Сату жөніндегі айналымдары қосылған құн салығынан босатылатын кез келген нысандағы дәрілік заттардың, оның ішінде дәрілердің-субстанциялардың, сондай-ақ оларды өндіруге арналған материалдар мен жинақтаушылардың; протездік-ортопедиялық бұйымдарды, сурдотифлотехниканы және медициналық (ветеринариялық) техниканы қоса алғанда, медициналық (ветеринариялық) мақсаттағы бұйымдардың; кез келген нысандағы дәрілік заттарды, оның ішінде дәрілерді-субстанцияларды, протездік-ортопедиялық бұйымдарды және медициналық (ветеринариялық) техниканы қоса алғанда, медициналық (ветеринариялық) бұйымдарды өндіруге арналған материалдар мен жинақтаушылардың тізбесін және сату жөніндегі айналымдары қосылған құн салығынан босатылатын косметологиялық, санаторийлік-курорттық қызметтерді қоспағанда, медициналық (ветеринариялық) қызметтердің тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 11 ақпандағы N 133 Қаулысы

Қолданыстағы

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің (Салық кодексі) 254-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған:
      1) сату жөніндегі айналымдары қосылған құн салығынан босатылатын кез келген нысандағы дәрілік заттардың, оның ішінде дәрілердің-субстанциялардың, сондай-ақ оларды өндіруге арналған материалдар мен жинақтаушылардың; протездік-ортопедиялық бұйымдарды, сурдотифлотехниканы және медициналық (ветеринариялық) техниканы қоса алғанда, медициналық (ветеринариялық) мақсаттағы бұйымдардың; кез келген нысандағы дәрілік заттарды, оның ішінде дәрілерді-субстанцияларды, протездік-ортопедиялық бұйымдарды және медициналық (ветеринариялық) техниканы қоса алғанда, медициналық (ветеринариялық) бұйымдарды өндіруге арналған материалдар мен жинақтаушылардың тізбесі;
      2) сату жөніндегі айналымдары қосылған құн салығынан босатылатын косметологиялық, санаторийлік-курорттық қызметтерді қоспағанда, медициналық (ветеринариялық) қызметтердің тізбесі бекітілсін.
      2. "Қосылған құны салығынан босатылатын медициналық және ветеринариялық қызмет саласында көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 қаңтардағы N 124 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., N 5, 32-құжат) күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулы 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                             К. Мәсімов

                                              Қазақстан Республикасы
                                                   Үкіметінің
                                              2009 жылғы 11 ақпандағы
                                                 N 133 қаулысымен
                                                     бекітілген

     Сату жөніндегі айналымдары қосылған құн салығынан
    босатылатын кез келген нысандағы дәрілік заттардың,
  оның ішінде дәрілердің-субстанциялардың, сондай-ақ оларды
    өндіруге арналған материалдар мен жинақтаушылардың;
   протездік-ортопедиялық бұйымдарды, сурдотифлотехниканы
  және медициналық (ветеринариялық) техниканы қоса алғанда,
   медициналық (ветеринариялық) мақсаттағы бұйымдардың; кез
       келген нысандағы дәрілік заттарды, оның ішінде
дәрілерді-субстанцияларды, протездік-ортопедиялық бұйымдарды
  және медициналық (ветеринариялық) техниканы қоса алғанда,
       медициналық (ветеринариялық) бұйымдарды өндіруге
      арналған материалдар мен жинақтаушылардың тізбесі

ҚР СЭҚ ТН коды

Тауардың атауы

0206 10 100 0,
0206 22 000 1,
0206 29 100 0,
0206 30 000 1,
0206 30 000 3,
0206 41 000 1,
0206 49 200 1,
0206 49 800 1,
0206 80 100 0,
0206 90 100 0

ірі қара малдың, шошқаның, қойдың, ешкінің, жылқының, есектің, қашырдың немесе лошактың фармацевтика өнімдерін өндіру кезінде пайдаланылатын жаңадан сойылған, салқындатылған немесе тоңазытылған тағамдық қосымша өнімдері

0507 90 000 0-ден

фармацевтика өнімін өндіру кезінде пайдаланылатын маралдың мүйізі ғана

1108-ден

фармацевтика өнімін өндіру кезінде пайдаланылатын бидай, жүгері, картоп крахмалы, инулин

1211-ден

фармацевтика өнімін өндіру кезінде пайдаланылатын жас күйіндегі немесе кептірілген, бүтін немесе ұсақталған, жармаланған немесе ұнтақталған өсімдіктер ғана, олардың жекелеген бөліктері (тұқымы мен жемісін қоса алғанда)

1302-ден

фармацевтика өнімін өндіру кезінде пайдаланылатын өсімдік шырындары мен сығындылары, агар-агар, пектиндер ғана

1504 20-дан

фармацевтика өнімін өндіру кезінде пайдаланылатын балық майы, май және олардың фракциясы, балық бауырынан алынатын майдан басқа

1505 00-ден

фармацевтика өнімін өндіру кезінде пайдаланылатын шайыр

1515-тен

фармацевтика өнімін өндіру кезінде пайдаланылатын өсімдік майлары және олардың фракциялары ғана

1520 000 00 0

фармацевтика өнімін өндіру кезінде пайдаланылатын глицерин

1702-ден

фармацевтика өнімін өндіру кезінде пайдаланылатын қатты күйіндегі химиялық таза лактоза, мальтоза, глюкоза және фруктозаны қоса алғанда, басқа да қанттар

1704 90 550 0

аурулардың алдын алуға және емдеуге арналған тамақ аурулары пастилкалары және тұмау таблеткалары

1804 00 000 0

фармацевтика өнімін өндіру кезінде пайдаланылатын какао-майы, какао-тоң майы

2106 90 980 3-тен

аурулардың алдын алуға және емдеуге арналған тағамға теңгермелі қосуға арналған витаминдер мен минералдық заттардың қоспалары

2207 10 000 0

фармацевтика өнімін өндіру кезінде пайдаланылатын, 80 айн. % немесе одан жоғары спирт концентрациясы бар денатуратталған этил спирті

2501 00-ден

фармацевтика өнімін өндіру кезінде пайдаланылатын таза натрий хлориді ғана

2520 10 000 0

протездік-ортопедиялық бұйымдарды жасау кезінде пайдаланылатын керіш, ангидрит

2526 20 000 0

фармацевтика өнімін өндіру кезінде пайдаланылатын жармаланған немесе ұнтақталған тальк

2712 10 900 0

фармацевтика өнімін өндіру кезінде пайдаланылатын өзге мұнай вазелині

2712 20

фармацевтика өнімін өндіру кезінде пайдаланылатын құрамында кемінде 0,75 мас. % май бар парафин

28-топтан

фармацевтика және медицина өнімін өндіру кезінде пайдаланылатын органикалық емес химия өнімдері: қымбат бағалы металдардың, жерде сирек кездесетін металдардың, радиоактивті элементтердің немесе изотоптардың органикалық емес немесе органикалық қосылыстары

2853 00 100 0

медициналық мақсатта пайдаланылатын дистилденген және кондуктометриялық су мен тазалығы осындай су

29-топтан

фармацевтика және медицина өнімін өндіру кезінде пайдаланылатын табиғи немесе синтезделген органикалық химиялық қосылыстар, стерилизаторларда қолдануға арналған

30-топ

фармацевтикалық өнім

3102 10 100 0

фармацевтика өнімін өндіру кезінде пайдаланылатын сусыз құрғақ өнімге есептелгенде 45 мас. % астам азоттан тұратын зәрлік

3203 00-тен

айқындалған немесе айқындалмаған химиялық құрамдағы өсімдік немесе жануар тектес бояғыш заттар (бояғыш экстрактыларды қоса алғанда, жануар көмірінен басқа); фармацевтика және медицина өнімін өндіру кезінде пайдаланылатын осы топқа 3-ескертуде көрсетілген өсімдік немесе жануар тектес бояғыш заттар негізінде дайындалған препараттар

3204-тен

айқындалған немесе айқындалмаған химиялық құрамдағы синтетикалық органикалық бояғыш заттар; осы топқа 3-ескертуде көрсетілген синтетикалық органикалық бояғыш заттар негізінде дайындалған препараттар; фармацевтика және медицина өнімін өндіру кезінде пайдаланылатын айқындалған немесе айқындалмаған химиялық құрамдағы оптикалық ақтағыштар немесе люминофорлар ретінде пайдаланылатын синтетикалық органикалық өнімдер

3301-ден

фармацевтика өнімін өндіру кезінде пайдаланылатын эфир майы

3305 10 000 0-ден

Қазақстан Республикасында дәрілік заттар ретінде тіркелген, медициналық мақсатта қолданылатын сусабындар

3307 90 000 0-ден

көру линзаларын немесе көз протездерін сақтауға арналған ерітінділер

3407 00 000 0-ден

"тіс дәрігерлік балауыз" немесе тіс қалыбын алуға арналған құрамдар, тіс дәрігерлік мақсатына арналған құрамдар ғана, керіштің (кальцилеген керіштің немесе кальций сульфатының) негізінде дайындалған өзгелер

3503 00 100-ден

медициналық мақсатта пайдаланылатын желімтек және оның туындылары

3503 00 800 9-дан

фармацевтика өнімін өндіру кезінде пайдаланылатын қатты желатинді капсулалар

3505 10-нан

фармацевтика өнімін өндіру кезінде пайдаланылатын декстриндер, басқа модифицирленген крахмалдар

3506 91 000 0-ден

фармацевтика өнімін өндіру кезінде пайдаланылатын каучук негізінде жасалған балқытылған желім

3507-ден

фармацевтика өнімін өндіру кезінде пайдаланылатын басқа жерде аталмаған ферменттер, ферменттік препараттар

3701 10 100 0

медициналық, стоматологиялық немесе ветеринариялық мақсаттарға пайдаланылатын қағаздан, қатырма қағаздан немесе тоқыма материалдарынан басқа, кез келген материалдан жасалған жайпақ рентгендік фотопластинкалар мен фотоүлдірлер

3702 10 000 0

медициналық, стоматологиялық немесе ветеринариялық мақсаттарға арналған, қағаздан, қатырма қағаздан немесе тоқыма материалдарынан басқа, кез келген материалдан жасалған орамдағы рентгендік фотоүлдірлер

3707 90 110 0-ден

медициналық, стоматологиялық немесе ветеринарлық мақсаттарға пайдаланылатын рентген үлдіріне арналған бейне шығарғыштар мен бейне бекіткіштер

3802 10 000 0-ден

медициналық мақсатта пайдаланылатын активтенген көмір

3807 00 100 0

фармацевтика өнімін өндіру кезінде пайдаланылатын ағаштың қара майы

3821 00 000 0

микроорганизмдер (вирустар және соған ұқсастарды қоса) немесе өсімдік, адам немесе жануарлар жасушаларының өмір сүру қызметін өсіруге немесе қолдауға арналған дайын культуральды орталар

3822 00 000 0

3202 немесе 3006-тауар позициясындағы тауарлардан басқа, ұлтанды диагностикалық немесе зертханалық реагенттер, ұлтанды немесе ұлтансыз дайын диагностикалық немесе зертханалық реагенттер; медициналық мақсатта пайдаланылатын сертификатталған эталон материалдар

3824 90 610 0,
3824 90 620 0,
3824 90 640 0

фармакологияда немесе хирургияда қолданылатын өнімдер және құрамдар

39-топтан

фармацевтика және медицина өнімін, сондай-ақ протездік-ортопедиялық бұйымдарды жасау кезінде пайдаланылатын полимер материалдар, пластмассалар және олардан жасалған бұйымдар

3908-ден

протездік-ортопедиялық бұйымдарды жасау кезінде пайдаланылатын бастапқы нысандағы полиамидтер

3909 50-ден

протездік-ортопедиялық бұйымдарды жасау кезінде, сондай-ақ оптикалық линзаларды жылтырату үшін пайдаланылатын бастапқы нысандағы полиуретандар

3910 00 000 9-ден

протездік-ортопедиялық бұйымдарды жасау кезінде пайдаланылатын бастапқы нысандағы силикондар

3920-дан

фармацевтика және медицина өнеркәсібінде пайдаланылатын поливинилхлоридтен жасалған материалдар

3926 90 980 1-ден

медициналық өнеркәсіп үшін гемодиализ үшін мембрананы қоса алғанда, фильтр элементтер

3926 90 980 9-дан

медициналық мақсаттар үшін пайдаланылатын поливинилхлоридтен жасалған бұйымдар (көз тамшылары, спринцовкалар, жылытқылар, сүтсорғыштар, балалардың тісін қатайтуға арналған сақиналар мен Эсмарх ыдысы)

4001 22 000 0-ден

табиғи каучук, техникалық мамандандырылған (ТSNR)

4006 90 000 0-ден

басқа нысандар (мысалы, темірлер, құбырлар және бейінді түрлер) және үрленбеген резина бұйымдар (мысалы, дискілер мен сақиналар) - басқалары

4008-ден

протездік-ортопедиялық бұйымдарды жасау кезінде пайдаланылатын қатты резеңкеден басқа, пластиналар, қаңылтырлар, жолақтар немесе таспалар, шыбықшалар және вулканизацияланған резеңкеден жасалған қалыптық профилдер

4014 10 000 0

қатты резеңкеден басқа, вулкандалған резеңкеден жасалған контрацептивтер

1014 90 100 0

балаларға арналған әр түрлі емізіктер мен оған ұқсас бұйымдар

4014 90 900 0-ден

фармацевтикалық өнім өндіру кезінде пайдаланылатын қатты резеңкеден басқа, вулкандалған резеңкеден жасалған бұйымдар, вулкандалған резеңкеден жасалған тығындар; медициналық мақсатта пайдаланылатын резеңке жылытқыштар, резеңке спринцовкалар, оттегі жастықшалары

4015 11 000 0
4015 19 900 0-ден
4015 90 900 0-ден

медициналық мақсатта пайдаланылатын вулкандалған резеңкеден жасалған киімдер мен оның керек-жарақтары, медициналық қолғаптар:
хирургиялық және қарауға арналған, стерильді және стерильді емес

4016 93 000 9-дан

протездік-ортопедиялық бұйымдарды жасау кезінде пайдаланылатын вулкандалған резеңкеден жасалған төсемдер, шайбалар, басқа да тығыздаушылар

4104-тен

протездік-ортопедиялық бұйымдарды жасау кезінде пайдаланылатын ірі қара малдың немесе жылқы тұқымдас малдың терісінен жасалған жүнсіз тықыр былғары

4803 00 900 0

медицина өнімін өндіру кезінде пайдаланылатын орамдағы целлюлоза талшығынан жасалған кенеп

4811 59 000 9-дан

медицина өнімін өндіру кезінде пайдаланылатын жоғары молекулалы полимер қапталған ауа өтетін қағаз

4811 90 000 0-ден

фармацевтика және медицина өнімін өндіру кезінде қолданылатын қағаз, қатырма қағаз, целлюлоза мақта және целлюлоза талшығынан жасалатын кенеп

4818 90 100 0

бөлшек саудада сату үшін оралмаған хирургиялық және медициналық мақсатта қолданылатын бұйымдар

4819 10 000 0

фармацевтика және медицина өнімін өндіру кезінде пайдаланылатын гофрирлеген қағаздан немесе қатырма қағаздан жасалған жәшіктер мен қораптар

4821

фармацевтика және медицина өнімін өндіру кезінде пайдаланылатын жабыстырылатын қағаз бен затбелгілер

4823 90-нан

фармацевтика және медицина өнімін өндіру кезінде пайдаланылатын орамдағы қағаз

5208 11 100 0
5208 21 100 0

бинттер, тану материалдары мен медициналық дәке дайындауға арналған бетінің тығыздығы кемінде 200 г/м 2 аспайтын құрамында 85 % мас. немесе одан көп мақта талшықтарынан тұратын мақта маталар

5603-тен

фармацевтика және медицина өнімін өндіру кезінде пайдаланылатын химиялық жіптерден жасалған матадан жасалмаған материал

6115 10 100 0,
6115 10 900 1,
6115 10 900 2

көктамырдың кеңеюінен ауыратындарға арналған синтетикалық жіптен тоқылған шұлықтар, колготкалар, гольфтер

6804 22 300 0

фармацевтика және медицина өнімін өндіру кезінде пайдаланылатын, қыш немесе силикат материалдарынан (скарификаторлар) алынатын қайрақ жасауға арналған бұйымдар

6909-дан
(6909 90 000 0-ден басқа)

медицинада пайдаланылатын зертханалық, химиялық мақсаттарға арналған қыш бұйымдар

7001 00 910 0

фармацевтика және медицина өнімін жасау және өндіру кезінде қолданылатын оптикалық шыны

7010 10 000 0

фармацевтика өнімін өндіру кезінде пайдаланылатын шыныдан жасалған ампулалар

7010 20 000 0

фармацевтика өнімін өндіру кезінде пайдаланылатын тығындар, қақпақтар және басқа ұқсас бұйымдар

7010 90 710 0
7010 90 790 0

фармацевтика өнімін өндіру кезінде пайдаланылатын бөтелкелер, сауыттар, банкалар, ампулалар және басқа шыны ыдыстар

7015 10 000 0

көзді түзетуге арналған көзілдіріктердің шынысы

7017-ден

зертханалық немесе фармацевтикалық мақсаттарға арналған шыны ыдыстар

7326 90 980 0

медициналық мақсатта пайдаланылатын стерильді қораптар және осыған ұқсас бұйымдар

7607 19 910 0-ден
7607 19 990 0-ден

дәрілік заттарды өндіру кезінде блистерге орау үшін пайдаланылатын негізі жоқ алюминий фольга

7612 10 000 0

фармацевтикалық өнім өндіру кезінде пайдаланылатын алюминийден жасалған деформацияға ұшырайтын түтікті ыдыстар (тубалар)

7612 90 200 0-ден

фармацевтика өнімін өндіру үшін пайдаланылатын аэрозольді орамдардағы алюминийден жасалған басқа ыдыстар

7804 11 000 0

ионды сәуледен қорғау үшін медицинада пайдаланылатын жуандығы 0,2 мм аспайтын қорғасын парақтар, кесінділер немесе таспалар мен фольга

8001 20 000 0-ден

линзаларды оқшаулауға арналған оңай балқитын металл (Вуд қоспасы)

8309 90-нан

фармацевтика өнімін өндіру кезінде пайдаланылатын алюминийден жасалған тығындағыш қақпақтар

8419 20 000 0,
8419 40 000

медициналық, хирургиялық немесе зертханалық стерилизаторлар; дистилдеуге, ректификациялауға арналған аппараттар

8421 19 200 1,
8421 21 000 1,
8421 29 000 1,
8421 91 000 2,
8421 99 000 1

ортадан тепкіш кептіргіштерді қоса алғанда, центрифугалар медициналық мақсатқа арналған сұйықтарды немесе газдарды сүзу немесе тазалауға арналған жабдықтар мен құрылғылар және олардың бөлшектері

8467 11 900 0
8467 21 910 0
8467 29 510 0

протездік-ортопедиялық бұйымдарды өндіру кезінде пайдаланылатын электрлі қозғалтқышы бар қолмен басқарылатын құрал-саймандар, басқалары

8467 89 000 0-ден

көзілдірік линзаларын дайындау кезінде пайдаланылатын фрезерлеуге арналған қолмен басқарылатын электрлі құрал-саймандар

8539 49-дан

медицинада қолданылатын ультракүлгін және инфрақызыл сәулелену шамдары

8713

қозғалтқышпен немесе қозғалуға арналған басқа да механикалық құрылғылармен жабдықталған немесе жабдықталмаған, қозғала алмайтын адамдарға арналған арбалар

8714 20 000 0

қозғала алмайтын адамдарға арналған арбалардың бөлшектері және керек-жарақтары

9001 30 000 0

медициналық мақсатта пайдаланылатын контактілі линзалар

9001 40 410 0

екі жағынан өңделген, бір фокальды, көзді түзету үшін шыныдан жасалған көзілдіріктерге арналған линзалар

9001 50 410 0

екі жағынан өңделген, бір фокальды, көзді түзету үшін өзге де материалдан жасалған көзілдіріктерге арналған линзалар

9003-тен
(9003 19 100 0-ден басқа)

көзілдіріктерге, қорғаныш көзілдіріктерге арналған оправалар мен арматуралар (күннен қорғайтыннан басқа) немесе соған ұқсас оптикалық аспаптар, және олардың бөлшектері

9004-тен
(9004 10 басқасы)

көзілдіріктер, қорғағыш көзілдіріктер (күннен қорғайтындардан басқа) және көздің көруін түзейтін соған ұқсас оптикалық аспаптар

9006 30 000 0

ішкі мүшелерді медициналық немесе хирургиялық тексеруге арналған арнайы фотокамералар

9011-ден

медициналық мақсатта пайдаланылатын оптикалық күрделі микроскоптар

9016 00

медициналық мақсатқа арналған әртүрлі кірлері бар немесе жоқ, сезімталдығы 0,05 г немесе одан жоғары таразылар, олардың бөлшектері мен керек-жарақтары

9018-ден

сцинтиграфиялық аппаратураны қоса алғанда, медицинада, хирургияда, стоматологияда немесе ветеринарияда қолданылатын аспаптар мен құрылғылар, басқа да электромедициналық аппаратура және көздің көруін зерттеуге арналған аспаптар (солярийден басқа)

9019-дан

механотерапияға арналған құрылғылар; уқалау аппараттары; қабілетін анықтау үшін психологиялық тестерге арналған аппаратура; озон, оттегі және аэрозоль терапиясына қолдан тыныс алдыруға арналған аппараттар немесе басқа да терапиялық тыныс алдыру аппаратурасы

9020 00 000 0

медициналық мақсатта қолданылатын басқа да тыныс алу жабдықтары және механикалық тетіктерсіз және ауыстыратын сүзгілерсіз қорғаныш маскаларынан басқа, газ маскалары

9021

балдақтарды, хирургиялық белдіктерді және бандаждарды қоса алғанда, ортопедиялық аспаптар; сынықтарды емдеуге арналған, біздер мен басқа да аспаптар; қолдан жасалған дене бөліктері; органның ақауын немесе оның жұмыс істемеуін толықтыру үшін өзіне тағатын, алып жүретін немесе денеге импланттайтын есту аппараттары және басқа да аспаптар

9022-ден

медициналық, хирургиялық, стоматологиялық немесе ветеринариялық пайдалануға арналған рентгендік, альфа-, бета- немесе гамма-сәулеленуге пайдалануға негізделген аппаратура, рентгенографиялық немесе радиотерапиялық, рентгендік түтіктерді қоса алғанда және басқа да рентгендік сәулелену генераторлары, жоғары кернеудегі генераторлар, қалқандар мен басқару пульттері, экрандар, үстелдер, креслолар және тексеруге немесе емдеуге арналған соған ұқсас бұйымдар

9025-тен

медициналық мақсатта және фармацевтикалық өнім өндіру кезінде қолданылатын ареометрлер, термометрлер, барометрлер, гигрометрлер, жазатын құрылғылары бар немесе онсыз психрометрлер

9026-ден

фармацевтикалық өнім өндіру кезінде пайдаланылатын сұйықтықтардың немесе газдардың шығынын, деңгейін қысымын немесе басқа да ауыспалы сипаттамасын өлшеуге немесе бақылауға арналған аспаптар мен аппаратура

9027-ден

химиялық талдауға арналған аспаптар мен аппаратура (мысалы, поляриметрлер, рефрактометрлер, спектрометрлер, газ- немесе түтінталдағыштар); тұтқырлығын, кеуектігін, кеңеюін, үстірт керілуін немесе соған ұқсастарды өлшеуге немесе бақылауға арналған аспаптар мен аппаратура; жылудың, дыбыстың немесе жарықтың мөлшерін өлшеуге немесе бақылауға арналған аспаптар мен аппараттар (экспонометрлерді қоса алғанда); медициналық мақсат үшін қолданылатын микротомдар: оларға бөлшектер мен аспаптар

9030 10 900 0

медицинада қолданылатын ионды сәулені табу немесе өлшеу үшін аспаптар мен аппаратура

9031

медицинада қолданылатын өлшенетін немесе бақыланатын аспаптар

9032 10

медицинада қолданылатын термостаттар

9106 90 100 0

медицинада қолданылатын технологиялық үдерістер таймерлері, өзіне тағуға немесе өзімен бірге алып жүруге арналмаған секунд өлшегіштер, соған ұқсас құрылғылар

9402-ден

медициналық, хирургиялық, стоматологиялық немесе ветеринариялық жиһаз (мысалы, операциялық үстелдер, қарауға арналған үстелдер, механикалық аспаптары бар аурухана төсектері, стоматологиялық креслолар), жоғарыда айтылған бұйымдардың бөлшектері

9405 10 210 1,
9405 10 280 1,
9405 10 300 1,
9405 10 500 1,
9405 10 910 1,
9405 10 980 1,
9405 20 110 1,
9405 20 190 1,
9405 20 300 1,
9405 20 500 1,
9405 20 910 1,
9405 20 990 1,
9405 40 310 1,
9405 40 350 1,
9405 40 390 1,
9405 40 910 1,
9405 40 950 1,
9405 40 990 1,
9405 91 900 1,
9405 92 000 1,
9405 99 000 1

медицинада қолданылатын шамдар мен жарық беретін жабдықтар, жарығы белгілі бір жерге бағытталған шамдар және олардың бөлшектері

9608 20 000 0

йод пен бриллиант көгінің ерітіндісі бар биомаркерлерді өндіруге арналған фетрлі ұштары бар және басқа кеуекті материалдардан жасалған пластикті маркерлер

      Тауарлар номенклатурасы Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының (ҚР СЭҚ ТН) коды және тауардың атауы бойынша анықталады.

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2009 жылғы 11 ақпандағы
N 133 қаулысымен  
бекітілген     

Сату жөніндегі айналымдары қосылған құн салығынан босатылатын
косметологиялық, санаторийлік-курорттық қызметтерді қоспағанда,
медициналық (ветеринарлық) қызметтердің тізбесі

I. Медициналық қызметтер

      Бастапқы (дәрігерге дейінгі) медициналық-санитарлық көмек:
      1. Дәрігерге дейінгі медициналық көмек
      2. Ересектерге медициналық патронаж
      3. Балаларға медициналық патронаж
      4. Оптометрия

      Жедел және шұғыл медициналық көмек:
      5. Тасымалдау кезіндегі медициналық сүйемелдеу
      6. Шұғыл медициналық көмек
      7. Жедел медициналық көмек

      Диагностика:
      8. Биологиялық бақылау
      9. Зертханалық диагностика:
      1) бактериологиялық зерттеулер
      2) биохимиялық зерттеулер
      3) вирусология
      4) иммунологиялық зерттеулер
      5) адамның қорғаныш тапшылығы қоздырғышының зертханалық диагностикасы (ВИЧ-диагностикасы)
      6) жалпы клиникалық зерттеулер
      7) паразитологиялық зерттеулер
      8) серологиялық зерттеулер
      9) цитологиялық зерттеулер
      10. Медициналық-генетикалық диагностика
      11. Патологиялық анатомия
      12. Радиологиялық диагностика
      13. Рентгенологиялық диагностика
      14. Рентген-эндоваскулярлық диагностика
      15. Ультрадыбыстық диагностика
      16. Функционалдық диагностика
      17. Электропунктуралық (компьютерлік) диагностика
      18. Эндоскопиялық диагностика

      Ересектерге амбулаториялық-емханалық медициналық көмек - мамандықтар бойынша:
      19. Акушерлік пен гинекология
      20. Аллергология
      21. Андрология
      22. Анестезиология мен реаниматология
      23. Дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатындарды дәрігерлік бақылау
      24. Венерология
      25. Гастроэнтерология
      26. Гематология
      27. Гериатрия
      28. Гипербариялық оксигенотерапия
      29. Гирудотерапия
      30. Дерматология
      31. Диетология (емдік тамақтану)
      32. Жұқпалы аурулар
      33. Иммунология
      34. Кардиология
      35. Емдеу дене шынықтыруы
      36. Маммология
      37. Медициналық генетика
      38. Медициналық психология
      39. Наркология
      40. Невропатология
      41. Нефрология
      42. Нейрохирургия
      43. Жалпы дәрігерлік практика/отбасы медицинасы
      44. Онкология
      45. Оториноларингология
      46. Офтальмология
      47. Проктология
      48. Психиатрия
      49. Психотерапия
      50. Пульмонология
      51. Радиология
      52. Оңалту
      53. Ревматология
      54. Рентгенология
      55. Сексопатология
      56. Есту протезін қолдану
      57. Стоматология:
      1) терапиялық
      2) хирургиялық
      3) ортопедиялық
      4) ортодонттық
      58. Терапия
      59. Травматология, ортопедия және комбустиология
      60. Трансфузиология
      61. Еңбек терапиясы
      62. Урология
      63. Физиотерапия
      64. Фтизиатрия
      65. Хирургия
      66. Химиотерапия
      67. Экстрокорпоралдық детоксикация
      68. Эндокринология
      69. Эндоскопия

      Балаларға амбулаториялық-емханалық медициналық көмек - мамандықтар бойынша:
      70. Аллергология
      71. Андрология
      72. Анестезиология мен реаниматология
      73. Дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатындарды дәрігерлік бақылау
      74. Венерология
      75. Гастроэнтерология
      76. Гематология
      77. Гинекология
      78. Гипербариялық оксигенация
      79. Гирудотерапия
      80. Диетология
      81. Дерматология
      82. Жұқпалы аурулар
      83. Иммунология
      84. Кардиоревматология
      85. Емдік дене шынықтыру
      86. Логопедия
      87. Медициналық генетика
      88. Медициналық психология
      89. Наркология
      90. Нейрохирургия
      91. Невропатология
      92. Неонатология
      93. Нефрология
      94. Онкология
      95. Онкогематология
      96. Оториноларингология
      97. Офтальмология
      98. Педиатрия
      99. Проктология
      100. Психиатрия
      101. Психотерапия
      102. Пульмонология
      103. Рентгенология
      104. Оңалту
      105. Стоматология:
      1) терапиялық
      2) хирургиялық
      3) ортодонттық
      106. Сурдология (оның ішінде құлақты протездеу)
      107. Травматология, ортопедия және комбустиология
      108. Трансфузиология
      109. Урология
      110. Фтизиатрия
      111. Физиотерапия
      112. Хирургия
      113. Экстракорпоралдық детоксикация
      114. Эндоскопия
      115. Эндокринология

      Ересектерге стационарлық медициналық көмек - мамандықтар бойынша:
      116. Акушерлік
      117. Аллергология
      118. Андрология
      119. Анестезиология мен реаниматология
      120. Венерология
      121. Гастроэнтерология
      122. Гематология
      123. Гериатрия
      124. Гинекология (экстракорпоралдық ұрықтандыруды қосқанда - ЭКҰ)
      125. Гипербариялық оксигенотерапия
      126. Гирудотерапия
      127. Дерматология
      128. Диетология (емдік тамақтану)
      129. Иммунология
      130. Жұқпалы аурулар
      131. Кардиология
      132. Клиникалық фармакология
      133. Емдік дене шынықтыру
      134. Маммология
      135. Медициналық генетика
      136. Наркология
      137. Невропатология
      138. Нефрология
      139. Жедел нефрология - гемодиализ
      140. Онкология
      141. Оториноларингология
      142. Офтальмология
      143. Проктология
      144. Профпатология
      145. Психиатрия
      146. Психотерапия
      147. Пульмонология
      148. Радиология
      149. Оңалту
      150. Ревматология
      151. Рентгенология
      152. Сексопатология
      153. Стоматология:
      1) терапиялық
      2) хирургиялық
      3) ортопедиялық
      4) ортодонттық
      154. Терапия
      155. Токсикология
      156. Травматология, ортопедия және комбустиология
      157. Трансплантрлогия:
      1) органдар мен тіндерді алу
      2) органдар мен тіндерді ауыстырып тігу
      3) органдар мен тіндерді сақтау
      158. Трансфузиология
      159. Еңбек терапиясы
      160. Урология
      161. Физиотерапия
      162. Фтизиатрия
      163. Хирургия:
      1) абдоминалдық
      2) ангиохирургия
      3) іріңдік
      4) кардиохирургия
      5) микрохирургия
      6) нейрохирургия
      7) жалпы
      8) пластикалық
      9) рентгенді-эндоваскулярлық
      10) торакалдық
      11) жақ сүйегі-бет
      12) өт тасы, зәр тасы ауруларының экстракорпоралдық литортрипсиясы
      13) эндовидеоскопиялық
      14) эндокринологиялық
      164. Эндокринология
      165. Эндоскопия

      Балаларға стационарлық медициналық көмек - мамандықтар бойынша:
      166. Аллергология
      167. Анестезиология және реаниматология
      168. Андрология
      169. Венерология
      170. Гастроэнтерология
      171. Гематология
      172. Гипербариялық оксигенотерапия
      173. Гирудотерапия
      174. Диетология (емдік тамақтану)
      175. Дерматология
      176. Иммунология
      177. Жұқпалы аурулары
      178. Кардиоревматология
      179. Клиникалық фармокология
      180. Емдік дене шынықтыру
      181. Медициналық генетика
      182. Невропатология
      183. Нефрология (оның ішінде гемодиализ)
      184. Неонатология
      185. Онкология
      186. Онкогематология
      187. Оториноларигология
      188. Офтальмология
      189. Педиатрия
      190. Проктология
      191. Психиатрия
      192. Психотерапия
      193. Протездеу
      194. Пульмонология
      195. Радиология
      196. Рентгенология
      197. Оңалту
      198. Стоматология:
      1) терапиялық
      2) хирургиялық
      3) ортодонттық
      199. Травматология, ортопедия және комбустиология
      200. Трансплантология:
      1) органдар мен тіндерді алу
      2) органдар мен тіндерді ауыстырып тігу
      3) органдар мен тіндерді сақтау
      201. Трансфузиология
      202. Токсикология
      203. Урология
      204. Фтизиатрия
      205. Физиотерапия
      206. Хирургия
      1) іріңдік
      2) нейрохирургия
      3) жалпы
      4) пластикалық
      5) жүрек-қан тамыры:
      кардиохирургия
      ангиохирургия
      рентгеноэндоваскулярлық
      6) торакалдық
      7) эновидеоскопиялық
      207. Экстракопоралдық детоксикация
      208. Эндокринология
      209. Эндоскопия

      Сараптамалық медициналық қызмет:
      210. Емдеу-алдын алу қызметтің сараптамасы
      211. Еңбекке қабілеттілігінің сараптамасы
      212. Психиатриялық сараптама, соның ішінде сот психиатриялық сараптама
      213. Балалар денсаулығының жай-күйіне сараптама
      214. Жүргізушілер денсаулығының жай-күйіне сараптама
      215. Жасөспірімдер денсаулығының жай-күйіне сараптама (әскери-медициналық)
      216. Кәсіптік жарамдылығына сараптама (алдын алу және кезеңдік медициналық қарау)
      217. Наркологиялық сараптама
      218. Сот-медициналық сараптама

      Дәстүрлі емес медициналық қызмет:
      219. Гомеопатия
      220. Мануалдық терапия
      221. Массаж
      222. Рефлексотерапия
      223. Дәстүрлі емес диагностика
      224. Дәстүрлі емес сауықтыру жүйелері
      225. Фитотерапия және табиғи тектегі құралдармен емдеу
      226. Энергоинформациялық сауықтыру жүйесі

      Міндетті медициналық қызмет:
      227. Қан және оның құрамдас бөліктерін дайындау
      228. Амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету

      Санитарлық-гигиеналық және алдын алу медициналық қызмет:
      229. Өндірістегі еңбек жағдайларының гигиеналық сараптамасы
      230. Емдеу-алдын алу мекемелерінің алдын алу және кезеңдік медициналық қарауларынан кейін халықтың декреттелген топтарына жұмысқа кірісуге рұқсат ету
      231. Зертханалық зерттеулер:
      1) бактериологиялық
      2) вирусологиялық
      3) шуылды, дірілді, электромагниттік өрісті және басқа физикалық факторларды өлшеу
      4) паразитологиялық
      5) радиометрия мен дозиметрия
      6) санитарлық-химиялық
      7) токсикологиялық
      8) радиологиялық
      232. Өсімдік өнімдерін зертханалық зерттеулер
      233. Санитарлық-гигиеналық зерттеулер
      234. Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама
      235. Денсаулық сақтау ұйымдарын эпидемияға қарсы режимнің талаптарына сәйкестігіне сараптау
      236. Балалар мен жеткіншектердің гигиенасы бойынша сараптама
      237. Медициналық дезинфекция, дезинсекция және дератизация

II. Ветеринарлық қызметтер

      238. Емдеу-алдын алу және сауықтыру қызметі:
      1) акушерлік, гинекология және жануардың төлдеуіне көмектесу
      2) жануарларды жасанды ұрықтандыру;
      3) жануарлардың жұқпайтын этиологиялы ауруларын емдеу;
      4) жануарлардың жұқпалы этиологиялы ауруларын емдеу;
      5) жануарлардың паразиттеріне қарсы алдын алу және емдеу жұмыстары;
      6) жануарлардың туберкулезі мен бруцеллезіне қарсы сауықтыру ветеринарлық жұмыстар;
      7) жануарлардың жұқпалы ауруларына қарсы жануарларға ветеринарлық биологиялық препараттармен алдын алу жұмыстарын жүргізу (вакцинациялау);
      8) жануарлардың барлық түрлерінен қан алу;
      9) хирургиялық практика
      жануарларды піштіруді;
      тұяқ қиюды;
      мүйізін кесуді;
      құйрығын кесуді қоса алғанда
      239. Зертханалық диагностикалық зерттеулер:
      1) органолептикалық;
      2) бактериологиялық;
      3) вирусологиялық;
      4) паразитологиялық;
      5) радиометриялық және дозиметриялық;
      6) химиялық және биохимиялық;
      7) токсикологиялық;
      8) иммунологиялық және серологиялық;
      9) радиологиялық;
      10) жемдерді зертханалық зерттеу;
      11) жануарлар ауруларының емханалық диагностикасы;
      12) жүктілікті диагностикалаудың ректалдық әдісі;
      13) жануарларды сою алдындағы қарау;
      14) тұтас ет пен ішкі органдарды сойғаннан кейінгі қарау;
      15) рентгеноскопия
      240. Ветеринариядағы санация, оның ішінде дезинфекция, дератизация және дезинсекция
      241. Жануарлардан және өсімдіктерден жасалған тағамдар мен шикізаттардың мал дәрігерлік-санитарлық сараптамасы жөніндегі көрсететін қызметтер
      242. Ветеринарлық дәрілік құралдарды, биологиялық ветеринарлық препараттарды, дезинфекциялайтын және паразиттерге қарсы құралдарды және басқа да ветеринарлық препараттарды тіркеулік сынау мен байқау