Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Салық комитетiнде мамандандырылған бөлiм құрудың кейбiр мәселелерi туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 7 қыркүйектегі N 852 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
      1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай толықтыру мен өзгерiс енгiзiлсiн:

      1) "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Салық комитетiнiң кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 29 қазандағы N 1127  қаулысында  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 42, 536-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Салық комитетiнiң құрылымында: 
      мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
      "Мамандандырылған бөлiм";

      2) "Штат санының лимиттерiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 24 қаңтардағы N 47  қаулысында :
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген министрлiктердiң, агенттiктер мен ведомстволардың қызметкерлерi штат санының лимиттерiнде:
      "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi" деген реттiк нөмiрi 9-жолда "Штат санының лимитi" деген 3-бағанда:
      "1307" деген сандар "1342" деген сандармен ауыстырылсын;
      "362" деген сандар "397" деген сандармен ауыстырылсын;
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген министрлiктердiң, агенттiктер мен ведомстволардың аумақтық органдары қызметкерлерi штат санының лимиттерiнде:
      "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi" деген реттiк нөмiрi 7-жолда "Штат санының лимитi" деген 3-бағанда:
      "21803" деген сандар "21768" деген сандармен ауыстырылсын;
      "10827" деген сандар "10792" деген сандармен ауыстырылсын;

      3) "2006 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 9 желтоқсандағы N 1228  қаулысында :
      көрсетiлген қаулыға 1-қосымшада:
      II "Шығындар" бөлiмiнде:
      01 "Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер" функционалдық тобында: 
      02 "Қаржылық қызмет" iшкi функциясында:
      217 "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi" әкiмшiсi бойынша:
      001 "Мемлекеттiк бюджеттiң атқарылуын және оның атқарылуын 
бақылауды қамтамасыз ету" бағдарламасында:
      001 "Орталық органның аппараты" кiшi бағдарламасындағы "2319728" деген сандар "2334641" деген сандармен ауыстырылсын; 
      002 "Аумақтық органдардың аппараттары" кiшi бағдарламасындағы "17854955" деген сандар "17840042" деген сандармен ауыстырылсын. 

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi осы қаулыдан туындайтын қажеттi шараларды қабылдасын.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрiнің
      міндетін атқарушы