Өнеркәсіп саласындағы жекелеген қызмет түрлерін лицензиялау ережесін және оларға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы N 1311 Қаулысы

Қолданыстағы

      "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

      1. Қоса беріліп отырған:
      1) Өнеркәсіп саласындағы жекелеген қызмет түрлерін лицензиялау ережесі;
      2) өнеркәсіп саласындағы жекелеген қызмет түрлеріне қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін.

      2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін жиырма бір күн мерзім өткен соң қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің       
2007 жылғы 28 желтоқсандағы
N 1311 қаулысымен   
бекітілген      

  Өнеркәсіп саласындағы жекелеген қызмет түрлерін лицензиялау
ережесі

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Өнеркәсіп саласындағы жекелеген қызмет түрлерін лицензиялау ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы  Заңына  (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді және өнеркәсіп саласындағы:
      1) электр және жылу энергияларын өндіру, беру және тарату, электр станцияларын, электр желілері мен шағын электр станцияларын пайдалану;
      2) тау-кен, мұнай-химия, химия, мұнай-газ өңдеу өндірістерін жобалау және пайдалану, газ, мұнай мен мұнай өнімдерін сақтау объектілерін, магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнімдері құбырларын пайдалану;
      3) минералдық шикізатты қайта өңдеу (кеңінен таралған пайдалы қазбаларды қайта өңдеуді қоспағанда);
      4) тұрғын үй және коммуналдық-тұрмыс объектілерін газдандыру жүйесін пайдалану;
      5) химиялық, бұрғылау, мұнай-газ кәсіпшілігі, геологиялық барлау, кен-шахта, металлургиялық, энергетикалық жабдықтарды, жарылыстан қорғалған электр техникалық жабдықтарды, көтергіш құрылыстарды, сондай-ақ жұмыс істеу қысымы 0,7 кг/см 2  жоғары және жылу жеткізу температурасы 115 o  С жоғары қазандықтарды, 0,7 кг/см 2   қысымнан жоғары қысыммен жұмыс істейтін сауыттар мен құбырларды жобалау, дайындау, монтаждау, жөндеу (бірыңғай технологиялық процесте пайдаланылатын жабдықтарды жобалауды, дайындауды, монтаждауды, жөндеуді қоспағанда);
      6) электр энергиясын қайта сату мақсатында сатып алу жөніндегі қызметтерді лицензиялау тәртібін белгілейді.

      2. Өнеркәсіп саласындағы қызмет түрлерімен айналысуға бас лицензия немесе біржолғы лицензия беріледі.

      3. Лицензияның күші Қазақстан Республикасының барлық аумағында қолданылады.

      4. Лицензия иеліктен шығарылмайды және оны лицензиат басқа жеке немесе заңды тұлғаға бере алмайды.

      5. Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тиісті мемлекеттік органдар береді.

  2. Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны, лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқаларын беру тәртібі

      6. Лицензия алу үшін өтініш берушілер лицензиарға мынадай құжаттарды ұсынады:
      1) белгіленген үлгідегі өтініш;
      2) Жарғының және өтініш берушінің заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелгені туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмелері (заңды тұлға үшін);
      3) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі (жеке тұлға үшін);
      4) өтініш берушінің дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелуі туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесі (дара кәсіпкер үшін);
      5) өтініш берушінің салық органында есепке тұрғаны туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесі;
      6) қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжат;
      7) біліктілік талаптарына сәйкес мәліметтер мен құжаттар.

      7. Лицензиясы бар қызмет түрі шеңберінде лицензияға қосымшаны алу үшін мынадай құжаттар қажет:
      1) өтініш;
      2) лицензияның нотариалды куәландырылған көшірмесі;
      3) біліктілік талаптарына сәйкес мәліметтер мен құжаттар.
      Лицензия алуға өтініш белгіленген тәртіппен тіркеуге жатады.
      Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру үшін лицензиарға ұсынылған барлық құжаттар тізімдеме бойынша қабылданады, оның көшірмесі құжаттарды қабылдаған күні туралы белгі соғылып, өтініш берушіге жіберіледі (табыс етіледі).

      8. Өтініш беруші ұсынған құжаттарды тіркегеннен кейін лицензиар Заңмен белгіленген мерзімде Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін органдарға өтініш берушінің қоршаған ортаны қорғау, ядролық, радиациялық, санитарлық-эпидемиологиялық, өнеркәсіптік, өрт қауіпсіздігі және мемлекеттік энергетикалық қадағалау саласында қойылатын талаптарға сәйкестігі туралы қорытынды беру туралы сұрау салады.
      Лицензиар өтініш беруші ұсынған мәліметтер мен құжаттардың біліктілік талаптарына сәйкестігін, мемлекеттік органдардың қорытындыларын қарайды және қажетті құжаттарымен бірге өтініш берілген күннен бастап отыз жұмыс күнінен кешіктірмей, ал шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін он жұмыс күнінен кешіктірмей лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны береді, не лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беруден бас тартудың себептері туралы жазбаша түрде дәлелді жауап қайтарады.

      9. Лицензиясы және (немесе) лицензияға қосымшасы жоғалған, бүлінген жағдайда лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқаларын алу үшін лицензиат лицензиясы және (немесе) лицензияға қосымшасын жоғалғанын, бүлінгенін растайтын құжаттарды қоса бере отырып жазбаша өтініш береді.
      Лицензиар өтініш берілген күннен бастап он жұмыс күні ішінде жаңа нөмір бере отырып және жоғарғы оң жақ бұрышында "Телнұсқа" деген жазуы бар лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқаларын береді.

      10. Қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін төленетін лицензиялық алым Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес лицензия, лицензияның телнұсқасы берілген кезде алынады.
      Лицензияға қосымшаларды, лицензияға қосымшалардың телнұсқаларын берген кезде лицензиялық алым алынбайды.
      Қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым ставкаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.

      11. Жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты өзгерген жағдайда, бірігу, біріктіру, бөліну немесе қайта құру нысанында заңды тұлға қайта ұйымдастырылған, заңды тұлғаның атауы өзгерген, сондай-ақ қызмет түрінің және (немесе) қызметтің кіші түрінің атауы өзгерген кезде, егер мұндай өзгеріс қызмет түрі және (немесе) қызметтің кіші түрі шеңберінде орындалатын операциялардың мәнінің өзгеруіне әкеп соқпаса, ол күнтізбелік отыз күн ішінде аталған мәліметтерді растайтын тиісті құжаттармен қоса, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу туралы өтініш беруге міндетті.
      Лицензиат тиісті жазбаша өтініш берген күннен бастап он жұмыс күні ішінде лицензиар лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдейді.

      12. Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беруден Заңда көзделген жағдайларда бас тартылуы мүмкін.

      13. Лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқаларын қайта ресімдеу және беру Заңға сәйкес жүзеге асырылады.

      14. Лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның қолданысы Заңда көзделген жағдайларда тоқтатылады.

  3. Лицензиялық бақылау

      15. Лицензиялық бақылауды лицензияланатын қызмет бойынша лицензиат ұсынатын жыл сайынғы есеп беру және лицензиаттар қызметінің біліктілік талаптарына сәйкестігін, лицензия талаптары мен Қазақстан Республикасы заңнамасының орындалуын тексерулер арқылы лицензиар жүзеге асырады. Лицензиялық бақылау, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының ақпаратын талдаудың және лицензиарлардың қолындағы басқа да материалдардың негізінде, мемлекеттік органдардың, азаматтардың, заңды тұлғалардың жазбаша өтініштері мен хабарламаларының негізінде жүзеге асырылады.
      Лицензиат осы Ережеге қосымшаға сәйкес нысанда лицензияланатын қызмет түрі бойынша жыл сайын, есептік жылдан кейінгі жылдың 1 наурызына дейінгі мерзімде есеп береді.

      16. Өнеркәсіп саласындағы лицензиаттардың қызметін тексеруді ұйымдастыру және жүргізу Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
      Қауіпті өнеркәсіптік өндіріс объектілеріндегі, оның ішінде жылу, электр энергетикасы саласындағы лицензиаттардың қызметіне тексерулер жүргізу үшін, сондай-ақ өтініш беруші және (немесе) лицензиат ұсынған мәліметтердің дұрыстығын тексеру үшін лицензиар мемлекеттік органдарды, оның ішінде энергетикалық қадағалау, өнеркәсіптік, экологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік органдарын, сондай-ақ белгіленген заңнамалық тәртіппен аккредиттелген тәуелсіз сараптамалық ұйымдарды (сарапшыларды) тартады.

      17. Лицензияның қолданысын тоқтата тұру және лицензиядан айыру Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
 

                                                Ережеге қосымша

                            ЕСЕП

Лицензияланатын қызмет түрі бойынша ____ _______ жұмыс кезеңі үшін
(лицензия N ______________________________________________ жылғы)
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
(қызметтің түрі, лицензиаттың атауы, мекен-жайы, телефон, факс)

                       Tүсіндірме жазба

      1. Аумақтық қадағалау органдарының тексеру актілерін қоспағанда, біліктілік талаптарына сәйкес лицензияланатын қызмет түрі бойынша ақпарат, сондай-ақ:
      1) қадағалау органдарының ұйғарымдары бар болғанда, ұйғарымдардың көшірмесі және анықталған бұзушылықтарды жою туралы ақпарат ұсынылады;
      2) лицензия алу үшін ұсынылған мәліметтерде болған өзгерістер туралы ақпарат.
      2. Лицензиат электр энергетикасы саласындағы жоғарыда көрсетілген ақпараттан басқа:
      1) белгіленген тәртіппен бекітілген:
      энергия үнемдеу, қоршаған ортаны қорғау, қауіпсіздік техникасы жөніндегі бағдарламалар мен іс-шараларды;
      осы заманғы жабдықтар мен технологияларды пайдалана отырып, электр энергетикасында қолданылып жүрген өндірістік объектілерді қайта жаңарту, жаңғырту және жаңаларын салу жөніндегі бағдарламаларды;
      жөндеу жұмыстарын орындау жоспарларын (бағдарламаларын) іске асыру бойынша есепті ұсынады.

      Басшы ________________________________________
              (қолы, тегі, аты, әкесінің аты)

Мөр орны

200__ жылғы "______ "

Қазақстан Республикасы   
Үкіметінің        
2007 жылғы 28 желтоқсандағы 
N 1311 қаулысымен   
бекітілген    

  Өнеркәсіп саласындағы жекелеген қызмет түрлеріне қойылатын
біліктілік талаптары

      1. Электр энергиясын өндіру, электр станцияларын пайдалану жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары электр станциялары арқылы кернеуі 35 кВ және одан да жоғары электр энергиясын өндіруді және электр желісіне босатуды жүзеге асыратын заңды тұлғаларға (оның ішінде филиалдар, өкілдіктер) және жеке тұлғаларға (дара кәсіпкерлер) қолданылады және:
      1) меншігінде немесе лизинг, концессия, жедел басқару шарттары бойынша электр энергиясын өндіру мен босату процестерін қамтамасыз ететін мамандандырылған өндірістік ғимараттар мен инженерлік құрылыстардың, технологиялық жабдықтың (өтініш беруші мәліметтер мен құжаттар ретінде мыналарды: теңгерімде тұрған негізгі өндірістік активтердің тізбесін, осы шарттардың талаптарына сәйкес пайдаланылатын активтері ажыратылған лизинг, концессия, жедел басқару шарттарының көшірмелерін, негізгі жабдықтың техникалық, энергетикалық сипаттамалары жөніндегі ақпаратты, электр энергиясын бақылау мен есепке алудың автоматтандырылған жүйелерімен (бұдан әрі - ЭБЕАЖ) және электр энергиясын есепке алу аспаптарымен жарақтандырылуы жөніндегі ақпаратты ұсынады);
      2) мыналарды:
      электр станцияларының жабдықтарын пайдалануды және оларға техникалық қызмет көрсетуді;
      кернеу, ток жиілігі, релелік қорғаныш және аварияға қарсы автоматика - параметрлері мен режимдері бойынша жұмыс істеп тұрған электр энергиясын беру және тарату жүйесімен технологиялық үйлесімділікті;
      жедел диспетчерлік басқаруды;
      еңбек қорғауды және техника қауіпсіздігін қамтамасыз ететін қызметтердің;
      3) тиісті білім деңгейіне (басшылар үшін - электр энергетикасы саласындағы жоғары білім, мамандар үшін - ең кемі арнаулы орта білім) жауап беретін және мамандығы бойынша практикалық жұмыс тәжірибесі бар (басшылар үшін - кемінде 3 жыл, мамандар үшін - кемінде 1 жыл) білікті техникалық басшылар мен мамандар құрамының (өндірістік персоналдың жалпы санының 70% кем емес) (өтініш беруші мәліметтер мен құжаттар ретінде тегін, атын, әкесінің атын, мамандығы бойынша білімін, лауазымын, мамандығы бойынша осы саладағы жұмыс өтілін қамтитын штат кестесі мен жиынтық кестені ұсынады);
      4) белгіленген тәртіппен бекітілген және кестелерге сәйкес іске асырылатын:
      энергия үнемдеу, қоршаған ортаны қорғау, қауіпсіздік техникасы жөніндегі бағдарламалар мен іс-шаралардың;
      осы заманғы жабдықтар мен технологияларды пайдалана отырып, электр энергетикасында қолданылып жүрген өндірістік объектілерді қайта жаңарту, жаңғырту және жаңаларын салу жөніндегі бағдарламалардың;
      жөндеу жұмыстарын орындау жоспарларының (бағдарламаларының);
      5) электр энергиясын өндірудің сенімділігі мен сапасын қамтамасыз ету, қолда бар қуат параметрлерін белгіленген қуатқа сәйкес келтіру, Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасын сақтау жөніндегі міндеттемелердің болуын қамтиды.

      2. Электр энергиясын беру және тарату, электр желілері мен шағын электр станцияларын пайдалану жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары электр желілері мен шағын электр станциялары арқылы (электр желілері мен шағын электр станциялары бар және тұтынушыларды электр энергиясымен қамтамасыз ететін мемлекеттік немесе жеке кәсіпорындар) электр энергиясын тұтынушыға дейін жеткізу жөніндегі қызметтерді жүзеге асыратын заңды тұлғаларға (оның ішінде филиалдар, өкілдіктер) және жеке тұлғаларға (дара кәсіпкерлер) қолданылады және:
      1) меншігінде немесе лизинг, концессия, жедел басқару шарттары бойынша электр энергиясын тұтынушыға дейін беру процесін қамтамасыз ететін технологиялық жабдықтың (өтініш беруші мәліметтер мен құжаттар ретінде: баланста тұрған негізгі өндірістік активтердің тізбесін, осы шарттардың талаптарына сәйкес пайдаланылатын активтері ажыратылған лизинг, концессия, жедел басқару шарттарының көшірмелерін, электр желілерінің техникалық сипаттамаларын; электр желілерінің схемаларын, ЭБЕАЖ-бен, электр энергиясын есептеу аспаптарымен жарақтандырылуы жөніндегі ақпаратты ұсынады);
      2) мыналарды:
      жабдықтарды пайдалануды және оларға техникалық қызмет көрсетуді;
      кернеу, ток жиілігі, релелік қорғаныш және аварияға қарсы автоматика - параметрлері мен режимдері бойынша қолданыстағы электр энергиясын беру және тарату жүйесімен технологиялық үйлесімділікті;
      жедел диспетчерлік басқаруды;
      еңбек қорғауды және техника қауіпсіздігін қамтамасыз ететін қызметтердің;
      3) тиісті білім деңгейіне (басшылар үшін - электр энергетикасы саласындағы жоғары білім, мамандар үшін - ең кемі арнаулы орта білім) жауап беретін және мамандығы бойынша практикалық жұмыс тәжірибесі бар (басшылар үшін - кемінде 3 жыл, мамандар үшін - кемінде 1 жыл) білікті техникалық басшылар мен мамандар құрамының (өндірістік персоналдың жалпы санының 70% кем емес) (өтініш беруші мәліметтер мен құжаттар ретінде тегін, атын, әкесінің атын, мамандығы бойынша білімін, лауазымын, мамандығы бойынша осы саладағы жұмыс өтілін қамтитын штат кестесі мен жиынтық кестені ұсынады);
      4) белгіленген тәртіппен бекітілген және кестелерге сәйкес іске асырылатын:
      энергия үнемдеу, қоршаған ортаны қорғау, қауіпсіздік техникасы жөніндегі бағдарламалар мен іс-шаралардың;
      осы заманғы жабдықтар мен технологияларды пайдалана отырып, электр энергетикасында қолданылып жүрген өндірістік объектілерді қайта жаңарту, жаңғырту және жаңаларын салу жөніндегі бағдарламалардың;
      жөндеу жұмыстарын орындау жоспарларының (бағдарламаларының);
      5) электр энергиясын беру және таратудың сенімділігі мен сапасын қамтамасыз ету, қолда бар қуат параметрлерін белгіленген қуатқа сәйкес келтіру, Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасын сақтау жөніндегі міндеттемелердің болуын қамтиды.

      3. Жылу энергиясын өндіру, беру және тарату жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары жылу энергиясын өз мұқтаждары үшін өндіруді есептемегенде, елді мекендерді, өндірістік үй-жайлар мен объектілерді жылумен жабдықтау үшін жылу энергиясын өндіруді және (немесе) беруді жүзеге асыратын заңды тұлғаларға (оның ішінде филиалдар, өкілдіктер) және жеке тұлғаларға (дара кәсіпкерлер) қолданылады және:
      1) меншігінде немесе лизинг, концессия, жедел басқару шарттары бойынша жылу энергиясын өндіру және (немесе) беру процестерін қамтамасыз ететін мамандандырылған өндірістік ғимараттар мен инженерлік құрылыстардың, технологиялық жабдықтың (өтініш беруші мәліметтер мен құжаттар ретінде мыналарды: теңгерімде тұрған негізгі өндірістік активтердің тізбесін, осы шарттардың талаптарына сәйкес пайдаланылатын активтері ажыратылған лизинг, концессия, жедел басқару шарттарының көшірмелерін, негізгі жабдықтың техникалық, энергетикалық сипаттамалары жөніндегі ақпаратты, жылу энергиясын есепке алу аспаптарымен жарақтандырылуы жөніндегі ақпаратты, жылу желілерінің (жылумен жабдықтаудың) схемаларын ұсынады);
      2) мыналарды:
      жабдықтарды пайдалануды және оларға техникалық қызмет көрсетуді;
      еңбек қорғауды және техника қауіпсіздігін қамтамасыз ететін қызметтердің;
      3) тиісті білім деңгейіне (басшылар үшін - электр энергетикасы саласындағы жоғары білім, мамандар үшін - орта білім) жауап беретін және мамандығы бойынша практикалық жұмыс тәжірибесі бар (басшылар үшін - кемінде 3 жыл, мамандар үшін - кемінде 1 жыл) білікті техникалық басшылар мен мамандар құрамының (өндірістік персоналдың жалпы санының 50% кем емес) (өтініш беруші мәліметтер мен құжаттар ретінде тегін, атын, әкесінің атын, мамандығы бойынша білімін, лауазымын, мамандығы бойынша осы саладағы жұмыс өтілін қамтитын штат кестесі мен жиынтық кестені ұсынады);
      4) белгіленген тәртіппен бекітілген және кестелерге сәйкес іске асырылатын:
      энергия үнемдеу, қоршаған ортаны қорғау, қауіпсіздік техникасы жөніндегі бағдарламалар мен іс-шаралардың;
      осы заманғы жабдықтар мен технологияларды пайдалана отырып, жылу энергиясын өндіруге және (немесе) таратуға байланысты электр энергетикасында қолданылып жүрген өндірістік объектілерді қайта жаңарту, жаңғырту және жаңаларын салу жөніндегі бағдарламалардың;
      жөндеу жұмыстарын орындау жоспарларының (бағдарламаларының);
      5) жылу энергиясын өндіру, беру және таратудың сенімділігі мен сапасын қамтамасыз ету, қолда бар қуат параметрлерін белгіленген қуатқа сәйкес келтіру, Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасын сақтау жөніндегі міндеттемелердің болуын қамтиды.

      4. Тау-кен, мұнай-химия, химия, мұнай-газ өңдеу өндірістерін жобалау, химиялық, бұрғылау, мұнай-газ кәсіпшілігі, геологиялық барлау, кен-шахта, металлургиялық, энергетикалық жабдықтарды, жарылыстан қорғалған электр техникалық жабдықтарды, көтергіш құрылыстарды, сондай-ақ жұмыс істеу қысымы 0,7 кг/см 2  жоғары және жылу жеткізу температурасы 115 о  С жоғары қазандықтарды, 0,7 кг/см 2  қысымнан жоғары қысыммен жұмыс істейтін сауыттар мен құбырларды жобалау жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары басқа мемлекеттердің аумағында орындалған және Қазақстан Республикасында енгізілетін жер қойнауын пайдалану, мұнай-газ өңдеу, мұнай-химия, химия өндірістері саласындағы жобалық және жобалық-сметалық құжаттаманың сараптамасын қоса алғанда, тау-кен жұмыстарын орындау технологиясын әзірлеуге, мұнай-газ өңдеу, мұнай-химия, химия, өнімдерін өндіру технологияларын, әдістерін, тәсілдерін әзірлеуге мамандандырылатын заңды тұлғаларға (оның ішінде филиалдар, өкілдіктер) және жеке тұлғаларға (дара кәсіпкерлер) қолданылады және:
      1) меншік (меншік құқығын растайтын құқық белгілейтін құжаттардың көшірмелері) немесе жалға алу (сенімгерлік басқару және өзге шарттардың нысандары) құқығындағы өндірістік ғимараттың, үй-жайдың;
      2) тиісті білім деңгейіне жауап беретін және мамандығы бойынша практикалық жұмыс тәжірибесі бар техникалық басшылар мен мамандардың біліктілік құрамының (тегін, атын, әкесінің атын, мамандығы бойынша білімін, лауазымын, осы саладағы жұмыс өтілін қамтитын жиынтық кесте);
      3) сертификаттардың, лицензиялардың, пікірлердің, ұсынымдардың болуын қамтиды (бар болса).

      5. Тау-кен өндірістерін пайдалану жөніндегі қызметке қойылатын
біліктілік талаптары пайдалы қазбалар өндірумен байланысты тау-кен
жұмыстарының кешенін орындайтын заңды тұлғаларға (оның ішінде
филиалдар, өкілдіктер) және жеке тұлғаларға (дара кәсіпкерлер)
қолданылады және:
      1) жобаға сәйкес келетін тау-кен жұмыстарын орындаудың технологиялық регламентінің;
      2) меншік құқығындағы өндірістік базаның (меншік құқығын растайтын, құқық белгілейтін құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері) немесе жалгерліктің (жалгерлік шарты):
      пайдалы қазбаларды өндіру (кең таралған пайдалы қазбаларды қоспағанда, мұнай, газ, газ конденсатын қатты пайдалы қазбалар), кен орындарын аршу және игеру, кен орындарында технологиялық жұмыстар жүргізу үшін, тарату жұмыстарының - инженерлік құрылыстардың, машиналардың, механизмдердің, құрал-саймандардың, арнайы көліктердің, жабдықтардың, арнайы жабдықталған қоймалардың, үй-жайлардың, тау-кен өндірістерінде пайдаланылатын химиялық реагенттерді сақтауға арналған сыйымдылықтардың;
      пайдалы қазбаларды өндіру үшін жарылыс, бұрғылау-жарылыс жұмыстарын жүргізу кезінде - жарылғыш материалдарды өндіріс орнына тасымалдауға лицензиясы бар мамандандырылған ұйымдармен лицензиясының не шартының; уәкілетті мемлекеттік органның рұқсатының не жарылғыш заттарды, материалдарды сақтауға арналған қажетті қоймалары бар мамандандырылған ұйымдармен шарттың; ашық тау-кен жұмыстарында ұңғымаларды бұрғылау үшін бұрғылау станогының;
      каротаждық жұмыстарды орындау кезінде - каротаждық стансалардың (ұңғымалық аспаптар мен зондтар, аспаптар мен зондтардың көрсетулерін тіркеуге арналған жер бетіндегі аппаратура, арнайы (каротажды) кәбіл, ұңғымада түсіру-көтеру операцияларына арналған жүкшығыр);
      мұнай және газ ұңғымаларында ату-жару жұмыстарын жүргізу үшін перфорациялық жүйенің;
      мұнай, газ ұңғымаларын, оның ішінде теңізде және ішкі су қоймаларында бұрғылау үшін, ұңғымаларды күрделі және жерастында жөндеу, ұңғымаларды жөндеуден кейін сынау үшін, жуу, кірігу, ұңғымаларды сыннан өткізу мен игеру, құрлық пен теңізде мұнай төгілулерін болдырмау және жою жұмыстары, мұнай мен газ шығарындыларын өзі төгетін ұңғымалардың (фонтанға қарсы жұмыстарды қоспағанда), ұңғымаларды сақтау - бұрғылау қондырғыларының, қашаудың, шегенделген құбырлардың, шығарындыға қарсы жабдықтардың, көтергіш агрегаттардың, жуу-кірігу агрегатының, бақылау-өлшеу аспаптарының;
      мұнай беруін арттыру үшін химиялық реагенттерді мұнай қабаттарына айдау үшін - техникалық құралдар кешенінің, мамандандырылған техникалардың;
      актісінің (өндіріс саласын нақтылай отырып) болуын қамтиды.
      Көрсетілген технологиялық жұмыстардың түрлері бойынша сервистік қызметтер көрсететін заңды тұлғаларға (оның ішінде филиалдар, өкілдіктер) және жеке тұлғаларға (дара кәсіпкерлер) қойылатын біліктілік талаптары:
      - тапсырыс берушінің жобасына сәйкес келетін тау-кен жұмыстарын орындаудың технологиялық регламентінің;
      - қажетті өндірістік базаның (меншік құқығын растайтын құжаттар, жалдау шарты немесе тапсырыс берушінің базасында жұмыстарды орындау туралы шарт);
      - машиналардың, механизмдердің, көлік құралдарының, аспаптардың, жабдықтардың пайдаланылуын және оларға техникалық қызмет көрсетілуін қамтамасыз ететін қызметтер туралы;
      - шаруашылық жүргізуші субъектінің басшысы бекіткен тау-кен жұмыстарын жүргізу кезінде аварияларды жою жоспарының;
      - біліктілік талаптарына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша біліктілік туралы мәліметтердің және ұсынылған мәліметтерді растайтын құжаттардың;
      - өнеркәсіп және экологиялық қауіпсіздік саласындағы аумақтық органдардың тексеру актісінің болуын қамтиды;
      3) мыналарды:
      машиналарды, механизмдерді, көлік құралдарын, аспаптарды, жабдықтарды пайдалану мен техникалық қызмет көрсетуді;
      еңбек қауіпсіздігін бақылауды;
      метрологиялық бақылауды;
      маркшейдерлік жұмыстарды қамтамасыз ететін қызметтердің;
      4) шаруашылық жүргізуші субъектінің басшысы бекіткен тау-кен жұмыстарын жүргізу кезіндегі аварияларды жою жоспарының;
      5) тиісті білім беру деңгейіне жауап беретін және мамандығы бойынша іс жүзіндегі жұмыс тәжірибесі бар техникалық басшылар мен мамандардың білікті құрамының (тегін, атын, әкесінің атын, білімі бойынша мамандығын, қызметін, осы саладағы жұмыс өтілін қамтитын жиынтық кесте);
      6) өтініш берушінің лицензияланатын қызмет түрін орындау үшін өндірістік, техникалық мүмкіндіктерінің болуы туралы өнеркәсіптік және экологиялық қауіпсіздік саласындағы аумақтық органдардың тексеруі.

      6. Мұнай-химия, химия өндірістерін пайдалану жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары мұнай (және/немесе) газдан алынатын өнімдерді қайта өңдеуді (мотор отынын: бензин, керосин және т.б. мұнай өнімдерін, жеңіл дистилятті, орташа дистилятті, ауыр дистиллятті отынды (дизель отынын) қоспағанда), басқа негізгі органикалық (химиялық) заттарды өндіруді, бастапқы түріндегі пластмасса өндіруді, синтетикалық каучук өндіруді, бояулар мен лактар өндіруді, жасанды және синтетикалық талшықтар өндіруді, резеңке-техникалық бұйымдар өндіруді, құрамында мұнай бар қалдықтарды қайта өңдеуді, химиялық өзгерістердің негізінде органикалық және биоорганикалық химия өнімдерін өндіруді жүзеге асыратын заңды тұлғаларға (оның ішінде филиалдар, өкілдіктер) және жеке тұлғаларға (дара кәсіпкерлер) қолданылады және:
      1) біліктілік талаптарына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша, мұнай-химия саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен келісілген өндіріс паспортының және өнім өндірудің технологиялық регламентінің;
      2) еңбек қауіпсіздігінің, санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздіктің және қоршаған ортаны қорғаудың нормативтік талаптарына сәйкес келетін технологиялық регламенттің;
      3) мамандандырылған өндірістік ғимараттардың (зауыт, цех), жабдықтар мен механизмдердің, технологиялық желілердің, шикізатты дайындау, қайта өңдеу қондырғыларының, шикізатты сақтау үшін арнайы жабдықталған қоймалардың, үй-жайлардың және сыйымдылықтардың, дайын өнімдердің, жарылыс өрт қауіпті, улы күшті әсер ететін заттардың (салынған объектіні пайдалануға қабылдап алу туралы мемлекеттік қабылдау комиссиясы актісінің көшірмесі, құқықты белгілейтін құжаттардың, меншік немесе жалдау құқығын растайтын көшірмелері);
      4) өнім сапасының стандарттарға, нормаларға және техникалық шарттарға сәйкестігін бақылау бойынша аккредиттелген зертхананың (немесе қызмет көрсетуге арналған шарттың);
      5) шаруашылық жүргізуші субъектінің басшысы бекіткен өндірістегі аварияларды жою жоспарының;
      6) мыналарды:
      машиналарды, механизмдерді, аспаптарды, жабдықтарды пайдалану мен техникалық қызмет көрсетуді;
      еңбек қауіпсіздігін бақылауды;;
      метрологиялық бақылауды қамтамасыз ететін қызметтердің;
      7) тиісті білім беру деңгейіне жауап беретін және мамандығы бойынша практикалық жұмыс тәжірибесі бар техникалық басшылар мен мамандардың біліктілік құрамының (аты-жөнін, білімі бойынша мамандығын, қызметін, осы саладағы жұмыс стажын қамтитын жиынтық кесте);
      8) өтініш берушінің лицензияланатын қызмет түрін орындауы үшін өндірістік, техникалық мүмкіндіктерінің болуы туралы өнеркәсіптік, экологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік саласындағы аумақтық органдардың тексеру актісінің (өндіріс түрін, жұмыстар түрін көрсете отырып) болуын қамтиды.

      7. Мұнай-газ өңдеу өндірістерін пайдалану жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары заңды тұлғаларға (оның ішінде филиалдар, өкілдіктер) және жеке тұлғаларға (дара кәсіпкерлер) қолданылады және:
      1) меншігінде немесе лизинг, концессия, жедел басқару шарттары бойынша өндірістік-техникалық базасының: мамандандырылған өндірістік ғимараттардың, инженерлік құрылыстардың, мұнай- және (немесе) газ өңдейтін жабдықтың, оның ішінде технологиялық желілер мен өлшеу құралдарының, арнайы жабдықталған қоймалардың, үй-жайлардың және шикізат пен дайын өнімді сақтауға арналған сыйымдылықтардың, сондай-ақ мұнай-газ өңдеу өндірісі процесін қамтамасыз ететін басқа да активтердің болуын;
      Өтініш беруші растаушы мәліметтер мен құжаттар ретінде: баланста тұрған негізгі өндірістік активтердің тізбесін, сатып алу-сату шартының көшірмесін, осы шарттардың талаптарына сәйкес пайдаланылатын активтері ажыратылған лизинг, концессия, жедел басқару шарттарының көшірмелерін, салынған объектіні пайдалануға қабылдап алу туралы мемлекеттік қабылдау комиссиясы актісінің көшірмесін, негізгі жабдықтардың техникалық сипаттамалары жөніндегі ақпаратты ұсынады.
      2) мыналарды:
      жабдықтарды пайдалануды және оларға техникалық қызмет көрсетуді;
      мұнай-газ өңдеу өндірісінің технологиялық процесін сақтауды;
      берілген сападағы өнім шығаруды;
      еңбекті қорғауды және қауіпсіздік техникасын;
      қоршаған ортаны қорғауды;
      метрологиялық бақылауды;
      өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ететін қызметтердің;
      Өтініш беруші растаушы мәліметтер мен құжаттар ретінде: тиісті қызметтердің тізбесін, сондай-ақ осы қызметтерді құру туралы бұйрықтардың көшірмелерін ұсынады.
      3) тиісті білім деңгейіне (басшылар үшін - электр энергетикасы саласындағы жоғары білім, мамандар үшін - ең кемі арнаулы орта білім) жауап беретін білікті техникалық басшылар мен мамандар құрамының (өндірістік персоналдың жалпы санының 70 % кем емес);
      Өтініш беруші мәліметтер мен құжаттар ретінде әрбір қызметкер бойынша: тегін, атын, әкесінің атын, білімі бойынша мамандығын, лауазымын, мамандығы бойынша осы саладағы жұмыс өтілін қамтитын штат кестесі мен жиынтық кестені ұсынады.
      4) белгіленген тәртіппен бекітілген:
      қоршаған ортаны қорғау, қауіпсіздік техникасы жөніндегі бағдарламалар мен іс-шаралардың;
      осы заманғы жабдықтар мен технологияларды пайдалана отырып, электр энергетикасында қолданылып жүрген өндірістік объектілерді қайта жаңарту, жаңғырту және жаңаларын салу жөніндегі бағдарламалардың;
      жөндеу жұмыстарын орындау жоспарларының (бағдарламаларының);
      аварияларды жою жоспарының;
      5) энергетика саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен өндіріс паспортының;
      6) еңбек қауіпсіздігінің, санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздіктің және қоршаған ортаны қорғаудың нормативтік талаптарына сәйкес келетін технологиялық регламенттің;
      7) өнім сапасының стандарттарға, нормаларға және техникалық шарттарға сәйкестігін бақылау бойынша белгіленген тәртіппен аккредиттелген зертхананың (немесе қызмет көрсетуге арналған шарттың);
      8) өтініш берушінің лицензияланатын қызмет түрін орындауы үшін өндірістік, техникалық мүмкіндіктерінің болуы туралы өнеркәсіптік және экологиялық қауіпсіздік саласындағы аумақтық органдардың тексеру актісінің болуын қамтиды.

      8. Газ, мұнай және мұнай өнімдерін сақтау объектілерін (мұнай-, газ сақтау, мұнай-, газ-, ағызу-құю эстакадаларын, мұнай базаларын, авто жанар-май құю станцияларын, газ толтыру станциялары мен пункттерін, автоцистерналарды, автогаз құю станцияларын, автогаз толтыру станцияларын, баллон жинау аралық пункттерін:
      тез тұтанатын және жанғыш сұйықтарды, сұйытылған және жанғыш газдарды (бірыңғай технологиялық процесті қамтамасыз ететін объектілерді қоспағанда) қабылдау, ағызу, құю, сақтау, босату) пайдалану жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары заңды тұлғаларға (оның ішінде филиалдар, өкілдіктер) және жеке тұлғаларға (дара кәсіпкерлер) қолданылады және:
      1) меншігінде немесе лизинг, концессия, жалға алу, сенімді басқару, жедел басқару шарттары бойынша өндірістік-техникалық базасының: мамандандырылған өндірістік ғимараттардың, инженерлік құрылыстардың, газ, мұнай және мұнай өнімдерін сақтау объектілерінің, сондай-ақ газ, мұнай және мұнай өнімдерін сақтау объектілерін пайдалану процесін қамтамасыз ететін басқа да активтердің болуын;
      Өтініш беруші растаушы мәліметтер мен құжаттар ретінде: баланста тұрған негізгі өндірістік активтердің тізбесін, сатып алу-сату шартының көшірмесін, осы шарттардың талаптарына сәйкес пайдаланылатын активтер ажыратылған лизинг, концессия, жедел басқару шарттарының көшірмелерін, салынған объектіні пайдалануға қабылдап алу туралы мемлекеттік қабылдау комиссиясы актісінің көшірмесін, негізгі жабдықтардың техникалық сипаттамалары жөніндегі ақпаратты ұсынады.
      2) мыналарды:
      жабдықтарды пайдалануды және оларға техникалық қызмет көрсетуді;
      газды, мұнай мен мұнай өнімдерін сақтау объектілерін пайдаланудың технологиялық процесін сақтауды;
      сатылатын (босатылатын) өнімнің сапасын бақылауды;
      еңбекті қорғауды және қауіпсіздік техникасын;
      қоршаған ортаны қорғауды;
      метрологиялық бақылауды;
      өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ететін қызметтердің;
      Өтініш беруші растаушы мәліметтер мен құжаттар ретінде: тиісті қызметтердің тізбесін, сондай-ақ осы қызметтерді құру туралы бұйрықтардың көшірмелерін ұсынады.
      3) тиісті білім деңгейіне (басшылар үшін - мұнай-газ саласындағы жоғары білім, мамандар үшін - ең кемі арнаулы орта білім) жауап беретін білікті техникалық басшылар мен мамандар құрамының (өндірістік персоналдың жалпы санының 70 % кем емес);
      Өтініш беруші мәліметтер мен құжаттар ретінде әрбір қызметкер жөнінде: тегін, атын, әкесінің атын, білімі бойынша мамандығын, лауазымын, мамандығы бойынша осы саладағы жұмыс өтілін қамтитын штат кестесі мен жиынтық кестені ұсынады.
      4) белгіленген тәртіппен бекітілген:
      қоршаған ортаны қорғау, қауіпсіздік техникасы жөніндегі бағдарламалар мен іс-шаралардың;
      осы заманғы жабдықтар мен технологияларды пайдалана отырып, электр энергетикасында қолданылып жүрген өндірістік объектілерді қайта жаңарту, жаңғырту және жаңаларын салу жөніндегі бағдарламалардың;
      жөндеу жұмыстарын орындау жоспарларының (бағдарламаларының);
      аварияларды жою жоспарының;
      5) объектінің біліктілік талаптарына 3-қосымшаға сәйкес нысандағы паспортының;
      6) өтініш берушінің лицензияланатын қызмет түрін орындауы үшін өндірістік, техникалық мүмкіндіктерінің барлығы туралы өнеркәсіптік және экологиялық қауіпсіздік саласындағы аумақтық органдардың тексеру актісінің;
      7) өнім сапасының стандарттарға, нормаларға және техникалық шарттарға сәйкестігін бақылау бойынша белгіленген тәртіппен аккредиттелген зертхананың (немесе қызмет көрсетуге арналған шарттың) болуын қамтиды.

      9. Магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын және мұнай өнімдері құбырларын пайдалану жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары заңды тұлғаларға (оның ішінде филиалдар, өкілдіктер) және жеке тұлғаларға (дара кәсіпкерлер) қолданылады және:

      9.1. Магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын және мұнай өнімдері құбырларын пайдалану үшін:
      1) меншігінде немесе лизинг, концессия, жедел басқару шарттары бойынша өндірістік-техникалық базасының: магистральдық газ құбырларының, мұнай құбырларының және мұнай өнімдері құбырларының; мамандандырылған өндірістік ғимараттардың, инженерлік құрылыстардың, сорғы-сығымдаушы станциялардың, диагностикалық, бақылау-өлшеу аспаптарының, негізгі және қосалқы жабдықтардың, өрт сөндіру құралдарының және магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын және мұнай өнімдері құбырларын қауіпсіз әрі сенімді пайдалануды қамтамасыз ететін басқа да құрылғылардың, сондай-ақ магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын және мұнай өнімдері құбырларын пайдалану процесін қамтамасыз ететін басқа да активтердің болуын қамтиды.
      Өтініш беруші растаушы мәліметтер мен құжаттар ретінде: баланста тұрған негізгі өндірістік активтердің тізбесін, сатып алу-сату шартының көшірмесін, осы шарттардың талаптарына сәйкес пайдаланылатын активтері ажыратылған лизинг, концессия, жедел басқару шарттарының көшірмесін, салынған объектіні пайдалануға қабылдап алу туралы мемлекеттік қабылдау комиссиясы актісінің көшірмесін, негізгі жабдықтардың техникалық сипаттамалары жөніндегі ақпаратты ұсынады.
      2) мыналарды:
      жабдықтарды пайдалануды және оларға техникалық қызмет көрсетуді;
      магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын және мұнай өнімдері құбырларын пайдаланудың технологиялық процесін сақтауды;
      еңбекті қорғауды және қауіпсіздік техникасын;
      қоршаған ортаны қорғауды;
      метрологиялық бақылауды;
      өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ететін қызметтердің;
      Өтініш беруші растаушы мәліметтер мен құжаттар ретінде: тиісті қызметтердің тізбесін, сондай-ақ осы қызметтерді құру туралы бұйрықтардың көшірмелерін ұсынады.
      3) тиісті білім деңгейіне (басшылар үшін - мұнай-газ саласындағы жоғары білім, мамандар үшін - ең кемі арнаулы орта білім) жауап беретін білікті техникалық басшылар мен мамандар құрамының (өндірістік персоналдың жалпы санының 70 % кем емес);
      Өтініш беруші мәліметтер мен құжаттар ретінде әрбір қызметкер бойынша: тегін, атын, әкесінің атын, білімі бойынша мамандығын, лауазымын, мамандығы бойынша осы саладағы жұмыс өтілін қамтитын кесте мен жиынтық кестені ұсынады.
      4) белгіленген тәртіппен бекітілген:
      қоршаған ортаны қорғау, қауіпсіздік техникасы жөніндегі бағдарламалар мен іс-шаралардың;
      осы заманғы жабдықтар мен технологияларды пайдалана отырып, электр энергетикасында қолданылып жүрген өндірістік объектілерді қайта жаңарту, жаңғырту және жаңаларын салу жөніндегі бағдарламалардың;
      жөндеу жұмыстарын орындау жоспарларының (бағдарламаларының);
      аварияларды жою жоспарының;
      5) өтініш берушінің лицензияланатын қызмет түрін орындауы үшін өндірістік, техникалық мүмкіндіктерінің болуы туралы өнеркәсіптік және экологиялық қауіпсіздік саласындағы аумақтық органдардың тексеру актісінің болуын қамтиды.

      9.2. Сорғы-сығымдаушы станциялардың жабдықтарын, қондырғыларын, магистральдық газ-, мұнай өнімдері құбырларының резервуарлық парктері мен желілік бөлігін, сондай-ақ жерасты газ қоймаларының технологиялық жабдықтары мен ұңғымаларын пайдалану үшін:
      1) меншігінде немесе лизинг, концессия, жедел басқару шарттары бойынша өндірістік-техникалық базасының: сорғы-сығымдаушы станциялар жабдықтарының, қондырғыларының, магистральдық газ-, мұнай өнімдері құбырларының резервуарлық парктері мен желілік бөлігінің, сондай-ақ жерасты газ қоймаларының технологиялық жабдықтары мен ұңғымаларының, өрт сөндіру құралдарының және өндірістік-техникалық базаны қауіпсіз және сенімді пайдалануды қамтамасыз ететін басқа да құрылғылардың, диагностикалық, бақылау-өлшеу құралдарының, сондай-ақ сорғы-сығымдаушы станциялардың жабдықтарын, қондырғыларын, магистральдық газ-, мұнай өнімдері құбырларының резервуарлық парктері мен желілік бөлігін, сондай-ақ жерасты газ қоймаларының технологиялық жабдықтары мен ұңғымаларын пайдалану процесін қамтамасыз ететін басқа да активтердің болуын;
      Өтініш беруші растаушы мәліметтер мен құжаттар ретінде: баланста тұрған негізгі өндірістік активтердің тізбесін, сатып алу-сату шартының көшірмелерін, осы шарттардың талаптарына сәйкес пайдаланылатын активтері ажыратылған лизинг, концессия, жедел басқару шарттарының көшірмелерін, салынған объектіні пайдалануға қабылдап алу туралы мемлекеттік қабылдау комиссиясы актісінің көшірмесін, негізгі жабдықтардың техникалық сипаттамалары жөніндегі ақпаратты ұсынады.
      2) мыналарды:
      жабдықтарды пайдалануды және оларға техникалық қызмет көрсетуді;
      сорғы-сығымдаушы станциялардың жабдықтарын, қондырғыларын, магистральдық газ, мұнай өнімдері құбырларының резервуарлық парктері мен желілік бөлігін, сондай-ақ жерасты газ қоймаларының технологиялық жабдықтары мен ұңғымаларын пайдаланудың технологиялық процесті сақтауды;
      еңбекті қорғауды және қауіпсіздік техникасын;
      қоршаған ортаны қорғауды;
      метрологиялық бақылауды;
      өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ететін қызметтердің;
      Өтініш беруші растаушы мәліметтер мен құжаттар ретінде: тиісті қызметтердің тізбесін, сондай-ақ осы қызметтерді құру туралы бұйрықтардың көшірмелерін ұсынады.
      3) тиісті білім деңгейіне (басшылар үшін - мұнай-газ саласындағы жоғары білім, мамандар үшін - ең кемі арнаулы орта білім) жауап беретін білікті техникалық басшылар мен мамандар құрамының (өндірістік персоналдың жалпы санының 70 % кем емес);
      Өтініш беруші мәліметтер мен құжаттар ретінде әрбір қызметкер жөнінде: тегін, атын, әкесінің атын, білімі бойынша мамандығын, лауазымын, мамандығы бойынша осы саладағы жұмыс өтілін қамтитын штат кестесі мен жиынтық кестені ұсынады.
      4) белгіленген тәртіппен бекітілген:
      қоршаған ортаны қорғау, қауіпсіздік техникасы жөніндегі бағдарламалар мен іс-шаралардың;
      осы заманғы жабдықтар мен технологияларды пайдалана отырып, электр энергетикасында қолданылып жүрген өндірістік объектілерді қайта жаңарту, жаңғырту және жаңаларын салу жөніндегі бағдарламалардың;
      жөндеу жұмыстарын орындау жоспарларының (бағдарламаларының);
      аварияларды жою жоспарының;
      5) өтініш берушінің лицензияланатын қызмет түрін орындауы үшін өндірістік, техникалық мүмкіндіктерінің болуы туралы өнеркәсіптік және экологиялық қауіпсіздік саласындағы аумақтық органдардың тексеру актісінің болуын қамтиды.

      9.3. Магистральдық құбырларға, негізгі және қосалқы жабдыққа техникалық қызмет көрсету, оларды жөндеу (дәнекерленген жіктердің қосылыстар мен бекітпелердің профилактикасы, оларды тексеру, техникалық жай-күйін бақылау, жай-күйінің диагностикасы) үшін:
      1) меншігінде немесе лизинг, концессия, жедел басқару шарттары бойынша өндірістік-техникалық базасының, жөндеу-механикалық базасының: мамандандырылған өндірістік ғимараттар мен инженерлік құрылыстардың, құрал-жабдықтардың (зауыт, цех, шеберхана, станоктар, механизмдер, құрал-саймандар, диагностикалық, бақылау-өлшеу құралдары), сондай-ақ магистральдық құбырларға, негізгі және қосалқы жабдықтарға техникалық қызмет көрсету, оларды жөндеу процесін қамтамасыз ететін басқа да активтердің болуын;
      Өтініш беруші растаушы мәліметтер мен құжаттар ретінде: баланста тұрған негізгі өндірістік активтердің тізбесін, сатып алу-сату шартының көшірмесін, осы шарттардың талаптарына сәйкес пайдаланылатын активтері ажыратылған лизинг, концессия, жедел басқару шарттарының көшірмелерін, салынған объектіні пайдалануға қабылдап алу туралы мемлекеттік қабылдау комиссиясы актісінің көшірмесін, негізгі жабдықтардың техникалық сипаттамалары жөніндегі ақпаратты ұсынады.
      2) мыналарды:
      жабдықтарды пайдалануды және оларға техникалық қызмет көрсетуді;
      магистральдық құбырларға, негізгі және қосалқы жабдықтарға техникалық қызмет көрсетудің, оларды жөндеудің технологиялық процесін сақтауды;
      өнім сапасын өндірісішілік бақылауды;
      еңбекті қорғауды және қауіпсіздік техникасын;
      қоршаған ортаны қорғауды;
      метрологиялық бақылауды;
      өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ететін қызметтердің;
      Өтініш беруші растаушы мәліметтер мен құжаттар ретінде: тиісті қызметтердің тізбесін, сондай-ақ осы қызметтерді құру туралы бұйрықтардың көшірмелерін ұсынады.
      3) тиісті білім деңгейіне жауап беретін және осы салада практикалық жұмыс тәжірибесі бар білікті техникалық басшылар мен мамандар құрамының;
      Өтініш беруші мәліметтер мен құжаттар ретінде әрбір қызметкер жөнінде: тегін, атын, әкесінің атын, білімі бойынша мамандығын, лауазымын, мамандығы бойынша осы саладағы жұмыс стажын қамтитын штат кестесі мен жиынтық кестені ұсынады.
      4) белгіленген тәртіппен бекітілген және кестелерге сәйкес іске асырылатын:
      қоршаған ортаны қорғау, қауіпсіздік техникасы жөніндегі бағдарламалар мен іс-шаралардың;
      аварияларды жою жоспарының болуын қамтиды.
      5) өтініш берушінің лицензияланатын қызмет түрін орындауы үшін өндірістік, техникалық мүмкіндіктерінің болуы туралы өнеркәсіптік және экологиялық қауіпсіздік саласындағы аумақтық органдардың тексеру актісінің болуын.

      9.4. Сорғы-сығымдаушы станциялар жабдығының және магистральдық құбыр жолдары желілік бөлігінің, оның ішінде суасты өтпелерінің диагностикасы үшін:
      1) меншігінде немесе лизинг, концессия шарттары бойынша, өндірістік-техникалық базасының, жөндеу-механикалық базасының: мамандандырылған өндірістік ғимараттардың, инженерлік құрылыстардың, жабдықтардың (зауыт, цех, шеберхана, станок, механизмдер, аспаптар, диагностикалық, бақылау-өлшеу аспаптары), сондай-ақ сорғы-сығымдаушы станциялар жабдығының және магистральдық құбыржолдары желілік бөлігінің, оның ішінде суасты өтпелерінің диагностикасы процесін қамтамасыз ететін басқа активтерді жедел басқарудың болуын.
      Өтініш беруші растаушы мәліметтер мен құжаттар ретінде өтініш берушінің теңгеріміндегі негізгі өндірістік активтердің тізбесін, сатып алу-сату шартының көшірмесін, лизинг, концессия шарттарының көшірмелерін, осы шарттардың талаптарына сәйкес пайдаланылатын активтерді таратып бере отырып, жедел басқару, салынған объектіні пайдалануға қабылдау туралы мемлекеттік қабылдау комиссиясы актісінің көшірмесін, негізгі жабдықтардың техникалық сипаттамалары жөніндегі ақпаратты ұсынады.
      2) мыналарды:
      жабдықтарды пайдалануды және оларға техникалық қызмет көрсетуді;
      сорғы-сығымдаушы станциялар жабдығының және магистральдық құбыржолдары желілік бөлігінің, оның ішінде суасты өтпелерінің диагностикасының технологиялық процесін сақтауды;
      өнімнің сапасын ішкі өндірістік бақылауды;
      еңбекті қорғауды және техника қауіпсіздігін;
      қоршаған ортаны қорғауды;
      метрологиялық бақылауды;
      өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ететін қызметтердің.
      Өтініш беруші растаушы мәліметтер мен құжаттар ретінде тиісті қызметтердің тізбесін, сондай-ақ осы қызметтерді құру туралы бұйрықтардың көшірмелерін ұсынады.
      3) тиісті білім деңгейіне жауап беретін және осы салада практикалық жұмыста тәжірибесі бар білікті техникалық басшылардың және мамандардың құрамын қамтамасыз ететін қызметтердің.
      Өтініш беруші мәліметтер мен құжаттар ретінде әрбір қызметкер жөнінде: тегін, атын, әкесінің атын, білімі бойынша мамандығын, лауазымын, мамандығы бойынша осы саладағы жұмыс өтілін қамтитын штат кестесі мен жиынтық кестені ұсынады.
      4) белгіленген тәртіппен бекітілген және кестелерге сәйкес өткізілетін: 
      қоршаған ортаны қорғау, техника қауіпсіздігі жөніндегі бағдарламалар мен іс-шаралардың;
      аварияларды жою жоспарының болуын.
      5) өтініш берушінің қызметтің лицензияланған түрін орындауы үшін өндірістік, техникалық мүмкіндіктерінің болуы туралы өнеркәсіптік, экологиялық қауіпсіздік саласындағы аумақтық органдардың тексеру актісінің болуын.

      9.5. Тоттанудан электр химиялық қорғау құралдарына техникалық қызмет көрсету үшін:
      1) меншігінде немесе лизинг, концессия шарттары бойынша, өндірістік-техникалық базасының, жөндеу-механикалық базасының: мамандандырылған өндірістік ғимараттардың, инженерлік құрылыстардың, жабдықтардың (зауыт, цех, шеберхана, станок, механизмдер, аспаптар, диагностикалық, бақылау-өлшеу аспаптары), сондай-ақ тоттанудан электрхимиялық қорғау құралдарына техникалық қызмет көрсету процесін қамтамасыз ететін басқа активтерді жедел басқарудың болуын.
      Өтініш беруші растаушы мәліметтер мен құжаттар ретінде: өтініш берушінің теңгеріміндегі негізгі өндірістік активтердің тізбесін, сатып алу-сату шартының көшірмесін, лизинг, концессия шарттарының көшірмелерін, осы шарттардың талаптарына сәйкес пайдаланылатын активтерді таратып бере отырып, жедел басқару, салынған объектіні пайдалануға қабылдау туралы мемлекеттік қабылдау комиссиясы актісінің көшірмесін, негізгі жабдықтардың техникалық сипаттамалары жөніндегі ақпаратты ұсынады.
      2) мыналарды:
      жабдықтарды пайдалануды және оларға техникалық қызмет көрсетуді;
      тоттанудан электрхимиялық қорғау құралдарына техникалық қызмет көрсету процесін сақтауды;
      өнімнің сапасын ішкі өндірістік бақылауды;
      еңбекті қорғауды және техника қауіпсіздігін;
      қоршаған ортаны қорғауды;
      метрологиялық бақылауды;
      өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ететін қызметтердің.
      Өтініш беруші растаушы мәліметтер мен құжаттар ретінде тиісті қызметтердің тізбесін, сондай-ақ осы қызметтерді құру туралы бұйрықтардың көшірмелерін ұсынады.
      3) тиісті білім деңгейіне жауап беретін және осы салада практикалық жұмыста тәжірибесі бар білікті техникалық басшылардың және мамандардың құрамын қамтамасыз ететін қызметтердің.
      Өтініш беруші мәліметтер мен құжаттар ретінде әрбір қызметкер жөнінде: тегін, атын, әкесінің атын, білімі бойынша мамандығын, лауазымын, мамандығы бойынша осы саладағы жұмыс өтілін қамтитын штаттық кесте мен жиынтық кестені ұсынады.
      4) белгіленген тәртіппен бекітілген және кестелерге сәйкес өткізілетін:
      қоршаған ортаны қорғау, техника қауіпсіздігі жөніндегі бағдарламалар мен іс-шаралардың;
      аварияларды жою жоспарының болуын.
      5) өтініш берушінің лицензияланатын қызмет түрін орындауы үшін өндірістік, техникалық мүмкіндіктерінің болуы туралы өнеркәсіптік, экологиялық қауіпсіздік саласындағы аумақтық органдардың тексеру актісінің болуын қамтиды.

      10. Минералдық шикізатты қайта өңдеу жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары (кең таралған пайдалы қазбаларды өңдеуден басқа) құрамында пайдалы қазбалар бар минералдық шикізаттан, тау-кен байыту, металлургиялық және басқа да өндірістік қалдықтардан пайдалы қазбаны айырумен байланысты жұмыстарды жүзеге асыратын заңды тұлғаларға (оның ішінде филиалдар, өкілдіктер) және жеке тұлғаларға (дара кәсіпкерлер) қолданылады және:
      1) техникалық жобалардың және технологиялық регламенттердің;
      2) меншік құқығындағы өндірістік базаның (меншік құқығын растайтын, құқық белгілейтін құжаттардың көшірмелері) немесе жалгерліктің (жалгерлік шарты):
      мамандандырылған өндірістік ғимараттардың (байыту фабрикасы, зауыт, цех), жабдықтар мен механизмдердің, технологиялық желілердің, қалдық қоймаларының, шламтұндырғыштардың, шикізатты, дайын өнімді, жарылыс-өрт қаупі бар, күшті әсер ететін улы заттарды сақтауға арналған арнайы жабдықталған қоймалардың, үй-жайлардың және сыйымдылықтардың;
      ұсақтау-сұрыптау кешенінің, диірмендердің, бұлғағыштардың;
      орталықтан тебетін, гравитациялық, магниттік, электр магниттік жабдықтардың, сепараторлардың, сүзгілердің, экстракторлардың, кептіру агрегаттарының;
      өндірістік пештердің (кептіру, қыздыру, күйдіру, балқыту);
      3) мыналарды:
      машиналарды, механизмдерді, көлік құралдарын, аспаптарды, жабдықтарды пайдалануды және оларға қызмет көрсетуді;
      еңбек қауіпсіздігін бақылауды;
      метрологиялық бақылауды қамтамасыз ететін қызметтердің;
      4) тиісті білім деңгейіне жауап беретін және мамандығы бойынша практикалық жұмыс тәжірибесі бар техникалық басшылар мен мамандардың біліктілік құрамының (тегін, атын, әкесінің атын, мамандығы бойынша білімін, лауазымын, осы саладағы жұмыс өтілін қамтитын жиынтық кесте);
      5) өтініш берушінің лицензияланатын қызмет түрін орындауы үшін өндірістік, техникалық мүмкіндіктерінің болуы туралы өнеркәсіптік және экологиялық қауіпсіздік саласындағы аумақтық органдардың тексеру актісінің болуын қамтиды.

      11. Тұрғын үй және коммуналдық-тұрмыстық объектілерді газдандыру жүйелерін пайдалану жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары заңды тұлғаларға (оның ішінде филиалдарға, өкілдіктерге) және жеке тұлғаларға (жеке кәсіпкерлерге) қолданылады және мыналардың:

      11.1. Газбен жабдықтаудың сыртқы жүйелерін (газ таратушы пункттер, газ таратушы қондырғылар, жоғары, орта және төмен қысымдағы газ таратушы желілер) пайдалану үшін:
      1) меншігінде немесе лизинг, концессия, жедел басқару шарттары бойынша:
      өндірістік-техникалық базасының: газбен жабдықтаудың сыртқы жүйелерінің (газ таратушы пункттер, газ таратушы қондырғылар, жоғары, орта және төмен қысымдағы газ таратушы желілер), сондай-ақ газбен жабдықтаудың сыртқы жүйелерін пайдалану, техникалық қызмет көрсету және ұстау процесін қамтамасыз ететін басқа да активтердің болуын;
      жөндеу-механикалық базасының: мамандандырылған өндірістік ғимараттардың, инженерлік құрылыстардың, жабдықтардың (зауыт, цех, шеберхана, станоктар, механизмдер, құрал-саймандар, диагностикалық, бақылау-өлшеу аспаптары және басқа), сондай-ақ газбен жабдықтаудың сыртқы жүйелерін пайдалану, техникалық қызмет көрсету және ұстау процесін қамтамасыз ететін басқа да активтердің болуын.
      Өтініш беруші растаушы мәліметтер мен құжаттар ретінде өтініш берушінің теңгеріміндегі негізгі өндірістік активтердің тізбесін, сатып алу-сату шартының көшірмесін, осы шарттардың талаптарына сәйкес пайдаланылатын активтері лизинг, концессия, жедел басқару шарттарының көшірмелерін, салынған объектіні пайдалануға қабылдап алу туралы мемлекеттік қабылдау комиссиясы актісінің көшірмесін, негізгі жабдықтардың техникалық сипаттамалары жөніндегі ақпаратты ұсынады.
      2) мыналарды:
      жабдықты пайдалануды және оған техникалық қызмет көрсетуді;
      газбен жабдықтаудың сыртқы жүйелерін пайдалану технологиялық процесінің, техникалық қызмет көрсету мен ұстаудың сақталуын;
      еңбекті қорғауды және техника қауіпсіздігін;
      қоршаған ортаны қорғауды;
      өнім сапасының ішкі өндірістік бақылауды;
      метрологиялық бақылауды;
      өрт қауіпсіздігін;
      тұрғын үй және коммуналдық-тұрмыстық объектілерді газдандыру жүйесіндегі шаруашылық жүргізуші субъектінің (меншікті авариялық қызметі немесе авариялық қызметпен шарттың болуы) авариясыз жұмыс істеуін қамтамасыз ететін қызметтердің.
      Растаушы мәліметтер мен құжаттар ретінде өтініш беруші тиісті қызметтердің тізбесін, сондай-ақ осы қызметтерді құру туралы бұйрықтардың көшірмелерін ұсынады.
      3) басшылардың тиісті білім деңгейіне жауап беретін техникалық білікті басшылар мен мамандардың (басшылар үшін газ саласындағы жоғары білім, мамандар үшін кем дегенде арнайы орта білім) құрамының (өндірістік персоналдың жалпы санының кемінде 70%-ы ).
      Растаушы мәліметтер мен құжаттар ретінде өтініш беруші штат кестесін және әрбір қызметкер жөнінде тегі, аты, әкесінің аты, білімі бойынша мамандығы, лауазымы, осы саладағы мамандығы бойынша жұмыс өтілі жөніндегі ақпаратты қамтитын жиынтық кестені ұсынады.
      4) белгіленген тәртіппен бекітілген және кестелерге сәйкес іске асырылатын:
      қоршаған ортаны қорғау, техника қауіпсіздігі жөніндегі бағдарламалар мен іс-шаралардың;
      газ реттеуші пункттер мен қондырғыларды, газ желілерін, негізгі технологиялық жабдықтың ағымдағы және күрделі жөндеулерін техникалық куәландыратын кестелерінің;
      жөндеу жұмыстарын орындау жоспарларының (бағдарламаларының);
      аварияларды жою жоспарларының;
      5) өтініш берушінің лицензияланатын қызмет түрін орындауы үшін өндірістік, техникалық мүмкіндіктердің болуы туралы өнеркәсіптік және экологиялық қауіпсіздік саласындағы аумақтық органдардың тексеру актісінің болуын.

      11.2. Үй ішіндегі газ желілерін, газ аспаптары мен жабдықтарын пайдалану, оларға техникалық қызмет көрсету және ұстау кезінде:
      1) меншіктегі немесе лизинг, концессия, жедел басқару шарттары бойынша:
      өндірістік-техникалық база;
      үй ішіндегі газ желілері, газ құралдары мен жабдықтары, сондай-ақ үй ішіндегі газ желілерін, газ құралдары мен жабдықтарын пайдалану, техникалық қызмет көрсету және ұстау процесін қамтамасыз ететін басқа да активтер;
      жөндеу-механикалық база: мамандандырылған өндірістік ғимараттар, инженерлік құрылыстар, жабдықтар (зауыт, цех, шеберхана, станоктар, механизмдер, құрал-саймандар, диагностикалық, бақылау-өлшеу аспаптары және басқа), сондай-ақ үй ішіндегі газ желілерін, газ аспаптары мен жабдықтарын пайдалану, техникалық қызмет көрсету және ұстау процесін қамтамасыз ететін басқа да активтер.
      Растаушы мәліметтер мен құжаттар ретінде өтініш беруші ұсынады: өтініш берушінің теңгеріміндегі негізгі өндірістік активтердің тізбесі, сату-сатып алу шартының көшірмесі, осы шарттардың талаптарына сәйкес пайдаланылатын активтерді толық ажырата отырып лизинг, концессия, жедел басқару шарттарының көшірмелері, салынған объектінің пайдалануға қабылдау туралы мемлекеттік қабылдау комиссиясы актісінің көшірмесі, негізгі жабдықтың техникалық сипаттамалары бойынша ақпарат.
      2) мыналарды:
      жабдықты пайдалануды және оған техникалық қызмет көрсетуді;
      үй ішіндегі газ желілерін, газ аспаптары мен жабдықтарын пайдалану, техникалық қызмет көрсету және ұстау процесінің, техникалық қызмет көрсетілу мен ұстаудың сақталуын;
      еңбекті қорғауды және техника қауіпсіздігін;
      қоршаған ортаны қорғауды;
      метрологиялық бақылауды;
      өрт қауіпсіздігін;
      тұрғын үй және коммуналдық-тұрмыстық объектілерді газдандыру жүйесіндегі шаруашылық жүргізуші субъектінің (меншікті авариялық қызметі немесе авариялық қызметпен шарттың болуы) авариясыз жұмыс істеуін қамтамасыз ететін қызметтердің.
      Растаушы мәліметтер мен құжаттар ретінде өтініш беруші тиісті қызметтердің тізбесін, сондай-ақ осы қызметтерді құру туралы бұйрықтардың көшірмелерін ұсынады.
      3) тиісті білім деңгейіне (басшылар үшін - газ саласындағы жоғары білім, мамандар үшін - кем дегенде арнаулы орта білім) жауап беретін білікті техникалық басшылар мен мамандар құрамының (өндірістік персоналдың жалпы санынан кемінде 70 % ).
      Өтініш беруші мәліметтер мен құжаттар ретінде әрбір қызметкер жөнінде: тегін, атын, әкесінің атын, білімі бойынша мамандығын, лауазымын, мамандығы бойынша осы саладағы жұмыс стажын қамтитын штаттық кесте мен жиынтық кестені ұсынады.
      4) белгіленген тәртіппен бекітілген және кестелерге сәйкес іске асырылатын:
      техника қауіпсіздігі жөніндегі бағдарламалар мен іс-шаралардың;
      жөндеу жұмыстарын орындау жоспарларының (бағдарламаларының);
      аварияларды жою жоспарының болуын;
      5) өтініш берушінің лицензияланатын қызмет түрін орындауы үшін өндірістік, техникалық мүмкіндіктерінің болуы туралы өнеркәсіптік, экологиялық қауіпсіздік саласындағы аумақтық органдардың тексеру актісінің болуын қамтиды.

      12. Химиялық, бұрғылау, мұнай-газ кәсіпшілігі, геологиялық барлау, кен-шахта, металлургиялық, энергетикалық жабдықтарды, жарылыстан қорғалған электр энергетикалық жабдықтарды, көтергіш құрылыстарды, сондай-ақ жұмыс істеу қысымы 0,7 кг/см 2  жоғары және жылу жеткізу температурасы 115 о С жоғары қазандықтарды, 0,7 кг/см 2   жоғары қысыммен жұмыс істейтін сауыттар мен құбырларды дайындау, монтаждау (өндірісті пайдалану кезеңінде) және жөндеу жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары жабдықты жасау, іске қосу-реттеу, монтаждау және жөндеу жұмыстарын жүзеге асыратын заңды тұлғаларға (оның ішінде филиалдар, өкілдіктер) және жеке тұлғаларға (дара кәсіпкерлер) қолданылады және:
      1) тиісті техникалық құжаттаманың;
      2) меншік құқығындағы өндірістік ғимарат пен жабдықтардың (меншік құқығындағы зауыт, цех, шеберхана, станоктар, механизмдер, құрал-саймандар, бақылау-өлшеу аспаптары) (меншік немесе жалдау құқығын растайтын құқық белгілейтін құжаттардың көшірмелері);
      3) мыналарды:
      жабдықтарды пайдалануды және оларға техникалық қызмет көрсетуді;
      өнімнің сапасын өндіріс ішінде бақылауды;
      еңбек қауіпсіздігін бақылауды;
      метрологиялық бақылауды қамтамасыз ететін қызметтердің;
      4) тиісті білім деңгейіне жауап беретін және мамандығы бойынша осы салада практикалық жұмыс тәжірибесі бар техникалық басшылар мен мамандардың біліктілік құрамының (тегін, атын, әкесінің атын, мамандығы бойынша білімін, лауазымын, осы саладағы жұмыс өтілін қамтитын жиынтық кесте);
      5) өтініш берушінің лицензияланатын қызмет түрін орындауы үшін өндірістік, техникалық мүмкіндіктерінің болуы туралы Мемэнергияқадағалау (энергетикалық, жарылыстан қорғалған электр техникалық жабдықтарды жөндеу) өнеркәсіптік және санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік саласындағы аумақтық органдардың тексеру актісінің болуын қамтиды.

      13. Электр энергиясын қайта сату мақсатында сатып алу жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары, электр энергиясын қосалқы абоненттерге сатуды қоспағанда, сатып алынған электр энергиясын тұтынушыларға сатуды жүзеге асыратын заңды тұлғаларға (оның ішінде филиалдар, өкілдіктер) және жеке тұлғаларға (дара кәсіпкерлер) қолданылады және:
      1) тиісті білім деңгейіне жауап беретін білікті басшылар мен мамандар құрамының (тегін, атын, әкесінің атын, мамандығы бойынша білімін, лауазымын, осы саладағы жұмыс өтілін қамтитын жиынтық кесте);
      2) жедел диспетчерлік қызметті қамтамасыз ететін қызметтердің (персоналдың) немесе диспетчерлік қызмет көрсету жөніндегі қандай да бір заңды диспетчерлік орталықпен шарттың (ниет хаттамасының) болуы;
      3) банк анықтамасымен расталған кемінде 10000 айлық есептік көрсеткіш көлеміндегі айналым қаражатының;
      4) тұтынушыларға, оның ішінде өңірден тысқары жерлерге электр энергиясын жеткізудің өтініш беруші мен энергия өндіруші және (немесе) энергия беруші ұйымдардың арасында, авария болған жағдайда резервтен орнын толтыру шартымен тұтынушыға дейін электр энергиясын жеткізуге және тасымалдауға арналған шарттардың немесе ниеттер хаттамаларының болуымен бірге техникалық мүмкіндігінің болуын қамтиды.

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің       
2007 жылғы 28 желтоқсандағы
N 1311 қаулысымен  
бекітілген      

  Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. "Өнеркәсіп саласындағы қызметтің лицензияланатын түрлеріне қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 10 мамырдағы N 556  қаулысы  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 18, 189-құжат).

      2. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1894 және 1999 жылғы 10 мамырдағы N 556 қаулыларына толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 1 наурыздағы N 334  қаулысының  1-тармағының 2) тармақшасы.

      3. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 2 наурыз N 344  қаулысының  1-тармағының 3) тармақшасы.

      4. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 10 мамырдағы N 556 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 желтоқсандағы N 1373  қаулысы  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., N 46, 468-құжат).

      5. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1894 және 1999 жылғы 10 мамырдағы N 556 қаулыларына толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 2 қазандағы N 1015  қаулысының  1-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., N 40, 419-құжат).

      6. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1894 және 1999 жылғы 10 мамырдағы N 556 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 27 мамырдағы N 525  қаулысының  1-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 22, 277-құжат).

      7. "Өнеркәсіп саласындағы лицензияланатын қызмет түрлерінің құрамына кіретін жұмыстар мен қызметтердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 9 тамыздағы N 820  қаулысы  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 32, 437-құжат).

      8. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 9 тамыздағы N 820 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 13 желтоқсандағы N 1243  қаулысы  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 48, 616-құжат).

Біліктілік талаптарына 
1-қосымша      

Өтініш берушінің лицензия алуға біліктілігі туралы мәліметтер

      1. Өтініш берушінің атауы және заңдық мәртебесі
____________________________________________________________

      2. Тіркелген жері ____________________________________

      3. Мекен-жайы мен негізгі қызмет орны, оның ішінде филиалдары және өкілдіктері ___________________________________________
____________________________________________________________

      4. Лицензия __________________________________________
                  (қызметтің түрі, N және берілген күні,
                   лицензияның көшірмесі қоса беріледі)

      5. Өтініш берушінің соңғы жылдары көрсеткен қызметтерінің түрлері
____________________________________________________________

      6. Өтініш берушінің ұсынымдарымен кейін тәжірибеге енгізілген жұмыстардың тізбесі (1-кесте).

                                                1-кесте

Р/с
N

Объектілердің атауы
және тұрған жері

Тапсырыс
берушілердің
атауы

Жұмыстардың мақсаты,
сипаты және ұсынымдардың
мәні

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

      7. Жетекші штат қызметкерлерінің біліктілігі мен тәжірибесі (2-кесте).
                                                2-кесте

Р/с
N

Т.А.Ә.

Лауазымы

Білімі
бойынша
мамандығы

Сертификаттарының,
дипломдарының,
біліктілікті
арттыру жөніндегі
куәліктерінің
болуы

Осыған ұқсас
объектілерде-
гі жұмыс
тәжірибесі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

      8. Техникалық жарақтандырылуы туралы мәліметтер.
____________________________________________________________

      9. Біліктілігі туралы мәліметтердің дұрыстығын растаймын.

      Лауазымы ___________
      Қолы _______________ МО            (Т.А.Ә.) _________

Біліктілік талаптарына
2-қосымша     

Мұнай-химия, химия өндірістерінің паспорты

"Бекітемін"      
Қазақстан Республикасы  
Энергетика және минералдық 
ресурстар министрлігі 
            _____________________
                                    (күні, қолы, мөрі)

   ____________________________________________________________
   (кәсіпорынның, ұйымның атауы, меншік нысаны және ведомстволық
                            тиесілілігі)

   ____________________________________________________________
           (пошталық адресі, телефондар, телефакс)

   ____________________________________________________________
   (мемлекеттік тіркеу нөмірі және күні, қызметін бастаған жылы)

Кәсіпорынның басшысы

____________________

________________ жыл

Атаулы кәртішке

1. Кәсіпорынның толық және
қысқартылған атауы _________________________________________

2. Мекенжайы, телефоны,
факсы ______________________________________________________

3. Ведомстволық бағыныстылығы ______________________________

4. Бірінші басшысы _________________________________________

5. Жұмыстың негізгі бағыттары
 мұнайдан (және/немесе) газдан алынған өнімді өңдеу және мыналарды өндіру:
      1) мотор отынын (бензинді, керосинді, т.с.с), отынды (жеңіл дистиллят отынды, орташа дистиллят отынды және ауыр дистиллят/дизель отынын) қоспағанда, мұнай өнімдерін;
      2) басқа да негізгі органикалық (химиялық) заттарды;
      3) бастапқы нысандағы пластмассаларды;
      4) синтетикалық каучукты;
      5) бояулар мен лактарды;
      6) жасанды және синтетикалық талшықтарды;
      7) резина техникалық бұйымдарды.

____________________________________________________________
("Қазақстан Республикасының жер қойнауынан өндірілетін мұнай
және (немесе) газ өнімдерін қайта өңдеу жөніндегі қызмет
түрлерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2004 жылғы 7 маусымдағы N 632  қаулысына  сәйкес)
      8) құрамында мұнай бар қалдықтарды өңдеу;
      9) техникалық көміртегін өндіру;
      10) химиялық өзгерістердің негізінде органикалық және биорганикалық химия өнімдерін шығару.
6. Кәсіпорынды жаңғырту мен қайта құру ескерілген шикізат өңдеу жөніндегі жобалық қуат: _____________________________________
7. Кәсіпорынның жұмыс жағдайын қамтамасыз ететін мұнай-химия, химия өнімдерінің ең аз ұйғарынды мөлшері _________________________

Кәсіпорынның негізгі өндірісі бойынша қысқаша ақпарат

Құрылған жылы (жұмыстың басталуы)

1. Зауыт құрамына кіреді ___________________________________

2. Көлемі, шығатын көзі және жеткізу бағалары көрсетілген өндірістің негізгі шикізаты (қысқаша сипаттамасы) ____________

Мұнай-химия және химия өнімдерін
шығарушылардың міндеттері

      1. Жыл сайын 1 қарашаға дейінгі мерзімде лицензияланатын қызмет түріне сәйкес келесі күнтізбелік жылға арналған барлық өнім түрлерін өндіру көлемі бойынша болжамдық кестенің жобасын ұсыну.
      2. Жыл сайын 1 қарашаға дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігіне кәсіпорынның келесі күнтізбелік жылға арналған негізгі өндірістеріне алдын ала-жоспарлы жөндеу жүргізу кестесінің жобасын ұсыну.
      3. Мұнайды бастапқы өңдеу қондырғыларын жөндеу кезінде авариялық жағдайлар мен жоспардан тыс кідірістер туындаған жағдайда энергетика және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдардың өкілдерін шақыру.
      4. Табиғат қорғау жөніндегі заңнаманы сақтау және озық, экологиялық жағынан таза, ресурс үнемдейтін технологияларды енгізу.
      5. Өндірілетін өнімге сәйкестік сертификаты (міндетті сертификаттауға жататын өнімдер үшін) және стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттар болуы қажет.

Кәсіпорынның технологиялық қондырғыларында өндірілетін
негізгі өнім түрлері

Р/с
N

Өнімнің
атауы
және оны
өндіру
көлемі
(мың
тонна)

Технологиялық қондырғылар

Қондырғыныңатауы

Қондырғының
атауы

Қондырғының
атауы

Қондырғының
атауы

1.

  

  

  

  

  

2.

  

  

  

  

  

3.

  

  

  

  

  

4.

  

  

  

  

  

5.
т.
с.с

  

  

  

  

  

Әр қондырғының еңбек өнімділігі көрсетіледі.

Айлар бөлігінде кәсіпорын шығарған өнім ең аз
көлемдерінің кестесі

Р/
с
N

Өнім
түрлері
және
өндіріс
көлемі
(мың
тонна)

Айлар

БАР
-ЛЫ
-ҒЫ

 

қаң-
тар

ақ-
пан

нау-
рыз

сә-
уір

ма-
мыр

мау-
сым

шіл
-де

та-
мыз

қыр-
күй
-ек

қа-
зан

қа-
ра-
ша

жел-
тоқ-
сан

1.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

4.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

5.

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

т.
с.
с

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

     Кәсіпорынның технологиялық қондырғысын алдын ала-жоспарлы
               жөндеудің 200 __ жылға арналған кестесі

Р/
с
N

 

  

Қондыр-
ғылар-
дың
атауы

Жөндеу басталған және аяқталған күндер

Бар
-лы
-ғы
то-
қт-
ап
тұ-
рғ-
ан
кү-
нд-
ері

 1-тоқсан     2-тоқсан      3-тоқсан       4-тоқсан

қаң-
тар

ақ-
пан

нау-
рыз

сә-
уір

ма-
мыр

мау-
сым

шіл
-де

та-
мыз

қыр-
күй
-ек

қа-
зан

қа-
ра-
ша

жел-
тоқ-
сан

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

Техникалық директор ___________________________

Біліктілік талаптарына
3-қосымша    

                    Объектінің паспорты

                                                    "Бекітемін"
                                                 кәсіпорын басшысы
                                                 _________________
                                                       (ТАӘ)
                                                 _________________
                                                 (күні, қолы, мөрі)

   ____________________________________________________________
                      (кәсіпорынның атауы)
   ____________________________________________________________
            (заңды мекен-жайы, телефондары, телефаксы )
   ____________________________________________________________
                      (объектінің тұрған жері)
   _____________________________________________________ объекті
(мұнай-, газ қоймасы, мұнай-, газ-, ағызу-құю эстакадасы, мұнай базасы, автомайқұю станциясы, газтолтыру станциясы және пункті, автоцистерна, автогазқұю станциясы, автогазтолтыру станциясы, көмірсутек газы бар баллондарды жинау пункті)
Сақтаудағы өнім көлемі _____________________________________

Технологиялық жабдық (тех.паспорттардың көшірмелері)

Р/с
N

Атауы

Қолданылуы

Пайдалану
мерзімдері

Куәландыру
мерзімдері