"Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының нормаларын қолдану үшін қажетті рейтингтік ұйымдардың (рейтингтердің тиісті мәнін көрсете отырып), қор және тауар биржаларының, аудиторлық ұйымдардың тізбелері, сондай-ақ олардың ұсынатын құжаттарының нысаны мен мазмұнына қойылатын талаптарды бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 26 желтоқсандағы N 1292 Қаулысы

Қолданыстағы

      "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңының  13-бабы  4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

      1. Қоса беріліп отырған "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының нормаларын қолдану үшін қажетті рейтингтік ұйымдардың (рейтингтердің тиісті мәнін көрсете отырып), қор және тауар биржаларының, аудиторлық ұйымдардың тізбелері, сондай-ақ олардың ұсынатын құжаттарының нысаны мен мазмұнына қойылатын талаптар бекітілсін.

      2. Осы қаулы 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің        
2007 жылғы 26 желтоқсандағы
N 1292 қаулысымен    
бекітілген       

  "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының нормаларын қолдану үшін қажетті рейтингтік ұйымдардың (рейтингтердің тиісті мәнін көрсете отырып), қор және тауар биржаларының, аудиторлық ұйымдардың тізбелері, сондай-ақ олардың ұсынатын құжаттарының нысаны мен мазмұнына қойылатын талаптар

      1. Халықаралық рейтингтік ұйымдардың тізбесі:
      Standard & Poor's;
      Moody's Investors Services;
      Fitch Rating;
      Әлеуетті өнім берушіге халықаралық рейтингтік ұйымның рейтингі берілгендігін растайтын құжат түпнұсқа немесе нотариалды куәландырылған көшірме түрінде ұсынылады. Ұзақ мерзімді кредиттік рейтингінің мәні Fitch Ratings, Standard & Poor's, Moody's Investors Services бойынша тиісінше ВВВ/Ваа2/ВВВ төмен болмауға немесе қысқа мерзімді кредиттік рейтингі Fitch Ratings, Standard & Poor's, Moody's Investors Services бойынша тиісінше F3/Р3/А3 төмен болмауға тиіс.

      2. Қор биржаларының тізбесі:
      "Қазақстан қор биржасы" акционерлік қоғамы;
      London Stock Exchange;
      Тоkуо Stock Exchange;
      New York Stock Exchange;
      Australian Stock Exchange;
      Frankfurt Stock Exchange.
      Әлеуетті өнім берушінің бағалы қағаздарын қор биржасының ресми тізіміне енгізу туралы құжат жазбаша нысанда ұсынылады және осы қор биржасының деректемелерін қамтуға тиіс. Құжат әлеуетті өнім берушілерге қор биржасы хатының түпнұсқасы немесе оның нотариалды куәландырылған көшірмесі түрінде ұсынылады.

      3. Тауар биржаларының тізбесі:
      "Астық" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;
      "Жайық" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;
      "Жамбыл тауар биржасы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;
      "Жібек жолы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;
      "Кең дала" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;
      "Көкжар" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі:
      "Халықаралық Қазақстан агроөнеркәсіп биржасы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;
      "Орлан" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
      Әлеуетті өнім берушінің тауар биржасының ресми тізіміне енгізілгендігін растайтын құжат биржаның деректемелерін көрсете отырып, ерікті нысанда жасалған түпнұсқа немесе нотариалды куәландырылған көшірме түрінде ұсынылады.

      4. Әлеуетті өнім беруші жалпы біліктілік талаптарына сәйкестігін Халықаралық бухгалтерлер федерациясының мүшесі болып табылатын аудиторлық ұйымның оң аудиторлық қорытындысын беру арқылы растауға құқылы.

      5. Акцияларының (үлестерінің) елу проценттен астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалардың және олармен аффилиирленген заңды тұлғалардың тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу жөніндегі мемлекеттік сатып алуы, егер оларға осы Тізбенің 1-тармағында көрсетілген халықаралық рейтингтік ұйым халықаралық шкала бойынша "5+" мәнінен төмен емес корпоративтік басқару рейтингін берген жағдайда өнім берушіні таңдауды және онымен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуды регламенттейтін "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының нормаларын қолданбай жүзеге асырылады.