Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 17 тамыздағы N 778 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 қазандағы N 938 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 7 тамыздағы N 778  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 30, 330-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу ережесінде:
      2-тармақта "орталық мемлекеттік органдар ведомстволарының," деген сөздер алынып тасталсын;
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Нормативтік құқықтық кесімнің Ереженің 2-тармағында белгіленген өлшемдерге сәйкестігін Әділет министрлігі мен оның аумақтық органдары айқындайды.";
      8-тармақ мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
      "Нормативтік құқықтық кесім бірнеше мүдделі мемлекеттік органмен келісілген (қол қойылған) жағдайда, нормативтік құқықтық кесім мүдделі мемлекеттік органдардың соңғысы келіскен (қол қойған) күннен бастап екі апта ішінде мемлекеттік тіркеуге ұсынылады.";
      9-тармақ мынадай мазмұндағы он бірінші абзацпен толықтырылсын:
      "Нормативтік құқықтық кесімді қабылдаған орган сараптамалық қорытындымен келіспеген жағдайда ілеспе хатта сараптамалық қорытындымен келіспеу себептеріне дәлелді негіздеме келтіруге тиіс.";
      15-тармақтың бірінші абзацы "осы Ережеде" деген сөздерден кейін ", сондай-ақ Нормативтік құқықтық кесімдердің жобаларын ресімдеу және келісу ережесінде" деген сөздермен толықтырылсын;
      16-тармақта "3)" деген сан "4)" деген санмен ауыстырылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі