Электрондық мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай операторды анықтау туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы N 1317 Қаулысы

Қолданыстағы

      "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңының (бұдан әрі - Заң) 13-бабының 20) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Электрондық коммерция орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі электрондық мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператор болып анықталсын.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                 К. Мәсімов