Ескерту. Тақырыбына өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 3 наурыздағы N 241 Қаулысымен.
"Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңының 13-бабының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. Қоса беріліп отырған мемлекеттік кәсіпорындар, дауыс беретін акцияларының (үлестерінің) елу және одан астам проценті мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен аффилиирленген заңды тұлғалар оларды кейіннен қайта өңдеу мақсатында сатып алатын тауарлардың тізбесі бекітілсін.
Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 3 наурыздағы
N 241
Қаулысымен.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 20 наурыздағы
N 272 қаулысымен
бекітілген
Ескерту. Тізбенің тақырыбына өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 3 наурыздағы N 241 Қаулысымен.
Мемлекеттік кәсіпорындар, дауыс беретін акцияларының (үлестерінің) елу және одан астам проценті мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар
және олармен аффилиирленген заңды тұлғалар оларды
кейіннен қайта өңдеу мақсатында сатып алатын тауарлардың
тізбесі
1) бидай және меслин:
қатты бидай;
егіске арналған спельта;
басқа да спельталар, жұмсақ бидай және тұқымдық меслиндер;
6) мақта талшығы, таралған немесе тарақпен таралған;
2) қара және түсті металдар мен олардың қорытпалары;
3) қара және түсті металдар мен олардың қорытпаларынан
жасалған бұйымдар:
жазық (табақ, таспа, фольга), сұрыптық (шеңбер, шыбық, бұрыш,
төрт бұрыш, алты қырлы, швеллер, тавр, двутавр) илектер,
құбырлар, түтікшелер;