Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 21 тамыздағы N 932 қаулысына толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 11 қарашадағы N 1042 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдаланудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 21 тамыздағы N 932 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., N 28, 311-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген радиоэлектрондық құралдарды және жоғары жиілікті құрылғыларды мемлекеттік тіркегені үшін алынатын алым ставкаларында:
      реттік нөмірі 1) жолдың 2-бағаны ", CDMA-450 стандартындағы сымсыз радиоға қол жеткізу жүйелерінің абоненттік терминалдары" деген сөздермен толықтырылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                 К. Мәсімов