Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 желтоқсандағы N 1220 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы N 1391 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
      1. "2007 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 желтоқсандағы N 1220  қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулыға  139-қосымшада :
      "Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары" деген 6-тармақ кестесінің реттік нөмірі 1-жолдың 5-бағанында "45-50" деген сандар "52" деген сандармен ауыстырылсын;
      "Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер" деген 7-тармақтағы "45-50" деген сандар "52" деген сандармен ауыстырылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі