Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 желтоқсандағы N 1220 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 15 қарашадағы N 1086 Қаулысы

Қолданыстағы

      Ветеринариялық зертханаларды халықаралық стандарттардың және нормалардың талаптарына сәйкес келтіру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

      1. "2007 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 желтоқсандағы N 1220  қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулыға  111-қосымшада :
      "Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары" деген 6-тармақ кестесінің 5-бағанында:
      реттік нөмірі 1-жолда:
      "кәсіпорнының" деген сөзден кейінгі "типті" деген сөз "бір типті модульдік облыстық" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "типті ветеринариялық зертханаларын қайта жаңғырту" деген сөздер "бір типті модульдік аудандық ветеринариялық зертханаларын салу" деген сөздермен ауыстырылсын;
      7-тармақта "типті ветеринариялық зертханалар салуға және ветеринариялық зертханалардың 115 типті ғимараттарын қайта жаңғыртуға және жануарлар үшін 37 үй-жайлар салуға" деген сөздер "бір типті модульдік облыстық ветеринариялық зертханаларда жануарларға арналған 11 үй-жайларымен салуға және 115 бір типті модульдік аудандық ветеринариялық зертханаларды 26 үй-жайларымен салуға" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі