Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "2007 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 желтоқсандағы N 1220 қаулысына мынадай толықтыру мен өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулыға 4-қосымшада :
"Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер" деген 7-тармақта:
Тікелей нәтижеде:
жетінші абзац "түптеу аппараты" деген сөздерден кейін "1 дана, 1 дана әмбебап сканер, 1 дана әмбебап қолмен жылжытқыш, 1 дана объективтер жиынтығы, 1 дана фотоаппарат үшін объектив, 1 дана сканерлеу модулі, 1 дана компьютермен қосатын бақылағыш;" деген сөздермен толықтырылсын;
оныншы абзацта "веб-сайтты жаңарту және ақпаратпен толтыру үшін құрылымды;" деген сөздер "сканерді басқаруды және бейнелерді өңдеуді бағдарламалық қамтамасыз етуді;" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі