Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2006 жылғы 31 мамырдағы N 485 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 қыркүйектегі N 844 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. "Республикалық бюджеттен қаражат алатын бiлiм беру ұйымдарында кәсіптік орта бiлiмдi, кәсiптiк жоғары бiлiмдi, жоғары оқу орындарында және ғылыми ұйымдарда жоғары оқу орнынан кейiнгi кәсiптiк бiлiмдi мамандар даярлауға 2006/2007 оқу жылына арналған мемлекеттік бiлiм беру тапсырыстарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 31 мамырдағы N 485  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2006 ж., N 20, 198-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:

      1) көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Республикалық бюджеттен қаражат алатын бiлiм беру ұйымдарында кәсiптiк орта бiлiмдi мамандар даярлауға 2006/2007 оқу жылына арналған мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысында: 
      "Бiлiм беру ұйымдарын бюджеттен қаржыландыру арқылы ұстау" деген бөлiмде:
      "Өнер мекемелерiнiң 2 сатысы" деген тарауда:
      3-бағанда:
      0606002 кодында "10" деген сандар "5" деген санмен ауыстырылсын;
      0607002 кодында "10" деген сандар "5" деген санмен ауыстырылсын;
      0640002 кодында "10" деген сандар "20" деген сандармен ауыстырылсын;

      2) көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Кәсiптiк жоғары бiлiмдi мамандар даярлауға 2006/2007 оқу жылына арналған мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысында:
      "Қазақстан-Британ         200     158,1        316,3
       техникалық универ-
       ситетiнде студент-
       терді оқытуға                                            ";

      деген жолдан кейiн мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:

      "Тәжiкстан                 91       х             х
      Республикасы
      азаматтарының iшiнен
      студенттерді оқытуға
      Қырғыз Республикасы         34      х             х
      азаматтарының iшiнен
      студенттердi оқытуға                                      ";
 
      3-бағанда:
      "Жоғары оқу                1825    40,9         132,58
      орындарының дайындық
      бөлiмдерінде тыңдау-
      шыларды оқытуға                                          "
      деген жолда "1825" деген сандар "1700" деген сандармен ауыстырылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi және жариялануға тиiс.

       Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрінің
      міндетін атқарушы