Заңға тәуелдi нормативтiк құқықтық кесiмдерге мониторинг жүргiзу ережесiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 25 тамыздағы N 817 Қаулысы

Жаңартылған

      "Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 43-1-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қоса берiлiп отырған Заңға тәуелдi нормативтiк құқықтық кесiмдерге мониторинг жүргiзу ережесi бекiтiлсiн.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы 
Үкiметiнiң       
2006 жылғы 25 тамыздағы 
N 817 қаулысымен   
бекiтiлген      

Заңға тәуелдi нормативтiк құқықтық кесiмдерге
мониторинг жүргiзу ережесi

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Заңға тәуелдi нормативтiк құқықтық кесiмдерге мониторинг жүргiзу ережесi (бұдан әрi - Ереже) "Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзiрлендi.

      2. Ереже Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекiтiлген өз құзыретiне сәйкес қабылдауға құқығы бар және (немесе) олар әзiрлеушiлерi болып табылатын мемлекеттiк органдардың (бұдан әрi - уәкiлеттi органдар) заңға тәуелдi нормативтiк құқықтық кесiмдерiне мониторинг жүргiзу тәртiбiн белгiлейдi.

      Осы Ереже мемлекеттік құпияларды және (немесе) қызметтік ақпаратты қамтитын заңға тәуелді нормативтік құқықтық кесімдерге немесе олардың жекелеген бөліктеріне қолданылмайды.
      Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.07.23 N 619 қаулысымен.

      3. Заңға тәуелдi нормативтiк құқықтық кесiмдердiң (бұдан әрi - заңға тәуелдi кесiмдер) мониторингi Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келетiн және ескiрген құқық нормаларын анықтау, оларды iске асырудың тиiмдiлiгiн бағалау әрi оларға өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзу немесе олардың күшi жойылды деп тану бойынша уақытылы шаралар қабылдау үшiн жүргiзiледi.

      4. Заңға тәуелді кесімдерге мониторингті тиісті уәкілетті орган (оның ішінде іске асыруды уәкілетті орган жүзеге асыратын бұрын қабылданған кесімдер бойынша) әзірлеген және (немесе) қабылдаған заңға тәуелді кесімдерге қатысты уәкілетті органның құрылымдық бөлімшелері және (немесе) ведомстволары (бұдан әрі - бөлімшелер) тұрақты негізде жүргізеді.
      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2007.07.23. N  619 қаулысымен.

      5. Уәкiлеттi органдарда заңға тәуелдi кесiмдердiң мониторингi бойынша бөлiмшелердiң қызметiн үйлестiрудi заң қызметтерi, олар болмаған жағдайда - уәкілетті органның басшысы айқындайтын құрылымдық бөлімшелер (бұдан әрі - тиісті құрылымдық бөлімшелер) жүзеге асырады.
      Ескерту. 5-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.12.25 N 2187 Қаулысымен.

      6. Заңға тәуелдi кесiмдердiң мониторингi бойынша уәкiлеттi органдардың қызметiн үйлестiрудi Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi жүзеге асырады.

2. Мониторинг жүргiзу

      7. Осы Ереженiң 3-тармағында көрсетiлген мақсаттарда мониторинг жүргiзу кезiнде бөлiмшелер мыналарды қарайды:

      1) тиісті уәкілетті орган әзірлеген және (немесе) қабылдаған (оның ішінде іске асыруды уәкілетті орган жүзеге асыратын бұрын қабылданған кесімдер) заңға тәуелдi кесiмдердi;

      2) қаралатын заңға тәуелдi кесiмдердi реттеу мәнiне байланысты нормативтiк құқықтық кесiмдердi, оның ішінде Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің  және Жоғарғы Сотының нормативтік қаулыларын;

      3) заңға тәуелдi кесiмдердi қолдану практикасына қатысты уәкiлеттi органға келiп түскен азаматтардың өтiнiштерiн талдау мен қорыту және прокурорлық қадағалау актілерін, сот шешімдерін, сондай-ақ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бөлігінде қолданыстағы заңнаманы жетілдіру жөніндегі ведомствоаралық комиссияның ұсынымдарын қарау нәтижелерiн;

      4) заңға тәуелдi кесiмдердi қолдану туралы мәлiметтер (статистикалық деректердi қоса алғанда) және басқа бөлiмшелер, сондай-ақ уәкiлеттi органның сұрау салуы бойынша оның аумақтық органдары және (немесе) мүдделi мемлекеттiк органдар беретiн оларды жетiлдiру туралы ұсыныстарды;

      5) заңға тәуелдi кесiмдердiң қабылдануына және қолданылуына қатысты бұқаралық ақпарат құралдарындағы және көпшiлiктiң қолы жетiмді телекоммуникациялық жүйелердегi интернет-ресурстардағы жарияланымдарды;

      6) қолданыстағы заңнаманың проблемалары бойынша өткізілетін ғылыми-практикалық конференциялардың, семинарлардың, кеңестердің ұсынымдарын, сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдар ұсынатын материалдарды.

      Жоғары тұрған деңгейдегі жаңа нормативтік құқықтық актілерді қабылдау кезінде уәкілетті органның бөлімшелері тиісті құрылымдық бөлімшелермен бірлесіп, үш жұмыс күні ішінде жоғары тұрған деңгейдегі жаңа нормативтік құқықтық актілерді реттеу нысанасына байланысты заңға тәуелді актілерге талдау жасайды.
      Заңға тәуелді актілердің жоғары тұрған деңгейдегі жаңа нормативтік құқықтық актілерге сәйкес келмейтіні анықталған жағдайда жоғары тұрған деңгейдегі жаңа нормативтік құқықтық актілер күшіне енген күннен бастап бір ай мерзімде уәкілетті органның бөлімшелері тиісті құрылымдық бөлімшелермен бірлесіп, Қазақстан Республикасының  заңнамасында белгіленген тәртіппен өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу не олардың күші жойылды деп тану жөнінде шаралар қабылдайды.
      Уәкілетті органдар қабылдаған шаралар туралы ақпаратты нормалары жоғары тұрған деңгейдегі жаңа нормативтік құқықтық актілерге қайшы келетін заңға тәуелді актілерге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуді немесе олардың күші жойылды деп тануды  көздейтін нормативтік құқықтық актілерді қоса тіркей отырып, олар қабылданғаннан кейін бір апта мерзімде әділет органдарына ұсынады.
      Ескерту. 7-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.07.23 N 619, 2009.12.30 № 2305 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз), 2011.05.03 N 476 Қаулыларымен.

      7-1. Мемлекеттік орган басшысының (оның міндетін атқарушының) бұйрығымен Заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің тіркеліміне енгізілген барлық заңға тәуелді актілерге (өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу туралы актілерді есептемей) қатысты жүйелі негізде талдау жүргізуді көздейтін заңға тәуелді актілерге тиісті құрылымдық бөлімшелердің өз уәкілетті органының бөлімшелерімен бірге мониторинг жүргізу кестесі (бұдан әрі - Кесте) ағымдағы күнтізбелік жылдың 20 желтоқсанынан кешіктірмей бекітіледі.
      Кесте Заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің (өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу туралы актілерді есептемей) тіркеліміне енгізілген заңға тәуелді актілерге мониторинг жүргізудің іс-шаралары мен нақты мерзімдерін, сондай-ақ мониторинг жүргізілген заңға тәуелді актілерге кезең-кезеңмен оралуды (әр жартыжылдықта, осы жартыжылдықта қабылданған актілерді қоспағанда) көздейді.
      Ескерту. Ереже 7-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2011.05.03 N 476 Қаулысымен.

      8. Осы Ереженің 7-тармағының екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, әр тоқсанның соңғы айының бiрiншi күнiне дейiн бөлiмшелер өзiнiң уәкiлеттi органының тиісті құрылымдық бөлімшелеріне жүргiзiлген мониторинг туралы ақпаратты және қажет болған жағдайда анықталған заңға тәуелдi кесімдерге өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзу не олардың күшi жойылды деп тану туралы ұсыныс бередi.
      Ескерту. 8-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.12.25 N 2187, 2011.05.03 N 476 Қаулыларымен.

      9. Тиісті құрылымдық бөлімшелер алынған ақпарат пен ұсыныстарды олар түскен сәттен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде талдайды және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен тиiстi бөлiмшелермен бiрлесiп, отырып тиiстi заңға тәуелдi кесiмдердiң жобаларын әзiрлеу бойынша шаралар қабылдайды.
      Мониторинг нәтижесінде әзірленген Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік қаулыларының жобалары аяқталған тоқсаннан кейінгі айдың 5 күнінен кешіктірмей мемлекеттік органдарға келісуге жіберіледі.
      Ескерту. 9-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.12.25 N 2187, 2011.05.03 N 476 Қаулыларымен.

      10. Осы Ереженiң 21-тармағына сәйкес әдiлет органдарына беру үшiн уәкiлеттi органның жүргiзген жұмыс қорытындылары бойынша тиісті құрылымдық бөлімшелер жылына екi рет қорытылған ақпаратты дайындайды.
      Ескерту. 10-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.12.25 N 2187 Қаулысымен.
      10-1. Заңға тәуелді кесімдерге мониторинг жүргізудің толықтығын қамтамасыз ету үшін уәкілетті органдар тоқсан сайын әділет органдарына өткен тоқсанда қабылданған Қазақстан Республикасының министрлері мен орталық мемлекеттік органдардың өзге басшылары бұйрықтарының, орталық мемлекеттік органдар, Орталық сайлау комиссиясы қаулыларының, мәслихаттар шешімдерінің, сондай-ақ әкімдіктер қаулылары мен әкімдер шешімдерінің тізбесін (ішкі ведомстволық мәселелер бойынша ұйымдастырушылық-кадр және қаржылық-материалдық сипаттағы актілерді қоспағанда) ұсынады.
      Ескерту. Ереже 10-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2009.12.25 N 2187 Қаулысымен.
      11. Мониторинг жүргiзу кезiнде бөлiмшелердiң өзара іс-қимыл тәртiбiн орталық атқарушы органның жауапты хатшысы (белгіленген тәртіппен орталық атқарушы органның жауапты хатшысының өкілеттігі жүктелген лауазымды тұлға), ал мұндай болмаған жағдайларда - уәкілетті органның басшысы анықтайды.
      Ескерту. 11-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.11.19 N 1094 Қаулысымен.

3. Тiркелiмдердi жүргiзу

      12. Мониторинг үшiн пайдаланылатын заңға тәуелдi кесімдер туралы ақпаратты жинау, есепке алу және сақтау мақсатында тиісті құрылымдық бөлімшелер уәкiлеттi органның заңға тәуелдi нормативтiк құқықтық кесімдердің жекелеген тiркелiмдерiн (бұдан әрi - тiркелiмдер) мынадай заңға тәуелдi кесiмдердiң түрлерi бойынша жүргiзедi:
      1) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң нормативтiк қаулылары;
      2) Қазақстан Республикасы министрлерiнiң және өзге де орталық мемлекеттiк органдар басшыларының нормативтiк құқықтық бұйрықтары;
      3) орталық мемлекеттiк органдардың нормативтiк құқықтық қаулылары;
      4) алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2009.12.25 N 2187 Қаулысымен.
      5) мәслихаттардың нормативтiк құқықтық шешiмдерi, әкiмдiктердiң нормативтiк құқықтық қаулылары, әкiмдердiң нормативтiк құқықтық шешiмдерi.
      Тiркелiмдер осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жүргiзiледi.
      Ескерту. 12-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.07.23 N 619, 2007.11.19 N 1094, 2009.12.25 N 2187 Қаулыларымен.

      13. Уәкілетті органдарда тіркелімдерді тиісті құрылымдық бөлімше жүргізеді.
      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2007.07.23. N 619, өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.12.25 N 2187 Қаулыларымен.

      14. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде тiркелiмдi министрлiк жауапты хатшысы анықтаған бөлiмше маманы жүргiзедi.
      Ескерту. 14-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.11.19. N 1094 Қаулыcымен.

      15. Тіркелімдер журналдарды білдіреді.
      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2007.07.23. N 619 қаулысымен.

      16. Тiркелiмдердiң бiр бетiне тек бiр нормативтiк құқықтық кесiм туралы мәлiметтер енгiзiледi. Бiр бетке екi және одан артық нормативтiк құқықтық кесiмдер туралы мәлiметтердi енгiзуге жол берiлмейдi.

      17. Тiркелiмдер беттерiнiң нөмiрленуi реттi болып табылады.

      18. алынып тасталды
      Ескерту. 18-тармақ алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2007.07.23. N 619 қаулысымен.

      19. Тiркелiмдер мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде жүргiзiледi. Іс-қағаздары тек мемлекеттiк тiлде ғана жүргiзiлетiн әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктерде тiркелiм мемлекеттiк тiлде ғана жүргiзiлуi мүмкiн.

      20. Тiркелiмдер электронды тәсiлмен жүргiзiлуi мүмкiн.
      Ескерту. 20-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.12.25 N 2187 Қаулысымен.

      20-1. Тіркелімге мәліметтерді енгізу нормативтік құқықтық актілер қолданысқа енгізілгеннен кейін он жұмыс күн ішінде жүзеге асырылады.
      Ескерту. Ереже 20-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2011.05.03 N 476 Қаулысымен.

4. Қорытынды ережелер

      21. Уәкiлеттi органдар жарты жылдың қорытындылары бойынша қабылдануының хронологиялық тәртібімен Тіркелімге сәйкес мониторинг жүргізілетін заңға тәуелді актілердің тізбесін, сондай-ақ Кестенің көшірмесін қоса бере отырып, мониторинг нәтижелерi туралы ақпаратты заңға тәуелдi кесiмдердiң түрлерi бойынша бөлек 15 қаңтарға және 15 шiлдеге қарай осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша және осы Ереженің 7-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген мәліметтерді әдiлет органдарына мынадай тәртiппен:
      орталық мемлекеттiк органдар - Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiне;
      жергiлiктi мемлекеттiк органдар - Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiне одан әрi беру үшiн аумақтық әдiлет органдарына ұсынады.
      Әділет органдары кезең-кезеңмен, бірақ жартыжылдықта кемінде бір рет уәкілетті органдармен бірлесіп, анықталған кемшіліктерді жою жөнінде нақты шаралар әзірлеу мақсатында уәкілетті органдардың мониторинг нәтижелерін талқылайды.
      Ескерту. 21-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.07.23 N 619, 2011.05.03 N 476 Қаулыларымен.

      22. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi ұсынылған ақпаратты талдайды және қорытады әрi уәкілетті органдар жүргізген заңға тәуелді актілер мониторингінің нәтижелері бойынша қажет болған жағдайда тәртіптік не көтермелеу сипатында шаралар қабылдау туралы ұсыныстар енгізе отырып, осы ақпаратты 10 ақпанға және 10 тамызға қарай Қазақстан Республикасының Үкiметiне жолдайды.
      Ескерту. 22-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.05.03 N 476 Қаулысымен.

      23. Осы Ереженiң 21 және 22-тармақтарын іске асыру Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен бiрыңғай электронды құжат айналымы жүйесiн пайдалана отырып жүзеге асырылуы мүмкiн.

      24. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi өзiнiң интернет-ресурсында жарты жылдың қорытындылары бойынша заңға тәуелдi кесiмдердiң мониторингi туралы уәкiлеттi органдардың ақпаратын талдау және қорыту нәтижелерiн орналастырады.
      Ескерту. 24-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.12.30 № 2305 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулыcымен.

      25. Уәкiлеттi орган және Әдiлет министрлiгi мүдделi мемлекеттiк органдардың сұраулары және азаматтардың өтiнiштерi бойынша заңға тәуелдi кесiмдердiң жүргiзiлген мониторингi туралы ақпаратты ұсынады.

Заңға тәуелді нормативтік    
құқықтық кесімдерге мониторинг 
жүргізу ережесіне       
1-қосымша          

Нормативтік құқықтық кесімдердің
тізілімі
(200__жылғы________________)

Р/с
N

Нормативтік құқықтық кесімнің түрі, қабылданған күні, тіркеу нөмірі және атауы

Нормативтік құқықтық кесімді қабылдау негізі (органның құзыреті) нормативтік құқықтық кесімнің тиісті нормасына сілтемесімен

Нормативтік құқықтық кесімнің мемлекеттік тіркелген күні және нөмірі

Нормативтік құқықтық кесімнің қолданысқа енгізілген күні

1

2

3

4

5

кестенің жалғасы

Нормативтік құқықтық кесімге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы мәлімет

Күшін жоғалтқан нормативтік құқықтық кесімді (немесе олардың жекелеген бөліктерін) тану туралы мәлімет

Нормативтік құқықтық кесімнің қолданылуын тоқтата тұру туралы мәлімет

Бұрын шығарылған нормативтік құқықтық кесімнің ережесі, оның бөліктері (бөлігі) қайшы келетін немесе бұрын шығарылған кесім немесе оның бөлігі (бөліктері) игеретін жаңа нормативтік құқықтық кесімді қолдану немесе қабылдау мерзімінің өтуіне байланысты нормативтік құқықтық кесім (немесе олардың жекелеген бөліктері) әрекетінің тоқтатылуы туралы мәлімет

Нормативтік құқықтық кесімнің жойылғаны туралы мәлімет

6

7

8

9

10

Ескертпе:
      тіркелім мөлшері мынадай параметрлерге сәйкес келуі тиіс:
      көлденеңі 42 см, ұзындығы 25 см.

Заңға тәуелді нормативтік    
құқықтық кесімдерге мониторинг 
жүргізу ережесіне        
2-қосымша           

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2007.07.23 N 619, өзгерту енгізілді - 2007.11.19 N 1094 Қаулыларымен.

                          1 нысан

     Мониторинг нәтижелері___________________________________
      (заңға тәуелді нормативтік құқықтық кесім түрінің атауы)
  _______________________________________________________________
                    (уәкілетті органның атауы)

                                    (сандық аппарат көрсетіледі)

Р/с
N
Мониторинг нәтижелері Нормативтік құқықтық кесімдердің саны

1.

Қолданыстағы заңға тәуелді нормативтік құқықтық кесімдер


2.

Заңға қайшы келетін ретінде қолданыстағы заңнамаға сәйкес келтіруді талап ететін заңға тәуелді нормативтік құқықтық кесімдер:



1) өзгерістер мен толықтырулар енгізу



2) күші жойылды деп тану



3) қолданылуын тоқтату (немесе жекелеген нормамен)



4) жою


3

Мыналарды талап ететін құқық қолдану практикасында тиімсіз іске асырылатын заңға тәуелді нормативтік құқықтық кесімдер;



1) өзгерістер мен толықтырулар енгізу



2) күші жойылды деп тану


4

Ескірген ретінде қолданыстағы заңнамаға сәйкес келтіруді талап ететін заңға тәуелді нормативтік құқықтық кесімдер;



1) өзгерістер мен толықтырулар енгізу



2) күші жойылды деп тану


5

Заңға қайшы келетін ретінде қолданыстағы заңнамаға сәйкес келтірілген заңға тәуелді нормативтік құқықтық кесімдер:



1) өзгерістер мен толықтырулар енгізілген



2) күші жойылды деп танылған



3) қолданылуы тоқтатылған (немесе жекелеген нормамен)



4) жойылған


6

Заңнамаға сәйкес келтірілген құқық қолдану практикасында тиімсіз іске асырылатын заңға тәуелді нормативтік құқықтық кесімдер:



1) өзгерістер мен толықтырулар енгізілген



2) күші жойылды деп танылған



3) қолданылуы тоқтатылған (немесе жекелеген нормамен)


7

Ескірген ретінде қолданыстағы заңнамаға сәйкес келтірілген заңға тәуелді нормативтік құқықтық кесімдер:



1) өзгерістер мен толықтырулар енгізілген



2) күші жойылды деп танылған


   Ескертпе:
1-жолда негізгі кесімдердің (өзгерістерді және/немесе толықтыруларды есептемей) саны көрсетіледі.

орталық атқарушы органның жауапты хатшысы
(белгіленген тәртіппен орталық атқарушы органның
жауапты хатшысының өкілеттігі жүктелген лауазымды
тұлға), ал мұндай болмаған жағдайларда -
уәкілетті органның басшысы ___________________________
                                   (Т.А.Ә)

200__ жылғы __________ _______________            _____________
                                                      (қолы)

                       N 2 нысан

Заңнамаға қайшы келетін анықталған_____________________________
                                   (заңға тәуелді кесімнің түрі)

жөніндегі және олар бойынша _______________________________________
                                   (уәкілетті органның атауы)

       қабылданған немесе қабылдайтын шаралар туралы ақпарат

                                   (сипаттама ақпарат көрсетіледі)

Р/с
N

Заңға тәуелді нормативтік құқықтық кесімнің түрі, қабылданған күні, тіркелген нөмірі және атауы

Заңға тәуелді нормативтік құқықтық кесімдердің әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күні және нөмірі

Заңға тәуелді нормативтік құқықтық кесімге сәйкес келмейтін кесімнің бөлігі, абзацы, тармағы, бабы, түрі, қабылданған күні, тіркеу нөмірі және атауы

Қабылданатын шаралар

өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізу жөніндегі кесім жобасының атауы, келісу сатысы

күші жойылды деп тану жөніндегі кесім жобасының атауы, келісу сатысы

1

2

3

4

5

6

кестенің жалғасы

Қабылданатын шаралар

Қабылданған шаралар

қолда-
нылуын
тоқтата
тұру
жөнін-
дегі
кесім
жоба-
сының
атауы,
келісу
сатысы

жою
жөніндегі
кесім
жобасының
атауы,
келісу
сатысы

өзгерістер
мен
(немесе)
толық-
тырулар
енгізу
жөніндегі
кесімнің
түрі,
қабылдан-
ған күні,
тіркелген
нөмірі
және атауы

күші
жойылды
деп тану
жөніндегі
кесімнің
түрі,
қабылдан-
ған күні,
тіркелген
нөмірі
және атауы

қолданылуын
тоқтата тұру
жөніндегі
кесімнің
түрі,
қабылданған
күні,
тіркелген
нөмірі
және атауы

жою
жөніндегі
кесімнің
түрі,
қабылдан-
ған күні,
тіркелген
нөмірі
және атауы

7

8

9

10

11

12

                      N 3 нысан

________________________ іске асыру тиімділігін бағалау жөніндегі
(заңға тәуелді түрі)
және олар бойынша _______________________________ қабылданған
                   (уәкілетті органның атауы)

                      шаралар туралы ақпарат

                                    (сипаттама ақпарат көрсетіледі)

Р/с
N

Норма-
тивтік
құқықтық
кесімнің
түрі,
қабыл-
данған
күні,
тіркелген
нөмірі
және
атауы

Норма-
тивтік
құқықтық
кесімнің
әділет
органда-
рында
мемле-
кеттік
тіркелген
күні және
нөмірі

Заңға
тәуелді
құқықтық
кесімнің
құқық
қолдану
практи-
касында
тиімсіз
іске
асырылуы
туралы
бағалаудың
негізде-
месі
(іске
асырылады
немесе
жоқ)

Қабылданатын шаралар

өзгерістер
мен (немесе)
толықтырулар
енгізу
жөніндегі
кесім
жобасының
атауы,
оны келісу
сатысы

күші жойылды
деп тану
жөніндегі
кесім
жобасының
атауы, оны
келісу сатысы

1

2

3

4

5

6

кестенің жалғасы

Қабылданатын шаралар

Қабылданған шаралар

қолда-
нылуын
тоқтата
тұру
жөнін-
дегі
кесім
жоба-
сының
атауы,
оны
келісу
сатысы

құқық
қолдану
практика-
сында іске
асырыл-
майтын
заңға
тәуелді
норма-
тивтік
құқықтық
кесімді
қабылдауға
арналған
құзыретті
жоғары
тұрған
нормативтік
құқықтық
кесімдерден
алып тастау
жөніндегі
кесім
жобасының
атауы,
оны
келісу
сатысы

өзгерістер
мен
(немесе)
толықты-
рулар
енгізу
жөніндегі
кесімнің
түрі,
қабыл-
данған
күні,
тіркелген
нөмірі
және атауы

күші
жойылды
деп тану
жөніндегі
кесімнің
түрі,
қабыл-
данған
күні,
тіркелген
нөмірі
және атауы

қолданылуын
тоқтата
тұру
жөніндегі
кесімнің
түрі,
қабыл-
данған
күні,
тіркелген
нөмірі
және атауы

құқық
қолдану
практика-
сында іске
асырылмайтын
заңға
тәуелді
нормативтік
құқықтық
кесімді
қабылдауға
арналған
құзыретті
жоғары
тұрған
нормативтік
құқықтық
кесімдерден
алып тастау
жөніндегі
кесім
жобасының
түрі,
қабылданған
күні, атауы

7

8

9

10

11

12

Ескертпе:

осы нысанды толтырған кезде тек тиімсіз деп танылған және ол бойынша шаралар қабылданған анықталған нормативтік құқықтық кесім бойынша ақпарат енгізіледі

Уәкілетті органның басшысы __________________________________
                                       (Т.А.Ә.)

200_ жылғы "__"__________

                          N 4 нысан

ескірген норманы қамтитын анықталған _________________________
                                   (заңға тәуелді кесімнің түрі)

жөніндегі және олар бойынша __________________________________
                                (уәкілетті органның атауы)

       қабылданған немесе қабылдайтын шаралар туралы ақпарат

                              (сипаттама ақпарат көрсетіледі)

Р/с
N

Заңға
тәуелді
нормативтік
құқықтық
кесімнің
түрі,
қабылданған
күні,
тіркелген
нөмірі және
атауы

Заңға
тәуелді
нормативтік
құқықтық
кесімдердің
әділет
органдарында
мемлекеттік
тіркелген
күні және
нөмірі

Ескірген
норма бар
абзац,
тармақ

Қабылданатын шаралар

өзгерістер
мен
(немесе)
толықты-
рулар
енгізу
жөніндегі
кесім
жобасының
атауы,
оны
келісу
сатысы

күші
жойылды
деп тану
жөніндегі
кесім
жобасының
атауы,
оны
келісу
сатысы

1

2

3

4

5

6

кестенің жалғасы

Қабылданған шаралар

өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізу жөніндегі кесімнің түрі, қабылданған күні, тіркелген нөмірі және атауы, оны келісу сатысы

күші жойылды деп тану жөніндегі кесімнің түрі, қабылданған күні, тіркелген нөмірі және атауы, оны келісу сатысы

7

8

Уәкілетті органның басшысы __________________________________
                                       (Т.А.Ә.)

200_жылғы "__"__________                     __________ қолы