Қазақстан Республикасының халқын құжаттандырудың кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 желтоқсандағы N 1235 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 4 шілдедегі № 684 қаулысымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 04.07.2013 № 684 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңын іске асыру шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы азаматының паспорты мен азаматтығы жоқ адамдардың электрондық ақпарат жеткізгіші бар куәлігінің үлгілері (сипаттамасы) бекітілсін.
      2. Осы қаулы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген Қазақстан Республикасы азаматтарының паспорттары мен азаматтығы жоқ адамдардың куәліктері олардың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін жарамды деп саналсын.
      3. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес шет мемлекеттерді Қазақстан Республикасында Қазақстан Республикасы азаматының паспорты мен азаматтығы жоқ адамның электрондық ақпарат жеткізгіші бар куәлігі енгізілгені, сонымен қатар осы қаулы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген Қазақстан Республикасы азаматтарының паспорттары мен азаматтығы жоқ адамдардың куәліктерінің қолдану мерзімі аяқталғанға дейін жарамдылығы туралы хабардар етуді қамтамасыз етсін.
      4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1) (күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2009.08.27. N 1260 (қолданысқа енгізілу тәртібін 6-т. қараңыз) Қаулысымен;
      2) "Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тіркеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 12 шілдедегі № 1063 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 29, 359-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тіркеу ережесінде:
      5-тармақтың екінші, үшінші, төртінші, бесінші абзацтары алып тасталсын;
      7-тармақтың екінші абзацы алып тасталсын.
      5. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
      1) "Қазақстан Республикасы азаматы паспортының үлгісін (сипаттамасын) бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 22 сәуірдегі N 429 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., N 19, 191-құжат);
      2) "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 22 сәуірдегі N 429 қаулысына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 23 қаңтардағы N 87 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 2 қарашадағы N 1394 қаулысының 1-тармағының 1) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., N 39, 493-құжат);
      3) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 12 қаңтардағы N 31 қаулысының күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 14 ақпандағы N 140 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілген өзгерістер мен толықтырулардың 2-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 7, 73-құжат).
      6. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                 К. Мәсімов

      Қазақстан Республикасы
      Үкіметінің       
      2008 жылғы 24 желтоқсандағы
      N 1235 қаулысымен    
      бекітілген       

Қазақстан Республикасы азаматының электрондық ақпарат жеткізгіші бар паспортының үлгісі (сипаттамасы)

      1. Қазақстан Республикасы азаматының электрондық ақпарат жеткізгіші бар паспорты машинамен оқылатын жол жүру құжаттарына қойылатын халықаралық талаптар мен стандарттарға сәйкес дайындалады.
      2. Қазақстан Республикасы азаматының паспорты көлемі 88x125 мм доғал бұрышты брошюраны білдіреді және форзац мұқабасына желімделген мұқабадан және 18 парақтан (36 бет) тұрады.
      3. Қазақстан Республикасы азаматы паспортының мұқабасы тозбайтын материал мен тесемнен дайындалады, олардың арасында паспорттың иесі туралы электрондық ақпарат жеткізгіш ретінде пайдаланылатын антеннасы бар микросхема (байланыссыз интерфейс бар чип) орналастырылады.
      Жадының сыйымдылығы кемінде 64 Кб микросхемада қорғалған түрде Қазақстан Республикасы азаматы паспортының иесі туралы графикалық және мәтіндік ақпарат сақталады.
      4. Қазақстан Республикасы азаматы паспортының мұқабасы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туының түсіндей көгілдір түсті.
      Қазақстан Республикасы азаматы паспортының алдыңғы мұқабасының сыртқы бетінде:
      жоғары бөлігінде - мемлекеттік және ағылшын тілдерінде:
                         "ҚАЗАҚСТАН
                        РЕСПУБЛИКАСЫ
                         REPUBLIC OF
                         КАZАКНSТАN"
деген жазу;
      ортада - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы;
      Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының астында - мемлекеттік және ағылшын тілдерінде:
                           "ПАСПОРТ
                            РАSSPORT"
деген жазу;
      төменгі бөлігінде - Қазақстан Республикасы азаматының паспортында электрондық ақпарат жеткізгіштің болуын көрсететін арнайы белгі;
      бұрыштарында - ұлттық ою-өрнек элементтері орналасқан.
      Жазулар, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының бейнесі, арнайы белгі және ұлттық ою-өрнек элементтері алтын түсті фольгамен өрнектеліп орындалады.
      5. Қазақстан Республикасы азаматы паспортының алдыңғы форзацында:
      ортада - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы;
      Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының астында - ұлттық ою-өрнек элементтерімен оюланған тармақтар;
      оюлы тармақтан төмен - паспорттың нөмірі орналасқан.
      6. Қазақстан Республикасының азаматы паспортының 1-бетінде мемлекеттік және ағылшын тілдерінде:
             "Паспорт Қазақстан Республикасының меншігі
                болып табылады, ал оның иесі Қазақстан
                   Республикасының қорғауында болады

                 This passport is the property of the
                 Republic of Kazakhstan and its owner
                   is under the protection of the
                      Republic of Kazakhstan"
      деген жазу орналасқан.
      7. Қазақстан Республикасының азаматы паспортының 2-беті паспорт иесінің фотобейнесін, қолы мен дербес деректерін орналастыруға арналған және екі бөліктен тұрады:
      беттің жоғары жағының төрттен үш бөлігі - көзбен көру аймағы, онда мемлекеттік және ағылшын тілдерінде тігінен мынадай деректемелер орналасады:
      "ПАСПОРТ / РАSSРОRТ
      ТҮРІ/ТҮРЕ
      МЕМЛЕКЕТ КОДЫ / СОDЕ ОF SТАТЕ
      ПАСПОРТТЫҢ N / РАSSРОRТ No.
      ТЕГІ / SURNАМЕ
      АТЫ / GIVEN NAMES
      АЗАМАТТЫҒЫ / NATIONALIТҮ
      ЖЫНЫСЫ / SЕХ
      ЖСН / ID No.
      ТУҒАН КЕЗІ / DАТЕ ОF ВІRТН
      ТУҒАН ЖЕРІ / РLАСЕ ОF ВІRТН
      БЕРІЛГЕН КЕЗІ / DАТЕ ОF ІSSUE
      ПАСПОРТ МЕРЗІМІ / DАТЕ ОF ЕХРІRҮ
      ӨЗ ҚОЛЫ / SIGNATURE ОF ВЕАRЕR
      БЕРГЕН МЕКЕМЕ / АUТНОRІТҮ";
      беттің төменгі ширегі - машинамен оқылатын аймақ, онда тігінен машинамен оқылатын жол жүру құжаттарына қойылатын халықаралық талаптар мен стандарттарға сәйкес осы құжаттағы негізгі ақпарат қамтылған әріптер мен цифрлардың комбинациясынан тұратын машинамен оқылатын жазу орналасады.
      8. Қазақстан Республикасының азаматы паспортының 2-беті дизайн мен сипаттамалардың жоғары ашықтығын және жоғары орындалуын сақтай отырып, көптеген көрнекі әсер беретін мөлдір голографиялық қатпарлы материалдан тұратын арнайы ламинатталған пленкамен қорғалады.
      9. Қазақстан Республикасының азаматы паспортының 3-беті Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген белгілерді орналастыруға арналған. Егер 3-бет пайдаланылса, онда белгілер паспорттың келесі бос бетіне жүргізіледі. 3-бетте тігінен мемлекеттік және ағылшын тілдерінде:
                  "МӘЛІМЕТ/OBSERVATIONS";
      мемлекеттік және орыс тілдерінде:
                  "ҰЛТЫ/НАЦИОНАЛЬНОСТЬ".
деген жазу орналасқан.
      Қазақстан Республикасы азаматының паспортында ұлты иесінің қалауы бойынша көрсетіледі.
       Ескерту. 9-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 5 ақпандағы N 106 Қаулысымен.
      10. Қазақстан Республикасының азаматы паспортының 4-36-беттері виза қоюға арналған. Беттерінің жоғары жағында мемлекеттік және ағылшын тілдерінде:
                         "ВИЗАЛАР/VISAS"
      деген жазу орналасқан.
      11. Қазақстан Республикасының азаматы паспортының артқы форзацында мемлекеттік және ағылшын тілдерінде:
                         "ОСЫ ПАСПОРТ
                       36 БЕТТЕН ТҰРАДЫ

                    THIS PASSPORT CONTAINS
                          36 PAGES"
      деген жазу орналасқан.
      12. Тоғыз әріптік-цифрлық нышандардан (бір әріптік нышан және сегіз таңбалы цифрлық нөмір) тұратын Қазақстан Республикасы азаматы паспортының нөмірі барлық беттерде, алдыңғы және артқы форзацтарда және паспорттың артқы мұқабасында қайта басылған.
      13. Қазақстан Республикасы азаматының паспорты беттерінің нөмірлері 4-беттен бастап 35-бетті қоса алғанда төменгі бұрыштарында орналасқан.
      14. Қазақстан Республикасы азаматының паспортында жазулардың сақталуын арттыруға немесе паспортты және онда жазылған жазуларды қолдан жасаудан қорғауға арналған арнайы әзірленген элементтер қолданылуы мүмкін.

     Қазақстан Республикасы  
      Үкіметінің       
      2008 жылғы 24 желтоқсандағы
      N 1235 қаулысымен    
      бекітілген        

Азаматтығы жоқ адамның электрондық ақпарат жеткізгіші бар куәлігінің үлгісі (сипаттамасы)

      1. Азаматтығы жоқ адамның электрондық ақпарат жеткізгіші бар куәлігі машинамен оқылатын жол жүру құжаттарына қойылатын халықаралық талаптар мен стандарттарға сәйкес дайындалады.
      2. Азаматтығы жоқ адамның куәлігі көлемі 88x125 мм доғал бұрышты брошюраны білдіреді және форзац мұқабасына желімделген мұқабадан және 18 парақтан (36 бет) тұрады.
      3. Азаматтығы жоқ адамның куәлігінің мұқабасы тозбайтын материал мен төсемнен дайындалады, олардың арасында паспорттың иесі туралы электрондық ақпарат жеткізгіш ретінде пайдаланылатын антеннасы бар микросхема (байланыссыз интерфейс бар чип) орналастырылады.
      Жадының сыйымдылығы кемінде 64 Кб микросхемада қорғалған түрде азаматтығы жоқ адамның куәлігінің иесі туралы графикалық және мәтіндік ақпарат сақталады.
      4. Азаматтығы жоқ адамның куәлігінің мұқабасы қара-көк түсті.
      Азаматтығы жоқ адамның куәлігінің алдыңғы мұқабасының сыртқы бетінде:
      жоғары бөлігінде - мемлекеттік және ағылшын тілдерінде:
                           "ҚАЗАҚСТАН
                          РЕСПУБЛИКАСЫ
                          REPUBLIC OF
                           КАZАКНSТАN"
деген жазу;
      ортада - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы;
      Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының астында - мемлекеттік және ағылшын тілдерінде:
                         "Азаматтығы жоқ
                         адамның куәлігі
                         Stateless person
                           certificate"
деген жазу;
      төменгі бөлігінде - азаматтығы жоқ адамның куәлігінде электрондық ақпарат жеткізгіштің болуын көрсететін арнайы белгі;
      бұрыштарында - ұлттық ою-өрнек элементтері орналасқан.
      Жазулар, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының бейнесі, арнайы белгі және ұлттық ою-өрнек элементтері алтын түсті фольгамен өрнектеліп орындалады.
      5. Азаматтығы жоқ адамның куәлігінің алдыңғы форзацында:
      ортада - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы;
      Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының астында - ұлттық ою-өрнек элементтерімен оюланған тармақтар;
      оюлы тармақтан төмен — азаматтығы жоқ адамның куәлігінің нөмірі орналасқан.
      6. Азаматтығы жоқ адамның куәлігінің 1-бетінде мемлекеттік және ағылшын тілдерінде:
                  "Азаматтығы жоқ адамның куәлігі
                  Қазақстан Республикасының меншігі
                           болып табылады

                  This stateless person certificate is
              the property of the Republic of Kazakhstan"
деген жазу орналасқан.
      7. Азаматтығы жоқ адамның куәлігінің 2-беті азаматтығы жоқ адамның куәлігі иесінің фотобейнесін, қолы мен дербес деректерін орналастыруға арналған және екі бөліктен тұрады:
      беттің жоғары жағының төрттен үш бөлігі - көзбен көру аймағы, онда мемлекеттік және ағылшын тілдерінде тігінен мынадай деректемелер орналасады:
      "КУӘЛІК/СЕRТІFІСАТЕ
      ТҮРІ / ТҮРЕ
      МЕМЛЕКЕТ КОДЫ / СODЕ ОF SТАТЕ
      КУӘЛІКТІҢ N / СЕRТІFІСАТЕ No.
      ТЕГІ / SURNАМЕ
      АТЫ / CIVEN NAMES
      ҰЛТЫ / NАТIONALIТҮ
      ЖЫНЫСЫ / SЕХ
      ЖСН / ID No.
      ТУҒАН КЕЗІ / DАТЕ ОF ВІRТН
      ТУҒАН ЖЕРІ / РLАСЕ ОF ВІRТН
      БЕРІЛГЕН КЕЗІ / DАТЕ ОF ISSUE
      КУӘЛІК МЕРЗІМІ / DАТЕ ОF ЕХРІRҮ
      ӨЗ ҚОЛЫ / SIGNATURE ОF ВЕАRЕR
      БЕРГЕН МЕКЕМЕ / АUТНОRІТҮ";
      беттің төменгі ширегі — машинамен оқылатын аймақ, онда тігінен машинамен оқылатын жол жүру құжаттарына қойылатын халықаралық талаптар мен стандарттарға сәйкес осы құжаттағы негізгі ақпарат қамтылған әріптер мен цифрлардың комбинациясынан тұратын машинамен оқылатын жазу орналасады.
      8. Азаматтығы жоқ адамның куәлігінің 2-беті дизайн мен сипаттамалардың жоғары ашықтығын және жоғары орындалуын сақтай отырып, көптеген көрнекі әсер беретін мөлдір голографикалық қабатты материалдан тұратын арнайы ламинатталған пленкамен қорғалады.
      9. Азаматтығы жоқ адамның куәлігінің 3-беті Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген белгілерлі орналастыруға арналған. Егер 3 бет пайдаланылса, онда белгілер азаматтығы жоқ адамның куәлігінің келесі бос бетіне жүргізіледі. 3 бетте тігінен мемлекеттік және ағылшын тілдерінде:
                     "МӘЛІМЕТ / OBSERVATIONS"
деген жазу орналасқан.
      10. Азаматтығы жоқ адамның куәлігінің 4-36-беттері виза қоюға арналған. Беттерінің жоғары жағында мемлекеттік және ағылшын тілдерінде:
                         "ВИЗАЛАР/VISAS"
деген жазу орналасқан.
      11. Азаматтығы жоқ адамның куәлігінің артқы форзацында мемлекеттік және ағылшын тілдерінде:
                        "ОСЫ АЗАМАТТЫҒЫ ЖОҚ
                          АДАМНЫҢ КУӘЛІГІ
                         36 БЕТТЕН ТҰРАДЫ

                       ТНЕ SТАТЕLЕSS РЕRSON
                       СЕRТIFІСАТЕ СОNТАINS
                              36 РАGЕS"
деген жазу орналасқан.
      12. Тоғыз әріптік-цифрлық нышандардан (бір әріптік нышан және сегіз таңбалы цифрлық нөмір) тұратын азаматтығы жоқ адамның куәлігінің нөмірі барлық беттерде, алдыңғы және артқы форзацтарда және азаматтығы жоқ адам куәлігінің артқы мұқабасында қайта басылған.
      13. Азаматтығы жоқ адамның куәлігі беттерінің нөмірлері 4-беттен бастап 35-бетті қоса алғанда төменгі бұрыштарында орналасқан.
      14. Азаматтығы жоқ адамның куәлігінде жазулардың сақталуын арттыруға немесе азаматтығы жоқ адамның куәлігін және онда жазылған жазуларды қолдан жасаудан қорғауға арналған арнайы әзірленген элементтер қолданылуы мүмкін.