"Экономиканың мемлекеттiк секторын басқаруда мемлекеттiң мүдделерiн одан әрi қамтамасыз ету жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2006 жылғы 28 қаңтардағы N 50 Жарлығын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай толықтырулар мен өзгерiстер енгiзiлсiн:
1) "Қазақстан Республикасының Бiрыңғай бюджеттiк сыныптамасын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 24 желтоқсандағы N 1362
қаулысында
(Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 50, 648-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Бiрыңғай бюджеттiк сыныптамасында:
бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасында:
12 "Көлiк және коммуникация" функционалдық тобында:
02 "Байланыс жүйелерi" кiшi функциясында:
мынадай мазмұндағы бюджеттiк бағдарламасы бар бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсiмен толықтырылсын:
"220 Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгi
013 Почта-жинақтау жүйесiн дамыту";
2) "2006 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 2005 жылғы 9 желтоқсандағы N 1228
қаулысында
:
көрсетiлген қаулыға 1-қосымшада:
V. "Қаржы активтерiмен жасалатын операциялар бойынша сальдо" бөлiмiнде:
12 "Көлiк және коммуникация" функционалдық тобында:
02 "Байланыс жүйелерi" кiшi функциясында:
603 "Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс агенттiгi" әкiмшiсi бойынша "3480000" деген сандар "2580000" деген сандармен ауыстырылсын;
013 "Почта-жинақтау жүйесiн дамыту" бағдарламасы бойынша "1800000" деген сандар "900000" деген сандармен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
"220 Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгі 900000
013 Почта-жинақтау жүйесiн дамыту 900000";
3) "2006 жылға арналған республикалық бюджеттiк бағдарламалардың паспорттарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 12 желтоқсандағы N 1235
қаулысында
:
көрсетiлген қаулыға
375-қосымшада
:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Құны: 900000 мың теңге (тоғыз жүз миллион теңге).";
5-тармақта:
"145 ауылдық байланыс бөлiмшелерiн салу және техникалық нығайту" деген сөздер "15 ауылдық байланыс бөлiмшелерiн салу" деген сөздермен ауыстырылсын;
"167" деген сандар "37" деген сандармен ауыстырылсын;
"4 почта вагондарын сатып алу жолымен магистральдық тасымалдау жүйесiн жетiлдiру, Астана қаласында есептеу орталығын құру" деген сөздер алынып тасталсын;
6-тармақтың кестесiнде:
5-бағандағы "Ауылдық, қалалық жерде почта инфрақұрылымын дамыту үшiн "Қазпочта" акционерлiк қоғамының жарғылық капиталын ұлғайту және магистральдық тасымалдау жүйесiн жетiлдiру әрi почта-жинақтау қызметтерiн дамыту" деген сөздер "Ауылдық жерде және қалаларда почта инфрақұрылымын дамыту үшiн "Қазпочта" акционерлiк қоғамының жарғылық капиталын ұлғайту." деген сөздермен ауыстырылсын;
6-бағандағы "Жыл бойы" деген сөздер "2006 жылдың 1-тоқсаны" деген сөздермен ауыстырылсын;
7-тармақта:
мәтiндегi "145", "167", "225", "7-10", "9-11", "5-7", "12", "225" деген сандар тиiсiнше "15", "37", "95", "5-8", "7-9", "3-5", "10", "95" деген сандармен ауыстырылсын;
"Тiкелей нәтиже:" деген бiрiншi абзацтағы ", сондай-ақ почта вагондары паркiн жаңарту, Астана қаласындағы есептеу орталығының жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету" деген сөздер алынып тасталсын;
осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес 203-1-қосымшамен толықтырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2006 жылғы 23 қазандағы
N 1015 қаулысына
1-қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
N 1235 қаулысына
203-1-қосымша
220-Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгi
___________________________________________________________
Бюджеттiк бағдарлама әкiмшiсi
2006 жылға арналған
013 "Почта-жинақтау жүйесiн дамыту"
республикалық бюджеттiк бағдарлама
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 900 000 мың теңге (тоғыз жүз миллион теңге).
2. Бюджеттiк бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: "Экономиканың мемлекеттiк секторын басқаруда мемлекеттiң мүдделерiн одан әрi қамтамасыз ету жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2006 жылғы 28 қаңтардағы N 50 Жарлығы; "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2006 жылғы 28 қаңтардағы N 50 Жарлығын iске асыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 23 ақпандағы N 117 қаулысы; "Қазақстан Республикасының почта-жинақтау жүйесiн дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған бағдарламасын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 20 қазандағы N 1077 қаулысы.
3. Бюджеттiк бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджет қаражаты.
4. Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты: сапалы деңгейде почталық және қаржылық қызмет көрсетулердiң кең аясына халықтың және экономиканың нақты секторының еркiн қол жетiмдiлiгiн қамтамасыз етуге қабiлеттi тиiмдi жүйенi қалыптастыру.
5. Бюджеттiк бағдарлама мiндеттерi: ауылдық жерде 96 ауылдық байланыс бөлiмшесiн салу және техникалық нығайту арқылы меншiктiк филиалдық жүйе құру; ауылдық жерде почта байланыс бөлiмшелерiнiң операциялық залдарын 96 комплект көлемiнде өндiрiстiк жиһазбен жабдықтау 1 почта вагонын сатып алу жолымен магистральдық тасымалдау жүйесiн жетiлдiру.
6. Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары:
N
|
Бағдарлама коды |
Кіші бағдарлама коды |
Бағдарламалардың (кіші бағдарламалардың) атауы |
Бағдарламаны іске асыру жөніндегі (кіші бағдарламалар) іс-шаралар |
Іске асыру мерзімі |
Жауапты орындаушылар |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
|
013 |
|
Почта-жинақтау жүйесiн дамыту |
"Самұрұқ" мемлекеттiк активтердi басқару жөнiндегi қазақстандық холдингi" АҚ жарғылық капиталын ұлғайтып, кейiннен қаражатты ауылдық, қалалық жерде почта инфрақұрылымын дамыту үшiн "Қазпочта" АҚ жарғылық капиталын ұлғайтуға бағыттау. |
Жыл бойы |
Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгi |
|
|
|
|
|
|
|
7. Бюджеттiк бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер:
Тiкелей нәтиже: 96 ауылдық почта байланысы бөлiмшесiнiң құрылысын салу және техникалық нығайту және оларды Қазақстан Республикасының Ұлттық банкi және Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгiнiң техникалық нығайту талаптары бойынша сәйкестендiру; ауылдық байланыс бөлiмшелерiн 96 комплект көлемiнде өндiрiстiк жиһазбен жабдықтау, сондай-ақ почта вагондары паркiн жаңарту.
Соңғы нәтиже: 96 жаңадан жарақтандырылған почта байланысы бөлiмшесiнде компьютерлiк және банктiк жабдықтардың бiрыңғай инфо-коммуникациялық кеңiстiкте технологиялық қызметтерге нақты уақыт режимiнде пайдаланушылардың еркiн қолжетiмдiлiгiн қамтамасыз ету үшiн базалық алғы шарттарды құру.
Қаржы-экономикалық нәтижесi: көрсетiлетiн қызметтердiң аясын кеңейту почта-жинақтау жүйесiнiң жалпы табысын 7-9 % өсiруге, және сәйкесiнше Қоғам жұмыскерлерiнiң еңбек ақысының 9-10% өсуiне, бюджетке салықтық түсiмдерiн 5-7% өсуiне ықпал етедi.
Уақтылығы: жасалған келiсiм-шарттар мен құрылыс кестелерiне сәйкес.
Сапасы: нақты уақыт режимiнде қаржылық қызметтер көрсету, пайдаланушылардың Интернетке бағытталған қызметтерге қолжетуi, жаңадан жарақтандырылған почта-жинақтау жүйесiнiң 96 бөлiмшесiнде көрсетiлетiн қызметтердiң аясын 11%-ға кеңейту.