Әскери мүлік айналымының кейбір мәселелері

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 16 шілдедегі N 687 Қаулысы.

Жаңартылған

      "Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 7 қаңтардағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Пайдаланылмайтын әскери мүлікті құрту, кәдеге жарату, көму арқылы беру, өткізу және жою, сондай-ақ қорғаныс объектілерін мүліктік жалға беру (жалгерлікке беру) қағидалары бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 08.11.2017 № 724 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі бір ай мерзімде осы қаулыны іске асыру үшін тиісті ведомстволық актілерді әзірлесін.

      3. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 29.08.2019 № 637 қаулысымен.

      4. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

      1) "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының қару-жарағын, әскери техникасын, қорғаныс объектілері мен басқа да әскери мүлкін беру, мүліктік жалдауға беру (жалға беру), сату және пайдаға асыру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 30 қыркүйектегі N 1006 қаулысы;

      2) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 30 қаңтардағы N 1006 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 28 қаңтардағы N 70 қаулысы.

      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және жариялауға жатады.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К. Мәсімов


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 16 шілдедегі
№ 687 қаулысымен
бекітілген

Пайдаланылмайтын әскери мүлікті беру, өткізу және құртып жіберу, кәдеге жарату, көму арқылы жою, сондай-ақ қорғаныс объектілерін мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидалары

      Ескерту. Қағидалар жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 08.11.2017 № 724 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Пайдаланылмайтын әскери мүлікті беру, өткізу және құртып жіберу, кәдеге жарату, көму арқылы жою, сондай-ақ қорғаныс объектілерін мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) пайдаланылмайтын әскери мүлікті құртып жіберу, кәдеге жарату, көму арқылы беру, өткізу және жою, сондай-ақ қорғаныс объектілерін мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру тәртібін реттейді.

      2. Әскери мүлік уәкілетті орган белгілеген тәртіпке сәйкес тікелей мақсаты бойынша пайдалануға жарамсыз немесе Қарулы Күштерде, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарда қорда сақтаудың кепілдендірілген мерзімін өткерген болып танылады.

      3. Мемлекеттік орган басшысының шешіміне сәйкес Қарулы Күштерді, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды жабдықтау нормаларынан шығарылған қару-жарақ қаруланудан шығарылған әскери мүлік болып табылады.

      4. Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін Әскери мүлікті есепке алу және есептен шығару қағидаларына сәйкес есептен шығарылған мүлік есептен шығарылған әскери мүлік болып табылады.

      5. Қарулы Күштерді, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды жабдықтау нормаларында көзделген шектен артық, ол балансында тұрған мемлекеттік мекемеге қажеттілігі жоқ әскери мүліктің бір бөлігі артық мүлік болып табылады.

      6. Пайдаланылмайтын әскери мүлікті беру, өткізу және құртып жіберу, кәдеге жарату, көму арқылы жою, сондай-ақ қорғаныс объектілерін мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру үшін Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар ағымдағы жылғы 1 ақпаннан кешіктірмей пайдаланылмайтын әскери мүлік тізбелерін заңнамамен  белгіленген негізде және шектерде Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріндегі, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарындағы пайдаланылмайтын әскери мүлікке иелік ету құқығын жүзеге асыратын уәкілетті органға (бұдан әрі – уәкілетті орган) жолдайды.

      7. Уәкілетті орган тізбелерді алғаннан кейін бір ай мерзімде пайдаланылмайтын әскери мүліктің жалпы тізбесін жасайды және оны пайдаланылмайтын әскери мүлікке қажеттілікті айқындау үшін Қарулы Күштерге, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарға, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдарға жолдайды.

      8. Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдар жалпы тізбені алғаннан кейін бір ай мерзімде уәкілетті органға әскери мүлікке қажеттілікке арналған өтінім жолдайды немесе бірінші басшының не болмаса оны алмастыратын адамның қолымен осындай қажеттіліктің жоқтығы туралы жазбаша хабарлайды.

      Қарулы Күштерден, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардан, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдардан өтінімдерді алғаннан кейін пайдаланылмайтын әскери мүліктердің түпкілікті тізбесі Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің жанындағы Әскери-техникалық комиссия отырысында қаралады.

      9. Уәкілетті орган Қарулы Күштерден, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардан, арнаулы мемлекеттік органдардан, сондай-ақ мемлекеттік білім беру ұйымдарынан жалпы тізбеден пайдаланылмайтын әскери мүлікке қажеттілікке арналған өтінімдер алғаннан кейін осы Қағидалардың 2-тарауына сәйкес пайдаланылмайтын әскери мүлікті беру жөніндегі іс-шараларды жүзеге асырады.

      10. Уәкілетті орган Қарулы Күштерден, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардан, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдардан пайдаланылмайтын әскери мүлікке қажеттіліктің жоқтығы туралы хабарлама алған жағдайда, сондай-ақ мемлекеттік білім беру ұйымдарынан өтінім болмаған кезде пайдаланылмайтын әскери мүлік осы Қағидалардың 3-тарауына сәйкес өткізуге және 4-тарауына сәйкес құртып жіберу, кәдеге жарату және көму арқылы жоюға жатады.

2. Пайдаланылмайтын әскери мүлікті беру тәртібі

      11. Пайдаланылмайтын әскери мүлікті Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының, арнаулы мемлекеттік органдардың жедел басқаруына беру, сондай-ақ қару-жарақ пен әскери техниканың жекелеген үлгілерін Қазақстан Республикасы қорғаныс өнеркәсібі кешенінің ұйымдарына беру Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің жанындағы Әскери-техникалық комиссия ұсынымдарының негізінде уәкілетті органның шешімі бойынша жүзеге асырылады.

      Пайдаланылмайтын әскери мүлікті мемлекеттік орган шегінде беру мемлекеттік органның бірінші басшысы актісінің негізінде жүзеге асырылады.

      12. Білім беру бағдарламаларын іске асыру үшін пайдаланылмайтын әскери мүлікке қажеттілік кезінде мемлекеттік білім беру ұйымдары ағымдағы жылғы бірінші сәуірге қарай уәкілетті органға пайдаланылмайтын әскери мүлікке қажеттілікке арналған өтінім береді, оны уәкілетті орган бір ай мерзімде қарайды.

      13. Жалпы тізбеден Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар және арнаулы мемлекеттік органдар талап етпеген пайдаланылмайтын әскери мүлік әскери-патриоттық тәрбиені арттыру және Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар үшін кадрлар даярлау үшін мемлекеттік білім беру ұйымдарына уақытша өтеусіз пайдалануға берілуі мүмкін.

      Бұл ретте мемлекеттік білім беру ұйымдарына берілетін қару-жарақ, арнайы құралдар мен әскери техника түріндегі пайдаланылмайтын әскери мүлік тірі немесе өзге де нысаналарды талқандау, сондай-ақ белгі беру мүмкіндіктерін конструктивті түрде болдырмауы тиіс.

      14. Пайдаланылмайтын әскери мүлікті (оның ішінде қару-жарақты) беру кезінде тапсыратын және қабылдайтын тараптар арасында тиісті шарт жасалады.

      15. Пайдаланылмайтын әскери мүлік жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталына мүліктік салым ретінде не мемлекет қатысатын акционерлік қоғамның акциясын төлеуге берілуі мүмкін.

      Қару-жарақ пен әскери техника түріндегі пайдаланылмайтын әскери мүлік жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталына мүліктік салым ретінде қорғаныс өнеркәсібі кешенінің ұйымдарына не өндірістік қызметте және/немесе әскери және қосарланған мақсаттағы тауарларды (өнімдерді) шығаруда, әскери мақсаттағы жұмыстар мен қызметтер көрсетуде пайдалану үшін мемлекет қатысатын акционерлік қоғамның акциясын төлеуге берілуі мүмкін.

      Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қорғаныс объектілері және автомобиль көлік құралдары түріндегі пайдаланылмайтын әскери мүлкі Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомостволық бағынысты жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталына мүліктік салым ретінде не мемлекет қатысатын акционерлік қоғамның акцияларын төлеуге берілуі мүмкін.

      Пайдаланылмайтын әскери мүлікті жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталына мүліктік салым ретінде не мемлекет қатысатын акционерлік қоғамның акцияларын төлеуге беру Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің жанындағы Әскери-техникалық комиссияның ұсынымдары негізінде мемлекеттік мүлік туралы заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады.

      Тікелей мақсаты бойынша пайдалануға жарамсыз, есептен шығарылған, запаста сақтаудың кепілдік мерзімін өтеген пайдаланылмайтын әскери мүлік жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталына мүліктік салым ретінде не мемлекет қатысатын акционерлік қоғамның акцияларын төлеуге беруге жатпайды.

      16. Барлық талап етілмейтін пайдаланылмайтын әскери мүлік осы Қағидалардың 3-тарауына сәйкес өткізуге және 4-тарауына сәйкес құртып жіберу, кәдеге жарату, көму арқылы жоюға жатады.

3. Пайдаланылмайтын әскери мүлікті өткізу тәртібі

      17. Пайдаланылмайтын әскери мүлік уәкілетті органның шешімі бойынша Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің жанындағы Әскери-техникалық комиссия ұсынымдарының негізінде өткізіледі.

      18. Пайдаланылмайтын әскери мүлік оны кәдеге жарату арқылы жою шартымен өткізілуі мүмкін.

      19. Пайдаланылмайтын әскери мүлікті өткізуден түсетін қаражат республикалық бюджет кірісіне жіберіледі.

      20. Барлық өткізілмеген әскери мүлік осы Қағидалардың 4-тарауына сәйкес құртып жіберу, кәдеге жарату және көму арқылы жоюға жатады.

      21. Қару-жарақ пен әскери техниканы қоспағанда, пайдаланылмайтын әскери мүлікті Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген ұйым (бұдан әрі – ұйым) жекешелендіру объектілері үшін заңнамада белгіленген жекешелендіру тәртібіне және шарттарына сәйкес жеке және заңды тұлғаларға өткізеді.

      22. Пайдаланылмайтын қару-жарақ пен әскери техниканы ұйым пайдаланылмайтын қару-жарақ пен әскери техниканы (бұдан әрі – сату объектісі) өткізу бойынша жабық тендер өткізу жолымен заңды тұлғаларға өткізеді.

      23. Жабық тендер өткізуге дайындық мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:

      1) қажетті материалдар жинау жүргізіледі;

      2) бағалау негізінде сату объектісінің бастапқы бағасы айқындалады;

      3) әрбір сату объектісін саудалау әдісі айқындалады;

      4) сатушы комиссия шешімінің негізінде тендерлік құжаттаманы бекітеді;

      5) кепілдік жарна енгізу тәртібі айқындалады;

      6) жабық тендерді өткізу мерзімі белгіленеді;

      7) қажет болған кезде ұйымдастырушы тартылады;

      8) жабық тендерге қатысушылар тобы қалыптастырылады, айқындалады және бекітіледі;

      9) жабық тендерге қатысуға шақыру-хат жіберіледі;

      10) кепілдік жарналар қабылданады;

      11) қатысушыларды тіркеу жүргізіледі;

      12) сатып алу-сату шартының жобасын дайындау жүзеге асырылады.

      24. Баланстық құны республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржылық жылдың 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 2500000 еселенген мөлшерінен астам болатын пайдаланылмайтын қару-жарақ пен әскери техниканы бағалауды халықаралық бағалау стандарттарына сәйкес тәуелсіз консультанттар жүзеге асырады.

      25. Баланстық құны республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржылық жылдың 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 2500000 еселенген мөлшерінен кем болатын пайдаланылмайтын қару-жарақ пен әскери техниканы бағалау Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      26. Сатушының функциялары мыналар болып табылады:

      1) сату объектісін бағалауды жүргізуді қамтамасыз ету;

      2) әрбір сату объектісі бойынша комиссия шешімінің негізінде сауда-саттық шарттарын және нысандарын айқындау;

      3) сауда-саттықты өткізу мерзімін (күні мен уақыты) және сауда-саттықты өткізу орнын белгілеу;

      4) сауда-саттықты дайындауды және өткізуді жүзеге асыру;

      5) комиссия шешімінің негізінде сату объектілерінің бастапқы бағасын айқындау;

      6) жабық тендерге қатысушылардың кепілдік жарналарын қабылдау;

      7) сату объектілерін сауда-саттықтан алып тастау туралы шешім қабылдау;

      8) жабық тендерге қатысушылар құжаттарының қосымша талаптарға сәйкестігін қарау және оларды сауда-саттыққа жіберу;

      9) ұйымдастырушы тартылған жағдайда онымен сауда-саттықты ұйымдастыруға және өткізуге арналған шарт жасасу;

      10) сауда-саттықты ұйымдастыру және өткізу барысын бақылауды жүзеге асыру;

      11) сауда-саттықтың жеңімпаздарымен сатып алу-сату шартын жасасу және олардың орындалуын бақылау;

      12) қатысушылармен, сатып алушылармен, ұйымдастырушылармен сауда-саттық өткізу рәсімдеріне байланысты есептерді жүзеге асыру;

      13) комиссия шешімінің негізінде жабық тендердің объектіні өткізу жөніндегі тендерлік құжаттамасын бекіту;

      14) ұсынылған өтінімдердің (өтініштердің) негізінде жабық тендерге қатысушылардың тобын (тізбесін) қалыптастыру және оны комиссия шешімінің негізінде бекіту;

      15) сауда-саттықты өткізу үшін қажетті басқа да іс-шараларды өткізу.

      27. Жабық тендерге қатысу үшін кепілдік жарна шақыру-хатта белгіленген нысанда және тәртіппен сатушының деректемелеріне енгізіледі.

      Кепілдік жарнаны қатысушы не қатысушының атынан кез келген басқа жеке немесе заңды тұлға енгізеді.

      28. Қатысушыларға кез келген көлемде кепілдік жарна енгізуге рұқсат етіледі, бұл ретте бір кепілдік жарна тендерге қатысу үшін қатысушы осы кепілдік жарнаны сол үшін енгізген қару-жарақ пен әскери техниканы сатып алуға құқық береді.

      29. Сауда-саттықта жеңген және сатып алу-сату шартын жасасқан қатысушының кепілдік жарнасы сатып алу-сату шарты бойынша есептелетін төлемдердің есебіне жатады.

      30. Сатушы кепілдік жарнаны:

      1) жеңімпазға – сауда-саттық нәтижелері туралы хаттамаға не сатып алу-сату шартына қол қоймаған жағдайларда;

      2) сатып алушыға – сатып алу-сату шарты бойынша міндеттемелерін орындамаған немесе тиісті түрде орындамаған жағдайда қайтармайды.

      Барлық қалған жағдайларда кепілдік жарналар сатып алушыға өтініш берген күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде қайтарылады. Кепілдік жарналар сауда-саттыққа қатысушылар, жеке немесе мемлекеттік емес заңды тұлғалар кепілдік жарнаны қайтару туралы өтініште көрсеткен деректемелерге қайтарылады.

      31. Жабық тендерге мүдделі мемлекеттік органдар ұсыныстарының негізінде комиссия айқындайтын қатысушылардың шектеулі тобы қатысады.

      Қатысушылардың тобын (тізбесін) қалыптастыру кезеңінде сатушы және/немесе ұйымдастырушы мүдделі мемлекеттік органдарға және/немесе шет мемлекеттердің органдарына қатысушылардың халықаралық міндеттемелердің сыртқы экономикалық қызметін сақтауы және Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігі туралы мәліметтер беру жөнінде сұрау салулар жолдайды.

      Сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың сәйкестігін тексеруді уәкілетті органмен, сондай-ақ экпорттық бақылау жөніндегі уәкілетті органмен өзара іс-қимыл жасау арқылы сатушы және/немесе ұйымдастырушы жүзеге асырады.

      Тексеруді жүзеге асыру нәтижелері бойынша сатушы және/немесе ұйымдастырушы сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың тізімін қалыптастырады және пайдаланылмайтын қару-жарақ пен әскери техниканы өткізу бойынша жабық тендерге қатысушылардың тобын айқындау үшін комиссияға ұсынады.

      32. Жабық тендердің барлық шарттары бар жабық тендерге қатысуға арналған жазбаша шақыру хатын сатушы оны өткізгенге дейін кемінде күнтізбелік 15 (он бес) күн бұрын таратады.

      Жабық тендерге қатысуға арналған шақыру хат мынадай мәліметтерді қамтиды:

      1) сауда-саттықты өткізу күні, орны және уақыты;

      2) сауда-саттық әдісі;

      3) объект туралы мәлімет;

      4) сатуға қойылатын объектілердің алғашқы және ең төмен бағалары;

      5) кепілдік жарна мөлшері және оны аудару үшін банк деректемелері;

      6) өтінімдер қабылдау орны және мерзімі;

      7) сауда-саттықты өткізу тәртібі, оның ішінде сауда-саттыққа қатысуды ресімдеу, сауда-саттықтың жеңімпаздарын айқындау шарттары туралы мәліметтер;

      8) сатушының және/немесе сауда-саттық ұйымдастырушысының және баланста ұстаушының телефондары мен орналасқан жері;

      9) сатушының шешімі бойынша қосымша ақпарат.

      Шақыру-хатқа мынадай құжаттар қоса беріледі:

      1) тендерлік құжаттама;

      2) пайдаланылмайтын қару-жарақ пен әскери техниканың фото-суреттері және/немесе техникалық сипаттамалары;

      3) сатып алу-сату шартының жобасы.

      Жабық тендерге қатысуға шақыру-хат жолданған адамдардың өтінімдерін тіркеуді сатушы жазбаша шақыру хаттар жіберілген күннен бастап тіркеу журналында жүргізеді және ол басталғанға дейін 24 (жиырма төрт) сағат бұрын аяқталады.

      33. Сату объектілерін сату туралы шақыру-хат жіберілгеннен кейін баланста ұстаушы барлық ниет білдірушілерге сату объектісін сатып алуға рұқсатты қамтамасыз етеді.

      34. Жабық тендердің қатысушыларын тіркеу шақыру-хат жіберілген күннен бастап жүргізіледі және жабық тендер басталғанға дейін 24 (жиырма төрт) сағат бұрын аяқталады, одан кейін қатысушылар берілген өтінімді қайтарып ала алмайды.

      35. Жабық тендердің қатысушысы ретінде тіркеу үшін:

      1) осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша сауда-саттыққа қатысуға арналған өтінім;

      2) заңды тұлғалар үшін:

      салыстыру үшін міндетті түрде түпнұсқасын немесе көрсетілген құжаттың нотариус куәландырған көшірмесін ұсына отырып, жарғының көшірмесін;

      салыстыру үшін міндетті түрде түпнұсқасын немесе көрсетілген құжаттың не заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың нотариус куәландырған көшірмесін ұсына отырып, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің көшірмесін;

      банк шотының барын растайтын банк анықтамасының түпнұсқасын ұсыну қажет.

      Құжаттардың түпнұсқалары салыстырылғаннан кейін бір жұмыс сағаты ішінде қайтарылады.

      Банк (ағымдағы) шоттың барын растайтын банк анықтамасының түпнұсқасы қайтарылмайды;

      3) кепілдік жарнаның енгізілгенін растайтын төлем құжатының түпнұсқасы мен көшірмесі (төлем құжатының түпнұсқасы қатысушы жүгінген кезде сауда-саттық өткізілгеннен кейін қайтарылады);

      4) заңды тұлға өкілінің өкілеттігін растайтын құжаттың түпнұсқасы, сондай-ақ салыстырғаннан кейін қайтарылатын түпнұсқасын ұсына отырып, заңды тұлға өкілінің паспортының немесе жеке басын куәландыратын құжатының көшірмесі не заңды тұлға өкілінің паспортының немесе жеке басын куәландыратын құжаттың нотариус растаған көшірмесі;

      5) тендерге қатысушы қол қойған бағалық ұсыныс;

      6) лицензиар (уәкілетті орган) беретін қару-жарақ, әскери техника және қарудың жекелеген түрлерінің, оларды қолдана отырып жасалатын жарылғыш заттар мен бұйымдар айналымы саласындағы қызметтің түрін (кіші түрін) жүзеге асыруға арналған рұқсат беру құжаттарының нотариус растаған көшірмелері.

      Шетелдік заңды тұлғалар нотариус растаған қазақ және/немесе орыс тілдеріне аудармасымен резиденті өтініш білдіруші болып табылатын елдің не өтініш білдіруші сыртқы экономикалық қызметтің қатысушысы ретінде тіркелген кез келген басқа елдің лицензиары (уәкілетті органы) беретін рұқсат беру құжаттарын (лицензиялар, рұқсаттамалар) береді;

      7) тендер құжаттамаларында және пайдаланылмайтын қару-жарақ пен әскери техниканы өткізу бойынша жабық тендерге қатысуға арналған шақыру-хатта көрсетілген қосымша талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттардың түпнұсқалары не нотариус растаған көшірмелері.

      Жабық тендерге қатысу үшін ұсыныс жабық конвертте жазбаша түрде мәлімделеді.

      36. Өтінімдер қабылдау және жабық тендерге қатысуға ниет білдірген адамдарды тіркеу талап етілетін құжаттардың толық жиынтығы болған кезде жүргізіледі.

      Өтінімді қолма-қол тәсілмен ұсынған кезде талап етілетін құжаттарды тексеруді сатушы сол орнында бір жұмыс сағаты ішінде жүзеге асырады және осы Қағидалардың 35-тармағында көрсетілген құжаттардың біреуі болмаған жағдайда ұсынылған өтінім тіркелмейді.

      Өтінім поштамен келіп түскен кезде Қағидалардың 35-тармағында көрсетілген құжаттардың біреуі болмаған жағдайда ұсынылған өтінім тіркелмейді, ол туралы сатушы бір жұмыс сағаты ішінде өтінім берген адамға жазбаша нысанда хабарлайды.

      37. Жабық тендерге қатысушылардың құжаттары өтінімдерді тіркеу журналында тіркелгеннен кейін сейфте сақталады және оны өткiзетiн күні комиссияға қарау және жабық тендерге жіберу үшін берiледi.

      38. Сатушы мен ұйымдастырушыға:

      1) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, сауда-саттықты дайындаудың және өткізудің барлық кезеңі ішінде сауда-саттыққа қатысушыларға қатысы бар ақпаратты жариялауға;

      2) осы Қағидалардың 35-тармағында санамаланған құжаттардан басқа қосымша құжаттар ұсынуды талап етуге жол берілмейді.

      39. Қатысушының осы Қағидалардың 35-тармағында көрсетілген талаптарды сақтамауы, сондай-ақ сатушының шотына сауда-саттықты өткізу туралы шақыру-хатта көрсетілген кепілді жарнаның сауда-саттық басталғанға дейін екі сағат бұрын түспеуі сатушының жабық тендерге қатысуға арналған өтінімді қабылдаудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

      40. Жабық тендерді ұйымдастыруды және өткізуді сатушы жүзеге асырады. Объектіні бірінші жабық тендерге қойған кезде жекешелендіру объектісінің бастапқы бағасы алғашқы бағаға тең болады.

      Тендерді ұйымдастыру және өткізу үшін сатушы міндетті түрде комиссия құрады, оның құрамына уәкілетті органның, ішкі істер органының, арнаулы мемлекеттік органдардың және мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органның өкілдері қамтылады.

      Комиссия мынадай функцияларды жүзеге асырады:

      1) өз жұмысының регламентін дербес әзірлейді;

      2) әрбір сату объектісі бойынша сауда-саттық әдістері туралы шешім қабылдайды;

      3) бағалау негізінде сату объектісінің бастапқы бағасын белгілеу туралы шешім қабылдайды;

      4) сату объектілерінің жабық тендерінің шарттары туралы шешім қабылдайды;

      5) қатысушыларға (сатып алушыға) қойылатын қосымша талаптар туралы шешім қабылдайды;

      6) осы Қағидалардың 43-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, сауда-саттыққа арналған объектіні одан әрі сатуға қоюдың орындылығы туралы шешім қабылдайды;

      7) сату объектілерін өткізу бойынша жабық тендерге қатысушылардың құжаттарын қарайды;

      8) мүдделі мемлекеттік органдар ұсыныстарының негізінде жабық тендерге қатысушылардың тобын (тізбесін) айқындайды;

      9) жабық тендердің тендерлік құжаттамасын айқындайды;

      10) жабық тендердің қорытындылары туралы хаттамаларға қол қояды;

      11) пайдаланылмайтын қару-жарақ пен әскери техниканы өткізу бойынша жабық тендердің жеңімпазын жариялайды.

      41. Жабық тендер сатушы белгілейтін орында және уақытта өткізіледі. Жабық тендер  Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген мереке және демалыс күндерін қоспағанда, сейсенбіден жұмаға дейін Астана қаласының уақыты бойынша сағат 10:00-13:00-ге дейінгі кезеңде өткізіледі.

      42. Объектіні екінші және үшінші сауда-саттыққа қойған кезде бастапқы баға алдыңғы жабық тендердің алғашқы бағасынан елу пайызға төмендейді.

      43. Егер жабық тендердің тiркелген қатысушыларының саны екеуден аз болса, онда жекешелендiру объектiсi жалғыз қатысушыға сатылуы мүмкiн үшiншi сауда-саттықты қоспағанда, тендер өткен жоқ деп жарияланады.

      44. Егер тендер немесе жабық тендер өткен жоқ деп жарияланса, комиссия өткізілмеген жабық тендер туралы хаттамаға қол қояды.

      45. Сауда-саттық өткізу туралы шақыру-хатта көрсетілген, сауда-саттықтың күні мен уақыты келген кезде комиссия жабық тендерге қатысуға арналған өтінімдерді ашады.

      46. Жабық тендерге қатысуға арналған өтінімдерді комиссия сауда-саттық өткізу туралы шақыру-хатта көрсетілген объектінің қатысушыларына (сатып алушысына) қойылатын қосымша талаптарға сәйкес келетін қатысушыларды айқындау мақсатында қарайды.

      47. Объект үшін неғұрлым жоғары баға ұсынған қатысушы жеңімпаз болып танылады. Жабық тендерде екі және одан көп қатысушының ұсынысы бірдей жоғары бағаны қамтыған жағдайда, онда осы қатысушылардың арасынан өтінімі басқа қатысушылардың өтінімдерінен бұрын қабылданған қатысушы жабық тендердің жеңімпазы ретінде танылады.

      48. Сауда-саттық нәтижелері туралы хаттамада:

      1) себептерін көрсете отырып, қатысушыларға (сатып алушыға) қойылатын талаптарды қанағаттандырмайтын қатысушылардың тізімі;

      2) қатысушыларға (сатып алушыға) қойылатын талаптарды қанағаттандыратын қатысушылардың тізімі, ол бойынша комиссия тендерге қатысушылардың бағалық ұсыныстарын салыстыруды жүргізеді;

      3) объект үшін ең жоғары баға ұсынған жеңімпаз көрсетіледі.

      49. Жабық тендердің жеңімпазы сауда-саттық нәтижелері туралы хаттамаға қол қою үшін электрондық пошта бойынша немесе өзге тәсілмен сауда-саттық нәтижелері туралы хабардар етіледі.

      Жабық тендер нәтижелері туралы хаттамаға комиссия мүшелері, жабық тендердің жеңімпазы қол қояды және сатушы оны жабық тендер аяқталған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей бекітеді.

      Хаттама электрондық пошта арқылы пайдаланылмайтын қару-жарақ пен әскери техниканы өткізу бойынша жабық тендердің барлық қатысушыларына жеткізіледі.

      50. Жеңімпаз белгіленген мерзімде пайдаланылмайтын қару-жарақ пен әскери техниканы өткізу бойынша жабық тендердің нәтижелері туралы хаттамаға және сатып алу-сату шартына қол қоймаған жағдайда комиссия сауда-саттық нәтижелерінің күшін жою туралы хаттамаға қол қояды және осы жекешелендіру объектісі сауда-саттыққа қайтадан шығарылады.

      51. Сатып алу-сату шартына сатушы және сатып алушы қол қояды. Шартта шарттың жасалу негізі ретінде сауда-саттықтың нәтижелері туралы хаттамаға сілтеме көрсетіледі.

      52. Сауда-саттықта жеңген адам сауда-саттық нәтижелері туралы хаттамаға немесе сатып алу-сату шартына қол қоймаған кезде ол енгізген кепілдік жарнаны жоғалтады және сатушыға ол шеккен нақты залалдың кепілдік жарна жаппаған бөлігін өтейді.

      53. Сатып алу-сату шарты бойынша есептер сатушы мен сатып алушы арасында жүргізіледі, бұл ретте сатып алушы есептерді мынадай тәртіппен жүргізеді:

      1) аванстық төлем жекешелендіру объектісінің сату бағасының кемінде он бес пайызы мөлшерінде сатып алу-сату шартына қол қойылған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде (кепілдік жарна тиесілі аванстық төлем есебіне есептеледі) енгізіледі;

      2) қалған сома тараптардың уағдаластығы бойынша, бірақ сатып алу-сату шартына қол қойылған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей енгізіледі.

      54. Аванстық немесе түпкілікті төлемдердің мерзімі өткен жағдайларда сатушының шартты біржақты тәртіппен бұзуына және сатып алушыға ол шеккен нақты залалдың кепілдік жарна жаппаған бөлігінің орнын толтыру туралы талап қоюына жол беріледі.

      55. Пайдаланылмайтын әскери мүлікті беру сатып алу-сату шартында көзделген мерзімде қабылдау-тапсыру актісі бойынша жүргізіледі.

      Қол қойылған қабылдау-тапсыру актісі сатылған пайдаланылмайтын қару-жарақ пен әскери техниканың меншік иесін өзгерту туралы мемлекеттік тіркеу өткізу үшін негіз болып табылады.

      56. Пайдаланылмайтын қару-жарақ пен әскери техника Қазақстан Республикасының шегінен тыс экспорттау шартымен өткізіледі.

4. Пайдаланылмайтын әскери мүлікті құртып жіберу, кәдеге жарату, көму арқылы жою тәртібі

      57. Пайдаланылмайтын әскери мүлікті жою құртып жіберу, кәдеге жарату, көму арқылы жүзеге асырылады.

      58. Пайдаланылмайтын әскери мүлікті құртып жіберу және көму арқылы жоюды Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасына сәйкес олардың құрамында зиянды заттардың болуына сүйене отырып, заңды тұлғалар жүзеге асырады.

      59. Кәдеге жарату арқылы жоюға қару-жарақтың, әскери техниканың, арнайы құралдардың пайдаланылуы мүмкін емес барлық түрлері жатады.

      60. Кәдеге жарату және өткізу арқылы жою мүмкін болмайтын пайдаланылмайтын әскери мүліктің барлық түрлері жоюға және/немесе көмуге жатады.

      61. Өткізілмейтін, пайдаланылмайтын әскери мүліктің, оның ішінде жоюға және/немесе көмуге жатқызылатын кәдеге жарату өнімдерінің тізбесін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің жанындағы Әскери-техникалық комиссияның ұсынымы бойынша уәкілетті орган бекітеді.

      62. Кәдеге жарату, құртып жіберу, көму арқылы жою үшін пайдаланылмайтын әскери мүліктің тізбесінде мыналар көрсетіледі:

      1) мүліктің типі;

      2) шығарылған жылы;

      3) саны;

      4) жиынтықтаушы бұйымдардың болуы;

      5) бар болған жағдайда зиянды заттардың құрамы және мөлшерлік құрамы (қалдықтар паспорты);

      6) орналасқан жері немесе қоймаланған жері;

      7) бар болған кезде ыдысы;

      8) техникалық құжаттамасының болуы.

      63. Пайдаланылмайтын әскери мүлікті кәдеге жарату таңдалған технологияларға және экономикалық орындылығына байланысты оны сақтау орындарында немесе мамандандырылған кәсіпорындарда (цехтарда, учаскелерде, алаңдарда, аумақтарда) жүргізіледі.

      64. Кәдеге жарату, құртып жіберу, көму арқылы жоюға жататын пайдаланылмайтын әскери мүлікті оны сақтау орындарынан тыс Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген талаптарға сәйкес өнеркәсіп алаңдарына немесе өндіріс цехтарына әкету кәдеге жаратуды жүргізетін ұйымдардың қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

      65. Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға сәйкес оларға оқ-дәрілерді кәдеге жарату өнімдерін өткізу бойынша қызмет көрсету шартымен заңды тұлғалар жүргізетін оқ-дәрілерді кәдеге жаратуды қоспағанда, пайдаланылмайтын әскери мүлікті кәдеге жаратуды мемлекеттік сатып алу туралы заңнамада белгіленген тәртіппен айқындалатын заңды тұлғалар немесе уәкілетті органның, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың бөлімшелері жүргізеді.

      66. Бекітілген техникалық жай-күйі актiлері (куәлiктері) алынған мүлік бөлшектеуге жатады.

      Мүлiктi бөлшектеу пайдалануға жарамды агрегаттардың, тораптардың, аспаптардың, бөлшектер мен материалдардың барынша көп санын алу мақсатында қауiпсiздiк техникасының талаптарын және құпиялылық режимiн қатаң сақтай отырып, тиiстi мамандардан, есептен шығарылуға жататын мүлiктiң жай-күйi мен сақталуына жауап беретiн лауазымды адамдардан тұратын комиссия мүшелерiнiң қатысуымен тиiстi қызметтер (материалдық-техникалық, қаржы және басқа да қамтамасыз ету түрлерi) бастықтарының бақылауымен жүргізiледi.

      Бекітілген техникалық жай-күйi актілері (куәлiктер) алынған қару-жарақ пен әскери техника, жауынгерлiк даярлық оқу материалдық-техникалық базасының жабдығы мен құралдары олардың агрегаттары бөлшектелмей, жөндеу әскери бөлiмдерiнде немесе бар болған кезде тиiстi бөлiмшелерде бөлшектелуге жатады.

      Оларды бөлшектеу кезiнде қару-жарақ пен әскери техникадан алып тасталған және одан әрi пайдалануға жатпайтын агрегаттар белгiленген тәртiппен әскери бөлiмдердiң жөндеу базаларына жөндеуге берiледi.

      Жауынгерлiк зымырандар мен олардың элементтерi, зымырандар жабдықтарының жауынгерлiк жиынтықтары, егер оған мүлiктiң тиесiлiлігi бойынша әскери бөлiм қамтамасыз етілуде тұрған тиiстi басқару органының (бұдан әрi – қамтамасыз ету органы) арнайы нұсқаулары болмаса, бөлшектеуге жатпайды.

      67. Құпиялылық белгісi бар бұйымдарды (тораптарды, элементтердi) бөлшектеу оларды пайдалану тәртібін регламенттейтiн нормативтiк-құқықтық актілердiң талаптарына сәйкес жүргiзіледi.

      68. Бөлшектелген мүлiктің пайдалануға жарамды, оның iшiнде жөндеудi талап ететiн барлық агрегаттарын, тораптарын, аспаптарын, бөлшектерін, материалдарын әскери бөлiмдер оқу-жаттығу мақсаттарында (табельдер, белгiленген шығыс нормалары немесе лимит шегінде), сондай-ақ жөндеу, сүрту материалы ретінде және басқа да мұқтаждарға пайдаланады.

      Әскери бөлiмдер өз мұқтаждарына пайдаланбайтын жарамды және жөндеудi талап ететін агрегаттар, тораптар, аспаптар, бөлшектер, материалдар және басқа да мүлiк қамтамасыз ету органдарының нұсқауы бойынша әскери бөлiмдердiң басқа да базалары мен қоймаларына берiледi.

      69. Заңды тұлғаларды оны сақтау орындарында құртып жіберу, кәдеге жарату, көму арқылы жою жөніндегі жұмыстарды жүргізуге жіберу пайдаланылмайтын әскери мүлкі жоюға жататын басшының шешімі бойынша жүзеге асырылады.

      70. Кәдеге жарату жолымен жою үшін берілетін пайдаланылмайтын қару-жарақ пен әскери техника уәкілетті орган белгілеген тәртіппен қауіпсіз жай-күйге келтіріледі.

      71. Кәдеге жарату өнімдерін өткізу осы Қағидалардың 3-тарауына сәйкес жүзеге асырылады.

5. Қорғаныс объектілерін мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру тәртібі

      72. Мүліктік жалдауға (жалға алуға) беруге жататын пайдаланылмайтын қорғаныс объектілерінің тізбелерін баланстық құнын көрсете отырып, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының ұсынымдары негізінде қорғаныс объектілерін есепке алуды жүзеге асыратын уәкілетті орган жасайды және оны қажеттілігіне қарай, бірақ жарты жылда кемінде бір рет уәкілетті органның басшысы бекітеді.

      Мүліктік жалдауға (жалға алуға) беруге жататын пайдаланылмайтын қорғаныс объектілерінің тізбесі Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің жанындағы Әскери-техникалық комиссияның ұсынымдары негізінде жасалады.

      73. Мүліктік жалдауға (жалға алуға) беруді уәкілетті орган (бұдан әрі – жалға беруші) жүзеге асырады.

      74. Қорғаныс объектілерін мүліктік жалдауға (жалға алуға) беруге бойынша тендерді дайындау және өткізу бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.     

      75. Жалға беруші қорғаныс объектілерін мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру процесін ұйымдастыру үшін делдал тартуға құқылы.

      76. Жалға беруші тізілімнің веб-порталында (www.gosreestr.kz мекенжайы бойынша интернет желісінде орналастырылған интернет қоры) қорғаныстық объектінің атауын, саның, өлшем бірлігін, қысқаша сипаттамасын, елді мекенді, мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру, нысаналы пайдалану мерзімін көрсете отырып, тізбесінің және мәліметтің орналастырылуын қамтамасыз етеді.

      77. Қорғаныс объектілерін мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінімнің негізінде жүзеге асырылады.

      Өтінім тізілімнің веб-порталында электрондық нысанда қорғаныс объектісінің атауын, оның баланста ұстаушысын, нысаналы мақсатын көрсетіп, мына құжаттардың:

      1) заңды тұлғалар үшін – заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің (заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы анықтама) және жарғының;

      2) жеке тұлғалар үшін – өтінім берушінің жеке құжатының, тұрғылықты орнынан мекенжай анықтамасының;

      3) шетелдік жеке және заңды тұлғалар үшін – шетелдік паспортының немесе нотариус растаған мемлекеттік және/немесе орыс тілдеріндегі аудармасы бар құрылтай құжаттарының электрондық (сканерленген) көшірмелерін қоса бере отырып ресімделеді.

      78. Жалға беруші өтінімді оның келіп түскен күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қарайды.

      79. Мүліктік жалдауға беруге (қорғаныс объектілерін) арналған өтінімді (өтінімдерді) және оған қоса берілген құжаттарды қарау нәтижелері бойынша жалға беруші:

      1) қорғаныс объектісін нысаналы мақсаты бойынша мүліктік жалдауға (жалға алуға) беруге туралы;

      2) қорғаныс объектілерін мүліктік жалдауға (жалға алуға) беруге арналған екі және одан көп өтінім берілген жағдайда тендер өткізу туралы;

      3) жалға беруші объектінің заңды тағдыры бойынша өзге шешім қабылдаған, осы Қағидалардың 77-тармағында көрсетілген құжаттар болмаған жағдайларда, мүліктік жалдауға (жалға алуға) беруден бас тарту туралы шешімдердің бірін қабылдайды.

      80. Қорғаныс объектісіне қажеттілік туралы өтінімді (бұдан әрі – өтінім) қабылдау бірінші өтінім түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде аяқталады.

      81. Қорғаныс объектілерін нысаналы мақсаты бойынша мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалға беру ақысының есеп айырысу мөлшерлемелері және орналасқан орнын, түрін, жай-күйін ескеретін жоғарылатушы (азайтушы) коэффициенттердің мөлшері, сондай-ақ объектілердің мақсаты өңірлік жағдайларды ескере отырып айқындалады және мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерімен және қажет болған жағдайда жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның басқа да аумақтық бөлімшелерімен келісу бойынша жалға беруші бекітеді.

      82. Тендерді дайындаған және өткізген кезде жалға беруші:

      1) тендерлік комиссияны қалыптастырады;

      2) тендер өткізу мерзімін және оның шарттарын айқындайды;

      3) тендерлік құжаттаманы дайындайды;

      4) тізілімнің веб-порталында тендер өткізілетіні туралы хабарлама жариялайды;

      5) шарт жобасын даярлауды жүзеге асырады;

      6) тендер жеңімпаздарымен шарт жасасады және оның шарттарының орындалуын бақылауды жүзеге асырады;

      7) тендерлік комиссия отырысының хаттамасына қол қояды;

      8) тендер жеңімпазымен шарт жасасуды қамтамасыз етеді;

      9) осы Қағидаларда көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      83. Жалға беруші тендердің ұйымдастырушысы болады.

      84. Тендерлік комиссияның құрамына жалға берушінің және өзге де мүдделі ұйымдардың өкілдері енгізіледі, сондай-ақ тәуелсіз мамандар мен сарапшылар тартылуы мүмкін. Комиссия төрағасы жалға берушінің өкілі болып табылады.

      85. Тендерлік комиссия мүшелерінің жалпы саны тақ болуы және кемінде бес адам болуы тиіс.

      86. Тендерлік комиссия мынадай функцияларды жүзеге асырады:

      1) жалға беруші белгілеген мерзімде және олар ұсынған қорғаныс объектісі туралы деректер негізінде тендер шарттарын әзірлейді, олардың негізгісі ең төменгі жалгерлік төлем мөлшерлемесі болып табылады, ол нысаналы мақсаты бойынша мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде ұқсас қорғаныс объектілері үшін белгіленетін жалгерлік төлемінің мөлшерлемесінен төмен болуы мүмкін емес;

      2) тендер жариялау үшін тендерлік құжаттаманы және басқа да қажетті құжаттарды дайындайды;

      3) қажет болған жағдайда мамандар мен сарапшыларды тартады.

      87. Жалға беруші тендерлік комиссияның хатшысын тағайындайды және ол тендер комиссиясының мүшесі болып табылмайды. Тендерлік комиссия шешім қабылдаған кезде хатшының дауыс беру құқығы болмайды.

      88. Тендерлік құжаттаманы дайындау тәртібін, құрамын және шарттарын жалға беруші айқындайды.

      89. Тендерлік құжаттама мынадай негізгі тарауларды қамтуға тиіс:

      1) тендер объектісі туралы мәліметтер;

      2) өтінімнің және онымен бірге ұсынылатын құжаттардың мазмұнына қойылатын талаптар;

      3) тендер өткізу шарттары мен тәртібі;

      4) мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру шартының жобасы.

      90. Жалға беруші тендер өткізгенге дейін кемінде күнтізбелік он бес күн бұрын тізілімнің веб-порталында тендер өткізу туралы мемлекеттік және орыс тілдеріндегі хабарламаның жариялануын қамтамасыз етеді.

      91. Тендер өткізу туралы хабарлама мыналарды қамтуға тиіс:

      1) тендер объектісінің қысқаша сипаттамасы;

      2) мүліктік жалдауға (жалға алуға) берудің мерзімін және жалгерлік төлемінің бастапқы мөлшерлемесінің мөлшері;

      3) кепілдік жарнаның мөлшерін, мерзімі мен енгізу тәртібі;

      4) тендердің шарттары;

      5) тендер өткізу күні және уақыты;

      6) тендерге қатысуға өтінімдерді қабылдау мерзімі;

      7) тендерге қатысуды ресімдеу тәртібі туралы мәліметтер;

      8) тендерге қатысу үшін қажетті құжаттардың тізбесі;

      9) елді мекен, тендер объектісімен таныстыру мерзімі;

      10) шарт жасасу мерзімі;

      11) жалгерлік төлемді төлеудің мерзімділігі.

      92. Бірыңғай оператор:

      1) тізілім веб-порталының жұмыс істеуін қамтамасыз етеді, сондай-ақ тендерге қатысушылардың кепілдік жарналарын қабылдайды;

      2) тендер өткізілетін күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде сауда-саттықта жеңген қатысушының кепілдік жарнасын тиісті бюджетке аударады;

      3) сауда-саттықтың басқа қатысушылары тізілімнің веб-порталында ЭЦҚ пайдалана отырып, кепілдік жарнаны қайтаруға арналған өтінішке қол қойған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оларға кепілдік жарнаны қайтарады.

      93. Тендерге қатысушыларды тізілімнің веб-порталында тіркеу тендер өткізу туралы хабарлама жарияланған күннен бастап жүргізіледі және тендер өткізуге дейін екі сағат қалғанда аяқталады, ол аяқталған кейін қатысушылар берілген өтінімді қайтарып ала алмайды.

      94. Тендер өткізу туралы хабарлама жарияланғаннан кейін барлық қатысуға ниет білдірушілерге жалға беруші тізілім веб-порталы арқылы қорғаныс объектілері туралы ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз етеді, ал баланста ұстаушы қорғаныс объектілерін тексеріп қарауға жіберуді қамтамасыз етеді.

      95. Тендерге қатысу үшін қатысушы тізілімнің веб-порталында мыналарды көрсете отырып, алдын ала тіркелуі қажет:

      1) жеке тұлғалар және дара кәсіпкерлер үшін: жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН), тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда);

      2) заңды тұлғалар үшін: бизнес сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН), толық атауы, бірінші басшының тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда);

      3) кепілдік жарнаны қайтару үшін екінші деңгейдегі банктегі есеп шот деректемелері;

      4) байланыс деректері (пошта мекенжайы, телефон, e-mail).

      Жоғарыда көрсетілген деректер өзгерген кезде, қатысушы бір жұмыс күні ішінде тізілімнің веб-порталына енгізілген деректерді өзгертеді.

      96. Қатысушылар кепілдік жарнаны тендер өткізу туралы хабарламада көрсетілген мөлшерде, мерзімде және тәртіппен мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай оператордың шотына аударады.

      Кепілдік жарнаны қатысушы не қатысушының атынан кез келген жеке және заңды тұлға аударады.

      Кепілдік жарна мөлшері хабарлама жарияланғаннан кейін өзгермейді.

      97. Бір кепілдік жарна бір қорғаныс объектісіне арналған тендерге қатысуға мүмкіндік береді.

      98. Тендерге қатысуға арналған кепілдік жарнаны мүліктік жалдауға (жалға алуға) берілетін объект үшін тұрғын емес үй-жайдың түрін, жайлылық деңгейін және жалға алушының ұйымдастыру-құқықтық нысанын ескеретін коэффициенттерді ескермей есептелген айлық жалгерлік төлемнің мөлшерінде тендерлік комиссия белгілейді.

      99. Кепілдік жарнаны мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай оператор:

      1) жеңімпазға ол тендер нәтижелері туралы хаттамаға қол қоймаған жағдайда;

      2) тендер жеңімпазының ұсыныстарына сай келетін шарттарда шарт жасасудан бас тартқан жағдайда жеңімпазға;

      3) осы Қағидалардың 93-бабында көрсетілген өтінімді қайтарып алу мерзімінің өтіп кетуіне байланысты тендерге қатысудан жазбаша бас тартқан жағдайда қатысушыға;

      4) осы Қағидалардың 116-тармағына сәйкес шарт басталған кезде қатысушыға қайтармайды.

      Осы Қағидалардың 129-тармағын қоспағанда, барлық қалған жағдайларда мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай оператор тендер өткізілген күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде кепілдік жарналарды тендерге қатысушы өтінімде көрсеткен деректемелерге қайтарады.

      100. Кепілдік жарна тендер женімпазының:

      1) тендерде жеңген жағдайда тендер нәтижелері туралы хаттамаға қол қою;

      2) тендер нәтижелері туралы хаттамаға сәйкес шарт жасасу міндеттемелерін қамтамасыз етуі болып табылады.

      101. Қатысушы ретінде тіркелу үшін тізілімнің веб-порталында осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қатысушының ЭЦҚ-мен қол қойылған, қорғаныс объектісін мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру бойынша тендерге қатысуға арналған өтінімді тіркеу қажет.

      102. Қатысушылар тендер шарттарымен келісуді және баға ұсынысын қамтитын, электрондық конвертке салынған тендерге қатысуға арналған өтінімді тендер өткізу туралы хабарламада көрсетілген қатысушыға (жалға алушыға) қойылатын талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттардың электрондық (сканерленген) көшірмелерін қоса бере отырып, тізілімнің веб-порталының арнайы бөлінген веб-парағында тіркейді.

      Шетелдік жеке немесе заңды тұлғалар шетелдік паспорттың немесе нотариус растаған қазақ және/немесе орыс тілдеріндегі аудармасы бар құрылтай құжаттарының нотариус растаған көшірмелерін ұсынады.

      Тендерге қатысуға арналған өтінімді тіркеу талап етілетін құжаттардың толық жиынтығы бар болған кезде жүргізіледі.

      103. Қатысушының осы Қағидалардың 93-тармағында көрсетілген талаптарды сақтамауы, сондай-ақ тендер өткізу туралы хабарламада көрсетілген кепілдік жарнаның мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай оператордың шотына түспеуі тізілімнің веб-порталының өтінімді қабылдаудан бас тарту үшін негіз болып табылады.

      104. Кепілдік жарнаның мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай оператордың шотына түсуі туралы мәліметтер болған жағдайда, тізілімнің веб-порталы өтінімдерді қабылдауды және қатысушыларға рұқсат беруді жүзеге асырады. Кепілдік жарнаның мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай оператордың шотына түсуі туралы мәліметтер болмаған кезде тізілімнің веб-порталы қатысушының өтінімін қабылдамайды.

      Тізілімнің веб-порталы қатысушының тізілімнің веб-порталында көрсетілген электрондық мекенжайына өтінімнің қабылданғаны не өтінімді қабылдаудан бас тарту себептері туралы электронды хабарлама жібереді.

      105.Тендерге қатысушының:

      1) тендерге өзі немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жасалған сенімхаттың негізінде өз өкілдері арқылы қатысуға;

      2) тендерге қойылатын объектілер жөнінде қосымша мәліметтерді, нақтылауды тегін алуға;

      3) объектіні алдын ала тексеріп көруге;

      4) оның құқықтары бұзылған кезде сотқа жүгінуге;

      5) өзінің қатысуға арналған өтінімдерін ол туралы жалға берушіге жазбаша хабарлай отырып, тендер басталғанға дейін күнтізбелік үш күн бұрын қайтарып алуға құқығы бар.

      106. Егер тендер басталған сәтте бір де бір өтінім тіркелмеген болса, тендер өткізілмеген болып танылады.

      Жалға беруші тендер өткізу туралы хабарламада көрсетілген тендердің уақыты мен күнінен кейін жиырма төрт сағаттың ішінде ЭЦҚ-ны пайдалана отырып, тізілімнің веб-порталында қалыптастырылған өткізілмеген тендер туралы актіге қол қояды.

      107. Тізілімнің веб-порталындағы тендер Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген демалыс және мереке күндерін қоспағанда, сейсенбіден жұмаға дейін Астана қаласының уақыты бойынша сағат 10.00-13.00-ге дейінгі кезеңде өткізіледі.

      Тендерге қатысуға арналған өтінімдерді ашу тізілімнің веб-порталы арқылы тендер өткізу туралы хабарламада көрсетілген тендердің күні мен уақыты келген кезде автоматты түрде жүргізіледі.

      108. Тендер шарттары өзгерген не баланста ұстаушының өтінішхаты бойынша тендер болмайтын жағдайда жалға беруші тендер өткізілгенге дейін кемінде үш жұмыс күні бұрын тізілімнің веб-порталында мемлекеттік және орыс тілдерінде тендердің болмайтыны туралы хабарлама жариялайды.

      Тендердің болмайтыны туралы хабарлама жарияланғанға дейін тендерге қатысуға өтінім берген адамдарға кепілдік жарна тізілімнің веб-порталында ЭЦҚ-ны пайдалана отырып, қол қойылған кепілдік жарнасын қайтаруға арналған өтініштің негізінде қайтарылады.

      109. Тендерге қатысуға арналған өтінімдер және оларға қоса берілетін қатысушылар құжаттарының электрондық (сканерленген) көшірмелері тізілімнің веб-порталының дерекқорында сақталады және тендер өткізу туралы хабарламада көрсетілген уақытқа және күнге дейін жүктеуге және қарауға қолжетімсіз.

      110. Тендерге қатысуға арналған өтінімдерді жалға беруші тізілімнің веб-порталында тендер өткізу туралы хабарламада көрсетілген қатысушыларға (жалға алушыларға) қойылатын талаптарға сәйкес келетін қатысушыларды айқындау мақсатында қарайды.

      111. Қорғаныс объектісі үшін неғұрлым жоғары жалгерлік төлем сомасын ұсынған және тендердің барлық шарттарына сай келетін тендерге қатысушы тендер өткізу кезінде тендер жеңімпазы болып танылады.

      Қатысушылар ұсынған жалгерлік төлем сомасы сәйкес (тең) болған жағдайда, тендерге қатысуға арналған өтінімді бұрын тіркеген қатысушы жеңімпаз болып танылады.

      112. Тендер нәтижелері туралы хаттама тізілімнің веб-порталында қалыптастырылады және жалға беруші мен жеңімпаз ЭЦҚ-ны пайдалана отырып, оны өткізген күні қол қояды.

      113. Хаттамада мынадай деректер қамтылуға тиіс:

      1) тендердің шарттары;

      2) объект туралы мәлімет;

      3) қатысушылар туралы мәліметтер және олардың ұсыныстары;

      4) тендер жеңімпазы туралы мәлімет;

      5) тендерге қатысушылар туралы мәлімет және олардың ұсыныстары;

      6) тараптардың шартқа қол қою бойынша міндеттемелері;

      7) себептерін көрсете отырып, қатысушыларға (жалға алушыларға) қойылатын талаптарға сәйкес келмейтін қатысушылардың тізімі;

      8) олар бойынша тізілімнің веб-порталында тендерге қатысушылардың бағалық ұсыныстарын автоматты түрде салыстыру жүргізілетін қатысушыларға (жалға алушыларға) қойылатын талаптарға сәйкес келетін қатысушылардың тізімі.

      114. Тендер нәтижелері туралы хаттама тендер нәтижелерін және жеңімпаз бен жалға берушінің тендер нәтижесі болып табылатын талаптармен шартқа қол қою міндеттемесін белгілейтін құжат болып табылады.

      115. Жеңімпаз шартқа қол қойған кезде жалға берушіге салыстыру үшін көрсетілген құжаттардың түпнұсқаларын, оның ішінде тендерге қатысуға арналған өтінімге тіркелген құжаттарды ұсынады:

      1) заңды тұлғалар үшін – заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік немесе анықтама, жарғы;

      2) жеке тұлғалар үшін – Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі не уақытша жеке куәлігі;

      3) заңды тұлғаның өкілі үшін – Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі және заңды тұлға өкілінің өкілеттігін куәландыратын құжат.

      116. Салыстыру кезінде құжаттардың түпнұсқалары өтінімге тіркелген құжаттарға сәйкес келмеген кезде сәйкессіздік актісі жасалады және қорғаныс объектілерін мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру бойынша тендер өткізілген жоқ деп жарияланады.

      117. Тендер объектілеріне қатысты шарт электронды форматта тізілімнің веб-порталында жасалады және оған "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 74-бабының 5-тармағына сәйкес бекітілген мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) берудің үлгі шартына сәйкес жалға беруші мен жалға алушы тендер өткізілген күннен бастап он жұмыс күні ішінде ЭЦҚ-ны пайдалана отырып, қол қояды.

      Жалға беруші үш жұмыс күні ішінде шарт жөніндегі мәліметтерді шарттың сәйкестендіру кодын бере отырып, тізілімге қосуды қамтамасыз етеді.

      Жалға алушымен мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру шарты шарттың талаптары тиісті түрде орындалған кезде шарттың қолданылу мерзімін ұзарту құқығымен бір жылдан аспайтын мерзімге жасалады.

      Шарттың қолданылу мерзімін ұзарту негізгі шартқа қосымша келісім жасасу жолымен жүзеге асырылады.

      Негізгі шартқа қосымша келісім еркін нысанда құрылған шартты ұзарту туралы жалға алушының жазбаша өтінішінің және егер шартта белгіленген мерзім аяқталғанға дейін баланста ұстаушы жалға берушіге шарттың қолданылу мерзімін ұзартудан жазбаша бас тарту ұсынбаса немесе жалға алушының жалгерлік төлемі бойынша борышы болса, жалға берушінің шешімі негізінде жасалады.

      Шарт шартта белгіленген мерзім аяқталғаннан кейін, сондай-ақ жалға алушы шарттың уақытын ұзарту туралы жазбаша өтініш ұсынбаған жағдайда тоқтатылды деп саналады.

      118. Қабылдау-тапсыру актісін жалға беруші бекітеді және онда:

      1) актіні жасау орны мен күні;

      2) өкілдер тараптардың мүдделерін білдіруге уәкілеттік беретін құжаттардың атауы мен деректемелері;

      3) объектіні беруге негіз болатын мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру шартының нөмірі мен қол қою күні;

      4) анықталған ақаулардың тізбесі бар берілетін объектінің техникалық жай-күйі;

      5) тараптардың мөрлерімен расталған өкілдердің қолдары қамтылуы тиіс.

      119. Шартқа қол қойылғаннан кейін отыз жұмыс күні ішінде қорғаныс объектісін баланста ұстаушы қабылдау-тапсыру актісі бойынша жалға алушыға береді, оған жалға алушы, баланста ұстаушы қол қояды және жалға беруші бекітеді.

      Жалға беруші объектіні қабылдау-тапсыру актісі бекітілгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде қабылдау-тапсыру актісі жөніндегі мәліметті тізілімге енгізеді.

      120. Қабылдау-тапсыру актісі үш данада мемлекеттік немесе орыс тілдерінде жасалады, олардың бірі жалға берушіде, біреуі баланста ұстаушыда сақталады және біреуі жалға алушыға беріледі.

      121. Жеңімпаз белгіленген мерзімде шартқа қол қоймаған жағдайда, жалға беруші бір күн мерзімде жаңа тендер өткізу туралы шешім қабылдайды.

      122. Мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру шарты міндетті түрде мынадай ережелерді қамтуы тиіс:

      1) объектінің техникалық сипаттамасы;

      2) жалға алушыға жалға берілген мүлікті беру мерзімі және шарттың қолданылу мерзімі;

      3) жалға алынатын мүлікті пайдалану үшін төлем енгізу тәртібі, мөлшері және мерзімі;

      4) жалға алушының міндеттері;

      5) жалға берушінің міндеттері;

      6) шартты мерзімінен бұрын бұзу негіздері мен шарттары.

      123. Кемінде бір жыл мерзімге жасалған мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру шарты мемлекеттік тіркеуге жатады.

      Шарттарды мемлекеттік тіркеу жалға алушының қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

      124. Мүліктік жалдауға (жалға алу) ақысына коммуналдық көрсетілетін қызметтерге арналған төлемдер, ағымдағы және күрделі жөндеуге аударымдар, объектіге қызмет көрсетуге арналған төлемдер кірмейді. Бұл төлемдерді жалға алушылар ведомстволық күзетке, пайдалану, коммуналдық, санитариялық және басқа да қызметтерге тікелей төлейді.

      125. Егер мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру шартында өзгеше көзделмесе, мүлікті пайдалану үшін жалдау ақысының мөлшерлемелері жылына бір реттен жиілетпей өзгертілуі мүмкін.

      126. Егер заңнамалық актілерде немесе шартта өзгеше көзделмесе, жалға берушінің келісімінсіз жалға алушы жасаған ажырамас жақсартулардың құны өтеуге жатпайды.

      127. Қазақстан Республикасының аумағындағы қорғаныс объектілерін мүдделі мемлекеттердің үкіметтері арасындағы арнайы келісімдердің негізінде басқа да мемлекеттердің ұйымдарына мүліктік жалдауға (жалға алуға) беруге болады.

      128. Қорғаныс объектілерін мүліктік жалға беруден (жалгерлікке беруден) түсетін қаражат республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.

      129. Жеңімпазға енгізілген кепілдік жарнаның сомасы жасалған шарт бойынша тендердің қорғаныс объектісін пайдаланғаны үшін төлем есебіне есептеледі.

      130. Жалға алушының өз қаражаты есебінен жалгерлікке алынатын қорғаныс объектісі үшін зиянсыз, объектінің ажырамас жақсартуларын жасауы баланста ұстаушының және жалға берушінің жазбаша рұқсатымен жүзеге асырылады.

      Егер шартта өзгеше көзделмесе, жалға беруші жасаған объектілерді ажыратуға келетін жақсартулар, оның жеке меншігі болып табылады.

      Егер заңнамалық актілерде немесе шартта өзгеше көзделмесе, жалға алушы жасаған ажырамас жақсартулардың құны өтеуге жатпайды.


  Пайдаланылмайтын әскери
мүлікті беру, өткізу және
құртып жіберу, кәдеге жарату,
көму арқылы жою, сондай-ақ
қорғаныс объектілерін мүліктік
жалдауға (жалға алуға) беру
қағидаларына
1-қосымша

Объектіні мүліктік жалдауға (жалға алуға) беруге арналған

ӨТІНІМ

      1. Мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында жарияланған мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру туралы ақпаратты қарап және Пайдаланылмайтын әскери мүлікті беру, өткізу және құртып жіберу, кәдеге жарату, көму арқылы жою, сондай-ақ қорғаныс объектілерін мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларымен танысып,

      _______________________________________________________________

      (жеке тұлғаның тегі, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда) немесе заңды тұлғаның атауы және заңды тұлғаның басшысының немесе сенімхат негізінде әрекет ететін өкілінің тегі, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда)

      төменде көрсетілген объектіні жалға алуға ниет білдіреді.


      Мүліктік жалға алу (жалгерлікке алу) объектісі(-лері) туралы мәліметтер:


Мүліктік жалға алу (жалгерлікке алу) объектісінің атауы

Мүліктік жалға алу (жалгерлікке алу) объектісінің баланста ұстаушысының атауы және деректемелері






      Мүліктік жалға алу (жалгерлікке алу) объектісі ____________________ ___________________________________________________үшін талап етіледі.
(объектіге қажеттіліктің негіздемелері көрсетіледі)

      2. Өзім(із) туралы мынадай мәліметтерді ұсынамын (-мыз):

      Заңды тұлғалар үшін:

      Атауы _________________________________________________________

      БСН ___________________________________________________________

      Басшының тегі, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда)

      _________________________________________________________________

      Мекенжайы: _______________________________________________

      Телефон (факс) нөмірі: ________________________________________

      Шарт жасауға арналған банк деректемелері:

      ЖСК _____________________________________

      Банктің атауы _____________________________________

      Кбе_________________________________________________________

      Өтінімге мыналар қоса беріледі:

      1) _____________________________________

      2) _____________________________________

      3) ______________________________________________.

      Жеке тұлғалар үшін:

      Тегі, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда):

      ____________________ЖСН ___________________________Паспорт деректері

      __________________________________________________________________

      Мекенжайы: _______________________________________________

      Телефон (факс) нөмірі: _______________________________________

      Шарт жасасуға арналған банк деректемелері:

      ЖСК _____________________________________________________

      БСК _____________________________________________________

      Банк атауы ________________________________________________

      Кбе ______________________________________________________

      Өтінімге мыналар қоса беріледі:

      1) _______________________________

      2)________________________________

      3) (қолы) (жеке тұлғаның тегі, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда) немесе заңды тұлғаның атауы және заңды тұлғаның басшысының немесе сенімхат негізінде әрекет ететін өкілінің тегі, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда).

      20__ жылғы "___"____________.

      Өтінімді мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталы

      20__ жылғы "___" ____________ ____ сағат "___" минутта қабылдады.



  Пайдаланылмайтын әскери
мүлікті беру, өткізу және құртып жіберу, кәдеге жарату, көму арқылы жою,
сондай-ақ қорғаныс объектілерін мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларына
  2-қосымша

Қорғаныс объектісін мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру бойынша тендерге қатысуға арналған

ӨТІНІМ

      1. Жарияланған қорғаныс объектісін мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру туралы хабарламаны қарап және Пайдаланылмайтын әскери мүлікті беру, өткізу және құртып жіберу, кәдеге жарату, көму арқылы жою, сондай-ақ қорғаныс объектілерін мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларымен танысып,

      ___________________________________________________________________

      (жеке тұлғаның тегі, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда) немесе заңды тұлғаның атауы және заңды тұлғаның басшысының немесе сенімхат негізінде әрекет ететін өкілінің тегі, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда)

      20____жылғы "___" _______ www.gosreestr.kz мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында болатын тендерге қатысуға ниет білдіреді.

      2. Мен (біз) тендерге қатысу үшін мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай оператордың арнайы транзиттік шотына жалпы сомасы ____ (______________) теңге (сомасы қолмен) ____ (саны) кепілдік жарнаны енгіздім (к).

      Кепілдік жарнасы енгізілген мүліктік жалға беру (жалгерлікке беру) объектілері туралы мәліметтер:

Р/с №

Мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру объектісінің атауы

Аударуға жататын кепілдік жарнасының сомасы, теңге

1



2




Жиыны


      Енгізілген кепілдік жарналары туралы мәлімет:

Р/с

Кепілдік жарнасының мақсаты және тендерге қатысу үшін кепілдік жарнасы енгізілген мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру объектісінің атауы

Төлем құжатының №

Төлем құжатының күні

Кепілдік жарнасының сомасы, теңге

1





2






Жиыны




      3. Менің (біздің) тендерге қатысушыға қойылатын талаптарға сәйкес еместігім (-міз) анықталған жағдайда, мен (біз) тендерге қатысу құқығынан айырылатыныммен, мен (біз) қол қойған тендер нәтижелері туралы хаттама және мемлекеттік мүлікті мүлiктiк жалдауға (жалға алуға) беру шарты жарамсыз деп танылатынымен келісемін (-міз).

      4. Егер мен (біз) тендер жеңімпаз(дар)ы деп танылған жағдайда өзіме (-мізге) тендер нәтижелері туралы хаттамаға өткізілген күні қол қою және тендер өткен күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде мемлекеттік мүлікті мүлiктiк жалдауға (жалға алуға) беру шартына қол қою міндеттемелерін аламын (-мыз).

      5. Мынадай жағдайларда:

      1) тендер өткізілген күні тендер нәтижелері туралы хаттамаға қол қоймаған;

      2) белгіленген мерзімде мемлекеттік мүлікті мүлiктiк жалдауға (жалға алуға) беру шартына қол қоюдан бас тартқан жағдайда мен (біз) енгізген кепілдік жарна сомасының қайтарылмайтынына және жалға берушіде қалатынына келісемін (-міз).

      6. Осы өтінім тендер нәтижелері туралы хаттамамен бірге мемлекеттік мүлікті мүлiктiк жалдауға (жалға алуға) беру шарты жасалғанға дейін қолданылатын шарт күшіне ие.

      7. Өзім(із) туралы мынадай мәліметтерді ұсынамын (-мыз):

      Заңды тұлғалар үшін:

      Атауы ____________________________________

      БСН ____________________________________

      Басшының тегі, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда)

      _____________________________________________________________

      Мекенжайы: ____________________________________

      Телефон (факс) нөмірі:

      _____________________________________________________________      

      Кепілдік жарнаны қайтаруға арналған банк деректемелері:

      ЖСК ____________________________________

      БСК ____________________________________

      Банктің атауы ____________________________________

      Кбе __________________________________

      Кепілдік жарна төлеген адамның ЖСН/БСН: ____________________________

      Өтінімге мыналар қоса беріледі:

      1)______________________________

      2) _______________________________

      3)_______________________________.

      Жеке тұлғалар үшін:

      Тегі, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда): ______________________________

      ______________________________________

      ЖСН ____________________________________

      Паспорт деректері ____________________________________

      Мекенжайы: ____________________________________

      Телефон (факс) нөмірі: ____________________________________

      Кепілдік жарнаны қайтаруға арналған банк деректемелері:

      ЖСК________________________________________________________

      БСК ____________________________________

      Банктің атауы ____________________________________

      Кбе ____________________________________________________________

      Кепілдік жарна төлеген адамның ЖСН/БСН:

      Өтінімге мыналар қоса беріледі:

      1) ____________________________________

      2)_______________________________

      3) (қолы) (жеке тұлғаның тегі, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда) немесе заңды тұлғаның атауы және заңды тұлғаның басшысының немесе сенімхат негізінде әрекет ететін өкілінің тегі, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда).

      20__ жылғы "___" ____________.