Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 16 шілдедегі N 784 және 2002 жылғы 11 қыркүйектегі N 993 қаулыларына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 26 желтоқсандағы N 1298 Қаулысы.

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:

      1) Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 27.12.2023 № 1195 қаулысымен.

      2) "Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 11 қыркүйектегі N 993 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., N 2, 327-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі туралы ережеде:

      18-тармақтың екінші абзацындағы "Үкіметінің қаулыларымен" деген сөздер "Премьер-Министрінің өкімдерімен" деген сөздермен ауыстырылсын.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 27.12.2023 № 1195 қаулысымен.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі