Заңға тәуелдi нормативтiк құқықтық кесiмдерге мониторинг жүргiзу ережесiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 25 тамыздағы N 817 Қаулысы

Қолданыстағы

      "Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы  43-1-бабының  2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қоса берiлiп отырған Заңға тәуелдi нормативтiк құқықтық кесiмдерге мониторинг жүргiзу ережесi бекiтiлсiн.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы 
Үкiметiнiң       
2006 жылғы 25 тамыздағы 
N 817 қаулысымен    
бекiтiлген       

  Заңға тәуелдi нормативтiк құқықтық кесiмдерге мониторинг
жүргiзу ережесi

  1. Жалпы ережелер

      1. Осы Заңға тәуелдi нормативтiк құқықтық кесiмдерге мониторинг жүргiзу ережесi (бұдан әрi - Ереже) "Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" Қазақстан Республикасының  Заңына  сәйкес әзiрлендi.

      2. Ереже Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекiтiлген өз құзыретiне сәйкес қабылдауға құқығы бар және (немесе) олар әзiрлеушiлерi болып табылатын мемлекеттiк органдардың (бұдан әрi - уәкiлеттi органдар) заңға тәуелдi нормативтiк құқықтық кесiмдерiне мониторинг жүргiзу тәртiбiн белгiлейдi.

      3. Заңға тәуелдi нормативтiк құқықтық кесiмдердiң (бұдан әрi - заңға тәуелдi кесiмдер) мониторингi Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келетiн және ескiрген құқық нормаларын анықтау, оларды iске асырудың тиiмдiлiгiн бағалау әрi оларға өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзу немесе олардың күшi жойылды деп тану бойынша уақытылы шаралар қабылдау үшiн жүргiзiледi.

      4. Заңға тәуелдi кесiмдердiң мониторингiн өздерi әзiрлеген және (немесе) iске асыратын заңға тәуелдi кесiмдерге қатысты уәкiлеттi органның құрылымдық бөлiмшелерi және (немесе) ведомстволары (бұдан әрi - бөлiмшелер) тұрақты негiзде жүргiзедi.

      5. Уәкiлеттi органдарда заңға тәуелдi кесiмдердiң мониторингi бойынша бөлiмшелердiң қызметiн үйлестiрудi заң қызметтерi (бұдан әрi - заң қызметтерi) жүзеге асырады.

      6. Заңға тәуелдi кесiмдердiң мониторингi бойынша уәкiлеттi органдардың қызметiн үйлестiрудi Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi жүзеге асырады.

  2. Мониторинг жүргiзу

      7. Осы Ереженiң 3-тармағында көрсетiлген мақсаттарда мониторинг жүргiзу кезiнде бөлiмшелер мыналарды қарайды:
      1) олар әзiрлеген және (немесе) қолданып жүрген заңға тәуелдi кесiмдердi;
      2) қаралатын заңға тәуелдi кесiмдердi реттеу мәнiне байланысты нормативтiк құқықтық кесiмдердi;
      3) заңға тәуелдi кесiмдердi қолдану практикасына қатысты уәкiлеттi органға келiп түскен азаматтардың өтiнiштерiн талдау мен қорыту және прокурорлық ден қою актiлерiн қарау нәтижелерiн;
      4) заңға тәуелдi кесiмдердi қолдану туралы мәлiметтер (статистикалық деректердi қоса алғанда) және басқа бөлiмшелер, сондай-ақ уәкiлеттi органның сұрау салуы бойынша оның аумақтық органдары және (немесе) мүдделi мемлекеттiк органдар беретiн оларды жетiлдiру туралы ұсыныстарды;
      5) заңға тәуелдi кесiмдердiң қабылдануына және қолданылуына қатысты бұқаралық ақпарат құралдарындағы және көпшiлiктiң қолы жетiмді телекоммуникациялық жүйелердегi WEB-сайттардағы жарияланымдарды.

      8. Әр тоқсанның соңғы айының бiрiншi күнiне дейiн бөлiмшелер өзiнiң уәкiлеттi органының заң қызметтерiне жүргiзiлген мониторинг туралы ақпаратты және қажет болған жағдайда анықталған заңға тәуелдi кесімдерге өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзу не олардың күшi жойылды деп тану туралы ұсыныс бередi.

      9. Заң қызметтерi алынған ақпарат пен ұсыныстарды талдайды және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен тиiстi бөлiмшелермен бiрлесiп, отырып тиiстi заңға тәуелдi кесiмдердiң жобаларын әзiрлеу бойынша шаралар қабылдайды.

      10. Осы Ереженiң 21-тармағына сәйкес әдiлет органдарына беру үшiн уәкiлеттi органның жүргiзген жұмыс қорытындылары бойынша заң қызметтерi жылына екi рет қорытылған ақпаратты дайындайды.

      11. Мониторинг жүргiзу кезiнде бөлiмшелердiң өзара іс-қимыл тәртiбiн уәкiлеттi органның басшысы анықтайды.

  3. Тiркелiмдердi жүргiзу

      12. Мониторинг үшiн пайдаланылатын заңға тәуелдi кесiмдер туралы ақпаратты жинау, есепке алу және сақтау мақсатында заң қызметтерi уәкiлеттi органның заңға тәуелдi нормативтiк құқықтық кесiмдер тiркелiмдерiн (бұдан әрi - тiркелiмдер) мынадай заңға тәуелдi кесiмдердiң түрлерi бойынша жүргiзедi:
      1) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң нормативтiк қаулылары;
      2) Қазақстан Республикасы министрлерiнiң және өзге де орталық мемлекеттiк органдар басшыларының нормативтiк құқықтық бұйрықтары;
      3) орталық мемлекеттiк органдардың нормативтiк құқықтық қаулылары;
      4) орталық мемлекеттiк органдардың ведомстволары басшыларының нормативтiк құқықтық бұйрықтары;
      5) мәслихаттардың нормативтiк құқықтық шешiмдерi, әкiмдiктердiң нормативтiк құқықтық қаулылары, әкiмдердiң нормативтiк құқықтық шешiмдерi.
      Тiркелiмдер осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жүргiзiледi.

      13. Уәкiлеттi органның басшысы тiркелiмдердi жүргiзуге, олардың дұрыс толтырылуына жауапты адамды заң қызметi қызметкерлерiнiң iшiнен белгiлейдi.

      14. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде тiркелiмдi министрлiк басшысы анықтаған бөлiмше маманы жүргiзедi.

      15. Тiркелiмдер тiгiлетiн, нөмiрленетiн, жауапты адамның қолы қойылатын, тиiстi мемлекеттiк органның мөрiмен бекiтiлетiн және оларға бөгде адамдардың қол жеткiзуiн болдырмайтын, арнайы бөлiнген жерде сақталатын журналды бiлдiредi.

      16. Тiркелiмдердiң бiр бетiне тек бiр нормативтiк құқықтық кесiм туралы мәлiметтер енгiзiледi. Бiр бетке екi және одан артық нормативтiк құқықтық кесiмдер туралы мәлiметтердi енгiзуге жол берiлмейдi.

      17. Тiркелiмдер беттерiнiң нөмiрленуi реттi болып табылады.

      18. Тiркелiмдердi қарындашпен жазуға, шимайлауға, қосып жазуға, өшiруге, түзетуге, парақтардың болмауына жол берiлмейдi.

      19. Тiркелiмдер мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде жүргiзiледi. Іс-қағаздары тек мемлекеттiк тiлде ғана жүргiзiлетiн әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктерде тiркелiм мемлекеттiк тiлде ғана жүргiзiлуi мүмкiн.

      20. Тiркелiмдер қосымша электронды тәсiлмен жүргiзiлуi мүмкiн.

  4. Қорытынды ережелер

      21. Уәкiлеттi органдар жарты жылдың қорытындылары бойынша мониторинг нәтижелерi туралы ақпаратты заңға тәуелдi кесiмдердiң түрлерi бойынша бөлек 15 қаңтарға және 15 шiлдеге қарай осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әдiлет органдарына мынадай тәртiппен:
      орталық мемлекеттiк органдар - Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiне;
      жергiлiктi мемлекеттiк органдар - Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiне одан әрi беру үшiн аумақтық әдiлет органдарына ұсынады.

      22. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi ұсынылған ақпаратты талдайды және қорытады әрi осы ақпаратты 10 ақпанға және 10 тамызға қарай Қазақстан Республикасының Үкiметiне жолдайды.

      23. Осы Ереженiң 21 және 22-тармақтарын іске асыру Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен бiрыңғай электронды құжат айналымы жүйесiн пайдалана отырып жүзеге асырылуы мүмкiн.

      24. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi өзiнiң WEB-сайтында жарты жылдың қорытындылары бойынша заңға тәуелдi кесiмдердiң мониторингi туралы уәкiлеттi органдардың ақпаратын талдау және қорыту нәтижелерiн орналастырады.

      25. Уәкiлеттi орган және Әдiлет министрлiгi мүдделi мемлекеттiк органдардың сұраулары және азаматтардың өтiнiштерi бойынша заңға тәуелдi кесiмдердiң жүргiзiлген мониторингi туралы ақпаратты ұсынады.

                                        Заңға тәуелді нормативтік
                                      құқықтық кесімдерге мониторинг
                                             жүргізу ережесіне
                                                  1-қосымша

               Нормативтік құқықтық кесімдердің
                             тізілімі
                     (200__жылғы________________)

Р/с
N

Нормативтік құқықтық кесімнің түрі, қабылданған күні, тіркеу нөмірі және атауы

Нормативтік құқықтық кесімді қабылдау негізі (органның құзыреті) нормативтік құқықтық кесімнің тиісті нормасына сілтемесімен

Нормативтік құқықтық кесімнің мемлекеттік тіркелген күні және нөмірі

Нормативтік құқықтық кесімнің қолданысқа енгізілген күні

1

2

3

4

5

кестенің жалғасы

Нормативтік құқықтық кесімге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы мәлімет

Күшін жоғалтқан нормативтік құқықтық кесімді (немесе олардың жекелеген бөліктерін) тану туралы мәлімет

Нормативтік құқықтық кесімнің қолданылуын тоқтата тұру туралы мәлімет

Бұрын шығарылған нормативтік құқықтық кесімнің ережесі, оның бөліктері (бөлігі) қайшы келетін немесе бұрын шығарылған кесім немесе оның бөлігі (бөліктері) игеретін жаңа нормативтік құқықтық кесімді қолдану немесе қабылдау мерзімінің өтуіне байланысты нормативтік құқықтық кесім (немесе олардың жекелеген бөліктері) әрекетінің тоқтатылуы туралы мәлімет

Нормативтік құқықтық кесімнің жойылғаны туралы мәлімет

6

7

8

9

10

Ескертпе:
      тіркелім мөлшері мынадай параметрлерге сәйкес келуі тиіс:
      көлденеңі 42 см, ұзындығы 25 см.

                                         Заңға тәуелді нормативтік
                                      құқықтық кесімдерге мониторинг
                                             жүргізу ережесіне
                                                  2-қосымша

                          N 1-нысан

       20__ жылғы "___"________ _________ жай-күй бойынша ____ жылға

      заңға тәуелді нормативтік құқықтық кесімдер мониторингінің
                               нәтижелері
              ___________________________________________________
                        (уәкілетті органның атауы)

                                       (сандық ақпарат көрсетіледі)

Р/с
N

Мониторинг нәтижелері

Нормативтік құқықтық кесімдердің саны

1.

Қолданыстағы нормативтік құқықтық кесімдер

  

2.

  

  

  

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес келтіруді талап ететін нормативтік құқықтық кесімдер:
1) мониторинг нәтижелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілді

  

2) мониторинг нәтижелері бойынша күші жойылды деп танылды

  

3) қолданылуы тоқтатыла тұрған нормативтік құқықтық кесімдер (немесе қолданылуы тоқтатыла тұрған нормативтік құқықтық кесімдердің жекелеген нормалары)

  

4) жойылды

  

3.

  

  

  

Құқық қолдану практикасында іске асырылмайтын нормативтік құқықтық кесімдер:
1) мониторинг нәтижелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілді

  

2) мониторинг нәтижелері бойынша күші жойылды деп танылды;

  

3) қолданылуы тоқтатыла тұрған нормативтік құқықтық кесімдер (немесе қолданылуы тоқтатыла тұрған нормативтік құқықтық кесімдердің жекелеген нормалары)

  

4) жойылды

  

4.

  

  

  

Қайталанатын нормалары бар нормативтік құқықтық кесімдер:
1) мониторинг нәтижелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілді

  

2) мониторинг нәтижелері бойынша күші жойылды деп танылды

  

3) қолданылуы тоқтатыла тұрған нормативтік құқықтық кесімдер (немесе қолданылуы тоқтатыла тұрған нормативтік құқықтық кесімдердің жекелеген нормалары)

  

4) жойылды

  

Ескертпе:
      1-жолда нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу сәтінен бастап қолданысқа енген, негізгі кесімдердің (өзгерістерді не/немесе толықтыруларды есепке алмастан) саны көрсетіледі

Уәкілетті органның басшысы ___________________
                                 (Т.А.Ә.)
200___ жылғы "____" _____________                ______________ қолы

                            N 2-нысан

       Заңнамаға қайшы келетін анықталған кесімдер бойынша ақпарат

       20__ жылғы "___"________ _________ жай-күй бойынша ____ жылға

      заңға тәуелді нормативтік құқықтық кесімдер мониторингінің
                               нәтижелері
              ___________________________________________________
                        (уәкілетті органның атауы)

                                    (сипаттама ақпарат көрсетіледі)

Р/с
N

Нормативтік құқықтық кесімнің түрі, қабылданған күні, тіркеу нөмірі және атауы

Нормативтік құқықтық кесімдердің әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күні және нөмірі

Заңға тәуелді нормативтік құқықтық кесім сәйкес келмейтін кесімнің түрі, қабылданған күні, тіркеу нөмірі және атауы

Заңға тәуелді нормативтік құқықтық кесім сәйкес келмейтін кесімнің бөлігіне, тармағына, бабына сілтеме

1

2

3

4

5

кестенің жалғасы

Қабылданған шаралар

нормативтік құқықтық кесімге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу

күшін жоғалтқан нормативтік құқықтық кесімді (немесе олардың жекелеген бөліктерін) тану

нормативтік құқықтық кесімнің қолданылуын тоқтата тұру

жойылды

6

7

8

9

Уәкілетті органның басшысы ___________________
                                 (Т.А.Ә.)
200___ жылғы "____" _____________                ______________ қолы

                               N 3 нысан

            Құқық нормаларын іске асыру тиімділігін бағалау
                             бойынша ақпарат

       20__ жылғы "___"________ _________ жай-күй бойынша ____ жылға

      заңға тәуелді нормативтік құқықтық кесімдер мониторингінің
                               нәтижелері
              ___________________________________________________
                        (уәкілетті органның атауы)

                                    (сипаттама ақпарат көрсетіледі)

Р/с
N

Нормативтік құқықтық кесімнің түрі, қабылданған күні, тіркеу нөмірі және атауы

Нормативтік құқықтық кесімдердің әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күні және нөмірі

Нормативтік құқықтық кесімнің құқық қолдану практикасында  іске асырылуын бағалау (іске асырылады немесе жоқ)

Анықталған кесімді (қайталама нормалары болған жағдайда) қайталайтын нормативтік құқықтық кесімнің түрі, қабылданған күні, тіркеу нөмірі және атауы

1

2

3

4

5

кестенің жалғасы

Қабылданған шаралар

нормативтік құқықтық кесімге өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу

күші жойылған нормативтік құқықтық кесімді (немесе олардың жекелеген бөліктерін) тану

нормативтік құқықтық кесімнің қолданылуын тоқтата тұру

 құқық қолдану практикасында іске асырылмайтын нормативтік құқықтық кесімді қабылдауға арналған құзыретті жоғары тұрған нормативтік құқықтық кесімдерден алып тастау

жойылды

6

7

8

9

10

Ескертпе:
      осы нысанды толтырған кезде тек қана тиімсіз деп танылған, анықталған нормативтік құқықтық кесім бойынша ақпарат енгізіледі

      Уәкілетті органның басшысы ___________________
                                        (Т.А.Ә.)
200___ жылғы "____" _____________                ______________ қолы