Химиялық өнімді тіркеу және есепке алу ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 11 маусымдағы N 572 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 4 қыркүйектегі № 747 қаулысымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 04.09.2015 № 747 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      "Химиялық өнімнің қауіпсіздігі туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Химиялық өнімді тіркеу және есепке алу ережесі бекітілсін.

      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2008 жылғы 11 маусымдағы
N 572 қаулысымен 
бекітілген     

Химиялық өнімді тіркеу және есепке алу ережесі 1. Жалпы ережелер

      1. Осы Химиялық өнімді тіркеу және есепке алу ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Химиялық өнімнің қауіпсіздігі туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді.
      2. Ереже тіркеу және есепке алу тәртібін салалық бағыттылығына сәйкес химиялық өнімнің қауіпсіздігі саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті орган бекітетін оның жекелеген түрлерін қоспағанда, химиялық өнімді тіркеу және есепке алу тәртібін айқындайды.
      3. Осы Ереженің күші агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы тиісті уәкілетті орган белгіленген тәртіппен тіркейтін пестицидтерге (улы химикаттарға) қолданылмайды.
      4. Сатуға және пайдалануға арналмаған көрмелік немесе тәжірибелік үлгілерден басқа осы Ереженің талаптарына сәйкес тіркелмеген химиялық өнім Қазақстан Республикасының аумағында айналымға жіберілмейді.
      5. Осы Ережеде Заңда қолданылатын негізгі ұғымдар, сондай-ақ мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      тізілім – тіркелуі туралы қажетті мәліметтерді қамтитын индустрия және индустриялық-инновациялық даму саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) жүргізетін химиялық өнімнің тізбесі;
      химиялық өнімді тіркеу - уәкілетті органның өтінім құжаттарын қарау нәтижелері бойынша тізілімге химиялық өнім туралы мәліметті енгізу және тіркелгені туралы куәлік беру;
      тіркеу туралы куәлік - химиялық өнімге оның тіркелуін растау және тізілімге енгізу мақсатында уәкілетті орган беретін құжат.
      Ескерту. 5-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 06.06.2013 № 580 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

2. Химиялық өнімді тіркеу және есепке алу тәртібі

      6. Химиялық өнімді тіркеу үшін негіздеме оның химиялық өнімнің қауіпсіздігі саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігі болып табылады.
      7. Химиялық өнімді тіркеу және есепке алу процесі мыналарды:
      химиялық өнімді тіркеу үшін өтініш беруші (өндіруші, өнім беруші, импорттаушы) ұсынатын құжаттарды қабылдауды;
      химиялық өнімді тіркеу туралы құжаттарды қарауды және шешім қабылдауды;
      химиялық өнімді тіркеуді қамтиды.
      8. Химиялық өнімді тіркеу және есепке алу үшін өтініш беруші (өндіруші, өнім беруші, импорттаушы) уәкілетті органға мынадай құжаттарды ұсынады:
      химиялық өнімді тіркеуге арналған өтініш;
      мазмұны Заң талаптарына сәйкес келуі тиіс химиялық өнім қауіпсіздігінің паспорты.
      9. Уәкілетті орган өтініш түскен күннен кейінгі күннен бастап бес жұмыс күні ішінде құжаттарды қарайды және химиялық өнімді тіркеу немесе тіркеуден дәлелді бас тарту туралы шешім қабылдайды.
      Бас тартылған жағдайда уәкілетті орган өтініш беруші (өндіруші, өнім беруші, импорттаушы) берген барлық құжаттарды қайтарады және оны бас тарту себебін көрсете отырып, жазбаша түрде хабардар етеді.
      Ескерту. 9-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 06.06.2013 № 580 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      10. Химиялық өнімді тіркеуден бас тарту үшін мыналар:
      химиялық өнімнің қауіпсіздігі саласындағы заңнама талаптарына химиялық өнімнің сәйкессіздігі;
      химиялық өнімнің қауіпсіздігі паспортында толық емес ақпаратты ұсыну;
      химиялық өнімнің қауіпсіздігі паспортында химиялық өнім туралы дұрыс емес мәліметтер беру негіз болып табылады.
      11. Химиялық өнімді тіркеуден бас тарту туралы шешімге Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өтініш беруші (өндіруші, өнім беруші, импорттаушы) шағымдануы мүмкін.
      12. Уәкілетті органның ескертулерін жойған жағдайда, өтініш беруші (өндіруші, өнім беруші, импорттаушы) осы Ережеде бекітілген тәртіппен уәкілетті органға қайта өтініш береді.
      13. Химиялық өнім туралы мәліметтерді тізілімге енгізу химиялық өнімді тіркеудің және есепке алудың қорытынды кезеңі болып табылады және химиялық өнімді тіркеу немесе дәлелді бас тарту туралы куәлік беріле отырып сүйемелденеді.
      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 06.06.2013 № 580 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      14. Химиялық өнімді тіркеу туралы куәліктің қолданылу мерзімі бес жыл.
      15. Химиялық өнімді тіркеу туралы куәлігінің түпнұсқасы жоғалған, бүлінген жағдайда өтініш беруші (өндіруші, өнім беруші, импорттаушы) уәкілетті органды уақтылы хабардар етуге және тіркеу туралы куәліктің телнұсқасын беруге өтініш беруге тиіс.
      Тіркеу туралы куәліктің телнұсқасын өтініш түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде уәкілетті орган береді.
      16. Химиялық өнімді қайта тіркеу мынадай:
      өтініш берушінің (өндірушінің, өнім берушінің, импорттаушының) атауы, орналасқан жері өзгерген немесе қайта ұйымдастырылған;
      химиялық өнімнің атауы, шығару нысаны және құрамы, қолдану саласы мен оны пайдалану жөніндегі ұсынымдар, химиялық өнімге арналған нормативтік-техникалық құжаттамаға өзгерістер енгізілген, химиялық өнімдер қауіпсіздігіне қойылатын талаптар өзгерген;
      химиялық өнімдерді тіркеу туралы куәліктің қолданылу мерзімі аяқталған жағдайларда жүзеге асырылады.
      17. Атауы, орналасқан жері өзгерген немесе қайта ұйымдастырылған сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде өтініш беруші (өндіруші, өнім беруші, импорттаушы) химиялық өнімді тіркеу туралы құжатты растайтын қосымшасымен қоса және куәліктің түпнұсқасын, уәкілетті органға қайта тіркеуге өтініш береді.
      Бұл ретте химиялық өнімді қайта тіркеу өтініш түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде тізілімге тиісті өзгерістер енгізу және тіркеу туралы жаңа куәлік беру жолымен жүргізіледі.
      18. Тіркеу туралы куәліктің қолданылу мерзімі өткен соң химиялық өнімді қайта тіркеу үшін, сондай-ақ химиялық өнімнің атауы, шығару нысаны мен құрамы, оның қолданылу саласы және оны пайдалану жөніндегі ұсынымдар өзгерген, химиялық өнімге арналған нормативтік-техникалық құжаттамаға өзгерістер енгізілген, химиялық өнімдер қауіпсіздігіне қойылатын талаптар өзгерген жағдайда өтініш беруші (өндіруші, өнім беруші, импорттаушы) осы Ереженің 8-тармағына сәйкес құжаттарды тіркеу туралы куәліктің түпнұсқасымен қоса, уәкілетті органға тапсырады.
      Бұл ретте, көрсетілген химиялық өнімді қайта тіркеу де тіркеу кезіндегідей тәртіппен жүргізіледі.

                                            Химиялық өнімді тіркеу
                                          және есепке алу ережесіне
                                                   қосымша

                Химиялық өнімді тіркеу туралы куәлік

      ҚР-ХП-N_________                          ____________________
                                                 (өтініш беруші, ел)
Қолдану саласы _____________________________________________________
___________________________________________________________түріндегі
                        (шығару нысаны)
____________________________________________________________________
                        (өндіруші фирма)
____________________________________________________________________
                  (химиялық өнімнің толық атауы)
______________________________________________________химиялық өнімі
Қазақстан Республикасында тіркелген.
Тіркелген күні ________________________
Құжат _______________________________________________ дейін жарамды.

      Уәкілетті тұлға                                   М.О.