Заңға тәуелдi нормативтiк құқықтық кесiмдерге мониторинг жүргiзу ережесiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 25 тамыздағы N 817 Қаулысы

Жаңартылған

      "Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы  43-1-бабының  2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қоса берiлiп отырған Заңға тәуелдi нормативтiк құқықтық кесiмдерге мониторинг жүргiзу ережесi бекiтiлсiн.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы 
Үкiметiнiң       
2006 жылғы 25 тамыздағы 
N 817 қаулысымен    
бекiтiлген       

  Заңға тәуелдi нормативтiк құқықтық кесiмдерге мониторинг
жүргiзу ережесi

  1. Жалпы ережелер

      1. Осы Заңға тәуелдi нормативтiк құқықтық кесiмдерге мониторинг жүргiзу ережесi (бұдан әрi - Ереже) "Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" Қазақстан Республикасының  Заңына  сәйкес әзiрлендi.

      2. Ереже Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекiтiлген өз құзыретiне сәйкес қабылдауға құқығы бар және (немесе) олар әзiрлеушiлерi болып табылатын мемлекеттiк органдардың (бұдан әрi - уәкiлеттi органдар) заңға тәуелдi нормативтiк құқықтық кесiмдерiне мониторинг жүргiзу тәртiбiн белгiлейдi.
      Осы Ереже мемлекеттік құпияларды және (немесе) қызметтік ақпаратты қамтитын заңға тәуелді нормативтік құқықтық кесімдерге немесе олардың жекелеген бөліктеріне қолданылмайды.
       Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.07.23. N  619  қаулысымен.

      3. Заңға тәуелдi нормативтiк құқықтық кесiмдердiң (бұдан әрi - заңға тәуелдi кесiмдер) мониторингi Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келетiн және ескiрген құқық нормаларын анықтау, оларды iске асырудың тиiмдiлiгiн бағалау әрi оларға өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзу немесе олардың күшi жойылды деп тану бойынша уақытылы шаралар қабылдау үшiн жүргiзiледi.

      4. Заңға тәуелді кесімдерге мониторингті тиісті уәкілетті орган (оның ішінде іске асыруды уәкілетті орган жүзеге асыратын бұрын қабылданған кесімдер бойынша) әзірлеген және (немесе) қабылдаған заңға тәуелді кесімдерге қатысты уәкілетті органның құрылымдық бөлімшелері және (немесе) ведомстволары (бұдан әрі - бөлімшелер) тұрақты негізде жүргізеді.
       Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2007.07.23. N  619  қаулысымен.

      5. Уәкiлеттi органдарда заңға тәуелдi кесiмдердiң мониторингi бойынша бөлiмшелердiң қызметiн үйлестiрудi заң қызметтерi (бұдан әрi - заң қызметтерi) жүзеге асырады.

      6. Заңға тәуелдi кесiмдердiң мониторингi бойынша уәкiлеттi органдардың қызметiн үйлестiрудi Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi жүзеге асырады.

  2. Мониторинг жүргiзу

      7. Осы Ереженiң 3-тармағында көрсетiлген мақсаттарда мониторинг жүргiзу кезiнде бөлiмшелер мыналарды қарайды:
      1) тиісті уәкілетті орган әзірлеген және (немесе) қабылдаған (оның ішінде іске асыруды уәкілетті орган жүзеге асыратын бұрын қабылданған кесімдер) заңға тәуелдi кесiмдердi;
      2) қаралатын заңға тәуелдi кесiмдердi реттеу мәнiне байланысты нормативтiк құқықтық кесiмдердi;
      3) заңға тәуелдi кесiмдердi қолдану практикасына қатысты уәкiлеттi органға келiп түскен азаматтардың өтiнiштерiн талдау мен қорыту және прокурорлық ден қою актiлерiн қарау нәтижелерiн;
      4) заңға тәуелдi кесiмдердi қолдану туралы мәлiметтер (статистикалық деректердi қоса алғанда) және басқа бөлiмшелер, сондай-ақ уәкiлеттi органның сұрау салуы бойынша оның аумақтық органдары және (немесе) мүдделi мемлекеттiк органдар беретiн оларды жетiлдiру туралы ұсыныстарды;
      5) заңға тәуелдi кесiмдердiң қабылдануына және қолданылуына қатысты бұқаралық ақпарат құралдарындағы және көпшiлiктiң қолы жетiмді телекоммуникациялық жүйелердегi WEB-сайттардағы жарияланымдарды.
       Ескерту. 7-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.07.23. N  619  қаулысымен.

      8. Әр тоқсанның соңғы айының бiрiншi күнiне дейiн бөлiмшелер өзiнiң уәкiлеттi органының заң қызметтерiне жүргiзiлген мониторинг туралы ақпаратты және қажет болған жағдайда анықталған заңға тәуелдi кесімдерге өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзу не олардың күшi жойылды деп тану туралы ұсыныс бередi.

      9. Заң қызметтерi алынған ақпарат пен ұсыныстарды талдайды және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен тиiстi бөлiмшелермен бiрлесiп, отырып тиiстi заңға тәуелдi кесiмдердiң жобаларын әзiрлеу бойынша шаралар қабылдайды.

      10. Осы Ереженiң 21-тармағына сәйкес әдiлет органдарына беру үшiн уәкiлеттi органның жүргiзген жұмыс қорытындылары бойынша заң қызметтерi жылына екi рет қорытылған ақпаратты дайындайды.

      11. Мониторинг жүргiзу кезiнде бөлiмшелердiң өзара іс-қимыл тәртiбiн уәкiлеттi органның басшысы анықтайды.

  3. Тiркелiмдердi жүргiзу

      12. Мониторинг үшiн пайдаланылатын заңға тәуелдi кесімдер туралы ақпаратты жинау, есепке алу және сақтау мақсатында заң қызметтерi уәкiлеттi органның заңға тәуелдi нормативтiк құқықтық кесімдердің жекелеген тiркелiмдерiн (бұдан әрi - тiркелiмдер) мынадай заңға тәуелдi кесiмдердiң түрлерi бойынша жүргiзедi:
      1) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң нормативтiк қаулылары;
      2) Қазақстан Республикасы министрлерiнiң және өзге де орталық мемлекеттiк органдар басшыларының нормативтiк құқықтық бұйрықтары;
      3) орталық мемлекеттiк органдардың нормативтiк құқықтық қаулылары;
      4) орталық мемлекеттiк органдардың ведомстволары басшыларының нормативтiк құқықтық бұйрықтары;
      5) мәслихаттардың нормативтiк құқықтық шешiмдерi, әкiмдiктердiң нормативтiк құқықтық қаулылары, әкiмдердiң нормативтiк құқықтық шешiмдерi.
      Тiркелiмдер осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жүргiзiледi.
       Ескерту. 12-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.07.23. N  619  қаулысымен.

      13. Уәкілетті органдарда тіркелімдерді заң қызметі жүргізеді.
       Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2007.07.23. N  619  қаулысымен.

      14. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде тiркелiмдi министрлiк басшысы анықтаған бөлiмше маманы жүргiзедi.

      15. Тіркелімдер журналдарды білдіреді.
       Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2007.07.23. N  619  қаулысымен.

      16. Тiркелiмдердiң бiр бетiне тек бiр нормативтiк құқықтық кесiм туралы мәлiметтер енгiзiледi. Бiр бетке екi және одан артық нормативтiк құқықтық кесiмдер туралы мәлiметтердi енгiзуге жол берiлмейдi.

      17. Тiркелiмдер беттерiнiң нөмiрленуi реттi болып табылады.

      18.  алынып тасталды
       Ескерту. 18-тармақ алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2007.07.23. N  619  қаулысымен.

      19. Тiркелiмдер мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде жүргiзiледi. Іс-қағаздары тек мемлекеттiк тiлде ғана жүргiзiлетiн әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктерде тiркелiм мемлекеттiк тiлде ғана жүргiзiлуi мүмкiн.

      20. Тiркелiмдер қосымша электронды тәсiлмен жүргiзiлуi мүмкiн.

  4. Қорытынды ережелер

      21. Уәкiлеттi органдар жарты жылдың қорытындылары бойынша мониторинг нәтижелерi туралы ақпаратты заңға тәуелдi кесiмдердiң түрлерi бойынша бөлек 15 қаңтарға және 15 шiлдеге қарай осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша және осы Ереженің 7-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген мәліметтерді әдiлет органдарына мынадай тәртiппен:
      орталық мемлекеттiк органдар - Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiне;
      жергiлiктi мемлекеттiк органдар - Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiне одан әрi беру үшiн аумақтық әдiлет органдарына ұсынады.
       Ескерту. 21-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.07.23. N  619  қаулысымен.

      22. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi ұсынылған ақпаратты талдайды және қорытады әрi осы ақпаратты 10 ақпанға және 10 тамызға қарай Қазақстан Республикасының Үкiметiне жолдайды.

      23. Осы Ереженiң 21 және 22-тармақтарын іске асыру Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен бiрыңғай электронды құжат айналымы жүйесiн пайдалана отырып жүзеге асырылуы мүмкiн.

      24. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi өзiнiң WEB-сайтында жарты жылдың қорытындылары бойынша заңға тәуелдi кесiмдердiң мониторингi туралы уәкiлеттi органдардың ақпаратын талдау және қорыту нәтижелерiн орналастырады.

      25. Уәкiлеттi орган және Әдiлет министрлiгi мүдделi мемлекеттiк органдардың сұраулары және азаматтардың өтiнiштерi бойынша заңға тәуелдi кесiмдердiң жүргiзiлген мониторингi туралы ақпаратты ұсынады.

                                        Заңға тәуелді нормативтік
                                      құқықтық кесімдерге мониторинг
                                             жүргізу ережесіне
                                                  1-қосымша

               Нормативтік құқықтық кесімдердің
                             тізілімі
                     (200__жылғы________________)

Р/с
N

Нормативтік құқықтық кесімнің түрі, қабылданған күні, тіркеу нөмірі және атауы

Нормативтік құқықтық кесімді қабылдау негізі (органның құзыреті) нормативтік құқықтық кесімнің тиісті нормасына сілтемесімен

Нормативтік құқықтық кесімнің мемлекеттік тіркелген күні және нөмірі

Нормативтік құқықтық кесімнің қолданысқа енгізілген күні

1

2

3

4

5

кестенің жалғасы

Нормативтік құқықтық кесімге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы мәлімет

Күшін жоғалтқан нормативтік құқықтық кесімді (немесе олардың жекелеген бөліктерін) тану туралы мәлімет

Нормативтік құқықтық кесімнің қолданылуын тоқтата тұру туралы мәлімет

Бұрын шығарылған нормативтік құқықтық кесімнің ережесі, оның бөліктері (бөлігі) қайшы келетін немесе бұрын шығарылған кесім немесе оның бөлігі (бөліктері) игеретін жаңа нормативтік құқықтық кесімді қолдану немесе қабылдау мерзімінің өтуіне байланысты нормативтік құқықтық кесім (немесе олардың жекелеген бөліктері) әрекетінің тоқтатылуы туралы мәлімет

Нормативтік құқықтық кесімнің жойылғаны туралы мәлімет

6

7

8

9

10

Ескертпе:
      тіркелім мөлшері мынадай параметрлерге сәйкес келуі тиіс:
      көлденеңі 42 см, ұзындығы 25 см.

                                         Заңға тәуелді нормативтік
                                      құқықтық кесімдерге мониторинг
                                             жүргізу ережесіне
                                                  2-қосымша

       Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2007.07.23. N  619  қаулысымен.

                          1 нысан

     Мониторинг нәтижелері___________________________________
      (заңға тәуелді нормативтік құқықтық кесім түрінің атауы)
  _______________________________________________________________
                     (уәкілетті органның атауы)
                                     (сандық аппарат көрсетіледі)

Р/с
N

Мониторинг
нәтижелері

Нормативтік
құқықтық
кесімдердің
саны

1.

Қолданыстағы заңға
тәуелді нормативтік
құқықтық кесімдер

  

2.

Заңға  қайшы  келетін
ретінде қолданыстағы
заңнамаға сәйкес
келтіруді  талап ететін
заңға тәуелді
нормативтік құқықтық
кесімдер:

  

  

1) өзгерістер мен
толықтырулар енгізу

  

  

2) күші жойылды деп
тану

  

  

3) қолданылуын тоқтату
(немесе жекелеген
нормамен)

  

  

4) жою

  

3

Мыналарды  талап
ететін  құқық қолдану
практикасында  тиімсіз
іске асырылатын заңға
тәуелді нормативтік
құқықтық кесімдер;

  

  

1) өзгерістер мен
толықтырулар енгізу

  

  

2) күші жойылды деп
тану

  

4

Ескірген ретінде
қолданыстағы заңнамаға
сәйкес келтіруді  талап
ететін  заңға тәуелді
нормативтік құқықтық
кесімдер;

  

  

1) өзгерістер мен
толықтырулар енгізу

  

  

2) күші жойылды деп
тану

  

5

Заңға  қайшы  келетін
ретінде қолданыстағы
заңнамаға сәйкес
келтірілген заңға
тәуелді нормативтік
құқықтық кесімдер:

  

  

1) өзгерістер мен
толықтырулар енгізілген

  

  

2) күші жойылды деп
танылған

  

  

3) қолданылуы
тоқтатылған (немесе
жекелеген нормамен)

  

  

4) жойылған

  

6

Заңнамаға сәйкес
келтірілген құқық
қолдану практикасында
тиімсіз  іске
асырылатын заңға
тәуелді нормативтік
құқықтық кесімдер:

  

  

1) өзгерістер мен
толықтырулар енгізілген

  

  

2) күші жойылды деп
танылған

  

  

3) қолданылуы
тоқтатылған (немесе
жекелеген нормамен)

  

7

Ескірген  ретінде
қолданыстағы заңнамаға
сәйкес келтірілген
заңға тәуелді
нормативтік құқықтық
кесімдер:

  

  

1) өзгерістер мен
толықтырулар енгізілген

  

  

2) күші жойылды деп
танылған

  

Ескертпе:
1-жолда негізгі кесімдердің (өзгерістерді және/немесе толықтыруларды есептемей) саны көрсетіледі.

Уәкілетті органның басшысы ___________________________
                                    (Т.А.Ә)
200__ жылғы __________ _______________            _____________
                                                       (қолы)

                        N 2 нысан

  Заңнамаға қайшы келетін анықталған_____________________________
                                   (заңға тәуелді кесімнің түрі)
жөніндегі және олар бойынша _______________________________________
                                   (уәкілетті органның атауы)
       қабылданған немесе қабылдайтын шаралар туралы ақпарат
                                   (сипаттама ақпарат көрсетіледі)

Р/с
N

Заңға
тәуелді
норматив-
тік
құқықтық
кесімнің
түрі,
қабылдан-
ған күні,
тіркелген
нөмірі
және
атауы

Заңға
тәуелді
норматив-
тік
құқықтық
кесімдер-
дің
әділет
органда-
рында
мемлекет-
тік
тіркелген
күні және
нөмірі

Заңға
тәуелді
норматив-
тік
құқықтық
кесімге
сәйкес
келмей-
тін
кесімнің
бөлігі,
абзацы,
тармағы,
бабы,
түрі,
қабылдан-
ған күні,
тіркеу
нөмірі
және
атауы

Қабылданатын
шаралар

өзгерістер
мен
(немесе)
толықты-
рулар
енгізу
жөніндегі
кесім
жобасының
атауы,
келісу
сатысы

күші
жойылды
деп тану
жөніндегі
кесім
жобасының
атауы,
келісу
сатысы
 

1

2

3

4

5

6

кестенің жалғасы

Қабылданатын
шаралар

Қабылданған шаралар

қол-
даны-
луын
тоқ-
тата
тұру
жө-
нін-
дегі
кесім
жоба-
сының
атауы,
келісу
сатысы

жою
жөнінде-
гі
кесім
жобасы-
ның
атауы,
келісу
сатысы

өзге-
рістер
мен
(немесе)
толық-
тырулар
енгізу
жөнінде-
гі
кесімнің
түрі,
қабыл-
данған
күні,
тіркел-
ген
нөмірі
және
атауы

күші
жойылды
деп тану
жөніндегі
кесімнің
түрі,
қабылдан-
ған күні,
тіркелген
нөмірі
және атауы
 

қолданы-
луын тоқ-
тата тұру
жөніндегі
кесімнің
түрі,
қабылдан-
ған күні,
тіркелген
нөмірі
және атауы

жою
жөнінде-
гі
кесімнің
түрі,
қабылдан-
ған күні,
тіркелген
нөмірі
және атауы

7

8

9

10

11

12

                       N 3 нысан

________________________ іске асыру тиімділігін бағалау жөніндегі
(заңға тәуелді түрі)
 және олар бойынша _______________________________ қабылданған
                   (уәкілетті органның атауы)
                      шаралар туралы ақпарат
                                    (сипаттама ақпарат көрсетіледі)

Р/с
N

Норма-
тивтік
құқықтық
кесімнің
түрі,
қабыл-
данған
күні,
тіркел-
ген
нөмірі
және
атауы

Норма-
тивтік
құқықтық
кесімнің
әділет
органда-
рында
мемлекет-
тік
тіркелген
күні
және
нөмірі

Заңға
тәуелді
құқықтық
кесімнің
құқық
қолдану
практика-
сында
тиімсіз
іске
асырылуы
туралы
бағалаудың
негізде-
месі
(іске
асырылады
немесе
жоқ)

Қабылданатын шаралар

өзгерістер
мен
(немесе)
толықты-
рулар
енгізу
жөніндегі
кесім
жобасының
атауы,
оны келісу
сатысы

күші
жойылды
деп тану
жөніндегі
кесім
жобасының
атауы,
оны
келісу
сатысы

1

2

3

4

5

6

кестенің жалғасы

Қабылданатын
шаралар

Қабылданған шаралар

қол-
даны-
луын
тоқ-
тата
тұру
жө-
нін-
дегі
кесім
жоба-
сының
атауы,
оны
келісу
сатысы

құқық
қолдану
практи-
касында
іске
асырыл-
майтын
заңға
тәуелді
норма-
тивтік
құқықтық
кесімді
қабыл-
дауға
арналған
құзырет-
ті
жоғары
тұрған
норма-
тивтік
құқықтық
кесім-
дерден
алып
тастау
жөнін-
дегі
кесім
жобасы-
ның
атауы,
оны
келісу
сатысы

өзгеріс-
тер мен
(немесе)
толықты-
рулар
енгізу
жөнінде-
гі
кесімнің
түрі,
қабыл-
данған
күні,
тіркел-
ген
нөмірі
және
атауы

күші
жойылды
деп тану
жөніндегі
кесімнің
түрі,
қабылдан-
ған күні,
тіркелген
нөмірі
және атауы

қолданы-
луын
тоқтата
тұру
жөніндегі
кесімнің
түрі,
қабылдан-
ған күні,
тіркелген
нөмірі
және
атауы

құқық
қолдану
практика-
сында іске
асырыл-
майтын
заңға
тәуелді
норматив-
тік
құқықтық
кесімді
қабылдау-
ға
арналған
құзыретті
жоғары
тұрған
норматив-
тік
құқықтық
кесімдер-
ден алып
тастау
жөніндегі
кесім
жобасының
түрі,
қабылдан-
ған күні,
атауы

7

8

9

10

11

12

Ескертпе:
осы нысанды толтырған кезде тек тиімсіз деп танылған және ол бойынша шаралар қабылданған анықталған нормативтік құқықтық кесім бойынша ақпарат енгізіледі
Уәкілетті органның басшысы __________________________________
                                       (Т.А.Ә.)
200_ жылғы "__"__________

                           N 4 нысан
  ескірген норманы қамтитын анықталған _________________________
                                   (заңға тәуелді кесімнің түрі)
 жөніндегі және олар бойынша __________________________________
                                (уәкілетті органның атауы)
       қабылданған немесе қабылдайтын шаралар туралы ақпарат
                              (сипаттама ақпарат көрсетіледі)

Р/с
N

Заңға
тәуелді
норма-
тивтік
құқықтық
кесімнің
түрі,
қабыл-
данған
күні,
тіркел-
ген
нөмірі
және
атауы

Заңға
тәуелді
норматив-
тік
құқықтық
кесімдер-
дің
әділет
органда-
рында
мемлекет-
тік
тіркелген
күні және
нөмірі

Ескірген
норма бар
абзац,
тармақ

Қабылданатын шаралар

өзгерістер
мен
(немесе)
толықты-
рулар
енгізу
жөніндегі
кесім
жобасының
атауы,
оны
келісу
сатысы

күші
жойылды
деп тану
жөніндегі
кесім
жобасының
атауы,
оны
келісу
сатысы

1

2

3

4

5

6

кестенің жалғасы

Қабылданған шаралар

өзгерістер мен (немесе)
толықтырулар енгізу
жөніндегі кесімнің
түрі, қабылданған күні,
тіркелген нөмірі және
атауы, оны келісу
сатысы

күші жойылды деп тану
жөніндегі кесімнің
түрі, қабылданған күні,
тіркелген нөмірі және
атауы, оны келісу сатысы

7

8

Уәкілетті органның басшысы __________________________________
                                       (Т.А.Ә.)
200_жылғы "__"__________                     __________ қолы