Мемлекеттік сатып алу саласында тізілімдерді қалыптастырудың және оны жүргізудің ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 қарашадағы N 1149 Қаулысы

Қолданыстағы

      "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңының  13-бабының  13) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

      1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік сатып алу саласында тізілімдерді қалыптастырудың және оны жүргізудің ережесі бекітілсін.

      2. Осы қаулы 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2007 жылғы»29 қарашадағы
N 1149 қаулысымен 
бекітілген    

  Мемлекеттік сатып алу саласында тізілімдерді
қалыптастырудың және оны жүргізудің
ережесі

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Мемлекеттік сатып алу саласында тізілімдерді қалыптастырудың және оны жүргізудің ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді және мемлекеттік сатып алу саласында тізілімдерді қалыптастырудың және оны жүргізудің тәртібін айқындайды.

      2. Мемлекеттік сатып алу саласында тізілімдерді мемлекеттік сатып алу жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) электрондық түрде, мемлекеттік және орыс тілдерінде қалыптастырады және жүргізеді әрі олар Заңның 11-бабының талаптарына сәйкес болуы тиіс.

      3. Мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді қоспағанда, тізілімдерде қамтылған мәліметтер мемлекеттік сатып алу туралы республикалық веб-сайтта орналастырылады және олар төлем алынбастан танысу үшін мүдделі тұлғаларға қол жетімді болуы тиіс.

  2. Мемлекеттік сатып алу саласында тізілімдерді қалыптастыру
және оны жүргізу тәртібі

      4. Мемлекеттік сатып алу саласында тізілімдер мынадай түрлерге бөлінеді:
      1) тапсырыс берушілердің тізілімі;
      2) тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізілімі (жіктеуіш);
      3) мемлекеттік сатып алу туралы шарттардың тізілімі;
      4) мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімі.

  Параграф 1. Тапсырыс берушілердің тізілімі

      5. Тапсырыс берушілердің тізілімі тапсырыс беруші туралы мынадай   мәліметтерді   қамтуы тиіс:
      1) тапсырыс берушінің атауы;
      2) тапсырыс берушінің орналасқан орны - мекен-жайы, почталық индексі;
      3) салық төлеушінің тіркеу нөмірі (СТН) немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН);
      4) тапсырыс берушінің әділет органдарында мемлекеттік тіркелгені туралы   құжаттың нөмірі және күні.

      6. Тапсырыс беруші әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей, осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мәліметтерді электрондық түрде және қағаз жеткізгіште уәкілетті органға жібереді. Қайта ұйымдастырылған (таратылған) не бұрын табыс етілген мәліметтерге өзгерістер енгізілген жағдайда, тапсырыс беруші әділет органдарында мұндай жағдайлар тіркелген күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өзгерген мәліметтерді табыс етеді.

      7. Табыс етілген құжаттарда қажетті мәліметтер болмаған жағдайда, сондай-ақ олардан сәйкессіздік табылған кезде уәкілетті орган қайтару себептерін көрсете отырып, оларды алған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей оларды тапсырыс берушіге қайтарады. Бұл ретте, мәліметтерді орналастыру (өзгерту) мерзімі осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мәліметтерді тапсырыс беруші табыс еткен (өзгерткен) күннен басталады.

      8. Тізілімді жүргізу осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жүзеге асырылады.

      9. Тапсырыс берушілердің тізіліміне енгізілген тапсырыс беруші туралы мәліметтер заңнамада белгіленген тәртіппен электрондық және қағаз түрінде сақталады.

  Параграф 2. Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізілімі (жіктеуіш)

      10. Тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер тізілімі жіктеуші (бұдан әрі - жіктеуіш) тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер туралы мынадай мәліметтерді қамтуы тиіс:
      1) өлшем бірлігі - тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тиісті өлшем бірлігі;
      2) тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің атауы;
      3) белгісі - тауар (G), жұмыс (R), көрсетілетін қызмет (S).

      11. Тапсырыс беруші осы Ережеге 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жіктеуішке енгізу үшін қажетті тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер туралы мәліметтерді жіктеуіште олардың болмағанын тапсырыс беруші анықтаған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей электрондық түрде және қағаз жеткізгіште уәкілетті органға жібереді.

      12. Жіктеуішті жүргізуді осы Ережеге 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша уәкілетті орган жүзеге асырады.

  Параграф 3. Мемлекеттік сатып алу туралы шарттардың тізілімі

      13. Шарттардың тізілімінде шарт (оның өзгеруі) туралы мынадай мәліметтер қамтылуы тиіс:
      1) тапсырыс берушінің атауы;
      2) қаржыландыру көзі - республикалық бюджет, жергілікті бюджет, мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен қаражаты, мемлекеттік мекемелер үшін демеушілік, қайырымдылық көмектен түскен қаражат (бұдан әрі - бюджеттен тыс қаражат), меншікті қаражат;
      3) Заңға сәйкес мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың тәсілі;
      4) конкурстың қорытындылары, баға ұсыныстарын сұратуды жүргізудің қорытындылары шығарылған күн, сондай-ақ шарттың жасалу негізін растайтын құжаттың деректемелері;
      5) шартты жасасқан күн - шарттың жасалған жылы, күні, айы;
      6) аумақтық қазынашылық бөлімшелерде мемлекеттік мекемелердің шартты тіркегені туралы мәліметтер - өтінім нөмірі мен тіркеу күнін қоса алғанда, тіркеу туралы хабарламалардың деректемелері;
      7) шарттың мәні, бағасы және оның орындалу мерзімі - тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің толық атауы, олардың құны, сондай-ақ шарттың орындалатын айы және жылы;
      8) заңды тұлғалар үшін - атауы, орналасқан орны және салық төлеушінің тіркеу нөмірі (СТН) немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН) және өнім беруші (орындаушы, мердігер) болып табылатын жеке тұлғалар үшін - тегі, аты, әкесінің аты, тұрғылықты жері, салық төлеушінің тіркеу нөмірі (СТН) немесе жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН);
      9) шарттың қолданылуын тоқтату туралы (орындалуы немесе орындалмауы туралы) мәліметтер - тауарларды беруге, жұмыстарды орындауға, қызметтерді көрсетуге арналған шарттың орындалуы туралы не оның бұзылуына байланысты немесе өзге де себептер бойынша шарттың қолданылуын тоқтату туралы ақпарат.
      Мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді қамтитын мемлекеттік сатып алу туралы шарттар мемлекеттік сатып алу туралы шарттардың жеке тізіліміне енгізіледі, оны жүргізудің тәртібін уәкілетті орган мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі уәкілетті органмен келісім бойынша белгілейді. Мұндай мәліметтерге қол жеткізу Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заннамасына сәйкес жүзеге асырылады.
      Заңның  4-бабы  1-тармағының 3) тармақшасында көзделген мемлекеттік сатып алудың нәтижелері бойынша жасалған шарттар туралы мәліметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шарттардың тізіліміне енгізуге болмайды.

      14. Тапсырыс беруші шартты жасасқан (оны өзгерткен) күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей осы Ережеге 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша шарт (оның өзгеруі) туралы мәліметтерді электрондық түрде және қағаз жеткізгіште уәкілетті органға жібереді.

      15. Тапсырыс беруші шарт қолданылуын тоқтатқан (орындалған немесе орындалмаған)   күнінен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей осы Ережеге 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша шарттың қолданылуын тоқтату туралы (орындалуы немесе орындалмауы туралы) мәліметтерді электрондық түрде және қағаз жеткізгіште уәкілетті органға жібереді.

      16. Уәкілетті орган тапсырыс беруші табыс еткен шарт (оның өзгеруі) туралы мәліметтерде осы Ережеге 5 және 6-қосымшаларда көзделген көрсеткіштердің болуын, сондай-ақ олардың бір-біріне сәйкестігін тексереді. Осы мәліметтерде қажетті көрсеткіштер болмаған жағдайда, сондай-ақ олардан сәйкессіздік табылған кезде уәкілетті орган қайтару себептерін көрсете отырып, алған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей оларды тапсырыс берушіге қайтарады. Бұл ретте, шарт (оның өзгеруі) туралы мәліметтер шарттардың тізіліміне енгізілмейді. Шарт (оның өзгеруі) туралы мәліметтерді орналастыру мерзімі көрсетілген талаптарға сәйкес келетін шарт (оның өзгеруі) туралы мәліметтерді тапсырыс беруші табыс еткен күннен басталады.

      17. Уәкілетті орган тексерген мәліметтер осы Ережеге 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша шарттардың тізіліміне енгізіледі.

      18. Тапсырыс беруші уәкілетті органға шарттың өзгеруі туралы мәліметтерді немесе шарттың қолданылуын тоқтату туралы (орындалуы немесе орындалмауы туралы) мәліметтерді табыс еткен жағдайда, уәкілетті орган шарттардың тізіліміндегі жазба нөміріне қосылатын әріптік кодты (а, b, с, d және тағы басқа) өзгертеді және тізілімдегі жазбаны жаңартуды жүзеге асырады.

      19. Шарттардың тізіліміне шарт (оның өзгеруі) туралы мәліметтерді енгізген күннен кейінгі күннен кешіктірмей уәкілетті орган тапсырыс берушіні тиісті мәліметтердің шарттардың тізіліміне енгізілгені туралы хабардар етеді және тізілімдегі жазбаға берілген нөмірді және өзгерістің реттік нөмірін көрсетеді .

      20. Шарт (оның өзгеруі) туралы мәліметтерді немесе шарттың қолданылуын тоқтату туралы (орындалуы немесе орындалмауы туралы) мәліметтерді уәкілетті орган тапсырыс берушіден тиісті мәліметтер түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей мемлекеттік сатып алу туралы республикалық веб-сайтта орналастырады.

      21. Шарттардың тізіліміне енгізілген шарт (оның өзгеруі) туралы мәліметтер және (немесе) шарттың қолданылуын тоқтату туралы (орындалуы немесе орындалмауы туралы) мәліметтер шарттың қолданылуын тоқтату туралы (орындалуы немесе орындалмауы туралы) мәліметтерді оған енгізген күннен бастап үш жыл бойы шарттардың тізілімінде сақталады.

      22. Көрсетілген мерзім өткен соң шарттардың тізілімінен шығарылған шарт (оның өзгеруі) туралы мәліметтер немесе шарттың қолданылуын тоқтату туралы (орындалуы немесе орындалмауы туралы) мәліметтер заңнамада белгіленген тәртіппен электрондық және қағаз түрінде сақталады.

  Параграф 4. Мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың
тізілімі

      23. Тапсырыс берушілер әлеуетті өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы соттың шешімі заңды күшіне енгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде осы Ережеге 8-қосымшаға сәйкес мұндай өнім беруші туралы мәліметтерді уәкілетті органға береді.

      24. Тізілімді жүргізу осы Ережеге 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жүзеге асырылады.

      25. Тізілімге мәліметтерді енгізген кезде:
      1) жазбаның нөмірі және жосықсыз қатысушы туралы мәліметтерді уәкілетті органның тізілімге енгізген күні;
      2) заңды тұлғаның атауы немесе жеке тұлғаның тегі, аты және әкесінің аты;
      3) заңды тұлғаның орналасқан орны немесе жеке тұлғаның тұрғылықты жері туралы мәліметтер:
      заңды тұлға үшін - елі, почталық индексі, елдің, елді мекеннің әкімшілік-аумақтық бөліну бірлігінің және көшесінің атауы, үйінің (иелігінің), корпусының (құрылысының) және офисінің нөмірі;
      жеке тұлға үшін - елі, почталық индексі, елдің, елді мекеннің әкімшілік-аумақтық бөліну бірлігінің және көшесінің атауы, үйінің (иелігінің), корпусының (құрылысының) және жеке тұлғаның тұрғылықты жері бойынша тіркелген пәтерінің нөмірі;
      4) салық төлеушінің тіркеу нөмірі (СТН) немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН) (заңды тұлға үшін), жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) (жеке тұлға үшін);
      5) конкурстың өткізілген, конкурстың қорытындылары шығарылған, өнім берушіні жосықсыз деп тану туралы соттың шешімі заңды күшіне енген күні;
      6) растаушы құжаттың деректемелері: өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы сот шешімі;
      7) мемлекеттік сатып алу шарты туралы мәліметтер: мемлекеттік сатып алу қорытындылары бойынша жасалған мемлекеттік сатып алу туралы шарттардың тізілімдегі жазбаның нөмірі (егер шарт жасалса), тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) атауы, тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін кызметтердің жіктеуіш бойынша коды, шарттың валютасы, жасалған шарттың бағасы, шарттың орындалған мерзімі;
      8) мемлекеттік сатып алу туралы шарттың қолданылуы тоқтатылатын шартты бұзу туралы соттың шешімі шығарылған күні көрсетіледі.

      26. Жосықсыз өнім беруші туралы мәліметтер қамтылған тізілімдегі жазбаны уәкілетті орган Заңда белгіленген мерзім аяқталған күннен бастап бір күннен кешіктірмей тізілімнен шығарады.

Мемлекеттік сатып алу саласында
тізілімдерді қалыптастырудың
және оны жүргізудің ережесіне
1-қосымша       

      Тапсырыс беруші (оның өзгеруі) туралы мәліметтер

Р/с
N

Тапсырыс
берушінің
атауы

Тапсырыс
берушінің
орналасқан
жері

СТН/
БСН

Тапсырыс берушінің
әділет органдарында
мемлекеттік тіркелгені
туралы құжаттың
нөмірі мен күні

1

2

3

4

5

  

  

  

  

  

Мемлекеттік сатып алу саласында
тізілімдерді қалыптастырудың
және оны жүргізудің ережесіне
2-қосымша      

Тапсырыс берушілердің тізілімі

Р/с
N

Тізілім-
дегі
жазбаның
нөмірі

Өзгеріс
-тің
нөмірі

Тапсырыс
беруші-
нің
атауы

Тапсырыс
беруші-
нің ор-
наласқан
жері

СТН
/
БСН

Тапсырыс
берушінің
әділет
органдарын-
да мемле-
кеттік
тіркелгені
туралы
құжаттың
нөмірі
мен күні

1

2

3

4

5

6

7

  

  

  

  

  

  

  

Мемлекеттік сатып алу саласында
тізілімдерді қалыптастырудың
және оны жүргізудің ережесіне
3-қосымша          

  Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді тізілімге
     (жіктеуішке) енгізу үшін тапсырыс берушілер ұсынатын
                        мәліметтер

Өлшем
бірлігі

Тауардың, жұмыстың, көрсетілетін
қызметтің атауы

  

  

Мемлекеттік сатып алу саласында
тізілімдерді қалыптастырудың
және оны жүргізудің ережесіне
4-қосымша         

   Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізілімі
                        (жіктеуіші)

Р/с
N

Код жолы

Өлшем
бірлігі

Тауардың, жұмыстың,
көрсетілетін
қызметтің атауы

Тауар (G),
жұмыс (R),
көрсетілетін
қызмет (S)

  

  

  

  

  

Мемлекеттік сатып алу саласында
тізілімдерді қалыптастырудың
және оны жүргізудің ережесіне
5-қосымша       

  Мемлекеттік сатып алу туралы шарт (оның өзгеруі) туралы
                        мәліметтер

20__ жылғы«"__" _____

Тапсырыс
берушінің атауы ________________________________
                                                  _______
                                            CТН  |       |
                                            БСН) |_______|
                ________________________________
Мәліметтің түрі ________________________________ 
                   (бастапқы, өзгертілген)

Шартты қаржыландыру көзі:
(керегін көрсетіңіз)       _____________________
                           _____________________
                           _____________________
Мемсатып алудың орындалу
тәсілі                      _____________________
Мемлекеттік сатып алудың қорытындысы шығарылған   _______
күн                                              |_______|
Шартты жасасудың негіздемесін растайтын құжаттың деректемелері
_________________________________________________
      (күні, құжаттың нөмірі, атауы)
Аумақтық қазынашылық бөлімшелерде шартты тіркеу туралы мәліметтер
(мемлекеттік мекемелер үшін)

__________________________________________________
(өтінім нөмірі мен тіркеу күнін қоса алғанда,
тіркеу туралы хабарламаның деректемелері)
                       _____                    ______
Шартты жасасқан күн   |_____| Шарттың нөмірі   |______| 
Шарттың бағасы,       |     | ВЖС бойынша шарт |      |
теңгемен              |_____| валютасының коды |______|
Шарттың орындалу      |_____| (ҚР АК 07 ISO 4217-2001)
мерзімі
Мемлекеттік сатып алуды өткізу туралы           _______
хабарламаның нөмірі                            |_______|

         I бөлім. Бюджет қаражаты есебінен

Қазақстан
Республикасы
бюджеттік
жіктеуішінің
коды

Шарттың сомасы (теңгемен)

20_
жылға

20_
жылға

20_
жылға

20_
жылға

20_
жылға

20_
жылға

1

2

3

4

5

6

7

  

  

  

  

  

  

  

Жиыны

  

  

  

  

  

  

       II бөлім. Бюджеттен тыс қаражат есебінен

Шығыстардың
экономикалық
жіктеуішінің
коды/ерекше-
лік коды

Шарттың сомасы, теңге

20_
жылға

20_
жылға

20_
жылға

20_
жылға

20_
жылға

20_
жылға

  1

3

 4 

 5 

6

7

  

  

  

  

  

  

  

Жиыны

  

  

  

  

  

  

              III бөлім. Шарттың мәні

Р/с
N

Тауардың,
жұмыстың,
көрсеті-
летін
қызметтің
атауы

Жіктеуіш
бойынша
өнімнің
коды

Бір
бірлік
бағасы,
теңге

Саны

Сомасы,
теңге

Жиыны

1

2

3

4

5

6

7

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

         IV бөлім. Шарт бойынша өнім берушілер
      (орындаушылар, мердігерлер) туралы ақпарат

Р/с
N

Заңды
тұлғаның
атауы
(жеке
тұлғаның
Т.А.Ә.)

Орналасқан жері
(тұрғылықты жері)

СТН
(БСН,
ЖСН)

Мәрте-
бесі

Телефо-
ны
(факс)

Елінің
атауы

Елінің
коды
( ҚР
АК 06
ISO
3166.
12001
)

ме-
кен-
жайы

1

2

3

4

5

6

7

8

  

  

  

  

  

  

  

  

Басшы _________________ _______________________
      (қолы)            (қолдың толық жазылуы)
20__ жылғы "__" _________

Мәліметтерді қабылдау туралы шарттардың тізілімін
жүргізуге уәкілетті органның белгісі

Жауапты орындаушы
_____________ ____________ ________________________
(лауазымы)     (қолы)     (қолдың толық жазылуы)

20__ жылғы "__" _________

"Тапсырыс берушімен жасалған мемлекеттік шарт (оның өзгеруі) туралы мәліметтер" құжатының нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулар

      "Тапсырыс берушімен жасалған мемлекеттік сатып алу шарты (оның өзгеруі) туралы мәліметтер" (бұдан әрі - мәліметтер) құжатының нысанын толтыру былайша жүзеге асырылады.
      Атаудан кейін мәтін форматында құжатты толтырған күні көрсетіледі. Бұл ретте, код жазылатын аймақта сол күн "күні, айы, жылы" (00.00.0000, мысалы, 28.10.2007) форматында көрсетіледі.
      "Тапсырыс берушінің атауы" деген жолда тапсырыс берушінің, сондай-ақ тапсырыстарды орналастыруға көрсетілген мемлекеттік билік органдары немесе жергілікті өзін-өзі басқару органдары уәкілеттік берген бюджет қаражатын алушылардың толық атауы көрсетіледі.
      "СТН (БСН)" деген жолдың код жазылатын аймағында салық төлеушінің тіркеу нөмірі - немесе тапсырыс берушінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі.
      "Мәліметтердің түрі" деген жолда, егер шарт туралы мәліметтерді мемлекеттік сатып алу жөніндегі уәкілетті органға табыс ету бірінші рет жүзеге асырылса, "бастапқы" деген жазба көрсетіледі. Шарт өзгерген кезде "Мәліметтердің түрі" деген жолда "өзгертілген" деген жазба көрсетіледі. Бұл ретте нысанның барлық жолы толтырылады.
      "Шартты қаржыландырудың көзі" деген жолы 3 кіші жолдан тұрады.
      Кіші жолдың код жазылатын аймағы мәтін бөлігінің мына сәйкестігі және код аймағының мәні ескеріле отырып, толтырылады:
      Республикалық бюджет - 01;
      жергілікті бюджет - 02;
      бюджеттен тыс қаражат - 03;
      меншікті қаражат - 04.
      "Мемлекеттік сатып алудың орындалу тәсілі" деген жол мәтін бөлігінің мына сәйкестігі және код аймағының мәні ескеріле отырып толтырылады:
      ашық конкурс - 1;
      баға ұсыныстарын сұрату - 2;
      бір көзден алу - 3;
      ұйымдастырылған электрондық сауда-саттықта - 4;
      ашық тауар биржалары арқылы - 5;
      айрықша тәртіп - 6;
      арнайы тәртіп - 7;
      шарттың өзгеруі - 8.
      "Конкурстың қорытындысы, баға ұсыныстарын сұрату қорытындылары немесе тауар биржасындағы сауда-саттықтың қорытындылары шығарылған күн" деген жолдың код жазылатын аймағында "күні, айы, жылы" (00.00.0000) форматында күні көрсетіледі.
      "Шартты жасасу негіздемесін растайтын құжаттың деректемелері" деген жолда "күні, айы, жылы" (00.00.0000) форматында күні, құжаттың нөмірі мен атауы (мысалы, N 54, конкурс қорытындылары хаттамасы) көрсетіледі.
      "Аумақтық қазынашылық бөлімшелерде шарттарды тіркеу туралы мәліметтер (мемлекеттік мекемелер үшін)" деген жолда өтінім нөмірі мен тіркеу күнін қоса алғанда, тіркеу туралы хабарламалардың деректемелері көрсетіледі.
      "Шартты жасасқан күн" деген жолдың код жазылатын аймағында "күні, айы, жылы" (00.00.0000) форматында күні көрсетіледі.
      "Шарттың нөмірі" деген жолдың код жазылатын аймағында тапсырыс беруші қолданатын шарттардың нөмірлерін беру рәсіміне сәйкес шартқа берілген нөмір көрсетіледі.
      "Шарттың бағасы теңгемен" деген жолдың код жазылатын аймағында бөлшек сан болған жағдайда, бұл бөлік нүктемен бөлінеді.
      "ВЖС бойынша шарт валютасының коды" деген жолдың код жазылатын аймағында валюта жіктеуішке сәйкес шарт валютасының коды көрсетіледі.
      "Шарттың орындалу мерзімі" деген жолдың код жазылатын аймағында "айы, жылы" (00.0000) форматында шарттың талаптарына сәйкес шарттың қолданылуын аяқтаудың жоспарлы күні көрсетіледі.
      "Мемлекеттік сатып алуды өткізу туралы хабарламаның нөмірі" деген жолдың код жазылатын аймағында ресми баспа басылымында және тапсырыс берушінің веб-сайтында конкурсты өткізу туралы хабарламаға берілген нөмір, тапсырыс берушінің веб-сайтында баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алуды өткізу туралы хабарламаға берілген нөмір көрсетіледі.

Негізгі бөлік I бөлім. Бюджет қаражаты есебінен

      1-бағанда Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасы бюджеттік жіктеуішінің 12 мәнді коды көрсетіледі.
      2-7-бағандарда Қазақстан Республикасы бюджеттік жіктеуішінің әрбір коды бойынша шарттың талаптарын ескере отырып, тиісті жылдарға тапсырыс беруші жоспарлаған төлемдердің сомасы теңгемен көрсетіледі.
      "Жиыны" деген жолда Қазақстан Республикасы бюджеттік жіктеуішінің барлық кодтары бойынша тиісті жылдарға жоспарланған төлемдердің жиынтық сомасы көрсетіледі.

II бөлім. Бюджеттен тыс қаражат, меншікті қаражат есебінен

      1-бағанда мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен қаражат үшін - бюджет шығыстарының экономикалық жіктеуішінің коды, демеушілік, қайырымдылық көмектен түскен қаражат үшін (тек мемлекеттік мекемелер үшін) - ерекшелік коды көрсетіледі.
      2-7-бағандарда бюджет шығыстарының экономикалық жіктеуішінің әрбір коды бойынша шарттың талаптарын ескере отырып, тиісті жылдарға жоспарланған төлемдердің сомасы теңгемен (бұл ретте бөлшек сан нүктемен бөлінеді) көрсетіледі.
      "Жиыны" деген жолда бюджет шығыстарының экономикалық жіктеуішінің барлық кодтары бойынша тиісті жылдарға жоспарланған төлемдердің жиынтық сомасы теңгемен көрсетіледі.

III бөлім. Шарттың мәні

      1-бағанда шартқа сәйкес тапсырыс беруші сатып алатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің реттік нөмірі көрсетіледі.
      2-бағанда шартқа сәйкес тапсырыс беруші сатып алатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің атауы көрсетіледі.
      3-бағанда Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің жалпы жіктеуішіне сәйкес 2-бағанда аталған тауарлардың коды көрсетіледі.
      4-бағанда тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің бірлігіне теңгемен (нүктеден кейін екінші ондық белгіге дейінгі дәлдікпен) бағасы көрсетіледі.
      5-бағанда 4-бағанда аталған тауарлардың өлшеу бірлігіне сәйкес тауарлардың саны көрсетіледі.
      6-бағанда шарттың талаптарына сәйкес тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің әрбір атауы бойынша (нүктеден кейін екінші ондық белгіге дейінгі дәлдікпен) сомасы теңгемен көрсетіледі.
      7-бағанда "Жиыны" деген жолда шарттың талаптарына сәйкес тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің барлық атауы бойынша (нүктеден кейін екінші ондық белгіге дейінгі дәлдікпен) жиынтық сомасы теңгемен көрсетіледі.

IV бөлім. Шарт бойынша өнім берушілер туралы ақпарат

      1-бағанда шартқа сәйкес өнім берушінің реттік нөмірі қойылады.
      2-бағанда шартқа сәйкес тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді беруші заңды тұлғаның толық атауы немесе жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты көрсетіледі.
      3-бағанда заңды тұлғалар үшін - өнім берушінің елінің атауы және орналасқан жері және жеке тұлғалар үшін - тұрғылықты жері бойынша жеке тұлға тіркелген тұрғылықты жері көрсетіледі.
      4-бағанда әлем елдерінің жіктеуішіне (ҚР АК 06 ISO 3166.12001) сәйкес 3-бағанда көрсетілген елдің коды көрсетіледі.
      5-бағанда заңды тұлғалар үшін - почталық индексі, Қазақстан Республикасы субъектісінің, қаланың (елді мекеннің), көшенің атауы, үйдің, офистің (егер болса) нөмірі және жеке тұлғалар үшін - почталық индексі, Қазақстан Республикасы субъектісінің, жеке тұлғаның тұрғылықты жері бойынша тіркелген қаланың (елді мекеннің), көшенің атауы, үйдің, пәтерінің нөмірі көрсетіледі.
      6-бағанда заңды тұлғалар үшін - салық төлеушінің - өнім берушінің тіркеу нөмірі (СТН) немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірі БСН), жеке тұлғалар үшін - жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) көрсетіледі.
      7-бағанда мәтін бөлігімен мына сәйкестікті және код аймағының мәнін ескере отырып, заңнамада көзделген мемлекеттік қолдауға құқық беретін (болған кезде) өнім беруші мәртебесінің коды көрсетіледі:
      шағын кәсіпкерлік субъектісі - 1;
      қылмыстық-түзеу жүйесінің мекемесі - 2;
      республикалық қоғамдық мүгедектер ұйымдары - 3.
      8-бағанда өнім берушінің телефоны және факсі (болған кезде) көрсетіледі.

Ресімдеуші бөлік

      "Басшы" деген жолда тапсырыс беруші басшысының қолы қойылады және оның қолының толық жазылуы (тегі, аты, әкесінің аты) беріледі. Сондай-ақ тапсырыс беруші басшысының мәліметтерге қол қойған күні көрсетіледі. Мәліметтер электрондық түрде табыс етілген жағдайда, басшының қолы электрондық сандық қолтаңбамен немесе өз қолының өзге де ұқсас таңбасымен ауыстырылады.

Мемлекеттік сатып алу саласында
тізілімдерді қалыптастырудың
және оны жүргізудің ережесіне
6-қосымша          

          Мемлекеттік сатып алу туралы шарттың қолданылуын
            тоқтату туралы (орындалуы туралы) мәліметтер

20__ жылғы«"__" _____

    ____________________________________________________________
                (тапсырыс берушінің атауы)
                                        _______
                                   СТН |       |
                                  (БСН)|_______|
                     Шарт жасасқан күн |_______|
                        Шарттың нөмірі |_______|
           Тізілімдегі жазбаның нөмірі |_______|

                  I бөлім. Шартты орындау

Күні

Негізі

1

2

  

  

               II бөлім. Шарттың қолданылуын тоқтату

Тапсырыс беруші іс
жүзінде төледі, теңге

Күні

Негізі және себеп

1

2

3

  

  

  

Басшы _________________ _______________________
      (қолы)            (қолдың толық жазылуы)
20__ жылғы "__" _________ 

Мәліметтерді қабылдау туралы шарттардың тізілімін
жүргізуге уәкілетті органның белгісі
Жауапты орындаушы
_____________ ____________ ________________________
(лауазымы)     (қолы)     (қолдың толық жазылуы)

20__ жылғы "__" _________

"Шарттың қолданылуын тоқтату туралы (орындалуы немесе
орындалмауы туралы) мәліметтер" құжатының нысанын
толтыру жөніндегі нұсқаулар

      "Шарттың қолданылуын тоқтату туралы (орындалуы немесе орындалмауы туралы) мәліметтер" (бұдан әрі - мәліметтер) құжатының нысанын толтыру былайша жүзеге асырылады.

Тақырып бөлігі

      Атаудан кейін мәтін түрінде құжаттың толтырылған күні көрсетіледі, бұл ретте код жазылатын аймақта сол күн "күні, айы, жылы" (00.00.0000) форматында көрсетіледі.
      "Тапсырыс берушінің атауы" деген жолда тапсырыс берушінің толық атауы көрсетіледі.
      "СТН (БСН)" деген жолдың код жазылатын аймағында салық төлеушінің - тапсырыс берушінің тіркеу нөмірі немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі.
      "Шартты жасасқан күн" деген жолдың код жазылатын аймағында шарттың қолданылуын тоқтату туралы (орындалуы немесе орындалмауы туралы) мәліметтер "күні, айы, жылы" (00.00.0000) форматында шартты жасасқан күн көрсетіледі.
      "Шарттың нөмірі" деген жолдың код жазылатын аймағында шарттың қолданылуын тоқтату туралы (орындалуы немесе орындалмауы туралы) мәліметтер табыс етілетін шарттың нөмірі көрсетіледі.
      "Тізілім жазбасының нөмірі" деген жолдың код жазылатын аймағында мемлекеттік сатып алу жөніндегі уәкілетті орган берген тізілімдегі жазбаның нөмірі көрсетіледі.

Негізгі бөлік

I бөлім. Шарттың орындалуы

      I бөлім шарт орындалған жағдайда толтырылады.
      1-бағанда шарттың орындалған күні көрсетіледі.
      2-бағанда шарттың орындалуын растайтын құжаттың күні, нөмірі және атауы көрсетіледі.

II бөлім. Шарттың қолданылуын тоқтату

      II бөлім шарттың бұзылуына байланысты немесе өзге де себептер бойынша қолданылуын тоқтатқан жағдайда толтырылады.
      1-бағанда теңгемен не шартта көрсетілген валютада (бұл ретте бөлшек сан нүктемен бөлінеді) төлемдер шартына ақы төлеу есебіне жүзеге асырылған сома көрсетіледі.
      2-бағанда "күні, айы, жылы" (00.00.0000) форматында өзге де себептер бойынша шарттың қолданылуы тоқтатылған (орындалған немесе орындалмаған) күні көрсетіледі.
      3-бағанда шарттың бұзылуына байланысты немесе өзге де себептер бойынша шарттың тоқтатылу негізі және себебі көрсетіледі.

Ресімдеуші бөлік

      "Басшы" деген жолда тапсырыс беруші басшысының қолы қойылады және оның қолының толық жазылуы (тегі, аты, әкесінің аты) беріледі. Сондай-ақ тапсырыс беруші басшысының мәліметтерге қол қойған күні көрсетіледі. Мәліметтер электрондық түрде табыс етілген жағдайда, басшының қолы электрондық сандық қолтаңбамен немесе өз қолының өзге де ұқсас таңбасымен ауыстырылады.

Мемлекеттік сатып алу саласында
тізілімдерді қалыптастырудың
және оны жүргізудің ережесіне
7-қосымша          

Шарттардың тізілімі

Тізі-
лім-
дегі
жаз-
баның
нөмі-
рі*

Жазба-
ның
соңғы
өзгер
-ген
күні

Тапсырыс
беруші

Шартты
қаржы-
лан-
дыру
көзі

Мемл.
сатып
алуды
орын-
дау
тәсілі

Мемл.
сатып
алуды
өткізу
туралы
хабар-
лама-
ның
нөмірі

Мемл.
сатып
алу
қоры-
тынды-
лары
шыға-
рылған
күн

Шартты
жаса-
судың
негі-
зін
рас-
тайтын
құжат-
тың
дерек-
теме-
лері

Шарт

атауы

CТН
/
БСН

күні

нөмі
-рі

1

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

 

Шарттың мәні

Шарт бойынша өнім берушілер
(орындаушылар, мердігерлер) туралы
ақпарат

тауар-
лардың,
жұмыс-
тардың,
көрсе-
тілетін
қызмет-
тердің
атауы

жікте-
уіш
бойын-
ша
өнім-
нің
коды

бір
бір-
лік
баға-сы,
теңге

саны

сома-
сы,
теңге

заңды
тұлға-
ның
атауы
(жеке
тұлға-
ның
Т.А.Ә.
)

орна-
ласқан
жері
(тұр-
ғылық-
ты
жері)

СТН
(БСН,
ЖСН)

мәрте-
бесі

телефо-
ны (факс)

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

 

Шарттың орындалу күні

Шарттың қолданылуын тоқтатуы

шарт
бойынша

іс жүзінде

тапсырыс беруші іс
жүзінде төледі,
теңге

күні

негізі және
себебі

23

24

25

26

27

 

 

 

 

 

Ескертпе:
Тізілімдегі жазба нөмірі жиырма цифрдан тұрады, мұндағы бірінші тұрған он екі цифр заңды тұлғалар үшін - салық төлеушінің тіркеу нөмірі (СТН) немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН), жеке тұлғалар үшін - жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН), содан кейінгі екі цифр шарт туралы мәліметтер шарттар тізіліміне енгізілген жылдың соңғы екі цифры және содан кейінгі алты цифр нөмірге сәйкес әрбір шаруашылық субъектіге берілетін, күнтізбелік жыл шегінде жүзеге асырылатын жазбаның реттік нөмірі.

  Мемлекеттік сатып алу саласында
тізілімдерді қалыптастырудың
және оны жүргізудің ережесіне
8-қосымша       

Мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы туралы мәліметтер

Жосықсыз өнім беруші және оның орналасқан жері (тұрғылықты жері) туралы ақпарат

заңды
тұлғаның
атауы немесе
жеке тұлғаның
тегі, аты,
әкесінің
аты 

елі

почталық
индексі,
елдің, елді
мекеннің
әкімшілік-
аумақтық
бөліну
бірлігінің
атауы (заңды
тұлға)

көшесі, үйінің
(иелігінің),
корпусының
(құрылысының),
офисінің,
пәтерінің
нөмірі
(жеке тұлға)

СТН/
БСН,
ЖСН

1

2

3

4

5

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

 

Өткізілген конкурстар туралы
мәліметтер

Шарт туралы мәліметтер

Шарт-
ты
бұзу
үшін
негіз

Шарт-
тың
қол-
даны-
луы
тоқ-
таты-
латын
күн

құжат-
тар-
дың
дерек-
теме-
лері,
кон-
курсты
өткізу,
кон-
курстың
қоры-
тын-
дыларын
шығару
күні

орын-
дал-
маған
немесе
тиісін
-ше
орын-
далма-
ған
мемле-
кеттік
шарт-
тың
орын-
дал-
ған
күні

мемле-
кеттік
сатып
алу
туралы
шарт-
тың
тізі-
лім-
дер-
дегі
жаз-
басы-
ның
нөмірі

тауар
-лар-
дың
(жұмыс
-тар-
дың,
көрсе
-тіле
-тін
қыз-
мет-
тер-
дің)
атауы

тауар
-лар-
дың,
жұмыс
-тар-
дың,
көрсе
-тіле
-тін
қыз-
мет-
тер-
дің
жік-
теуіш
бойын-ша
коды

Шарт-
тың
валю-
тасы

Шарт-
тың
баға-
сы

Шарт-
тың
орын-
далу
мер-
зімі
(айы,
жылы)

 

 

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                        Мемлекеттік сатып алу саласында
тізілімдерді қалыптастырудың
және оны жүргізудің ережесіне
9-қосымша       

     Мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімі

Тізілім-
дегі
жазбаның
нөмірі
және
тізілім-
ге
мәлімет-
тердің
енгізіл-
ген күні

Жосықсыз өнім беруші және оның
орналасқан жері (тұрғылықты
жері) туралы ақпарат

Өткізілген
конкурстар
туралы
мәліметтер

заңды
тұлға-
ның
атауы
немесе
жеке
тұлға-
ның
тегі,
аты,
әкесі-
нің
аты  

елі

почта-
лық ин-
дексі,
елдің,
елді
мекен-
нің
әкімші-
лік-
аумақ-
тық
бөліну
бірлі-
гінің
атауы
(заңды
тұлға)

көшесі,
үйінің
(иелі-
гінің),
корпу-
сының
(құры-
лысы-
ның),
офисі-
нің,
пәте-
рінің
нөмірі
(жеке
тұлға)

СТН/
БСН,
ЖСН

құжат-
тардың
дерек-
теме-
лері,
конкурс-
тың
өткіз-
ілген,
конкурс-
тың
қоры-
тынды-
лары
шыға-
рылған
күні

орындал-
маған
немесе
тиісінше
орындал-
маған
мемле-
кеттік
шарттың
жасалған
күні

1

3

4

5

6

7

8

9

  

  

  

  

  

  

  

  

 

Шарт туралы мәліметтер

Шартты
бұзу
үшін
негіз

Шарттың
қолданылуы
тоқтатыла-
тын күн

мемле-
кеттік
сатып
алу
туралы
шарт-
тың
тізі-
лім-
дерде-
гі
жазба-
сының
нөмірі

тауар-
лардың
(жұмыс
-тар-
дың,
көрсе-
тіле-
тін
қызмет
-тер-
дің)
атауы

тауар-
лар-
дың,
жұмыс-
тар-
дың,
көрсе-
тіле-
тін
қызмет
-тер-
дің
жік-
теуіш
бойын-
ша
коды

шарт-
тың
валю-
тасы

шарт-
тың
бағасы

шарт-
тың
орын-
далу
мерзі-
мі
(айы,
жылы)

10

11

12

13

14

15

16

17