Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 7 маусымдағы N 519 қаулысына толықтырулар мен өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 қазандағы N 1003 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Қазақстан Республикасының телекоммуникация саласын дамытудың 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 7 маусымдағы N 519  қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 22, 214-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының телекоммуникация саласын дамытудың 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасында:
      "Қазақстан Республикасының телекоммуникация саласын дамытудың 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары" деген 8-бөлімде:
      "Тіркелген және ұялы байланысты дамыту" деген 1.3-кіші бөлім:
      мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 1.3.8, 1.3.9-жолдармен толықтырылсын:      

"1.3.8

Жылжымалы радио-
байланысты дамыту тұжырымдамасын әзірлеу

Үкіметке
ақпарат

АБА

2007 жылғы
IV тоқсан 

талап
етілмейді

1.3.9

Қазақстан
Республикасында 3G
стандартты ұялы
ақпарат байланыс
қызметтерін ұсыну
үшін жиілік белдеуін
пайдалануға конкурс
өткізу

Үкіметке
ақпарат

АБА

2008 жылғы
IV тоқсан

талап
етілмейді
 
 
 
 
 
                 ";

      "Радиожиілік спектрін бөлуді жетілдіру" деген 2.3-кіші бөлімнің реттік нөмірі 2.3.10-жолының 6-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
      "2007 жылы - 3*, 2008 жылы - 4*".
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі