Қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақының базалық және шекті ставкаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы N 1314 Қаулысы

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің  16-бабының  7) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

      1. Қоса беріліп отырған қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақының базалық және шекті ставкалары бекітілсін.

      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

                                            Қазақстан Республикасы
                                                  Үкіметінің
                                         2007 жылғы 28 желтоқсандағы
                                               N 1314 қаулысымен
                                                  бекітілген

       Ескерту. Өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.01.25.  N 65  (алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

     Қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақының базалық және
                      шекті ставкалары

Р/с
N

Көрсеткіштер

Өлшем
бірлігі

Қалдық-
тардың
қауіп-
тілік
деңгейі

Базалық
ставка,
теңге

Шекті
ставка,
теңге

1

2

3

4

5

6

1

Ластаушы заттардың
тұрақты көздерден
шығарындылары 1

шартты
тонна

 

582

2600

2

Ластаушы заттардың
қозғалмалы көздерден
шығарындылары:

пайдаланыл-
ған отынның
тоннасы
(бұдан әрі
- тонна)

  

  

  

этилденбеген бензин
үшін

  

384

890

дизель отыны үшін

  

523

1411

сұйытылатын, сығыл-
ған газ үшін

  

285

800

3

Ластаушы заттардың
төгінділері:

шартты
тонна

  

  

  

су көздеріне 2

  

15654

35000

жинақтауыштарға
сүзу алаңдарына,
жер бедеріне

  

1100

21000

4

Коммуналдық (қатты
тұрмыстық) қалдық-
тар 3

тонна

  

227,5

770

5

Өнеркәсіптік
қалдықтар

  

  

  

  

өндіріс пен тұтыну-
дың қауіпті қалдық-
тарын полигондарда,
жинақтауыштарда,
санкцияланған
үйінділерде және
арнайы берілген
орындарда орналасты-
ру

тонна

"қызыл"
тізім

8332

38500

"янтарь"
тізім

4166

19200

"жасыл"
тізім

1041,5

4800

жіктел-
мегендер

521

2500

Бұдан басқа

  

  

  

  

аршынды жыныстар 4

тонна

  

2,8

10,7

байыту шлактары,
шламдары, қалдық-
тары 4

  

21,7

109,5

күл мен күлшлактар 4

  

18,1

1536

ауыл шаруашылығы
өндірісінің қалдық-
тары

  

10,5

512

6

Радиоактивті қалдық-
тар:

гигабек-
керель

 

 

 

трансуранды қалдық-
тар

 

442,1

2060

альфа-радиоактивті
қалдықтар

 

221

1030

бета-радиоактивті
қалдықтар

 

22,1

103

шынақты радиоактивті
көздер

 

221

1030

7

Заңнамада белгілен-
ген тәртіппен жүзеге
асырылатын алауларда
ілеспе және (немесе)
табиғи газды жағудан
ластаушы заттардың
шығарындылары

шартты
тонна

  

30567,3

61134,5

      Ескертпе:
      1) ISO 14001:2004 халықаралық стандарттарына сәйкес сертификатталған кәсіпорындары үшін қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлем ставкаларына мына коэффициенттер енгізіледі:
       4 0,75 коэффиценті;
      2) халыққа коммуналдық қызмет көрсететін табиғи монополиялар субъектілері болып табылатын кәсіпорындар үшін қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлем ставкаларына мына коэффициенттер енгізіледі:
       1 0,3 коэффиценті;
       2 0,43 коэффиценті;
       4 0,25 коэффиценті;
      3) коммуналдық қалдықтарды орналастыруды жүзеге асыратын полигондар үшін халықтан құрылған тұрмыстық қатты қалдықтардың көлемі үшін қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлем ставкаларына мына коэффициенттер енгізіледі:
       3 0,2 коэффиценті;
      4) кәсіпорындар төлемінің ставкалары бір мезгілде ескертпенің 1) және 2) тармақшаларына жатқызылған жағдайда ескертпенің 2) тармақшасының коэффициенттерін қолданған жөн.