Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 3 қазандағы N 911 Қаулысы

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1) Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 26.01.2009 N 45 (01.01.2009 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен;

      2) "2008 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 желтоқсандағы N 1223 қаулысында :

      көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:

      V "Қаржы активтерімен жасалатын операцияда бойынша сальдо" бөлімінде:

      13 "Басқалар" функционалдық тобында:

      09 "Басқалар" ішкі функциясында:

      220 "Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі" әкімшісі бойынша:

      "2 095 000" деген сандар "4 095 000" деген сандармен ауыстырылсын;

      016 "Самрұқ" мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі" АҚ-ның жарғылық капиталын ұлғайту" бағдарламасында:

      "2 095 000" деген сандар "4 095 000" деген сандармен ауыстырылсын;

      225 "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі" әкімшісі бойынша:

      "7 672 436" деген сандар "1 000 000" деген сандармен ауыстырылсын;

      "057 "Самғау" ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі" АҚ-ның жарғылық капиталын ұлғайту" 7 672 436" бағдарламасы алынып тасталсын;

      "081 "Парасат" ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі" АҚ-ның жарғылық капиталын қалыптастыру" 1000 000" бағдарламасымен толықтырылсын;

      "011 "Ғарыштық байланыс және радиоэлектрондық құралдардың электромагниттік үйлесімділігі республикалық орталығы" АҚ-ның капиталын ұлғайту" 2 099 562" бағдарламасынан кейін:

      мынадай мазмұндағы бюджеттік бағдарламалардың әкімшісімен және бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын:

      "603 "Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі" 4 672 436

      014 "Зерде" ұлттық инфокоммуникация холдингі" АҚ-ның жарғылық капиталын қалыптастыру" 4 672 436";

      3) "2008 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 желтоқсандағы N 1224 қаулысында :

      1-тармақта:

      18) тармақшада:

      "259" деген сандар алынып тасталсын;

      "262-2" деген сандардан кейін ", 262-3" деген сандармен толықтырылсын;

      29) тармақшада "375" деген сандардан кейін ", 375-1" деген сандармен толықтырылсын;

      Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бойынша:

      көрсетілген қаулыға 259-қосымша алынып тасталсын;

      осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес 262-3-қосымшамен толықтырылсын;

      Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі бойынша:

      осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес 375-1-қосымшамен толықтырылсын.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 26.01.2009 N 45 (01.01.2009 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К. Мәсімов


       Қазақстан Республикасы

       Үкіметінің

      2008 жылғы 3 қазандағы

       N 911 қаулысына

       1-қосымша

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
N 1224 қаулысына
262-3-ҚОСЫМША

      225 - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

      бюджеттік бағдарламаның әкімшісі

      2008 жылға арналған

      "Парасат" АҚ-ның жарғылық капиталын қалыптастыру"

      деген 081 республикалық бюджеттік бағдарламаның

      ПАСПОРТЫ

      1. Құны: 1000000 мың теңге (бір миллиард теңге).

      2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 9 шілдедегі "Ғылым туралы" заң; Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 11 наурыздағы N 2895 "Қазақстан Республикасында ғылымды мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 6 сәуірдегі N 310 "Қазақстанның 2030 жылға дейінгі Даму стратегиясын одан әрі іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 20 маусымдағы N 348 "Қазақстан Республикасының ғылымын дамытудың 2007-2012 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" Жарлығы; 2007 жылғы 28 ақпандағы Мемлекет Басшысының Қазақстан халқына "Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан" атты Жолдауы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 7 қарашадағы N 1057 "Ғылым қоры" акционерлік қоғамын құру туралы" қаулысы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 сәуірдегі N 319 "Мемлекет басшысының 2005-2007 жылдардағы Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауларын іске асыру жөніндегі негізгі бағыттардың (іс-шаралардың) жалпыұлттық жоспарын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" қаулысы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 тамыздағы N 758 "Қазақстан Республикасының ғылымын дамытудың 2007-2012 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2007-2009 жылдарға арналған (I кезең) іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" қаулысы.

      3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.

      4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Еліміздің ғылыми-технологиялық дамуы үшін төмендегідей жолдармен жағдайлар жасау:

      елімізде ғылыми зерттеулердің нәтижелерін іс жүзінде іске асыруды қамтамасыз ететін ғылыми-зерттеулер және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардың дамуына көмек көрсету. Жеке және кәсіпкерлік секторлардың ғылым дамуына қатысуын ынталандыру, соның ішінде ғылыми-зерттеулерді және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарын бірлесіп қаржыландыру жолымен жағдайлар жасау.

      5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері:

      ғылыми-зерттеулер және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар бойынша жобаларды қаржыландыру жөніндегі іс-шараларды, соның ішінде ғылыми-зерттеулер және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды дамытуға жәрдемдесуге бағытталған жобаларды таңдау, талдау, сараптау, мониторингілеу және өзге де іс-шараларын жүзеге асыру.

      6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:

N

Р/

с

Бағдар-

лама

коды

Кіші

бағдар-

лама

коды

Бағдарла-

маның

(кіші

бағдарла-

маның)

атауы

Бағдарламаны іске

асыру жөніндегі

іс-шаралар

Іске

асы-

ру

мер-

зі

мі

Жауапты

орындаушылар

1

2

3

4

5

6

7

1

081


"Парасат"

АҚ-ның

жарғылық

капиталын

қалыптас-

тыру

Ғылыми-зерттеулер

және тәжірибелік-

конструкторлық

жұмыстардың дамуына

көмек көрсету

мақсатында, соның

ішінде ғылыми-зерт-

теулер және

тәжірибелік-

конструкторлық

жұмыстар бойынша

жобаларды қаржылан-

дыру жолымен "Ғылым

қоры" АҚ еншілес

ұйымының жарғылық

капиталын толықтыру

үшін "Парасат"

Ұлттық ғылыми-техно-

логиялық холдингі"

АҚ жарғылық

капиталын

қалыптастыру

Жыл

бойы

Қазақстан

Республика-

сының Білім

және ғылым

министрлігі,

"Парасат"

Ұлттық ғылыми

технологиялық

холдингі" АҚ


      7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже:

      "Парасат" Ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі" АҚ жарғылық капиталын қалыптастыру арқылы "Ғылым қоры" АҚ жарғылық капиталын толықтыру.

      Соңғы нәтиже:

      ғылыми-зерттеулер және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды қолдайтын кешенді жүйелер құру; ғылыми-техникалық өнімдер және қызмет көрсету нарығын капиталдандыруды арттыру; 2012 жылға тәжірибелі ғылыми-зерттеулер және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар бойынша 5 перспективалық жобаны өндіру.

      Сапасы:

      - "Парасат" Ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі" АҚ құрамына кірген компаниялардың қызметінің тиімділігін арттыру;

      - елімізде ғылыми-зерттеулер және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардың нәтижелерін іс жүзінде іске асыруды қамтамасыз ету.

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 3 қазандағы
N 911 қаулысына
2-қосымша
  Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
N 1224 қаулысына
375-1 қосымша

      603 - Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі

      бюджеттік бағдарламаның әкімшісі

      2008 жылға арналған

      014 "Зерде" ұлттық инфокоммуникация холдингі" АҚ-ның жарғылық капиталын қалыптастыру"

      деген республикалық бюджеттік бағдарламаның

      ПАСПОРТЫ

      1. Құны: 4 672 436 мың теңге (терт миллиард алты жүз жетпіс екі миллион төрт жүз отыз алты мың теңге).

      2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: Қазақстан Республикасының "электрондық үкімет" дамытудың 2008-2010 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 қарашадағы N 1155-1 қаулысы; "Арна Медиа" ұлттық ақпараттық холдингі, "Парасат" ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі, "Зерде" ұлттық инфокоммуникация холдингі" акционерлік қоғамдарын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 3 шілдедегі N 668 қаулысы.

      3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.

      4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Еліміздің ғылыми-технологиялық дамуы үшін төмендегідей жолдармен жағдайлар жасау: еліміздің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында ұлттық масштабтың ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымын қалыптастыру және барлық азаматтарға, олардың әлеуметтік жағдайына, жасына және ақпаратқа бейімділігіне, ақпараттық-коммуникациялық-қызмет көрсетуіне қарамастан тең пайдалануына мүмкіндік беру.

      5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері:

      Қазақстан Республикасының барлық аймақтарын қамтитын, облыстық және аудандық орталықтарын есепке ала отырып, сондай-ақ облыс қарамағындағы қалаларда ақпараттық және телекоммуникациялық инфрақұрылымдар құру.

      6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:

N

Бағ-

дар-

лама

коды

Кіші

бағ-

дар-

лама

коды

Кіші

бағдарлама-

лардың

атауы

Бағдарламаны іске

асыру жөніндегі

іс-шаралар

Іске

асыру

мерзі-

мі

Жауапты

орындау-

шылар

1

2

3

4

5

6

7

1

014


"Зерде"

ұлттық

инфокомму-

никация

холдингі"

АҚ-ның

жарғылық

капиталын

қалыптастыру

Ұлттық масштабтың

ақпараттық-коммуникация-

лық инфрақұрылымын

қалыптастыру мақсатында

"Kazsatnet" ұлттық

компаниясы" АҚ еншілес

ұйымының жарғылық

капиталын толықтыру үшін

"Зерде" ұлттық

инфокоммуникация

холдингі" АҚ-ның

жарғылық капиталын

қалыптастыру.

Жыл

бойы

Қазақстан

Республи-

касы

Ақпарат-

тандыру

және

байланыс

агенттігі


      Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: "Зерде" ұлттық инфокоммуникация холдингі" АҚ-ның жарғылық капиталын толықтыру арқылы "Kazsatnet" ұлттық компаниясы" АҚ жарғылық капиталын толықтыру; Қазақстан Республикасы аумағының мемлекеттік органдарында спутниктік мультисервистік желіні пайдалануды ұйымдастыру және енгізу.

      Соңғы нәтиже: Аумақтық бөлімшелерімен бірге орталық атқару органдардың ақпараттық жүйелердің біріктіруі. Орталық атқару органдардың және олардың аумақтық бөлімшелері арасында ведомствоаралық электрондық құжат айналымының іс-қимылы.

      Қаржылық—экономикалық нәтиже:

      Деректерді өңдеудің бірыңғай орталығы жабдық және персонал бойынша нығаюға тиімді болады. Мемлекеттік органдар үшін жабдықтарды сатып алу және аппараттық-бағдарламалық құралдарды сүйемелдеу қаражатты үнемдейді, сондай-ақ, мемлекеттік органдар өзінің жеке меншік серверлік үй-жайларын құруға шығынданбайды.

      Уақыттылығы: өндірістік жоспарға сәйкес іс-шаралардың орындалуы.

      Сапасы: "Зерде" ұлттық инфокоммуникация холдингі" АҚ құрамына кірген компаниялардың қызметінің тиімділігін арттыру; е-үкіметі ақпараттық жүйесінің жұмыс істеуі үшін қажетті телекоммуникациялық ресурстарда мұқтаждықтарды қамтамасыз ету.