Тұтыну нарығындағы бағаны тұрақтандырудың жекелеген мәселелері

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 қаңтардағы N 17 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
      1. Нарыққа реттеушілік ықпал жасау мақсатында 2008 жылға арналған республикалық бюджетте Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға көзделген резервінен Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігіне осы қаулыға қосымшаға сәйкес мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын сатып алуға, сақтауға, тасымалдауға және шығаруға 1310000000 (бір миллиард үш жүз он миллион) теңге сомасында қаражат бөлінсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырсын.

      3. "Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарымен операция жасау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 21 ақпандағы N 237  қаулысына  мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарымен операция жасау ережесінде:
      19-1-тармақтың екінші абзацы, 19-2-тармақ алынып тасталсын.

      4. Орталық атқарушы органдар осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2008 жылғы 15 қаңтардағы   
N 17 қаулысына      
      қосымша       

Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық
құндылықтарының тізбесі мен көлемі  

Р/
с
N

Материал-
дық құн-
дылықтар
атауы

Өлш. бірл.

Сақтау
мерзі-
мі,
жылдар-
мен

Бол-
жамды
сақтау
көлемі
(тон-
на)

DDР
ИНКОТЕРМС
2000 шар-
тындағы
бағасы
(теңге/
тонна)

Ақша
қаража-
тын пай-
далану,
теңге-
мен

Өндіру-
ші ел

1

Өсімдік
майы (та-
зартылған,
шөлмекке
құйылған)

тн

1

2078,97

293177

609506187,69

импорт

2

Жарма
(күріш)

тн

1

2482,35

96327

239117328,45

импорт

3

Қант

тн

5-8

5275

85000

448375000

импорт

  

БАРЛЫҒЫ

  

  

9836,
32

  

1296998516,14

  

      Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Сауда қызметін реттеу комитеті кестеде көрсетілген тауарлардың апталық қажеттілігін берді. Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен бөлінген (1310000000 (бір миллиард үш жүз он миллион) теңге) қаражаттан материалдық құндылықтарды сақтауға, орнын ауыстыруға және шығаруға 13001483,86 теңге пайдалану көзделіп отыр.