Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетінің мемлекеттік мекемелері - халыққа қызмет көрсету орталықтары:
1) "Қарағанды қаласының N 1 Халыққа қызмет көрсету орталығы", "Қарағанды қаласының N 2 Халыққа қызмет көрсету орталығы", "Қарағанды қаласының N 3 Халыққа қызмет көрсету орталығы" және "Қарағанды қаласының N 4 Халыққа қызмет көрсету орталығы" мемлекеттік мекемелері "Қарағанды облысының Халыққа қызмет көрсету орталығы" мемлекеттік мекемесіне;
2) "Шымкент қаласының N 1 Халыққа қызмет көрсету орталығы" және "Шымкент қаласының N 2 Халыққа қызмет көрсету орталығы" мемлекеттік мекемелері "Оңтүстік Қазақстан облысының Халыққа қызмет көрсету орталығы" мемлекеттік мекемесіне;
3) "Өскемен қаласының N 1 Халыққа қызмет көрсету орталығы" және "Өскемен қаласының N 2 Халыққа қызмет көрсету орталығы" мемлекеттік мекемелері "Шығыс Қазақстан облысының N 1 Халыққа қызмет көрсету орталығы" мемлекеттік мекемесіне қосылу жолымен қайта ұйымдастырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетінің мемлекеттік мекемелері - халыққа қызмет көрсету орталықтары:
1) "Көкшетау қаласының Халыққа қызмет көрсету орталығы" мемлекеттік мекемесі "Ақмола облысының Халыққа қызмет көрсету орталығы" мемлекеттік мекемесі болып;
2) "Ақтөбе қаласының Халыққа қызмет көрсету орталығы" мемлекеттік мекемесі "Ақтөбе облысының Халыққа қызмет көрсету орталығы" мемлекеттік мекемесі болып;
3) "Талдықорған қаласының Халыққа қызмет көрсету орталығы"
мемлекеттік мекемесі "Алматы облысының Халыққа қызмет көрсету орталығы" мемлекеттік мекемесі болып;
4) "Атырау қаласының Халыққа қызмет көрсету орталығы" мемлекеттік мекемесі "Атырау облысының Халыққа қызмет көрсету орталығы" мемлекеттік мекемесі болып;
5) "Орал қаласының Халыққа қызмет көрсету орталығы" мемлекеттік мекемесі "Батыс Қазақстан облысының Халыққа қызмет көрсету орталығы" мемлекеттік мекемесі болып;
6) "Тараз қаласының Халыққа қызмет көрсету орталығы" мемлекеттік мекемесі "Жамбыл облысының Халыққа қызмет көрсету орталығы" мемлекеттік мекемесі болып;
7) "Қостанай қаласының Халыққа қызмет көрсету орталығы" мемлекеттік мекемесі "Қостанай облысының Халыққа қызмет көрсету орталығы" мемлекеттік мекемесі болып;
8) "Қызылорда қаласының Халыққа қызмет көрсету орталығы" мемлекеттік мекемесі "Қызылорда облысының Халыққа қызмет көрсету орталығы" мемлекеттік мекемесі болып;
9) "Ақтау қаласының Халыққа қызмет көрсету орталығы" мемлекеттік мекемесі "Маңғыстау облысының Халыққа қызмет көрсету орталығы" мемлекеттік мекемесі болып;
10) "Павлодар қаласының Халыққа қызмет көрсету орталығы" мемлекеттік мекемесі "Павлодар облысының Халыққа қызмет көрсету орталығы" мемлекеттік мекемесі болып;
11) "Петропавл қаласының Халыққа қызмет көрсету орталығы" мемлекеттік мекемесі "Солтүстік Қазақстан облысының Халыққа қызмет көрсету орталығы" мемлекеттік мекемесі болып;
12) "Өскемен қаласының N 3 Халыққа қызмет көрсету орталығы" мемлекеттік мекемесі "Шығыс Қазақстан облысының N 2 Халыққа қызмет көрсету орталығы" мемлекеттік мекемесі болып қайта аталсын.
3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы N 1120 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 41, 532-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі туралы ережеде:
24-тармақтың 9) тармақшасында "тағайындауды Министрмен" деген сөздер "Министрдің тағайындауын" деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
2) Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2010.11.09 № 1177 Қаулысымен.
3) "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мемлекеттік мекемелерін-халыққа қызмет көрсету орталықтарын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 5 қаңтардағы№N 1 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 1, 6-құжат):
көрсетілген қаулыға 2-қосымша осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
5. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 19 шілдедегі
N 710 қаулысына
1-қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2004 жылғы 28 қазандағы
N 1120 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің
Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетінің
қарамағындағы ұйымдардың тізбесі 1. Республикалық мемлекеттік кәсіпорындар
1. "Астана қаласы бойынша Жылжымайтын мүлік жөніндегі орталық" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
2. "Алматы қаласы бойынша Жылжымайтын мүлік жөніндегі орталық" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
3. "Алматы облысы бойынша Жылжымайтын мүлік жөніндегі орталық" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
4. "Ақтөбе облысы бойынша Жылжымайтын мүлік жөніндегі орталық" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
5. "Атырау облысы бойынша Жылжымайтын мүлік жөніндегі орталық" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
6. "Шығыс Қазақстан облысы бойынша "Жылжымайтын мүлік жөніндегі орталық" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
7. "Жамбыл облысы бойынша Жылжымайтын мүлік жөніндегі жөніндегі республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
8. "Батыс Қазақстан облысы бойынша Жылжымайтын мүлік жөніндегі орталық" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
9. "Қарағанды облысы бойынша Жылжымайтын орталық" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
10. "Қостанай облысы бойынша Жылжымайтын жөніндегі орталық" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
11. "Қызылорда облысы бойынша Жылжымайтын жөніндегі орталық" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
12. "Маңғыстау облысы бойынша Жылжымайтын жөніндегі орталық" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
13. "Павлодар облысы бойынша Жылжымайтын жөніндегі орталық" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
14. "Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Жылжымайтын. мүлік жөніндегі орталық" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
15. "Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Жылжымайтын мүлік жөніндегі орталық" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
16. "Ақмола облысы бойынша Жылжымайтын мүлік жөніндегі орталық" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
17. "Ақпараттық-өндірістік орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
2. Мемлекеттік мекемелер
18. "Астана қаласы Алматы ауданының N 1 Халыққа қызмет көрсету орталығы" мемлекеттік мекемесі
19. "Астана қаласы Алматы ауданының N 2 Халыққа қызмет көрсету орталығы" мемлекеттік мекемесі
20. "Астана қаласы Сарыарқа ауданының N 1 Халыққа қызмет көрсету орталығы" мемлекеттік мекемесі
21. "Астана қаласы Сарыарқа ауданының N 2 Халыққа қызмет көрсету орталығы" мемлекеттік мекемесі
22. "Алматы қаласы Алмалы ауданының Халыққа қызмет көрсету орталығы" мемлекеттік мекемесі
23. "Алматы қаласы Түрксіб ауданының Халыққа қызмет көрсету орталығы" мемлекеттік мекемесі
24. "Алматы қаласы Әуезов ауданының Халыққа қызмет көрсету орталығы" мемлекеттік мекемесі
25. "Алматы қаласы Жетісу ауданының Халыққа қызмет көрсету орталығы" мемлекеттік мекемесі
26. "Алматы қаласы Бостандық ауданының Халыққа қызмет көрсету орталығы" мемлекеттік мекемесі
27. "Алматы қаласы Медеу ауданының Халыққа қызмет көрсету орталығы" мемлекеттік мекемесі
28. "Ақмола облысының Халыққа қызмет көрсету орталығы" мемлекеттік мекемесі
29. "Ақтөбе облысының Халыққа қызмет көрсету орталығы" мемлекеттік мекемесі
30. "Алматы облысының Халыққа қызмет көрсету орталығы" мемлекеттік мекемесі
31. "Атырау облысының Халыққа қызмет көрсету орталығы" мемлекеттік мекемесі
32. "Шығыс Қазақстан облысының N 1 Халыққа қызмет көрсету орталығы" мемлекеттік мекемесі
33. "Шығыс Қазақстан облысының N 2 Халыққа қызмет көрсету орталығы" мемлекеттік мекемесі
34. "Жамбыл облысының Халыққа қызмет көрсету орталығы" мемлекеттік мекемесі
35. "Батыс Қазақстан облысының Халыққа қызмет көрсету орталығы" мемлекеттік мекемесі
36. "Қарағанды облысының Халыққа қызмет көрсету орталығы" мемлекеттік мекемесі
37. "Қостанай облысының Халыққа қызмет көрсету орталығы" мемлекеттік мекемесі
38. "Қызылорда облысының Халыққа қызмет көрсету орталығы" мемлекеттік мекемесі
39. "Маңғыстау облысының Халыққа қызмет көрсету орталығы" мемлекеттік мекемесі
40. "Павлодар облысының Халыққа қызмет көрсету орталығы" мемлекеттік мекемесі
41. "Солтүстік Қазақстан облысының Халыққа қызмет көрсету орталығы" мемлекеттік мекемесі
42. "Оңтүстік Қазақстан облысының Халыққа қызмет көрсету орталығы" мемлекеттік мекемесі.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 19 шілдедегі
N 710 қаулысына
2-қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 5 қаңтардағы
N 1 қаулысына
2-қосымша
"Жалғыз терезе" қағидаты бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрлерінің тізбесі
Ескерту. Тізбеге өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 26.08.2013 № 855 қаулысымен.
1. Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсетілетін қызметтер
әділет органдары:
1) Қазақстан Республикасының азаматтарына паспорттар, жеке куәліктер беру;
2) уақытша жеке куәлік беру;
3) Қазақстан Республикасының азаматтарын тұрғылықты жері бойынша тіркеу;
4) Қазақстан Республикасының азаматтарын тұрғылықты жері бойынша тіркеу есебінен шығару;
5) азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайтадан куәлік беру;
6) банктерді, республикалық және өңірлік мәртебелері бар қоғамдық бірлестіктерді (оның ішінде барлық саяси партияларды), шетелдік және халықаралық коммерциялық емес үкіметтік емес бірлестіктердің филиалдары мен өкілдіктерін қоспағанда, заңды тұлғаларды, олардың филиалдары мен өкілдіктерін мемлекеттік тіркеу және қайта тіркеу;
7) діни бірлестіктерді мемлекеттік тіркеу, діни бірлестіктердің филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу;
8) заңды тұлғаларды, филиалдар мен өкілдіктерді мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің телнұсқасын ресімдеу;
9) жылжымайтын мүлікке және онымен жасалатын мәмілелерге құқықтарды (ауыртпалықтарды) мемлекеттік тіркеу;
10) міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілдігін тіркеу;
11) жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтамалар беру;
12) жылжымайтын объектілер жоспарын (схемасын) қоса алғанда, тіркеу бөлімі куәландырған тіркеу ісі құжаттарының көшірмелерін беру;
13) жылжымайтын мүліктің жоқтығы (болуы) туралы анықтамалар беру;
14) міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүліктің кепілдігін тіркеу туралы куәліктің телнұсқасын беру;
15) міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүліктің кепілдігі жөнінде ақпараттық қызметтер ұсыну.
2. Халыққа қызмет көрсету орталықтары немесе уәкілетті мемлекеттік органдар арқылы көрсетілетін қызметтер*
әділет органдары:
1) мынадай азаматтық хал актілерін тіркеу:
туу;
тегін, атын, әкесінің атын ауыстыру;
некені бұзу.
2) жылжымайтын объектілердің техникалық паспортын беру;
3) Қазақстан Республикасының әділет органдарынан және өзге мемлекеттік органдарынан, сондай-ақ нотариустерінен шығатын ресми құжаттарға апостиль қою;
Қорғаныс министрлігінің органдары:
1) запастағы офицерлерді әскери есепке алу және одан шығару;
2) запастағы солдаттарды, сержанттарды әскери есепке алу және одан шығару;
3) әскерге шақырылушыларды әскери есепке алу және одан шығару;
4) жеңілдігі бар адамдарға (ҰОС қатысушыларына, Чернобыль апатын жоюшыларға, жауынгер-интернационалистерге) анықтамалар беру;
5) әскери қызметін өткеруді растау туралы анықтамалар беру;
жергілікті атқарушы органдар:
1) жер учаскесіне меншік құқығына арналған актілерді ресімдеу;
2) жерді тұрақты пайдалану құқығына актілерді ресімдеу;
3) уақытша өтеусіз (ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді) жер пайдалану (жалдау) құқығына актілерді ресімдеу;
4) уақытша жер пайдалану құқығына актілерді ресімдеу;
5) мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою;
6) мектепке дейінгі балалар мекемелеріне жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейінгі) жастағы балаларды тіркеу;
7) шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарын есепке қою;
8) мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмек ұсыну үшін құжаттарды ресімдеу;
9) мүгедектерді сурдо-, тифлоқұралдармен және міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету үшін оларға құжаттар ресімдеу;
10) 18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақылар тағайындау;
11) тұрғын үй көмегін тағайындау;
12) ауылдық жерде тұратын әлеуметтік сала мамандарына отын сатып алу бойынша әлеуметтік көмек тағайындау;
13) қосалқы шаруашылығының болуы туралы анықтамалар беру;
14) жер учаскелері туралы анықтамалар беру;
15) жұмыссыз азаматтарға анықтамалар беру;
16) қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтамалар беру;
17) кәмелетке толмаған балаларға тиесілі тұрғын үй алаңын ауыстыруға немесе сатуға рұқсат беру үшін нотариалды кеңсеге анықтамалар беру;
18) зейнетақы қорларына, Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитетінің аумақтық бөлімшелеріне кәмелетке толмаған балаларға мұраны ресімдеу үшін анықтамалар беру;
19) кәмелетке толмағандарға тиесілі тұрғын үйді банкке несие ресімдеу үшін кепілге қоюға рұқсаттар беру;
20) тұрғын үйдің меншік иелері болып табылатын кәмелетке толмаған балалардың мүдделерін қозғайтын мәмілелер жасау үшін қорғаншылар мен қамқоршылар кеңесінің шешімдеріне анықтамалар беру;
21) қайтыс болуы туралы анықтамалар беру;
22) лизингке техника сатып алу үшін анықтамалар беру;
Көлік және коммуникация министрлігінің органдары:
1) мемлекеттік кеме тізілімінде өзен кемелері мен оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу;
2) жалға алынған шетел кемелері тізілімінде өзен кемелерін мемлекеттік тіркеу;
3) шағын көлемді кемелерді мемлекеттік тіркеу;
4) темір жол жылжымалы құрамын тіркеу;
5) темір жол жылжымалы құрамының кепілдігін тіркеу;
Мәдениет және ақпарат министрлігінің органдары:
1) мұрағаттық анықтамалар беру;
2) Қазақстан Республикасының мемлекеттік мұрағаттарынан шығатын және шетелдерге жіберілетін мұрағаттық анықтамаларға және мұрағаттық құжаттардың көшірмелеріне апостиль қою.
ішкі істер органдары:
1) тұрғылықты жерінен мекен-жай анықтамаларын беру.
прокуратура органдары:
1) соттылығы бар не жоқтығы туралы анықтама беру;
2) прокуратура органдарынан, алдын ала тергеу және анықтау органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою.
Ескертпе:
*осы тізбенің 2-тармағында көрсетілген құжаттарды ресімдеу жөнінде өтініш беруші қандай ұйымға жүгінуге болатынын (халыққа қызмет көрсету орталығына немесе уәкілетті органға) дербес анықтайтын қызметтер түрлерінің тізбесі.