Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2006 жылғы 9 қазандағы N 967 қаулысының күшi жойылды деп тану және Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 наурыздағы N 237 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
      1. "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң шаруашылық жүргiзу құқығындағы "Ұлттық ғылыми медициналық орталық" республикалық мемлекеттiк кәсiпорнын қайта ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 9 қазандағы N 967  қаулысының  (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 2006 ж., N 37, 411-құжат) күшi жойылды деп танылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:

      1) "Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790  қаулысында  (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат): 
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесiнде:
      "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi" деген бөлiмдегi реттiк нөмiрi 9-75-жол алынып тасталсын;

      2) "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 28 қазандағы N 1117  қаулысында  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 41, 529-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесiнде:
      "Мемлекеттiк кәсіпорындар" деген 1-бөлімде реттiк нөмiрi 39-2-жол алынып тасталсын.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі