"Қарашығанақ-Орал" газ құбырын салуды ұйымдастыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің:
1) "Қарашығанақ-Орал" газ құбырына меншік құқығын кейіннен Қазақстан Республикасына бере отырып, бастапқы көлемі жылына 120 миллион текше метр және түпкілікті көлемі жылына 500 миллион текше метрге дейін Қарашығанақ қайта өңдеу кешенінен Орал қаласына табиғи газ жеткізу үшін ұзындығы шамамен 147 километр "Қарашығанақ-Орал" газ құбырын және екі автоматты түрде газ бөлу станциясын салу жобасын 1997 жылғы 18 қарашадағы Қарашығанақ мұнай-газ конденсаты кен орнының мердігерлік учаскесінің өнімін бөлу туралы түпкілікті келісім бойынша (бұдан әрі - ӨБТК) мердігерлік компаниялардың іске асыруы туралы;
2) жобаны іске асыруға байланысты шығындарды ӨБТК шарттарында көзделген өтелетін шығындарға жатқызу туралы ұсыныстарымен келісілсін.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі осы қаулының 1-тармағын іске асыру жөніндегі қажетті шараларды заңнамада белгіленген тәртіппен қабылдасын.
3. "Самұрық" мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі" акционерлік қоғамына "Қарашығанақ-Орал" газ құбыры жөніндегі жобалық құжаттамасында көзделген шығыстар сомасының ұлғаюына жол бермеу мақсатында "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының (ӨБТК жөніндегі өкілетті орган) өтелетін шығындарға ӨБТК ережелеріне сәйкес тексеру жүргізуін қамтамасыз ету ұсынылсын.