сөз "тұрғын" сөзбен ауыстырылсын;
      алтыншы абзацта:
      "Ипотекалық қарызды қамтамасыз ететін" деген сөздер алынып тасталсын;
      "балалары үшін" деген сөздерден кейін "Тұрғын жайдың орналасқан жері бойынша" деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "қарыз алушыға және (немесе) оның жұбайына (зайыбына) және кәмелеттік жасқа толмаған балаларына сыйға беру шарттары бойынша және мұрагерлік тәртібімен жекешелендірілген тұрғын үйге ортақ меншік құқығында тиесілі жеке тұрғын үй бірлігінде қарыз алушы үлесінің болуы Қарыз алушыны қайта қаржыландырудан бас тарту үшін негіз болып табылмайды, бұл ретте қарыз алушыға және (немесе) оның жұбайына (зайыбына) және (немесе) кәмелеттік жасқа толмаған балаларына тиесілі көрсетілген үлестер жиынтығында осындай тұрғын үй бірлігіне меншік құқығының 100 % үлесін құрамауға тиіс".
      "Қарыз алушы" деген жолда "қарыз алған" деген сөздерден кейін "(Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005 - 2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы бойынша қарыз алған азаматтарды қоспағанда)" деген сөздермен толықтырылсын;
      "Салымның негізгі талаптары" деген 2-бөлімде:
      5-тармақтың 2) тармақшасындағы "8,0 % (сегіз пайыз)" деген сөздер "10 % (он пайыз)" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "Тараптардың құқықтары мен міндеттері" деген 10-бөлім мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
      "4-1. Банк Клиенттің келісімімен осы Талаптарға сәйкес Банктің қатысу үлесі бар ипотекалық ұйым Ақшасының бір бөлігін ипотекалық қарыздарды кейіннен қайта қаржыландыру үшін беруге құқылы.";
      "Салымның нысаналы мақсаты" деген 15-бөлімдегі 5-тармақ алынып тасталсын.
      2. "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамы осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                 К. Мәсімов