Уларды өндіру, өңдеу, сатып алу, сақтау, өткізу, пайдалану, жою жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 қарашадағы N 1137 Қаулысы

Жаңартылған

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.06.12 № 782 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк жиырма бiр күн еткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.

      "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

      1. Қоса беріліп отырған:
      1) алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2012.06.12 № 782 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк жиырма бiр күн еткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен;
      2) уларды өндіру, өңдеу, сатып алу, сақтау, өткізу, пайдалану, жою жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.06.12 № 782 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк жиырма бiр күн еткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.

      2. "Өнеркәсіп саласындағы қызметтің лицензияланатын түрлеріне қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 10 мамырдағы N 556 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 18, 189-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген өнеркәсіп саласындағы қызметтің лицензияланатын түрлеріне қойылатын біліктік талаптарындағы сегізінші абзац алынып тасталсын;
      "Уларды өндіруді, қайта өңдеуді, тасымалдауды, сатып алуды, сақтауды, сатуды, пайдалануды және жоюды жүзеге асыратын шаруашылық жүргізуші субъектілерге қойылатын біліктілік талаптары" деген бөлім алынып тасталсын.

      3. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап жиырма бір күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2007 жылғы 27 қарашадағы
N 1137 қаулысымен 
бекітілген    

Уларды өндіру, өңдеу, сатып алу, сақтау, өткізу, пайдалану, жою жөніндегі қызметті лицензиялау ережесі

      Ескерту. Ереже алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2012.06.12 № 782 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк жиырма бiр күн еткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің    
2007 жылғы 27 қарашадағы
N 1137 қаулысымен 
бекітілген    

Уларды өндіру, өңдеу, сатып алу, сақтау, өткізу, пайдалану, жою жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары

      Ескерту. Біліктілік талаптары жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.06.12 № 782 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк жиырма бiр күн еткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.

       1. Уларды өндіру, өңдеу, сақтау, өткізу, жою жөніндегі кіші қызмет түрін лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптары мыналардың болуын қамтиды:
      1) мыналардың болуын қамтитын жеке меншік құқығындағы өндірістік-техникалық база:
      технологиялық желі;
      сынақ зертханасы;
      мамандандырылған өндірістік ғимарат;
      арнайы жабдықталған қойма;
      жұмыс істейтін персоналды орналастыруға арналған қызметтік үй-жай;
      2) уларды дайындауға және өңдеуге арналған технологиялық регламент;
      3) мыналарды:
      жабдықтарды, механизмдерді, технологиялық желілерді пайдалану мен техникалық қызмет көрсетуді;
      еңбек қауіпсіздігін бақылау мен қоршаған ортаны қорғауды;
      медициналық бақылауды;
      метрологиялық бақылауды;
      улардың есепке алынуын қамтамасыз ететін қызметтер;
      4) тиісті арнайы білімі, мамандығы бойынша кемінде бір жыл практикалық жұмыс тәжірибесі бар, өнеркәсіп қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті орган аттестаттаған оқу ұйымында өнеркәсіптік қауіпсіздік ережесін оқудан және білімін тексеруден өткен мамандардың, инженерлік-техникалық қызметкерлердің және улармен жұмыс істейтін жұмысшы персоналдың білікті құрамы;
      5) күзет қызметіне арналған лицензия немесе өндірістік-техникалық базаны күзетуге күзет қызметіне лицензиясы бар мамандандырылған ұйыммен шарт;
      6) арнайы қорғаныш киімі, жеке қорғаныш құралдары;
      7) ұйымның басшысы бекіткен уларды өндіру, өңдеу, сақтау, өткізу, жою жұмыстарын жүргізу кезінде ықтимал аварияларды жою жоспары;
      8) ұйымның басшысы бекіткен уларды өндіру, өңдеу, сақтау, өткізу, жою жұмыстарын қауіпсіз жүргізу бойынша нұсқаулық.
      2. Уларды сатып алу, сақтау, өткізу, пайдалану жөніндегі кіші қызмет түрін лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптары мыналардың болуын қамтиды:
      1) мыналардың болуын қамтитын жеке меншік құқығындағы немесе өзге де заңды негіздегі өндірістік-техникалық база:
      сынақ зертханасы;
      арнайы өндірістік ғимарат;
      өндірістің техникалық жобасына сәйкес уларды сақтауға арналған арнайы жабдықталған қойма (үй-жай) немесе мамандандырылған сыйымдылық;
      жұмысшы персоналды орналастыруға арналған қызметтік үй-жай;
      3) мыналарды:
      жабдықтарды, механизмдерді, технологиялық желілерді пайдалану мен техникалық қызмет көрсетуді;
      еңбек қауіпсіздігін бақылау мен қоршаған ортаны қорғауды;
      медициналық бақылауды;
      метрологиялық бақылауды;
      улардың есепке алынуын қамтамасыз ететін қызметтер;
      3) тиісті арнайы білімі мамандығы бойынша кемінде бір жыл практикалық жұмыс тәжірибесі бар, өнеркәсіп қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті орган аттестаттаған оқу ұйымында өнеркәсіптік қауіпсіздік ережесін оқудан және білімін тексеруден өткен мамандардың, инженерлік-техникалық қызметкерлердің және улармен жұмыс істейтін жұмысшы персоналдың білікті құрамы;
      4) күзет қызметіне арналған лицензия немесе күзетуге өндірістік-техникалық базаның иесі мен күзет қызметіне лицензиясы бар мамандандырылған ұйымның арасындағы шарттың көшірмесі;
      5) арнайы қорғаныш киімі, жеке қорғаныш құралдары;
      6) ұйымның басшысы бекіткен уларды сатып алу, сақтау, өткізу, пайдалану жұмыстарын жүргізу кезінде ықтимал аварияларды жою жоспары;
      7) ұйымның басшысы бекіткен уларды сатып алу, сақтау, өткізу, пайдалану жұмыстарын қауіпсіз жүргізу бойынша нұсқаулық.
      3. Уларды сатып алу, сақтау, өткізу жөніндегі кіші қызмет түрін лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптары мыналардың болуын қамтиды:
      1) жеке меншік құқығында уларды сақтауға арналған арнайы жабдықталған қойма;
      2) мыналарды:
      еңбек қауіпсіздігін бақылау мен қоршаған ортаны қорғауды;
      медициналық бақылауды;
      улардың есепке алынуын қамтамасыз ететін қызметтер;
      3) тиісті арнайы білімі, мамандығы бойынша кемінде бір жыл практикалық жұмыс тәжірибесі бар, өнеркәсіптік қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органда аттестаттаған оқу ұйымында өнеркәсіптік қауіпсіздік ережесін оқудан және білімін тексеруден өткен мамандардың, инженерлік-техникалық қызметкерлердің және улармен жұмыс істейтін жұмысшы персоналдың білікті құрамы;
      4) күзет қызметіне арналған лицензия немесе арнайы жабдықталған қойманы күзетуге күзет қызметіне лицензиясы бар мамандандырылған ұйыммен шарт;
      5) арнайы қорғаныш киімінің, жеке қорғаныш құралдары;
      6) ұйымның басшысы бекіткен уларды сатып алу, сақтау, өткізу жұмыстарын қауіпсіз жүргізу бойынша нұсқаулық.