Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 желтоқсандағы N 1220 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 шілдедегі N 637 Қаулысы

Қолданыстағы

      "Астық туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 19 қаңтардағы Заңы  3-бабының 1) тармақшасына және  10-бабының 4) тармақшасына сәйкес астыққа нарықтық бағаның ұлғаюына байланысты Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "2007 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 желтоқсандағы N 1220  қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулыға 119-қосымшада:
      "Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер" деген 7-тармақтың Қаржылық-экономикалық нәтижесіндегі екінші абзацында "11,0-12,5 мың теңге" деген сөздер "14,0-18,0 мың теңге" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
"ҚазАгро" ұлттық холдингі" акционерлік қоғамымен бірлесіп, заңнамада
белгіленген тәртіппен отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен осы қаулыдан туындайтын келісімдер жасасуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі