Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 мамырдағы N 440 қаулысына толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 5 желтоқсандағы N 1141 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Мәдени құндылықтарды әкетуге және әкелуге рұқсат беру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 мамырдағы N 440 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 17, 192-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Мәдени құндылықтарды әкетуге және әкелуге рұқсат беру ережесінде:
      6-тармақтың бірінші абзацы "туралы шешімді" деген сөздерден кейін "өтініш беруші осы ереженің 5-тармағында көзделген құжаттарды ұсынған күннен бастап" деген сөздермен толықтырылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов