"Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының нормаларын қолдану үшін қажет қор биржаларының тізбесін, сондай-ақ олар ұсынатын құжаттардың нысаны мен мазмұнына қойылатын талаптарды бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 26 желтоқсандағы N 1292 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2015 жылғы 10 тамыздағы № 636 қаулысымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Yкiметiнiң 10.08.2015 № 636 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Ескерту. Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.03.19 № 342 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңының 13-бабы 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

      1. Қоса беріліп отырған "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының нормаларын қолдану үшін қажет қор биржаларының тізбесі, сондай-ақ олар ұсынатын құжаттардың нысаны мен мазмұнына қойылатын талаптар бекітілсін.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.03.19 № 342 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      2. Осы қаулы 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
2007 жылғы 26 желтоқсандағы
N 1292 қаулысымен   
бекітілген      

       Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.03.19 № 342 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

"Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының нормаларын қолдану үшін қажет қор биржаларының тізбесі, сондай-ақ олар ұсынатын құжаттардың нысаны мен мазмұнына қойылатын талаптар

      1. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2008.12.31 N 1320 Қаулысымен.

      2. Қор биржаларының тізбесі:
      "Қазақстан қор биржасы" акционерлік қоғамы;
      Алматы қаласы өңірлік қаржы орталығының арнаулы сауда алаңы ретінде анықталған қор биржасы;
      London Stock Exchange;
      Тоkуо Stock Exchange;
      New York Stock Exchange;
      Australian Stock Exchange;
      Frankfurt Stock Exchange.
      Әлеуетті өнім берушінің бағалы қағаздарын қор биржасының ресми тізіміне енгізу туралы құжат жазбаша нысанда ұсынылады және осы қор биржасының деректемелерін қамтуға тиіс. Құжат әлеуетті өнім берушілерге қор биржасы хатының түпнұсқасы немесе оның нотариалды куәландырылған көшірмесі түрінде ұсынылады.
       Ескерту. 2-тармақ толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2008.12.31.  N 1320 Қаулысымен).   

      3. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2012.03.19 № 342 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      4. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2009.05.28. N 786 Қаулысымен.

      5. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2008.12.31. N 1320 Қаулысымен.