Қазақстан Республикасының Үкіметі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ
:
1. Нарыққа реттеушілік ықпал жасау мақсатында 2008 жылға арналған республикалық бюджетте Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға көзделген резервінен Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігіне осы қаулыға қосымшаға сәйкес мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын сатып алуға, сақтауға, тасымалдауға және шығаруға 1310000000 (бір миллиард үш жүз он миллион) теңге сомасында қаражат бөлінсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырсын.
3. "Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарымен операция жасау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 21 ақпандағы N 237
қаулысына
мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарымен операция жасау ережесінде:
19-1-тармақтың екінші абзацы, 19-2-тармақ алынып тасталсын.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2008 жылғы 15 қаңтардағы
N 17 қаулысына
қосымша
Ескерту. Тізбеге өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.02.19. N 159-1 Қаулысымен.
Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық
құндылықтарының тізбесі мен көлемі
Р/
|
Материал-
|
Өлш. бірл. |
Сақтау
|
Бол-
|
DDР
|
Ақша
|
Өндіру-
|
1 |
Өсімдік
|
мың
|
1 |
2078,97 |
293177 |
609506187,69 |
импорт |
2 |
Жарма
|
тн |
1 |
2482,35 |
96327 |
239117328,45 |
|
3 |
Қант |
тн |
5-8 |
5275 |
85000 |
448375000 |
импорт |
|
БАРЛЫҒЫ |
|
|
9836,
|
|
1296998516,14 |
|
Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Сауда қызметін реттеу комитеті кестеде көрсетілген тауарлардың апталық қажеттілігін берді. Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен бөлінген (1310000000 (бір миллиард үш жүз он миллион) теңге) қаражаттан материалдық құндылықтарды сақтауға, орнын ауыстыруға және шығаруға 13001483,86 теңге пайдалану көзделіп отыр.