"Контрабанда үшін қылмыстық жауапкершілік жөніндегі заңдарды қолдану тәжірибесі туралы" Қазақcтан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының 1997 жылғы 18 шілдедегі N 10 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2008 жылғы 22 желтоқсандағы N 7 Нормативтік қаулысы.

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасы заңнамасының өзгеруіне байланысты Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы

      қаулы етеді:

      1. "Контрабанда үшін қылмыстық жауапкершілік жөніндегі заңдарды қолдану тәжірибесі туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының 1997 жылғы 18 шілдедегі N 10 қаулысына (1999 жылғы 30 сәуірдегі және 2004 жылғы 18 маусымдағы өзгерістері және толықтыруларымен бірге) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      1) тақырыбындағы "Жоғарғы Соты Пленумының" деген сөздер "Жоғарғы Сотының" деген сөздермен, "қаулысы" деген сөз "нормативтік қаулысы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) кіріспедегі "Жоғарғы Сот Пленумы" деген сөздер "Жоғарғы Соттың жалпы отырысы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) 1-тармақта:

      үшінші абзацтағы "Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы туралы" Заңдарымен деген сөздер "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы" Заңымен" деген сөздермен ауыстырылсын;

      бесінші абзацтағы "iрi" деген сөзден кейін ", аса ірі" деген сөздермен толықтырылсын.

      4) 9-тармақта:

      екінші абзацтағы:

      "лауазымды" деген сөз алып тасталсын;

      "лауазымдық қылмыс туралы" деген сөздер "мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы жемқорлық және өзге де қылмыстар туралы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      үшінші абзацтағы "басқа лауазымды адамдарға" деген сөздер "мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті не соған теңестірілген басқа тұлғаларға" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабына сәйкес, осы нормативтік қаулы қолданыстағы құқық құрамына қосылады, сондай-ақ жалпыға бірдей міндетті болып табылады және ресми жарияланған күннен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасы


Жоғарғы Сотының Төрағасы

Қ. Мәми

Қазақстан Республикасы


Жоғарғы Сотының судьясы,


жалпы отырыс хатшысы

Ж. Бәйішев