Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 желтоқсандағы N 1220 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы N 1404 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "2007 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 желтоқсандағы N 1220  қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулыға  61-қосымшада :
      "Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер" деген 7-тармақтың "Тікелей нәтижесінде":
      бесінші абзацта "автокөлік - 1 дана" деген сөздер "автокөлік - 2 дана" деген сөздермен ауыстырылсын;
      алтыншы абзацта:
      "4 автомобиль)" деген сөздер "9 автомобиль)" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "жабдықтарын" деген сөзден кейін ", кемінде 5 дана медициналық жабдықтар" деген сөздермен толықтырылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі