Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт комитеті Алматы қаласының "Шаңырақ" шағын ауданындағы "Спорттағы дарынды балаларға арналған республикалық мектеп-интернаты" мемлекеттік мекемесін құру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 19 шілдедегі N 613 Қаулысы

Қолданыстағы

      "Қазақстан Республикасында дене шынықтыру және спортты дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 28 желтоқсандағы N 230  Жарлығына  сәйкес және спорттағы дарынды балалардың жеке қабілеттерін дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт комитеті Алматы қаласының»"Шаңырақ" шағын ауданындағы "Спорттағы дарынды балаларға арналған республикалық мектеп-интернаты" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - мекеме) құрылсын.

      2. Мекеме қызметінің негізгі мәні Қазақстан Республикасы ұлттық құрама командалары үшін спорт резервінің орталықтандырылған даярлығын қамтамасыз ететін ұйымдастыру жағдайын жасау болып белгіленсін.

      3. Мекемені қаржыландыру республикалық бюджетте Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігіне көзделген қаражат есебінен және шегінде жүзеге асырылады деп белгіленсін.

      4. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) мекеменің жарғысын бекітсін және әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
      2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

      5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар енгізілсін:

      1)»"Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелер штат санының лимиттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 5 наурыздағы N 214  қаулысында :
      көрсетілген қаулымен бекітілген республикалық бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелер қызметкерлері штат санының лимиттерінде:
      "Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі" деген 14-бөлімде:
      мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
      "Алматы қаласының»"Шаңырақ" шағын ауданындағы»Спорттағы дарынды балаларға арналған республикалық мектеп-интернаты" 276";

      2)»"Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 26 сәуірдегі N 329  қаулысында  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 15, 145-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
      "Мемлекеттік мекемелер" деген 1-бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 3-1-жолмен толықтырылсын:
      "3-1. Алматы қаласының»"Шаңырақ" шағын ауданындағы»"Спорттағы дарынды балаларға арналған республикалық мектеп-интернаты" мемлекеттік мекемесі".

      6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі